сах диабет.pptx
- Количество слайдов: 21
ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРИТЕТІ ҚАНТ Д ИАБЕТІ
АНЫҚТАМАСЫ Қант диабеті (ҚД) – инсулиннің жеткіліксіз бөлінуінен немесе әсерінің төмендеуінен барлық зат алмасуының және бірінші кезекте көмірсу алмасуының бұзылысына, тамырлардың (ангиопатиялар), жүйке жүйесінің (нейропатия) зақымдануына, сонымен қатар басқа да ағзалар мен жүйелердің зақымдалуына, әкелетін созылмалы гипергликемия синдромымен сипатталатын эндокриндік ауру.
ЭПИДЕМИОЛОГИЯ. Әртүрлі елдер тұрғындары мен этникалық топтар арасында аурудың таралымы 2 -4% құрайды. ҚДмен ауыратын балалар мен жас өспірімдердің сырқаттылығы 0, 1 -0, 3%- ке ауытқуда. Жеке елдерде аурудың анықталмаған түрлерін ескергенде таралымы 6% тен асады. Қазіргі кезде жер шарында ҚД-пен 150 млн-нан астам адам ауырады. Жыл сайын жаңадан анықталғандардың саны, жалпы аурулар санына қатынасы бойынша 6 -10% құрайды, бұл әр 10 -15 жылда 2 еселенуіне әкеледі.
ҚАНТ ДИАБЕТІНІҢ ҚАУІПТІ ФАКТОРЛАРЫ Аутоиммунды аурулар Гиподинамия Қант диабеті Семіздік Генетикалық фактор
ЖІКТЕЛУІ. Қазіргі кезде М. И. Балаболкиннің (1989) ҚД –ң жіктеуі кең орын алады. Клиникалық көрінісіне байланысты: • Инсулинге тәуелді диабет (І типті диабет) • Инсулинге тәуелсіз диабет (ІІ типті диабет) • Диабеттің басқада түрлері (екіншілік, немесе симптомды қантты диабет) • Жүкті әйелдердің диабеті
ЖІКТЕЛУІ. Диабеттің ауырлық дәрежесі 1. Жеңіл (І дәрежелі) 2. Орташа (ІІ дәрежелі) 3. Ауыр (ІІІ дәрежелі) Компенсация жағдайы: 1. Компенсация 2. Субкомпенсация 3. Декомпенсация
КЛИНИКА Науқастардың негізгі шағымдары: -шөлдеу (ҚД-ның декомпенсациясы кезінде аурулар күніне 3 -5 л және одан да көп сұйық ішуі мүмкін). -айқын жалпы және бұлшық ет әлсіздігі, -ауыздың құрғауы (сусыздануға және сілекей бездерінің қызметінің төмендеуіне байланысты). -жиі және көп зәр бөлу, күндіз және түнде де (балаларда түнгі зәрді ұстай алмай қалуы мүмкін). -арықтау (ИТҚД-мен науқастарға тән, ИТЕҚД кезінде аз байқалады немесе болмайды, семірумен өтеді). -тәбеттің жоғарылауы (бірақ, аурудың декомпенсациясы, кетацидоз кезінде тәбет күрт төмендейді). -терінің қышуы (негізінен әйелдердің жыныс мүшесі аймағында). Жоғарыдағы шағымдар негізінен біртіндеп пайда болады, бірақта ИТҚД кезінде аурудың клиникалық симптомдары едәуір тез пайда болады. Жас адамдарда және балаларда ИТҚД диагнозы кейде бірінші рет коматозды жағдай дамыған кезде анықталады.
ДИАГНОСТИКА. ҚД-тің анықтауда аурудың симптомдарын бағалау және капиллярлы қандағы глюкозаны анықтау тәсілі қолданылады. ҚД анықтауда келесі критерийлер бар: -аш қарында капиллярлы қандағы гликемия > 6, 1 ммоль/л -глюкозамен күш түсіруден(75 г глюкозаны 200 мл суға) 2 сағат кейінгі гликемия > 11, 1 ммоль/л. Жоғарыда келтірілгендердегіден туындайтыны, егер «кездейсоқ анықталған гликемия» күні бойы 11 ммоль/л және одан жоғары болса, ҚД деп есептеуге болады. Егер диагноз түсініксіз немесе күдік тудырса, глюкозаға төзімділік тестісі жүргізіледі.
ГЛЮКОЗАҒА ТӨЗІМДІЛІК ТЕСТІСІ Егер тағамда күніне 125 г нан кем емес көмірсу болса, тест арнайы дайындықты қажет етпейді. Егер тексерілуші аз мөлшерде қабылдаса, үш күн бойы 130 -150 г-нан көмірсу қабылдауы қажет. Сынама 10 -14 сағ толық ашыққаннан кейін жүргізіледі, бұл кезде су шектелмейді. Тексерілушінің саусағынан капиллярлы қан алып глюкозаның негізгі мөлшерін анықтайды. Осыдан кейін ол 250 -300 мл суға ерітілген 75 г глюкозаны 5 -15 мин ішінде ішеді. 2 - рет глюкозаны ішкеннен 2 сағ кейін алынады. Сынақ кезінде тексерілуші темекі шекпеуі және физикалық күш жұмсамауы қажет. Егер аш қарында глюкозаның деңгейі 7, 8 ммоль/л ден жоғары болса, тест жүргізілмейді.
ДИАГНОСТИКА. • Зәрдегі глюкозаны анықтау- Зәрдегі глюкозаны бір жолғы және тәуліктік мөлшерден анықтауға болады. Сау адамның зәрінде глюкоза болмайды, ол толығымен түтікшелерде сорылады. ҚД науқастарға глюкозурия бір жолғы, сонымен қатар негізінен тәуліктік зәрде болуы тән. • Гликозирленген гемоглобинді анықтау • Қандағы фруктозаминді анықтау-фруктозамингликозирленген белок. Қалыпты жағдайда оның қандағы мөлшері 2 -2, 8 ммоль/л. • Кетоацидозды анықтауда қандағы және зәрдегі кетонды денелерді анықтайды.
АСҚЫНУЛАР Диабеттің жедел асқыныстары (жиі дұрыс емделмеудің нәтижесінде): 1. Кетоацидозды кома 2. Гипероосмолярлы кома 3. Лактацидтік кома 4. Гипогликемиялық кома Диабеттің кеш асқыныстары: 1. Микроангиопатиялар (ретинопатия, нефропатия) 2. Макроангиопатия 3. Нейропатия
КОМАНЫҢ АЖЫРАТУ ДИАГНОСТИКАСЫ Белгілері Гипергликемиялық ҚД типі Алдын ала белгілері Екеуі де, көбінесе 1 тип Команың дамуы Тынысы Пульс Әлсіздік, апатия, ұйқысының келуі, анорексия, аузының құрғауы, полиурия, полидипсия, жүрегі айну, құсу, ішінің ауруы Біртіндеп Куссмауль типті тыныс Жиі Қан қысымы Төмендеген Терісі Көз алмасы тонусы Құрғақ, төмендеген Төмендеген Гликемия гликозурия Жоғары Гипогликемиялық Қарны ашу, әлсіздік, дірілдеу, терлеу, парестезия, көз көрмеу Бірден Қалыпты, кейде беткей Жиі, қалыпты немесе бәсеңдеген Қалыпты, жоғарылаған немесе төмендеген тургоры Ылғалды, қалыпты Қалыпты немесе жоғарылаған Төмен Жоқ
ДИАБЕТТІК АЯҚ
ЕМДЕУ БАҒДАРЛАМАСЫ: 1) Физикалық белсенділік режимі. 2) Емдік тамақтандыру № 9 стол және қант алмастырғыштарды қолдану. 3) Инсулин препаратымен емдеу (ИТҚД), бетта-клетканы трансплантациялау, биостаттар, инсулин микродозаторын қолдану. 4) Ауыз арқылы қантты төмендететін дәрілермен емдеу (ИТЕҚД кезінде) 5) Фитотерапия. 6) Инсулярлы аппаратты демеу мақсатында ине шаншу және физиотерапиялық емдеу 7) Эфферентті емдеу тәсілі, қанды ультра күлгін сәулемен сәулелендіру, иммунотропты терапия 8) Май, белок, витамин, микроэлементтер алмасуын қалыпқа келтіру 9) Ангиопатияны, нейропатияны, жыныстық қызметтің бұзылысын емдеу 10) Санаторлы-курортты емдеу 11) Рациональды психотерапия 12) Науқасты өзін-өзі бақылауға үйрету.
ДИЕТА № 9
ДИЕТА № 9 Ұсынылатын тағамдар: - Бидай ұнынан, кебек қосылған нан, ұннан жасалған тағамдар. — Майсыз ет және балық, көкөніс сорпасы. — Майсыз ет, тауық және балық. — Сүт, майсыз ірімшік, қышқыл сүтті тағамдар. — Қышқыл-тәтті жемістер, жидектер. — Көкөністер, бұршақ түрлері, картоп. — Жармалар: сұлы, гречка, арпа, бидай. Жеуге болмайтын тағамдар: — Ашытқан қамыр, макарондар. — Майлы сорпалар. — Майлы тауық, ет, балық, колбаса, тұздалған балық, майлар. — Сүтті тағамдар – тәтті ірімшіктер, кілегей, тұздалған ірімшіктер. — Манка жармасы, күріш. - Тұздалған көкөністер, жүзім, мейіз. — Қант, конфеттер, тосаптар, тәтті газдалған сусындар, шырындар.
АЛДЫН –АЛУ ШАРАЛАРЫ. Қантты диабеттің алдын алуда дұрыс тамақтанудың яғни майлы, алкогольді ішімдіктерді тежеудің, тұрмыстық және кәсіби улы заттардан сақтану, созылмалы панкреатит ауруының алдын алудың зор маңызы бар. сонымен қатар тектік бейімділігі бар адамдарды ерекше бақылауға алу қажет.
сах диабет.pptx