1256_mirza_1179_N_A.ppt
- Количество слайдов: 25
Қарағанды Мемлекеттіе Медицина Университеті Гистология кафедрасы Тақырып: Дәнекер тіндері. Орындаған: Тюлегенова Ф. Б. 2 -030 ЖМФ Тексерген: Кулшат Анисқызы Қарағанда 2015
Дәнекер тіндері жасушалы дифферондардан және көптеген жасушааралық заттардан тұратын , организмнің ішкі ортасының гомеостазын сақтайтын және басқа тіндерге қарағанда аэробты тотығуды аз пайдаланатын мезенхиманың туындылыры болып табылады. Фибробласттар Миофибробласт Макрофагтар
Дәнекер тіндерінің қызметтері. • Қорғаныс. • Тіректік. • Пластикалық. • Морфологиялық. • Трофикалық
Дәнекер тіндерінің жіктелуі. Жасушалар мен жасушааралық заттарының құрылымдарына , ондағы талшықтардың реттеліп орналасуына және бұларды жәлімдеп, біріктіріп тұратын аморфты заттың физико-химиялық қасиетіне байланысты жіктеледі. Дәнекер тіндері Меншікті дәнекер тіндері. Шеміршек тіндері Талшықты Тығыз Қаңқа тіндері. Борпылдақ Ритикулярлы Май тіндері Кілегейлі тін Сүйек тіндері
Меншікті дәнекер тіні. Жасушалары: Фибробласттар-жасуша аралық заттың құрамындағы белоктарды , пртеогликандарды , гликопротеиндерді синтездейді. Олар: Бағаналы және жартылай бағаналы фибробласттар. Аз маманданған және маманданған фибробласттар. Фиброциттер. Миофибробласттар. Фиброкласттар болып жіктеледі.
Аз маманданған фибробласттар- аздаған өсінділері бар, дөңгелек пішінді болып келген ядросы мен ондағы шағын ғана ядрошығы анықталған. Цитоплазмасы базофильді, РНҚ өте көп , бұл типтегі фибробласттарда белок синтезі мен секрециясы өте төмен. Бірақ олар митоз жолымен өте тез бөлінеді. Пісіп жетілген фибробласттар- тіннің құрамында өте белсенді түрде қызмет атқаратын жасушалар. Цитоплазмасы базофильді, жақсы дамыған түйіршікті эндоплазмалық торы бар. Гольджи комплесі, митохондриясы, лизосомалары өте көп. Бұлар жасуша аралық заттың синтезіне қатысады. Коллаген синтезі. Олардың цитоплазмасының құрамында микрофиламенттер мен актин және миозин бар.
Фиброциттер- фибробласттардан дамыған дефинитивті түрі. Пішіні жіпше тәрізді. Ұзын өсінділі, органеллалары өте аз, жасуша қосындысынан липидтер мен гликогені бар. Синтездік қызметі төмен.
Миофибробласттар- фибробласттарға ұқсас , коллаген белоктары мен қоса , жиырылғыш белоктарын синтездейтін жасуша. Қызметі жағынан ет тінінің миоциттеріне ұқсас болып келгенімен, құрамында жақсы дамыған эндоплазмалық ритикулум болады. Қызметі жарақаттану процесінде регенарациялық қабілеті арқылы жараны жазады. Мысалы: Жатырдың жарасын тез қалпына келтіреді. Фиброкласттар- фагоцитарлы қабілеті өте белсенді мүшелердің инволюциясы кезінде жасуша аралық затты сорады. Мысалы жүктілік аяқталғаннан кейін жатырдың қайта қалпына келтіреді.
Симпласт Макрофаг құрылысы
Макрофагтар-өте ірі , ағзадағы қорғаныс қызметіні қатысатын жасушалар тобына жатады. Олардың бос және бекінген түрлерін ажыратады. Бос макрофагтар: дәнекер тіннің гистиоциттері, серозды қабаттағы, өкпе макрофагтары. Бекінген макрофагтар: Сүйек тіндегі , сүйек кемігіндегі, көк бауыр лимфа, эпидермистегі, плацентадағы макрофагтар.
Плазмоциттер-ағзадағы антигенге қарсы антидене гамма глобулин синтездейді. Бұлар лимфоидты мүшелерде И лимфоциттерде дамиды. Цитоплазмасы базофильді боялған. Жақсы дамыған түйіршікті эндоплазмалық торы бар.
Адипоциттер- май жасушалары. Ағзада трофикалық энергия қоры, судың метоболизміне қатысады. Мүшелерде шоғырланып май тінін түзеді. Қоңыр май тіні Ақ май тіні
Аралық зат- коллаген және эластин талшықтары мен негізгі заттан тұрады. Коллаген талшықтары дәнекер тіндеріне мықтылық қасиет береді. Әр түрлі бағытта орналасады. Эластин талшықтары – өте созылғыш әрі майысқақ. Негізгі немесе аморфты зат. Гель тәрізді қоймалжың субстанция. Интегратты—буферлі жүйе деп аталады. Құрамында қан плазмасының белоктары су иондар, жасушалардың зат алмасуынан пайда болған өнімдер, пртеогликанды құрылымдар болады.
Остекласт Остеоцит Шеміршек тіні Остеобласт
Ревматизм Остеохондроз
Коллагенопатиялар Сколиоз
Қолданылған әдебиеттер. Гистология , цитология и эмбриолоогия. Афанасева, Кузнецова, Юрина. Гистология , цитология и эмбриолоогия-Аяпова www. wikipedia. ru www. medbiology. com
1256_mirza_1179_N_A.ppt