1178__1201_star.ppt
- Количество слайдов: 15
Қанатына көктемді ертіп алып
ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ КІШКЕНТАЙ ҚҰС Колибри (Trochіlі) – ұзынқанатты құстар отрядының бір тармағы. Колибридің қазіргі кезде бір тұқымдасқа жататын 321 түрі Солтүстік және Оңтүстік Америкаөңірінде кеңінен таралған. Денесінің ұзындығы 5, 7 см-ден – 21, 6 см-ге дейін, салм. 1, 5 – 20 г-дай. Жер бетіндегі ең ұсақ құстар. Қораздарының қауырсындары түрлітүсті құлпырып тұрады, ал мекиендерінің түсі біркелкі болып келеді. Тұмсықтары жіңішке әрі ұзын, кей түрінде иіліп келген, гүл шырындарын соруға бейімделген. Төс сүйегінің қыры, бұлшық еттері жақсы жетілген.
ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ ӘДЕМІ ҚҰС МАНДАРИНКА Мандаринка. Ең әдемі үйрек. Басқа үйректерден сыртқы сұлулығымен ғана емес, өзгеше дауысымен де ерекшеленеді. Ширақ қимылдайтын, сақ құс. Жыл құстары күзде оңтүстіктегі жылы аймақтарға жылыстап, көктемде елімізге қайтадан оралады. Жұп құрып, ұя салып, жұмыртқадан балапан өргізіл, көбейеді
ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ ҮЛКЕН ҚҰС ТҮЙЕҚҰС Түйеқұс -Ұшпайтын құстар тобына жатады. Қарасты түйеқұстар көне дәуірден бері өмір сүріп келеді. Жартылай шөлді климатта өмір сүретін бұл құсқа деген адамдардың қызығушылығы сонау ерте кезден басталған көрінеді. Көне Мысырда түйеқұс жұмыртқаларын емдік мақсатта пайдаланған. Рим сарбаздарының белбеулеріне сый ретінде түйеқұстың бір тал қанаты тағылатын болған. Түйеқұстың еті мен терісіне қызыққандықтан кейбір араб тайпалары оны аулаумен де айналысқан.
ЕҢ ҚЫРАҒЫ ҚҰС – БҮРКІТ. Бүркіт - Көбінесе тоғайлы және таулы жерде тіршілік етеді. Биік ағаштар мен зәулім жар тасқа ұя салып, 1 — 2 жұмыртқа табады. Орта Азияда, Қазақстанда бүркітті қолға үйретіп түлкі, елік, қарақұйрық сияқты аңдарды аулайды.
ЕҢ КӨРЕГЕН ҚҰС – ҮКІ. Үкі негізінен орманды мекендеп, жемін көбіне түнде аулайтын жыртқыш құс. Басы үлкен, көздері бақырайған, қауырсындары жұмсақ. Ұшқанда дыбыссыз қанат қағады. Ұясын жасыруға болатын жерге салады. Жұптарын өмір бойы сақтайды. Дене мөлшеріне қарай 2 -12 -ге дейін жұмыртқа басады.
ӘНШІ ҚҰС – БҰЛБҰЛ
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚЫЗЫЛ КІТАПҚА ЕНГЕН ҚҰСТАР
Ең қырағы құс – бүркіт. Ол бірнеше шақырым жерден көреді. Ең көреген құс – үкі. Ол қараңғы жерден де анық көре алады. Қаз бен бүркіттен басқа құстардың балапандары қолға (асырауға) көнбейді. Көкек жұмыртқа баспайды. Олар өз жұмыртқасын басқа құстың ұясына апарып салады. Құстар көктемде өздері өскен жерлеріне қайтып келеді. Бүркіт әбден қартайған кезде өзін өзі аспаннан тас тап өлтіреді. Бүркіт балапаны жетілген кезде оны ұясынан итеріп, құлатып жібереді. Аққу – сұлу әрі киелі құс. Аққуды атпайды. Аққу жалғыз жүрмей ді, жалғыз өспейді. Сыңарынан айырылған аққу да аспандап барып, құлап өледі. Әтеш күн шыққанын хабарлап, шақырады. Қандай тұман болса да құс өз жолынан адаспайды. Адамға ең жақын жүретін құс – қарлығаш. Ол ұясын адам бар жерге салады. Әнші құс – бұлбұл. Сап түзеп, салтанатпен ұшатын құстар – тырналар. Мүлде ұша алмайтын құс – түйеқұс. Тауықтар жеміне бірін бірі шақырып, бөлісіп жейді. Үкі екі көзімен бірдей көре алады. Басқа құстарда ондай қасиет жоқ. . Күн көзіне тіке қарай алатын – тек бүркіт қана. Мойнын созбаса әтештің дауысы шықпайды екен.
Синоптик: Біздің дана халқымыз құастардың мінез қылығына, іс әрекетіне қарап та келесі күннің, көктем, жаз, күз, қыстың қандай болатынын алдын ала болжаған. Бір ғажабы, бұл болжамдардың қайсы да шындыққа айналып, дәл келеді. Қыста торғайлар ұясына мамық тасыса, күн кенеттен қатты суып кетеді. Қыстыгүні әтеш бір аяғын көтеріп тұрса, аяз басталады. Үйрек бір аяғымен тұрып, басын қанатының астына тықса, аяз болады. Аязды күні қанатын желпінсе, аяз басылады. Қыста қаздар қаңқылдаса, күн жылиды, аяқтарын бауырына тығып жатса, күн суытады немесе боран ұйытқиды, – дей беріңіз. Құстар ертемен жем іздеуге асықса, күн жауын шашынды болады деп күткен жөн. Қарлығаштар аспанда самғап, биік ұшса – күн ашық, төмендеп ұшса – жаңбыр жауып, жел тұрады. Торғайлар топтана ұшып, аспанда неше түрлі қимылдар жасаса, күз ұзаққа созылады. Қарға қарқылдаса, қар жауады. Торғай шаңға аунаса, жаңбыр жауады.
1178__1201_star.ppt