журек курылысы.pptx
- Количество слайдов: 37
Қанайналым мүшелері. Жүректің құрылысы, жұмысы, реттелуі • Ағзада қанның үздіксіз қан тамырлардың бойымен ағуын немесе қозғалысын қанайналым дейді.
Жүрекше Қарынша Қосжақтаулы Үшжақтаулы Жарты ай тәрізді клапан Өкпе венасы Өкпе артериясы Қолқа Жоғарғы қуысты вена Төменгі қуысты вена Перикард Эпикард Миокард Эндокард Қарынша аралық перде Предсердие Желудочек двустворчатый клапан трехстворчатый клапан Полулунные клапаны Вена легких Артерия легких Аорта Верхняя полая вена нижняя полая вена Перикард Эпикард Миокард Эндокард межжелудочковая перегородка atrium ventricle butterfly valve tricuspid valve semilunar valves Vienna lung pulmonary artery aorta Superior vena Vienna inferior vena Vienna pericardium epicardium myocardium endocardium interventricular septum
Қанайналым жүйесіне ЖҮРЕК ҚАНТАМЫРЛАР Қанның қантамырлардың бойымен тұйық түрде, яғни қанайналым шеңберімен ағатынын 17 ғасырда ағылшын ғалымы У. Гарвей ашты
Белгілері Қанның ағу бағыты Қантамырларының қабырғасының құрылысы Клапанның болу немесе болмауы Қантамырлардағы қанның қысымы Қанның ағу жылдамдығы Қанның көлемі Қандай қан болады? № 1 Группа Артерия № 2 Группа Вена № 3 Группа Капилляры
Белгілері Продолжение № 2 Группа таблицы № 1 Группа Артерия Қанның ағу бағыты Қанды жүректен алып шығып мүшелерге таратады Қантамырларыны ң қабырғасының құрылысы Ортаңғы қабықша қалың, эластикалық талшық пен бірыңғай салалы бұлшық ет жасушаларынан құралған. № 3 Группа Вена Капилляры Қанды мүшелерден Артерия мен жүрекке апарады венаны бір-бірімен байланыстырады. Қан мен ұлпалардың зат алмасуына атысады. Ортаңғы қабықша жұқа, эластикалық жоқ. Негізгі ұлпа – талшық пен бірыңғай жалпақ эндотелий. салалы бұлшық ет эластикалық жасушалары талшық жоқ салыстырмалы түрде аз.
Кестенің жалғасы Белгілері Клапанның болу немесе болмауы № 1 Группа Артерия № 2 Группа Вена Клапан жоқ(тек Ірі вена жүректен шығатын қантамырында жерде ғана) клапан бар, қанның кері ақпауын қамтамасыз етеді Қантамырлардағы Қысым өте жоғары Қысым төмен қанның қысымы № 3 Группа Капилляры Клапан жоқ Қысым төменірек
Кестенің жалғасы Белгілері № 1 Группа Артерия № 2 Группа Вена Ақырын Қанның ағу жылдамдығы Қан өте жылдам ағады Қанның көлемі аз Артерия мен капиллярға қарағанда біршама жоғары Қандай қан болады? Өкпе артериясы есептемегенде. Оттегіне қаныққан Өкпе венасын есептемесек, көмірқышқыл газына қаныққан № 3 Группа Капилляры Баяу Қан біртіндеп көмірқышқыл газына қанығады. (өкпеде — керісінше)
Жүректің құрылысы • Жүрек қанайналым жүйесінің орталық мүшесі. Оның жиырылуы мен босаңсуының нәтижесінде қантамырлардың бойымен үздіксіз ағады. • Ересек адамдарда жүрегінің салмағы 250 -300 г. • Жүрек – кеуде қуысында, екі өкпенің аралығында орналасқан, іші қуыс бұлшықетті мүше. • Жүрек көлденең жолақты бұлшық ет ұлпасынан тұрады, адам еркінен тыс жиырылады.
Жүрек түбі ІІ , ұшы Ү қабырға аралық кеңістікте орналасқан. Жүрек қабырғасы үш қабаттан тұрады: эпикард (дәнекер ұлпа), миокард (бұлшық ет ұлпа), эндокард (дәнекер, бұлшық ет, эндотелий ұлпасы).
Жүрек 4 камералы, 2 қарынша мен 2 құлақшадан тұрады. Сол жақ құлақша мен қарынша арасында екі жақтаулы, оң жақ құлақша мен қарынша арасында үш жақтаулы қақпақшалар орналасқан. Олар қарыншаға қарай ашылады. Қанның құлақшаға оралуына мүмкіндік бермейді. Сол жақ қарынша мен қолқа артериясы арасында, оң жақ қарынша мен өкпе артериясы арасында үш айшықты қақпақшалар орналасқан. Олар артерияларға қарай ашылады. Мүшелерден жүрекке қан жеткізетін тамырлар көк тамыр деп, ал жүректен мүшелерге қан әкететін тамырлар сала тамырлар деп аталады.
Трехстворчатый клапан
• рчатый Двуство клапан
Аорта Верхняя полая вена Правое предсердие Легочная артерия Легочные вена Левое предсердие Правый желудочек Левый желудочек Источник: http: //www. turbosquid. com/3 d-models/heart-anatomy-3 d-c 4 d/577509
ДЕНЕНІҢ ОН ЖАҒЫ СОЛ ЖАҒЫ ОН ЖАҒ Ы СОЛ ЖАҒ Жүректің орналасуы. Ересек адам жүрегінің салмағы 250 - 300 грамм болады. Адам жүрегінің 1/3 бөлігі көкірек қуысының оң жағында, ал 2/3 бөлігі сол жағында орналасқан.
Аорта Верхняя полая вена Правое предсердие Легочная артерия Нижняя полая вена Источник: http: //www. turbosquid. com/3 d-models/heart-anatomy-3 d-c 4 d/577509
Жүректің жұмысы. Жиырылу – систола, босаңсу – диастола, үзіліс - пауза деп аталады. І фаза. Құлақша систоласы, қарынша диастоласы. 0, 1 сек. ІІ фаза. Қарынша систоласы, құлақша диастоласы. 0, 3 сек. ІІІ фаза. Құлақша, қарынша диастоласы, пауза. 0, 4 сек. Әрбір қарынша 1 жиырылғанда 70 – 80 мл. қан айдайды. Бұл жүректің соғу көлемі деп аталады. 1 мин 70 – 75 рет соғады. Қарыншалардың бір минутта итеріп шығаратын қанының мөлшері жүректің минуттық көлемі деп аталады. Орта есеппен ересек адам жүрегі тәулігіне 10 тонна, жылына 3650 тонна, ал өмір бойына 300 000 тоннаға жуық қан айдайды екен. Физикалық жүктеме кезінде жүректің минуттық көлемі 5 -6 рет өсіп, 15 -20 л. жетеді.
Жоғарғы қуыс вена Қолқа артериясы Өкпе артериясы Айшықты қақпақшалар Сол жақ құлақша Жақтаулы қақпақшалар Сол жақ қарынша Оң жақ құлақша Бойлық перде Оң жақ қарынша Төменгі қуыс вена
ҚҰЛАҚШАЛАРҒА ҚАН ТОЛУЫ ҚАРЫНШАЛАРДЫҢ ЖИЫРЫ'ЛУЫ ҚАРЫНШАЛАРДЫҢ БОСАҢСУЫ ҚҰЛАКШАЛАР МЕН ҚАРЫНШАЛАРДЫҢ БОСАҢСУЫ
Физикалық жүктеме кезінде жүректің минуттық көлемі 5 -6 рет өсіп, 15 -20 л. жетеді. Шыныққан жүрек төменгі жиілікпен минутына 40 -60 рет соғумен жұмыс істейді. Балалық шақта қыздар мен ұлдар жүрегінің жиырылу жиілігі бірдей болмайды. Мысалы, дене еңбегі кезінде 7 -9 жастағы ұлдар жүрегінің жиырылу жиілігі минутына 184, 12 -13 жаста– 206 , 16 -18 жастағы жігіттерде– 196 ретке дейін артуы мүмкін. Ал қыздарда 8 -9 жаста – 187, 14 45 жаста -206, ал 16 -18 жаста – 200 - ге дейін артуы мүмкін. Яғни, физикалық ауртпалық кезінде өзгереді. Жүректің жиырылу уақытының жиілігі – синустық тахикардия, баяулығы – синустық брадикардия ритмі жоқ, , бірақ тыныспен байланысты жиілікті тыныстық немесе синустық аритмия деп атайды. Сонымен қатар тахикардия, брадикардия немесе аритмия көбінде әртүрлі ауруларда оттегінің жетіспеушілігінің белгілері болуы мүмкін. Балада жүрек циклі қысқа, бастауыш мектеп баласында 0, 63, ересектерде – 0, 8 сек.
Жүрек қызметінің реттелуі. Үнемі жүйкелік және гуморальдық жолмен жүзеге асады. Жүйкелік реттелу – сопақша мида орналасқан «жүрек ырғағының орталығына» байланысты. Бұл орталықтан жүрекке қозғағыш жүйкелердің екі тобы әсер етеді. Оның симпатикалық бөлімі жүректің жиырылу жиілігін күшейтеді, ал парасимпатикалық бөлімі жүрек жұмысын бәсеңдетеді. Гуморальдық реттелу гормондардың әсерінен болады. Бүйрек үсті безі жасушада түзілетін адреналин әсерінен жүректің жиырылуы жиілейді. Жүрек қызметін реттеуде қалқанша безі мен бүйрек үсті безінің қыртысты қабатының гормондары маңызды роль атқарады. Кальций, калий иондарының жүректің қызметін реттеуде маңызы зор. Калий жүрек жұмысын баяулатса, кальций күшейтеді.
Жүрек автоматиясы. Жүрек белгілі бір ырғақпен жиырылып отырады. Тіпті ол ағзадан бөлініп алғанда да жиырыла береді. Жүрекке тән сыртқы әсерге тәуелсіз ырғақпен жиырылу қабілеті жүрек автоматиясы деп аталады. Жүрек тек оған қажетті қоректік заттар мен оттегінің келмей қалуынан және алмасу өнімдерінің шығарылмай қалуынан ғана соғуын тоқтатады. Орыс физиологы А. Кулябко 1902 жылы 20 сағат бұрын өлген бала жүрегінің қан тамырлар жүйесі арқылы оттегіне қаныққан, жылытылған қоректік ерітінді жібере отырып, бұл жүректе қайтадан ырғақты жиырылуға мәжбүр еткен.
Балалардың қан қысымы. Әр түрлі жас кезеңіндегі адамның иық артериясының қан қысымы( сынап бағанасы бойынша, мм) Жас кезеңдері Ұлдар , мак Ұлдар, мин Қыздар, мак Қыздар, мин Нәресте 60 - 1 жас 90 50 2 жас 85 50 7 жас 88 52 87 52 9 жас 90 53 89 53 10 жас 93 64 94 58 18 жас 114 63 110 63 Жас өспірімдерде қан қысымы ересек адамның нормасына жуықтайды. Қан қысымының өзгеруінен туатын аурулар: қан қысымының жоғары ( гипертония) және төмен ( гипотония) болуы мүмкін. Қан қысымын өлшейтін құралды тонометр дейді.
Қан қысымын өлшеу
Қан тамырлары. Сала Көк Қыл О 2 қаныққан СО 2 қаныққан О 2, СО 2 қаныққан Түсі алқызыл Түсі қызыл қоңыр Алқызыл, қоңырқай Жүректен қан әкетеді Жүрекке қан әкеледі Ұлпа, жасушаларда тарамдалады. Бұлшық еті қалың, Бұлшық еті жұқа, серпімді талшықтары көп талшықтары аз Өте ұсақ, саңылауы 10 мкм Қан тамырлары үш қабаттан тұрады: дәнекер ұлпа, бұлшық ет ұлпасы, эндотелий ұлпасы.
Қан айналым шеңберлері. Үлкен қан айналым шеңбері – сол жақ қарыншадан қолқа арқылы шығып, үшке бөлінеді: І. Иық – бас стволы, оң жақ күре тамыр, оң жақ бұғана асты артериялар. Одан әрі күре тамыр сол жақ бұғана асты артериясына кетеді. Ол иық, қолтық, кәрі жілік, шынтақ артерияларына тармақталады. ІІ. Кеуде – көкірек қуысы мүшелері, қабырға аралық бұлшық ет, ішкі мүшелерге барады. ІІІ. Іш қолқасы – мықын артериясы, сан, тақым, үлкен жіліншік, асықты жілік артериясына бөлінеді. Оларға оттегін таратып, көмірқышқыл газын қосып алып көк тамыр қанына айналып төменгі, жоғарғы қуыс вена арқылы оң жақ құлақшаға құйылады. Кіші қан айналым шеңбері. Оң жақ қарыншадан өкпе артериясы арқылы көк тамыр қаны шығып, екі өкпеге барады да, көмірқышқыл газын қалдырып, оттегін қосып алып сала тамыр қанына айналып төрт өкпе венасы арқылы сол жақ құлақшаға құйылады.
Қанайналым шеңберінің сызбасы
. Адамның қан айналым схемасы: 1 —оң және сол жақ құлақша ; 2— оң және сол жақ қарынша, 3 — қолқа; 4 — бас пен мойынға қан жеткізетін. артериялар; 5 — iш қолқасы; 6, — қақпа венасы; 7 — төменгі қуыс вена; 8 - жоғарғы қуыс вена; 9 — өкпе артериясы; 10 — өкпе веналары; 11 —үлкен қан айналымның капиллярлары; 12 кіші қан айналымның капиллярлары. Қанның ағу бағыты бағдаршамен көрсетілген.
Үлкен және кіші қанайналым шеңберлерінің айрмашылығы. Үлкен шеңбер Кіші шеңбер Екі рет тарамдалады Бір рет тарамдалады Сол жақ қарыншадан басталады Оң жақ қарыншадан басталады Сала тамыр қаны көк тамыр қанына айналады Көк тамыр қаны сала тамыр қанына айналады Бүкіл денені аралайды Тек өкпеге ғана барады
Аурулары: Гипертония ауруы –қан тасу, қан қысымының артуы. Дені сау адамның кейде ауыр ой еңбегі мен дене еңбегінен кейін уақытша қан қысымы көтерілуі мүмкін. Ол қауіпті емес. Қан қысымы азды – көпті бүйрек қабыуында, ішкі секреция бездерінің ауруларынада да жоғарылайды. Ал гипертония ауруында ұсақ қан тамырларына сырттай күш түсіп қатайса, оның іші тарылады да , қанның қан тамырлардан күре тамырларға өту процесі қиындайды. Осының салдарынан күре тамырларда қан қысымы жоғарылайды. Нақты себебі әлі толық анықталған жоқ, кейбір жағдайларда – ұзақ ойлап қажу, тұрмыстың жайсыздығы, қайғы – қасірет шегу, жүйке жүйелерін қатал зақымдап алу салдарынан да болуы мүмкін. Ұдайы майлы тағам, қара жұмыспен шұғылданбау дагипертония ауруына себепші болады. Аурудың белгілері: ауру білінбей басталып, аздап бас ауырады, жүрек соғады, шаншиды және желке тұсы құрысады. Ауру білінісімен емделмесе ауру асқына түседі, адамның басы айналып, саусақтар мен башпайлары ұйиды, көзі қарауытып, елес пайда болады, ұйқысы нашарлап, тез шаршайды, еңбек қабілеті кемиді. Аурудың екінші склероздың кезеңі ұзаққа созылуы мүмкін. Үшінші сатысында жүрек, бүйрек қызметі нашарлайды. Жүрек гипертониясында жүрек ентікпесі шығып, бауыр ұлғаяды, дене ісінеді. Ми гипертониясында бас айналып, ауруы күшейеді, құлақ шыңылдайды, нашар көреді, ал қан тамыры жарылып, миға қан құйылса, дененің бір жақ жартысы жансызданып, адам сал болып қалады. Аурудан алдын ала сақтану үшін тұрмысты, еңбекті ғылыми негізде ұйымдастырып, дер кезінде, қажетті мөлшерде дем алу, тынығу, тамақ ішу, дене шынықтырумен спортпен шұғылданып, ағзаны шынықтыру керек.
Жүрек бұлшық етінің іріңдеуі ( инфаркт миокарда ) – жүрек күре тамыры атеросклерозға ұшырағанда немесе оның тармақтары бітеліп, қан жүрісі бұзылғанда кездесетін ауру. Мұндай бұзылу тамырлардың түтігіне қан ұю немесе түтіктің құрысып, жіңішкеруі салдарынан болады. Адам қайғы – қасірет шеккенде, қатты күйзелгенде қан жүрісі бұзылып, қансыраған жүрек бұлшық еті босап, іри бастайды. Мұндай ауруды дер кезінде анықтап, хирургиялық ем жасамаса, бұлшық ет қалтасы жарылып, адамның өліп кетуі де мүмкін.
Жүрек ақауы ( порок сердце ) – жүрек қақпақшалары қызметінің бұзылуы немесе сол қақапақшалар жабатын қан жолының тарылуы. Қанның дұрыс айналымы қақпақшалар қызметіне байланысты. Жүректің екі түрлі ақауы болады: оның бірі іштен пайда болады, ал екіншісі адам өміріне жүре- бара жабысқан аурулардан кейін қалады. Айталық, ревматизм немесе мерез асқынуынан жүрек қақпақшалары бүрісіп, қан жолын сау кездегідей тұтас жаба алмайды немесе жүрекшелер мен қарыншалардың арасындағы қан жолы тарылады, сөйтіп қан айналысы, жүрек қызметі нашарлайды. Адам дер кезінде емделмесе ақаулар ұлғаяды. Жүрек ақауы үш кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңінде адам жүрек кемістігін сезбейді, сау адам жұмысын атқарып жүре береді. Екіншісінде ентікпе басталып, кейде қол–аяғы ісінеді, еңбек қабілеті төмендейді. Күн өткен сайын ентігуі өршіп, қол–аяғы ісініп, ішіне сары су жинала бастайды, жата алмай тік отырып, дем алатын болады. Бұл–қауіпті кезең. Сондықтан да жүрек ауруына шалдыққан адамдар дер кезінде дәрігерге көрініп, оның кеңесін мұқият орындау керек. Баланың іштен пайда болған жүрек ақауын ерте аңғарып, денесін шынықтыру, түрлі курорттарда емдету немесе операция жасату керек.
Аритмия – жүректің табиғи жиырылу ырғағының бұзылуы. Ол жүректің немесе ағзаның жалпы ауруларынан болады. Мұндай жағдайда тамыр бірде дұрыс, бірде үзіліп соғады. Кейбір адамның бұл кезде басы айналып, жүрегі лүпілдейді. Атеросклероз – күре тамырдың ішкі қабығына май тәрізді заттардың жабысып, оның шорлануынан болатын ауру. Денеде заттар алмасу процесінің бұзылуынан холестерин табиғи мөлшерден асып кетеді. Күре тамырдың түтігінде қан жүруі қиындап, жүрекке күш түсіп, ұлпаларға қан баруы нашарлап, орташа, кіші күре тамырларда қан жүруі мүлде тоқтап қалады. Атеросклероз егде тартқан адамдарда, семіздерде, темекі тартатындарда және маскүнемдерде жиі кездеседі. Аурудан алдын ала сақтану әдісіне: еңбек және тұрмыс тәртібін мұқият сақтап, демалысты дұрыс пайдалану, ұйқыны қандыру, жүйке жүйесін, денені әрдайым шынықтыру, темекі тартпау, майлы тамақты көп жемеу, семірмеу т б. жатады. Гематома – қан құйылған ісік. Ол жарақаттану салдарынан немесе қан тамыры жарылудан пайда болады. Қан тері астына, бұлшық етке жиналып, көгеріп, томпайып тұрады. Қан құйылғанда әуелі сұйық болса, біраз уақыттансоң ол ұйып қалады. Ісік маңындағы ұлпалар да қабынуы мүмкін.
Гемофилия - қан кеткіштік. Ол қанның ұю қасиетінің өзгеруіне байланысты, көбіне тұқым қуалайтын ауру. Ауру тек еркектерде, олардың жас кезінде жиі кездеседі. Бұл ауруға ұшыраған адамдар сәл жарақаттанса буын қуысына, бұлшық етке, тері астына қан құйылады, тілін тістеп алса, тісін жұлғызса қан тыйылмай ағып, өміріне қауіп төндіреді. Мұның себебі – қан құрамында оны ұйытатын ақуыз – глобулиннің жоқтығы. Бұл аурудан алдын – ала сақтану үшін түрлі жарақаттанудан сақтану керек. Ауру анықталғанда қан құю – ең жақсы ем. Қан аздық ( анемия) – қанның жалпы мөлшері мен қызыл түйіршіктерінің және оларда болатын ерекше зат – гемоглобиннің азаюы. Мұнда ағзада оттегі мен басқа заттар жетіспейді. Соның салдарынан оттегі мен басқа да заттар жетіспейді. Соның салдарынан науқас адамның түсі қашып, терісі бозарып, басы айналады, шаршағыш келеді. Аур түрінде адам ентігіп, кейде талып та қалады. Алдын алу үшін таза ауада көп жүріп, құрамында темірі бар тамақтар жеу керек.
Қосымша материалдар. Ағзаның барлық сұйықтықтары бір – бірімен байланысты. Ұлпа аралық сұйықтық қанмен, лимфамен, бас миы мен арқа миына баратын жұлын сұйықтығымен байланысты. Сондықтан да, егер қорек зат пен оттегі осы жүйенің біреуіне түссе олар барлық басқа бөлімдерге де барады. Резус оң адамдар 85 %, ал терістер 15 %. Қан адам ағзасынан тыс жерде 5 -12 мин. ұйиды. Ең алғаш адамнан адамға қан құю жұмысы 1819 жылы Лондонда жасалды. Адамның қан тобы өмір сүру барысында өзгермейді. Жаңа туған баланың 1 мм қанында эритроцитттер саны 4, 0 -6, 0 млн. , лейкоциттер – 16 -22 мың, ересектерде – 4, 0 -5, 5 млн. эритроцит, лейкоциттер саны 5 -9 мың болады. Тәулігіне қызыл кемік майында 320 млрд. эритроцит түзіледі. Адам денесінде 100 – 160 млрд. капилляр болады. Олардың ұзындығы 60 -80 мың км. Жаңа туған балаларда қан айналымына 12 сек, 3 жастағы балаларда – 15 сек, 14 жастағы жасөспірімде – 18 сек, ересек адамның толық қан айналымына 20 -28 сек. кетеді. Ересек адамдардың қан айналым жылдамдығы 1/ 3 төмендейді.
Физикалық және эмоционалдық жағдайда жүрек тыныш отырғандағыға қарағанда 3 -5 есе жылдам соғады. Тәулігіне жүрек 100 мың соққы, ал жылына 40 миллион соққы жасайды. Құлақша 0, 1 сек істеп 0, 7 с. демалады, ал қарынша 0, 3 с. Жұмыс істеп 0, 5 с. демалады. Жүректің массасы дене массасының 1/200 бөлігін алып жатады. Адам денесіндегі ең ірі артерия 20 атмосфера қысымға шыдайды. Бір жастағы баланың жүрек лүпілі минутына 120 -150 рет, 20 жаста 50 - 60 төмендейді, 70 жаста 95 - ке жоғарылайды. Жасөспірімдік кезеңде 14 -16 жаста жүректің өсуі жаңа туған сәбиге қарағанда 11 есе жылдам жүреді. Жүрек ауруынан өлім темекі тартатындарда тартпайтындармен салыстырғанда 70 %. жоғары. Жапонияда өмір сүру ұзақтығы ең жоғары, себебі ерлердің 30 %, әйелдердің 70 %. спирттік ішімдік дәмін әлі татпаған.
журек курылысы.pptx