1178_an_aynalysyny_1187_zhetkilixizdigi.pptx
- Количество слайдов: 30
ҚАН АЙНАЛЫСЫНЫҢ ЖЕТІСПЕУШІЛІГІ Қабылдаған: Орындаған: Жолдасбеков Т
Жоспары • • • Жіктелуі Этиология Патогенезі Клиникасы Емі
ҚАН АЙНАЛЫСЫНЫҢ ЖЕТІСПЕУШІЛІГІ • Қан айналым жетіспеушілігі (ҚЖ) — ағзалар мен тіндердің тиісті қызметіне керекті қан мөлшерін қамтамасыз ете алмайтын кемістігімен сипатталатын қанайналдыру жүйесінің дертке байланысты ауыр жағдайы.
Жіктелуі • Жедел А)Сол қарыншалық Б)Оң қарыншалық B)Aритмогендік • Cозылмалы
Этиология Қанайналысы бұзылысындағы жүрек жетіспеушілігі дамуының екі түрлі себебі бар: 1) миокард метаболизмі тікелей бұзылып, ондағы АТФ пен калийдің жетіспеуінен болатын миокард жиырылғыштығының төмендеуі. 2) жүрекке түсетін ауыртпалық артық болып, оның етінің зорлануынан, шамасынан артық қызмет етіп, шаршауынан, яғни компенсаторлық мүмкіншілігі тамамдалғанынан болатын жүрек жетіспеушілігін гемодинамикалык жетіспеушілік дейді.
• Осы жетіспеушілік іштен біткен немесе жүре пайда болған жүрек ақауларында, сиректеу жағдайда үлкен және кіші қан айналысының шеңберіндегі гипертензиямен байланысты пайда болады. Алайда, жүрек жұмысы жетіспеушілігінің туу себептері әр түрлі болғанымен, гемодинамикалық өзгерістер бір жолмен дамиды
Патогенезі • Сонымен қатар, энергетикалық-динамикалық жетіспеушілік пен гемодинамикалык жетіспеушіліктің бар екенін ескеру керек, олар дара түрімен жүрек жұмысы жетіспеушілігінін алғашқы кезендерінде ғана мәнді болады, ал кейін ол екеуі бір-бірінің үдеуіне өзара себеп бола алатынын оңай түсінуге болады. Әуелгі кезенде миокард жетіспеушілігі жиырылу күшінің азаюымен байқалады. Тахикардия шығуымен байланысты бұл кезде жүректің минуттык көлемі азая коймайды. Бірақ осы кезеңде коронарлық қан айналысы азайып, миокардтың өзінің қуатпен қамтамасыз етілуі нашарлайды, оның өзі канайналысының одан әрі бұзылуына әкеліп соқтырады.
• Компенсаторлык әрекеттердің керекті қан жүрісін қамтамасыз ете алмауына байланысты жүректің созылмалы жетіспеушілігі одан әрі үдей түседі, оның өзі жүректің минуттық көлемінің төмендеуімен анық көрінеді. Минуттық көлемінің азаюы нәтижесінен қан жүрісі баяулайды. Оның өзі, бір жағынан оттегі жетпегендіктен тін гипоксиясын және жеткілікті түрде тотықпаған метаболикалық заттардың пайда болуына әкелсе, екінші жағынан өкпедегі қан іркілісіне, өкпенің тыныс алатын көлемінің азаюына, демек, гипоксияның, одан әрі тереңдей беруіне соқтырады. Тіндер гипокеиясы мен тотықпаған заттардың жинала беруі миокардтағы куат алмасуын бұза түседі және тыныс алу орталығын қоздырып, оған қоса ентігу шығады.
Клиникасы • Жүректін жедел ағымды жетіспеушілігі • Жүрек жұмысы жетіспеушілігінің жедел түрінде күтпеген жағдайда, бірден қатты басталатын ентігу, бала түрінің кенеттен қуарып не болмаса циноздың шығуы, осымен қатар, қаннын іркілу белгілері дамып, ішінің ауыра бастауы, мойын веналарының кернелуі, лезадаптация шығуы (бет әлпетінің ерекше өзгеруі, ) болады. Осындай қалыпқа бала бірнеше минутта-ак түсіп үлгіреді.
• . Қанайналысы мен жүрек жұмысының жедел бұзылуы миокардит, аритмия, жүрекке жасалған операциядан соң, пневмонияда, бронх демікпесінде, шамадан тыс артык қимылдардан, нәрестелерде іштеи біткен жүрек ақауына сай гемодинамиканың өзгеруінен болады. • Жүректің жедел ағымды жетіспеушілігі солқарыншалық, оған тән жүрек астмасы мен өкпе ісінуі, болмаса бауырдың дереу үлкейіп, мойын тамырларьның кернелуі қосылып шығатын оң қарыншалық варианттармен дамиды. Екі қарыншалык (тоталдық) жүрек жетіепеушілігі балаларда кездесе қоймайды.
Созылмалы жүрек жетіспеушілігі • Жүрек жұмысы жетіспеушілігінің созылмалы түрі бірте-бірте дамиды. Оның белгілері созылмалы миокардит, кардиомиопатиялар, жүрек ақауларындағы бұзылыстарға сай болып шығады. • 1 -дәреже • 2 -дәреже • 3 -дәреже
• 1 -дәреже • жүрек жұмысы жетіспеушілігі қимыл жасамай отырғанда белгілі болмайды. Жетіспеушілік дене қимылы көбейгенде ентігу, тахикардия және шаршағыштықтың шығуымен білінеді. Нәрестелердегі бірінші белгі олардын ұзақ еме алмауы, сөйтіп емшектен безе бастауы, осы кездегі әлсіздік, мазасыздану, ентігу, периоралдық цианоз шығуымен айқындалады.
• 2 А-дәреже • Ентігу мен тахикардия қимыл жасағанда ақ байқалады. Веналық іркіліс белгілері оң қарыншалық жетіспеушілікте мойын веналарының кернеуі, бауырдың аздап үлкеюі, аяктың ісінулері, тәбеттің жоғалуы, іштің ауыруы, белі мен шабының ісінуі; сол қарыншалық жетіспеушілікте ентігу, кейде жөтел және өкпенің төменгі бөлшектерінде ылғалды сырылдардың естілуі. Екіқарыншалық, яғни тоталдық жетіспеушілікте жоғарыда келтірілген белгілер түгел байқалады.
• 2 Б-дәреже • Бала төсек тартып жататын болады, азғантай қоз- ғалғанның өзінде ентігу мен жүрек соғуы үдейді. Ренжігіштік байқалып, ештеңеге зауқы болмайды. Ұйқы бұзылып, тәбет төмендейді. Оң қарыншалық жетіспеушілікте бауыр едәуір үлкейеді, пальпацияға ауыратын болады; іште су жиналады (асцит), денесі тұтас ісінеді. Сол қарыншалық жетіспеушілігі көбірек болса, өкпедегі іркіліс белгілері, оның ісіну қатері білінеді. Акроцианоз, цианоз белгілері, кіші дәрет азаяды. Жүректің көлемі осы кезде көп үлкейеді, тондардың, шулардың бәсең естілуі, біраз жағдайда ырғактың бұзылысы қосылады.
• Қанайналыеы жетіспеушілігінің 3 дәрежесінде жоғарыда көрсетілген белгілердің бәрі тереңдей түсіп, анасарка пайда болады, ағзалар мен жүйелерде кейін қайтпайтын дистрофиялык өзгерістер орын алады
ДДҰ қабылдаған Нью-йорк кардиологтары ас- социасы ұсынұан жіктелумен жұмыс істейді. Бұл жіктелуде қан айналысының созылмалы түріне арналған және ҚЖ-ін төрт класка бөледі. • Жүрек жетіспеушілігінін жіктелуі (Нью-Йорк кардиологиялык ассоциасы - NYHA,
1 класс • Сипаттамасы: Миокардтың төмен дәрежелі бұзылыстары (қалыпты қанның минуттық өлшемі мен қанайналысының бұзылысы, жетіспеушіліктің клиникалық көрінісі жоқ жүректің гипертрофиясы). Аурулардың физикалық белсінділігіне шектеулер жоқ. • Термині: Сол қарыншаның симптомсыз дисфункциясы
2 класс • Сипаттамасы: ҚМК калыпта, сол карыншадағы диастолалық соңғы қысымы және өкпе артериясындағы қысым ұлғайған (веналық) жағдайдағы миокард дисфункциясы. Аурулардың физикалық белсенділігі аздап шектелген. • Термині: Жеңіл ЖЖ.
2 класс 1 класс
3 класс • Сипаттамасы: Аурулардың физикалық белсенділігі елеулі шектелген. • Термині: Орта ауыртпалықтағы ЖЖ.
4 класс • Сипаттамасы: Азғантай физикалық жүктеме киын дискомфорт тудырады. • Термині; Ауыр ЖЖ.
Емі • Журектің жедел жетіспеупплігінің емі. Шұғыл жәрдем беру және сүйемелдеу емін (негізгі ауруға әсер ету мен жүрекке жәрдем көрсету) жүргізіледі. Ең алдымен науқас баланың төсегінің бас жағын жоғарырақ ұстау, оттегі ингаляциясы (газ қосындысы, оның ішіндегі оттегі мөлшері 50%-дан көп болуы керек, өкпе ісінгенде көпіршікбасқыштар) және назотрахеалдық сорғышпен кеңірдекті тазарту қажет.
Медикаменттік ем • жүрек гликозидтерін (строфантин 0, 05%, коргликон 0, 06%, дигоксин 0, 03 -0, 05 мг/кг) • Жүрек гликозидтерін пайдалануға болмайтын жағдайлар: брадикардия, атриовентрикулярлық блокадалар, қарыншалық тахикардия, септикалық эндокардит, анурия; экссудативті перикардитте де гликозидтерді қолдануға сактық керек.
• бронхоспазмды кетіру үшін - 2, 4% эуфиллин • Өкпе ісінуде және жүрек астмасында аминазин, пипольфен, промедолды (әр жасына 0, 1 мл есебінен) • Пеихомоторлық қозуды басу үшін седуксен (0, 1 -0, 2 мл әр жасына) • Жүректің жедел ағымды жеткіліксіздігінде гипо- және гиперволемияның екеуінің де қауіпті әсері бірдей. Сондықтан полярлық қосынды 10% глюкоза (10 -15 мл/кг), инсулин (1 -4 бірлік), панангин 1, 0 -4, 0 мл,
• Егер қантамырлар жетіспеушілігі болса, артериалдык гипертонияда папаверин, пентамин (5%), дроперидол, ал гипотонияда допамин 1 -5 мкг кг. / мин, мезатон (0, 1 - 1, 0 мл 1% ертіңдісін 10% глюкозанын 20 -30 мл қосып, жайлап енгізеді.
Созылмалы жүрек жетіспеушілігін емдеу
• Артериалдық вазодилататорлар гидралазин (апрессин), миноксидил, предуктал т. б. • Веналық вазодилататорларға нитраттар (нитросорбид. сустак, т. б. ), молсидомин, • Ал екі жақты аралас әсері барларға празозин, нитропруссид жатады. • Әсіресе ҚЖ-інде тромбоз және эмболиялар болу қаупі зор (курантил, тромб-АС), • Антикоагулянттар (гепарин)
• Диуретиктер фуросемид верошпирон, бриналь- дикс, модуретик, • Калий препараттары панангин, аспаркам, калий хлориді • Осылармен қатар, төсек тәртібін ұстау, бөлме ауасын тазарту, тағамды аз мөлшермен (жиірек) берудің пайдасы көп
1178_an_aynalysyny_1187_zhetkilixizdigi.pptx