
клас адеб.pptx
- Количество слайдов: 11
Қалила мен Димна ертегісі мен қазақ ертегілерінің байланысы Орындаған: Даниярова Зада 3 -курс, 8 -топ
Хайуанаттар туралы ертегілер — ертегінің көне замандағы мифтер мен әр түрлі тұрмыстық, аңшылық әңгімелердің негізінде пайда болып, кейінгі замандардағы адамдар мінезін, олардың өзара қатынасы мен байланысын аллегориялық түрде жан-жануарлар бейнесі арқылы тұспалдап көрсететін түрі. Түрлері : 1 Этиологиялық. Мұнда хайуанаттардың сыртқы пішіндегі немесе жүріс-тұрысы, мінезқұлқындағы бір ерекшелігі, оның солай болу себебі жайында баяндалады. Мыс. , түлкі — аса айлакер, екіжүзді, алаяқ қу, қасқыр мен жолбарыс — адуынды озбыр, қара күш иесі, аю — икемсіз, қарабайыр, т. б
2 3 Классикалық. Олардағы сюжет хайуанаттар арасындағы кездесулер мен қақтығыстарға құрылады. Бір сарынды эпизодтардың өзгермей, үнемі қайталанып келетін түрі көптеген әлем халықтары ертегілерінде бар. Олардың үлгілері — “Қотыр торғай”, ”Кім неден күшті”, т. б. ертегілер. Мысал ертегілерде — баяндау белгілі бір моральдік қағида мен тұжырымды дәлелдеуге бағытталады, сол себепті олар көп жағдайда нақылмен аяқталады. Қазақ халқының мысал ертегілері шығыс фольклорымен тығыз байланысты. Мыс. , Орт. Азияға кең тараған “Қалила мен Димна”, “Тотынама”, т. б. Ж. т. е. адам болмысының ертедегі тотемдік сенімдермен байланысты пайда болған.
Қалила мен Димна - араб-парсы тілдерінде жазылған әдеби ескерткіш. Түп төркіні 3 -4 ғасырда құрастырылған үнді тіл індегі "Панчатантра" дидактикалық мысалертегілер жинағынан тараса да, әлемге араб, парсы тілдері арқылы жайылған.
"Қалила мен Димна" - дидактикалық шығарма. Мұнда негізінен патшалардың мінезқұлқы, өмір сүрген ортасы, алысжақындарымен қарым-қатынасы, сондай-ақ достық, тәрбие, оқушыларға өнеге боларлық толып жатқан мораль мәселесіне қатысты жәйттар сөз болады. Жинақтағы кез келген әңгіме жан-жануарлар атынан баяндалады. Автор өзінің айтайын деген ойын тек қана жанжануарлар сөзімен жеткізе отырып, әрбір оқиға айтылып болған соң қорытынды жасайды, оны белгілі бір нақыл сөзбен түйіндейді.
Мәдени байланыс: Грек-үнді-қазақ Эзоптың «Ауру арыстан, түлкі атты мысалы «Кәлила мен Димнада» да бар. Үнді нұсқасында бұғының орнында есек, түлкінің орнында шибөрі ұшырайды. Осы әңгіме қазақтың «Түйе, арыстан, қасқыр және түлкі» атты мысал ертегісінде сәл өзгерген күйде кездеседі. Мұнда есек пен бұғының орнында түйе және төртінші кейіпкер қасқырдың қатысуы – ертегінің ұлттық сипатын айқындайды. Себебі, Италия мен Греция жерінде аңқау кейіпкер бұғы болса, Индияда сол бұғының міндетін есек атқарды, ал қазақ елінде аңқаулық, алаңғасарлық түйеге жүктеледі.
М. Әуезов былай дейді: «Ондағы аңның бәрі ескі үнді жұртының, ескі орыс ертегілерінің ішінде суреттелген аңдарша адам қауымындағы өрескел, қорқау мінездеріне мысал, аллегория ретінде бейнеленген болады. Арнаулы бір келеңсіз бітім тұлғаның қалпында кейіптеледі. Бұл алуандас ертегінің көптен көбі мысқыл ажуаның еңбек тартыс тәжірибесінен алады. . . Көп ел ертегілеріндегідей қазақта да талай ертегілерде бірнеше аң-хайуан бірге жүреді. »
Академик С. Қасқабасов: «Ескі үнділік сюжеттер Қазақстанда жаңғырып, сыртқы сипаты мен ішкі мағынасы жағынан мәнді өзгерістерге ұшырайды» деген. Зерттеуші бұл пікірінт сюжеттері «Кәлила мен Димнадан» ауысқан «Сегізбай мен тышқан қыз» , «Көгершіндер» және «Кім күшті» тәрізді ертегілері турасында білдірсе де, оның кей тұстарын «Түйе, арыстан, қасқыр және түлкі» ертегіне қатысты да қолданса артық емес. Былай айтқанда, қазақта үнді ертегісінің сюжеттік желісі сақталғанымен, баяндау барынша ұлттық түр алған.
Ғалым Б. Әбжет қазақ ертегілеріне «Кәлила мен Димнадан» енген сюжеттердің қатарына «Қу түлкі» , «Тасбақа мен кірпі» , «Түлкі мен әтештің сырлары» , «Аю мен маса» сынды бірқатар мысал ертегілерін жатқызады. «Бұл әдеби байланыстар қазақ халқы ХІХ ғасырдан бастап отырықшылыққа бейімделіп, өзбек, тәжік, түркімен сияқты көрші елдермен қарымқатынасы жиілей түскен тұста ауыса бастаған.
1. ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы, № 3(133). 2011 2. «Кәлила мен Димна» (Ауд. С. Талжанов). – Алматы: 1962. -306 б. 3. Қазақ ертегілері. 1 -том. - Алматы: Жазушы, 1957. - б.
клас адеб.pptx