жумабай елдар.pptx
- Количество слайдов: 20
Қалдық суларды тазарту түрлері, биологиялық тазарту, анаэробты және аэробты жолдары Орындаған: Жумабай Е Тексерген : Сыдықбекова Р
ЖОСПАР Кіріспе Ағынды суларды тазарту әдістері Механикалық және химиялық тазарту Биологиялық тазарту Анаэробты тазалау Аэробты тазалау Биофильтр Ағынды суларды тазарту
Ағынды сулардың ластануы табиғат пен оларды ластайтын шикізаттың қайнар көзіне байланысты. Ағынды сулар өндірістік және тұрмыстық, атмосфералық деп бөлінеді. Су өзін-өзі оған түскен микроорганизмдерден тазарта алады. Бірақ бұл қасиет шексіз емес. Соңғы жылдары экологиялық жүйелерді ластайтын заттардың мөлшері өте көп және олар өздерін қорғай алмайды. Әсіресе ол тазартылмаған немесе өте нашар тазартылған. Су қоймаларының ағын сулармен ластануы экожүйенің функциясына қауіп төндіреді. Әр түрлі мәліметтер бойынша ағын сулардың құрамында 42% минералды және 58% органикалық ластағыштар болады. Белгілі, өзен және басқа су қоймаларында судың өздігінен тазарылуы өтеді. Бірақ бұл процесс өте баяу жүреді. Бұрын өндірістік ластағыштар көп болмаған кезде өзендер өздері тазарылған. Қазіргі кезде су қоймалары ластанумен өздері күресе алмайды. Ағын суларды тазарту күрделі өндіріс болып табылады. Бұнда басқа өндірісте сияқты шикізат (ағын сулар) және дайын өнім (тазартылған су) болады. . Ағынды суларды тазарту – құрамындағы заттарды, сондай – ақ патогенді микроорганизмдерді жоюға немесе ажыратуға әкелетін әдістер жүйесі
Ағынды суларды тазарту әдістері: механикал ық физика- химиялық термиялық химиялық биологиял ық
Механикалық және химиялық тазарту Механикалық жолмен тазарту әдісі- ластанған сулардан әдейі арналған құралдардың көмегімен ерімейтін зиянды қосындыларды бөлуге бағытталған. Ол үшін сүзгі, мұнай, май ұстайтын құралдар т. б. пайдаланылады. Бұл әдіспен ластанған судың 60%, өндірістік қалдық сулардың- 95%-ке дейнін ерімейтін қосындылардан айыруға болады. Ластанған суларды химиялық жолмен тазарту әдісі- әр түрлі реагенттерді қосу арқылы құрамын жақсартуға бағытталған. Химиялық әдіспен ластанған сулардағы ерімейтін зиянды заттарды 95%-ке дейін азайтуға болады.
Биологиялық тазалау әдісі микроорганизмдердің ағынды өздерінің субстраты ретінде сулардағы түрлі қосылыстарды пайдалану әрекетіне негізделген. Бұл әдістің құндылығы оның ағын су құрамындағы органикалық және бейорганикалық кең спектрлі заттарды жоюында жатыр. Алайда бұл әдістің ойдағыдай жүруі үшін тазалау қондырғыларының құрылысына көп мөлшерде қаржы бөлу қажет. Тазарту процесі барасында тазалаудың технологиялық режимін қатаң сақтау және микроорганизмдердің ластанудың жоғары концентрациясына өте сезімтал келетінін ескеру қажет. Сондықтан биологиялық тазарту жүргізбестен бұрын, ағын суларды сұйылту қажет
Биологиялық жолмен тазарту процестерінің 2 әдісі бар: Аэробты – микроорганизмдер заттарды тотықтыру үшін оттегі пайдаланады Анаэробты – микроорганизмдер бос күйіндегі еріген оттегімен де, сондай – ақ нитратиондарыны электрондарының артық акцепторларымен баййланысқа түсе алады
Анаэробты тазалау Қалдық ағынды суларды анаэробты ыдырату кезінде қалдық сулардың қатты фазасы, яғни ортақ белсенді тұнба мен 1 -ші су тұндырғыштан шыққан қалдықтардың өңдеу процесі жүзеге асады. Егер тазаланатын су тұрмыстық қалдық су болса, олардан әр түрлі жағымсыз қасиетті тұнбалар түзіледі. Бұл тұнбалардың иісі нашар, ұиын кебеді, санитарлық жағдайда қауіпті болады. Бұндай тұнбаларды анаэробты қондырғыларда өңдеу кезінде органикалық заттардың анаэробты ыдырауы жүреді. Нәтижесінде тұнбаның физикохимиялық құрамы өзгереді. Ал ашудан қалған өнімді тыңайтқыш ретінде пайдаланады. Метантенк дегеніміз – әр түрлі конструкциялы жабық камера. процесс жасанды жолмен 30 -350 С қыздырумен басталады. Бұл кезде қарқында түрде мезофильді микроорганизмдер дамиды. Температураны 50550 С жоғарылату ыдыратуды тездетіп, термофильді анаэробты микроорганизмдердің дамуына септігін тигізеді. Метантенктен шығатын газдың 60 -65% метан, 16 -34% СО 2, 3% азот, сутек және күкіртті сутек құрайды. Метанды жанғыш газ ретінде пайдаланады, көп жағдайда 70 -90 тазалау жүйесінің өз қызметтеріне пайдаланады. Анаэробты тазаланудан қалған қалдықтар тыңайтқыш ретінде мал және ауыл шаруашылығында пайдаланылады.
Анаэробты тазалау процесі кезекті МБР тазалауымен Тазаланбаған ағынды су Тазаланған су тұратын қойма ауа Мембранды сұйық қойма Орталатқыш сұйық қойма аэротенк ауа
Аэробты тазалау • Өңдеу кезінде қалдық ағынды суларды механикалық ластаушылардан тазалау жүргізіледі. Тазалау әр түрлі торлар, тұндырғыштар, құмұстағыштар арқылы жүргізіледі. • Екінші кезеңде аэробты микроорганизмдердің қатыскымен еріген орг зат-ң ыдырауы жүзеге асады. Ыдыраудан кейінгі микроб клетканың бір бөлігі реакторларға қайта құйылады, қалған бөлігі жойылады. • Азот және фосфорды ыдырату және химиялық тұнбаландыру жүзеге асады. • 1 ж/е 2 кезеңде түзілген тұнбаны қайта өңдеу үшін анаэробты ыдырату қолданылады. Бұл жағдайда тұнба көлемі мен патогенді орг-ң мөлшері төмендейді, иісі кетеді, бағалы орг жанармай – метан түзіледі. Практикада 1 деңгейлі немесе көп деңгейлі тазалау жүйесі қолданылады. Қалдық ағынды сулар орташаландыруға түскенде белсенді тұнбамен араластырады. Араластыру ауа арқылы жүреді. Орташаландыру кезеңінде қалдық аминді сулар бірнеше сағат болады. Одан кейін судың биологиялық тазалануы аэротенттерде жүзеге асады. Аэротенк - ашық темір бетонды қондырғы. Оның құрамында органикалық ластаушылар мен белсенді тұнбасы бар қалдық су болады. Олар аэротенкте ауамен аэрацияланып отырады. Белсенді тұнба суспензиясын оттегімен қарқынды аэрациялау оның органикалық қоспаларды сорбциялау қабілетін қалпына келтіреді.
Биофильтрлер – қалдық ағын суларды биологиялық тазалауға арналған қондырғы, оның бетінде тірі ағзалардан құралған биопленка болады, ол көптеген ластағыш заттардан еріген заттарды сүзіп алып қалады. Биопленканың құрамында тірі ағзалар мен қатты заттар болады. Тірі ағзаларға көптеген бактерия туыстары мен қарапайымдылар класы кіреді. Олар: актиномицидтер, азотобактер, бациллиус бактериум, сарциндер, т. б. Осындай әр түрлі микроорганизмдердің комплексі арқылы органикалық және зиянды заттар тотығып ыдырайды. Қатты зат пен тірі ағза бірігіп зооглей түзеді. Зооглей- ортақ шырышты қабықпен қапталған микроорг-р популяциясының симбиозы. Биопленкасы бар жүйелер судағы органикалық қатты және басқа да заттардан тазарту үшін ойлап табылған құрылғылар. Осы уақытқа дейін тұрмыстық және өндірістік қалдық суларды тазалау үшін таза микроорганизм дақылдарын пайдаланып келсе, соңғы он жылдықта бекінген дақылдарды пайдалануға көшті.
Биофильтрлердің қолданылуы Көбінде биофильтрлер тұрмыстық-шаруашылық қалдық сулар және өндірістік ағын суларды тазалау үшін қолданылады. Мысалы, 1, 5 м биіктіктегі тамшылы канифольды-экстракциялық заводында биофильтрлерде аэрация процесі арқылы ағын сулар тазартылған. Осы ағын сулардың ластану концентрациясы 320 -580 мг/дм, ал тазартылған ағын суларында 25 мг/дм аспады. Тамшылы биофильтрлерде тотығу ықпалдығы тәулігіне 1 м 3 -қа 400 -580 г аралығында болды. Биофильтрдің 4 м биіктігінде ағын сулардың тазалану дәрежесі 250 -25 мг/дм аралығында ауытқыды, ал тотығу ықпалдығы 1 м 3 7 -9 г аралығында ауытқыды. Белсенді лай ценозының құрылуына мезгілдік температураның өзгеруі, оттегімен байытылуы, минералды компаненттердің болуы әсер ете алады. Осының барлығы лайдың құрамын күрделендіреді және ол қайта қалпына келе алмайды. Тазарту қондырғыларының жұмыс эффективтілігі, сонымен қатар ағын судағы микроорганизмдердің концентрациясына және белсенді лай сақлалу уақытына байланысты болады. Қарапайым аэротенктерде белсенді лайдың концентрациясы 2 -4 г/л аспайды
Тазарту құрылыстары келесі түрлерге бөлінеді: Жергілікті(локальные), уча сткілердегі ағынды сулардың құрамын өңдіру. орталықтандырылған кәсiпорын уческелiк, әртүрлі қалдық сулардың ластануы. топтасу кәсіпорындар, кенттердің ағынды суларын өңдеу. Қолданылуы: жергілі кті аумақтағы адамдар үшін ағынды суларды өңдеу болып табылады.
Ағынды суларды тазарту Ағынды сулардың көлеміне байланысты Олардың физикахимиялық құрамы Тұтынушыларға жіберілетін тазаланған және тазаланбаған ағынды сулар және олардың сапасы Су қорғау органдары талаптарын орындау Технологиялық зерттеулердiң нәтижелері Тұнбаның пайда болуы
Шахта және карьердегі ағынды суларды тазартудың технологиялық сұлбасы Тоғандар Тұнбаның өлшенген қабатпен бөлінуі Жұқа бүйiрлi тұндырғыштар Шахталардағы тазартылған кеңiстiк Сүзгi өрлеме ағын Вибросүзгі
Пайдаланған әдебиеттер Заядан Б. Қ. «Экологиялық биотехнология» . Алматы, 2013 Джусупова Д. Б. «Экологиялық биотехнология» . Алматы, 2013 К. Ф. Форстера, Д. А. Дж. Вейза «Экологическая биотехнология» Интернет желісі, google, nur. kz
Қорытынды Су байлықтарын сақтау- бүкілхалықаралық іс екенін ұмытпауымыз керек. Су бірінші қажеттілік және біздің байлығымыз. Халық даналығы- «Су ішетін құдығына түкірме, кейін одан су ішерсің» - дейді. Су байлығынан адам баласына келетін пайда көп, оларды тиімді пайдалану, сақтай білу баршамыздың абыройлы борышымыз. Осыған орай су және басқа табиғат ресурстарын қорғауға бағытталған бірқатар қараулар мен қаулылар да баршылық. Солардың ішінде соғы жылдары жарық көрген Каспий теңізін, Еділ, мен Жайық өзендерін, Балтық пен Қара теңізді, Байқал көлін қорғау жөніндегі қаулылардың маңызы ерекше. Әрине суларды тазартудың бұдан басқа да жаңа әдістері алға қарай шығуы мұмкін. Бірақ, қаншама жетілдірілген әдістер шыққанымен, ластанған суды мүлтіксіз бұрыңғы қалпына келтіру мүмкін емес. Суларды тиімді пайдалану және олардың тазалығы сақтауда республикамызда көптеген жағымды тәжірибелер бар. Әсіресе, көп жылдар бойы суармалы егіншілікпен шұғылданып келе жатқан аудандардың пайдалы істерін пайдалана білген жөн.
жумабай елдар.pptx