ЛЕКЦИЯ 5 философия.pptx
- Количество слайдов: 27
Қайта өркендеу дәуірі философиясы 1. Ренессанстық ойлауға көшу: Н. Кузанский, Н. Коперник, Дж. Бруно, Г. Галилей. 2. Н. Макиавеллидің саяси философиясы. 3. Қайта өрлеу дәуіріндегі Т. Мор мен Т. Кампанелланың саяси утопиясы. 4. Дүниетанымдағы реформация: М. Лютер, Т. Мюнцер, Э. Роттердамский, Ж. Кальвин.
• Қайта Өрлеу дәуірі (Renessance фр. ) Орта ғасырдан Жаңа Заманға өту дәуірі болды. Оның шеңберін біз X 1 V XV 1 ғ. ғ. белгілейміз. • Қайта Өрлеу заманы Италия елінде басталды. Оған себеп болған әлеуметтік экономикалық жағдайларды алатын болсақ, бұл кезде солтүстік Италияда, әсіресе теңіз жағалауларындағы аймақтарда орналасқан қалаларда сауда, қөлөнер өндірісі тез дами бастайды, мұның өзі феодалдық қатынастардың ыдырауына, шаруалардың өз қожайындарынан ақша төлеп бас бостандығын алып қалаларға келуіне, алғашқы капиталистік экономикалық қатынастардың дамуына әкелді.
Қайта өрлеу дәуірінің ерекшелігі 1. Өндіргіш күштерді дамыту қажеттігі жаратылыстану ғылымдарының дамуына әкелді. Ал оның өзі бірте материалистік бағыттың философияда күш алуына әкеліп соқты. 2. Табиғаттың заңдылықтарының бірде бір зерттеу жолы ол тәжірибелік зерттеу эмпиризм (emperіa, грек сөзі, тәжірибе) бағытын тудырды. 3. Тәжірибе арқылы алынған деректерді пайымдау, қорыту қажеттігі рационализм ағымын дүниеге әкелді. Ал бұлардың өзі ой еңбегінің бағалануына, әсіресе ағарған интеллигенцияның дүниеге келуіне әкеліп соқты. Егер Орта ғасырдағы қоғамда ой еңбегі негізінен дін шеңберінен шыға алмаған болса, қазір жағдай күрт өзгере бастады.
4. Қайта Өрлеу Заманының өшпес нәтижесі – гуманистік (Humanus – латын сөзі, адамгершілік, адамдық) ағымның сол кездегі қоғамның мәдиниетінің саласында пайда болып, оған жақты зор әсерін тигізуінде болды. Бұл ағым философиялық ой өріске ғана емес, сонымен қатар саясатқа, моральдық нормаларға, әдебиет пен көркем өнерге, діннің өзіне үлкен ықпалын тигізді. Негізгі идеясы - жеке адамның бойындағы табиғи дарын өмірге әкелу, адамның құдіретін, ар-абыройын көрсету болды. X 1 V ғ. екінші жартысынан бастап Көне классикалық грек және латын әдебиеті мен өнеріне, философиясына деген сұраныс жылдам өсе бастайды. • Көне мәдениетке баға беріп өз заманынан бөлу, сонымен қарым-қатынасқа түсу, деп түсінуіміз керек. “Өрлеу дегенде әрі қарай даму, жетілу мағынасында.
Қайта Өрлеу заманындағы адам мәселесіне жаңаша бетбұрыс. • Адам мәселесі бүкіл философияның сонау Кон фу Цзы, Будда, Сократтан бастап, Орта ғасырдағы діни ілімдерге дейін өзекті философияның сұрағы болғаны белгілі. • Қайта Өрлеу заманында бұл мәселе жаңаша қарала бастайды. Орта ғасырдағы бұл мәселенің шешімі адамның қайшылықты пенде екендігін ашуда болды: бір жағынан адам жан дүниесі, рухы бар пенде ретінде әрқашанда аспанға ұмтылған, басқа тіршіліктен оқшау тұрған Құдайға жақын тұлға. • Екінші жағынан, оның денесі бар, ол оны жердегі қызықтарға құмартуға, оның еркінің соған қарай жетелеуіне әкеліп, оны күнәға батырады, тіпті, кейбір жағдайда құмарту жолына түскен адам жануардың деңгейінен де төмен түсіп кетеді. • Ал Қайта Өрлеу дәуіріне келер болсақ, ондағы негізгі жаңалық ол – адамның рухы мен жан дүниесін ғана емес, сонымен қатар оның тәнін, денесін де ақтау, оның керемет әсемдігін көрсету, адамның дүние сезімінің телегей теңіз тереңдігін анықтау болды.
Қайта өрлеу философиясы үш бағытта дамыды: 1. Адамның еркін, бостандығын өздерінің философиялық ілімдерінің негізгі өзегі етіп қабылдап, рухани өмірге, мәдениетте гуманизм деген бағытты дүниеге әкелушілер (Н. Кузанский, Пико делла Мирандолла, Леонардо да Винчи). 2. Адам бостандығын жүзеге асыруға кедергі болып отырған қоғамдық құрылысты сынап, утопиялық социалистік идеяны насихаттаушылар (Н. Макиавелли, Т. Мор, Т. Компанелла). 3. Табиғаттану ғылымдарының жетістіктеріне сүйене отырып, христиан дінінің әлемнің пайда болуы мен оның құрылысы туралы іліміне сәйкес келмейтін, табиғат құбылыстарын өз заңдылықтарына сүйеніп түсіндірушілер
Данте Алигьери (1265 -1321 жж), ақын, қайта өрлеу дәуірінің атасы деп саналады. Еңбектері: «Құдіретті комедия» , «Жаңа өмір» , «Пир» , «Монархия» . Еңбектерінде: адамзаттың бастауы бірлікте. Адам өз бойындағы жеке қасиеттерге, ақыл ойына, өз бақытына жауапты. Қоршаған орта, табиғат адамнан ажыратылмаған. Адам табиғи құндылықты жерден, қоршаған ортадан алса, рухани құндылықты діннен, Құдайға сыйынудан алады дейді. Философия мемлекет басқаруда, ал шіркеу жол сілтеуші. Монарх шіркеуге тәуелді болмауы керек, ал адам өмірінің мәні аскетизмде емес.
Джаноццо Манетти (1396 1459). Өзінің “Адамның абыройы мен артықтығы жөнінде деген еңбегінде ол Құдайдың адамға арнап жасаған Дүниесінің сұлулығына тоқталып, сонымен қатар, сол жаратылған Дүниенің ең биік шыңы ол адамның өзі дейді. Адамның дене құрылысы, оның әсемдігі басқа Дүниедегі денелерге қарағанда ерекше биік орын алады. Мысалы, әр түрлі нәрселерді жасай алатын адамның қолдары қандай әсем, қандай ғажап! Рухани денеден тұратын адамның әсемдігі соншалықты, адамдар Құдайдың өзіне ұқсатып түсінеді. Егер Құдай бүкіл Дүниені жаратса, адам өзін жағалай қоршаған мәдениеттің ұлы да әсем туындыларын тудырады. • Сонымен, адамның құдіреттілігі, оның Құдайдың өзімен пара парлығы қайта Өрлеу Заманындағы ойшылдардың негізгі идеяларының біріне айналды.
• Адам мәселесін қайта қарауға өзінің зор үлесін қосқан келесі ойшы ол Лоренцо Валла (1407 1457) болды. • “Ләззәт алу жөнінде деген еңбегінде ол адамның дүниетанымы оның ақыл ойымен қатар сезімдік іс әрекеті арқылы ғана болады, деген пікірге келеді. Табиғаттың тіршілікке берген ең негізгі заңы “өзінің өмірі мен денесін сақтап, оған зиян келтіретіндердің бәрінен жалтару сезімдік іс әрекетсіз болмайды. • Сондықтан бұл заңды орындау жолында адам өмірден ләззат алуға тырысуы керек. Ләззат “жан мен дененің рахатқа батуы ретінде игілікті іс. Мұндай көзқарастың Орта ғасырлық аскеттікке (asketos, грек сөзі, құмартудан бас тарту, адамның өзін өзі шектеуі) қарсы бағытталғанын байқау қиын емес.
• Пико делла Мирандолланың (1463 1495 ж. ) еңбектерінде қайта Өрлеу Заманындағы адам мәселесіне деген гуманистік көзқарас өзінің биік шыңына көтеріледі. Өзінің “Адамныңабыройы жөніндегі сөздер деген еңбегінде ол Құдай өзі жаратқан ғарыштың ортасына адамды орналастырды дейді. Ол оны жаратылған Дүниенің даналығы, ұлылығы мен әсемдігінің айқын көрінісі ретінде қарайды. • Оның ойынша, адам бүкіл жаратылған Дүние мен Құдай арасындағы дәнекер. Сонымен қатар, Жер бетінде адамнан биік, ал адамда ақыл-ой, парасат пен жаннан биік ешнәрсе жоқ. Адамның рухының ең ғажабы - оның еріктігінде, оның алдын дағы әр түрлі өмір жолдарын таңдап алу мүмкіндіктерінде. • Этика бізді арам ойлардан сақтайды, диалектика бізді шыншылдыққа әкеледі, теология көмегімен ғажайыпты танимыз. • Адам тағдырын жұлдыздардың тылсым сырымен емес, өзі жасауы керек.
Н. Кузанский - Қайта Өрлеу Заманы философиясының ұлы тұлғасы Николай Кузанский (1401 1464 ж. ж. ) жас кезінде Падуя университетінде (Италия) оқып соңынан діни қызметпен айналысады. Ол өзінің ой өрісінде Орта ғасырлық философия мен қайта Өрлеу Заманындағы гуманистік ой пікірді ұштастырды. • Еңбектері: «Мүмкіндіктің болмысы туралы» , «Жер шарының айналуы туралы» , «Құдайдың көріпкелдігі туралы» . • Н. Кузанский пікірі бойынша, әлем қарама қарсы заттардан тұрады, математикалық теңдеудің екі жағындағы шамалардың біріне өте алатындығы сияқты, заттар біріне ауысып отырады. • Ауысқан қарама қарсылықтардың теңесуі тек құдайға ғана тән. • Материалдық денелерді құдай жаратқанымен кейін өз заңдылықтары бойынша дамып, өзгеріп отыратын болғандықтан, оларды танып білуге болмайды. • Адамдарда заттар сияқты, тек адам құдайдың көрінісі. Бірақ ол өзінің ақыл ойымен, әс әрекетінің арқасында құдаймен қатар. «Адам дегенімізақыл-ой» . •
• Адам Құдайға, әсіресе, өзінің ақыл ойы арқылы жақындайды. Ол күрделі және үш құрамдас бөліктен тұрады. Ол сезім мен елестеу (Sensus), ақыл-ой (ratіo) және зерде, парасат (іntellectus). Ақыл ой сезім мен зерденің арасындағы дәнекер. • Сезіммен тығыз байланысты ақыл ой ғылымды тудырады. Бірақ, адамның таным мүмкіндігі ол екеуімен сарқылмайды. Тіпті сезім мен ақыл ойдың тұрпайы турлері жануарларда да бар. • Адамның басқа тіршіліктерден үзілді кесілді айырмашылы ғы ақыл ойдың зердемен байланысында.
Леонардо да Винчи (1425 -1519 жж) Италияның суретшісі, табиғат зерттеуші, көрнекті философы. Ол гуманистік ойды қалыптастырушы, беделділіктен бас тартып, тәжірибеге, адамның ақыл ойының күшіне сенуге шақырады. «Философиялық тасты» іздеу адамға пайда бермейді, себебі табиғат құдайдың заңдылығына емес, өзінің қажеттілік заңына бағынады, үздіксіз өзгерісте, даму үстінде деп тұжырымдайды. Да Винчи Әл Фараби мен Ибн Руштың «екі ұдайы ақиқат» теорияларына қарсы болады. Діни ақиқат деген жоқ, себебі құдайдың өзі жоқ. Шын ақиқат тек ғылыми ақиқат ғана.
Қайта Өрлеу заманындағы әлеуметтік философиялық көзқарастар. Қайта Өрлеу Заманындағы әлеуметтік саяси өзгерістер, алғашқы капиталистік сауда саттық, экономикалық қатынастардың дамуы, адамдардың бас бостандығы мәнінің өсуі, ұлттық сана сезімнің қалыптаса бастауы т. с. с. көп ойшылдардың қоғамға, үкімет билігіне, мәдениет, дінге деген жаңа ойларын туғызды. Сол ғалымдардың ішіндегі ең ірі осы уақытқа дейін аты кеңінен айтылып жүрген тұлға – ол Н. Макиавелли.
Николло ди Бренардо Макиавелли (1469 1527 ж. ж. ) • Өз уақытындағы гуманистер сияқты классикалық білім алмағанмен, өзінің табиғи дарындылығының арқасында өз бетімен тарихи, философиялық көне еңбектерді оқып, әсіресе, өзі өмір сүріп жатқан Флоренцияның сол кездегі күрделі әлеуметтік саяси өміріне тәнті болды. Көп ұзамай ол мемлекеттік жұмысқа шақырылып, әр түрлі саяси және дипломаттық істерді атқарады. Ол оның ұйымдастыру қабілетін дамытып қоймай, сонымен бірге сол кездегі қоғам жөнінде көп деректерді жинап сараптауға мүмкіндік берді. Ол ертеден келе жатқан “алдымен өмір сүру, содан кейін фәлсәфәлау айдарымен өмір сүруге тырысты. • Н. Макиавелли еңбектері: “Патша , “Флоренция тарихы , “Тит Ливийдің бірінші декадасы жөнінде
Макиавеллидің адам тұжырымдамасы. Адам мәселесін Н. Макиавелли діни көзқарастан айырып, толығынан табиғаттың туындысы ретінде шешеді. Адам өзінің жаратылысы бойынша өзімшіл келеді. Шамасы, мұндай көзқарасқа келуге алғашқы капиталдың қорлануы, басы бос ерікті адамдардың “өзім дегенде түйедей күшім бар деген сияқты іс әрекеттері себеп болса керек. Сол кездегі экономика саласындағы ең белсенді топтар саудагерлер мен қол өнершілердің өмір салтын мүқият қарап, Н. Макиавелли адамның іс әрекетінің ең терең түрткісі ол оның мүддесі деген тұжырымға келеді. Адамдардың мүдделерінің көптүрлілігіне қарамастан, оның негізгісі өзінің меншігін сақтау, және оны өсіруге, көбейтуге тырысу. “Патша деген еңбегінде Н. Макиавелли “Адамдар меншігінен айырылғаннан гөрі әкесін өлтіргенді кешіруі мүмкін , дейді. Меншік жөніндегі мүддеден кейін ғана абырой (onore) және сый-сияпат (onorі) келеді, дейді ұлы ойшыл.
• “Адамдар жөнінде, жалпы алғанда, мынаны айтуға болады. Олар рахымсыз және тұрақсыз, алдау мен екіжүзділікке жақын, қайсыбір төнген қауыптан қашады, оңай олжаға жүгіреді. • Тек мемлекеттік күш, билік қана адамдардың өзімшіл іс әрекетіне тосқауыл қоя алады, өмірдегі тәртіп қалай болуы керектігі жөніндегі қағидалар мен нормаларды тудырады. мемлекет адамдардың өз іс әрекеттері арқылы дүниеге келеді, ал Құдайдың оған ешқандай қатысы жоқ, деген ашық пікірге келеді. • Н. Макиавеллидің адамға деген көзқарастырының ғажап жері ол тек жеке адамның мүдделерін мойындап қоймай, сонымен қатар адамдардың ортақ мүддесінің негізінде әлеуметтік топқа айналу мүмкіндігін көрсетуінде. • Сонымен, өзінің әлеуметтік саяси философиясында, Н. Макиавелли Құдайдың керектігін қажет етпейді, бәрі де адамның табиғаты мен тәлім тәрбиесінен шығады. Оның ойынша, христиан діні алғашқы қалыптасқан идеалдардан анағұрлым алшақтап кетті. Католик дінінің қызметкерлері Папа мен бірге жемқорлық жолына түсіп, халық алдындағы абыройынан жұрдай болды. • Екінші жағынан христиан дінінің моральдық қағидалары өзінің қасиетті киелі адамдары ретінде мүсәпірлерді, өмірдің қызығынан бас тартқан адамдарды, жұмаққа өзінің батыл іс әрекеті арқасында емес, өзінің көнбістігінің, зардап азап шегуінің негізінде барғысы келгендерді есептейді.
Н. Макиавеллидің фортуна (сәттілік) ұғымының мән-мағнасы. • Н. Макиавелли де өмірге деген самарқаулыққа теріс қарап, оған белсенділікті қарсы қойды. Ал адамның өмірін ол фортунамен тығыз байланыстырды. • Макиавелли заманындағы фортуна ұғымы, көне замандағы фатумнан анағұрлым бөлек (fatum латын сөзі , тағдыр ). Егер фатализм адамның өмірі, жүріс тұрысы мен іс әрекеті алдын ала болжанған, онда ешқандай таңдау, еріктік, кездейсоқтық жоқ, оған қарсы тұруға болмайды, деп есептесе, фортуна ұғымы әлеуметтік қажеттілікпен теңелгенмен, ол ешқашанда адамның ерікті іс әрекетін толығынан жоя алмайды. • Н. Макиавелли “елу де елу формуласына жақын фортуна біздің іс әрекетіміздің жартысын өзіне көндірсе, екінші жартысы біздің өзіміздің еркіміз, өжеттілігіміз, қайрат күшімізбен байланысты дейді. Сондықтан, “абайлаудан гөрі батылдық жақсы. • Алдына үлкен мұрат мақсаттар қойып, оларды іске асыру жолында адамның батыл тиімді іс әрекеттер жасауын Н. Макиавелли “вирту ( vіrtu лат. сөзі, айбындылық, қайраттық ) деген сөзбен береді. • Адам – ерікті, саналы, айбынды, күш қуаты мол пенде, ол алдына қойған мұраттарды іске асыра алады. Бұл Н. Макиавеллидің идеялары Жаңа заманның ой өрісіне зор әсерін тигізіп, жалпы алғанда, жүре келе Батыс менталитетінің өзегіне айналады.
Н. Макиавеллидің саяси және моральдық философиясы. • Н. Макивелли көбіне өзінің саясат жөніндегі толғаныстарымен тарихта қалған. Оның негізгі себебі феодалдық қауымдық қоғам ның ыдырап оның орнына ерте капиталистік қатынастардың келе бастауы еді. Егер саясат осыған дейін діннің қолдауында болып, моральдық тұрғыдан әрқашан ақталып отырса, ол негізінен алғанда “ақсүйектердің ісі болатын болса, енді жаңа заманда төменгі қабаттардан шығып, аз уақытта сауда саттық жасау арқылы байып, билікке ұмтылған адамдар пайда болды. • Мұндай жағдайда саясат моральдық діни шеңберден бірте шығып, өзінше дербес әлеуметтік құбылыс ретінде өзін көрсете бастады. • Макиавелизм ұғымы бүгінгі таңда саясаттың арсыз, барып тұрған опасыздық түрін көрсетеді. Саясат құбылысында кездесетін екіжүзділік, алдап-арбау, қорқыту, күш жұмсау, айдап салу, сатып кету т. с. с. бәрін макиавеллизм дейді. Яғни саясаттың толық моральдық шеңберден шығып кетуін, оның талаптарын аяққа басуды біз Н. Макиавеллидің атымен айтамыз.
• Ал саясаттың моральдық сипатына келер болсақ, “мүмкіндігінше ізгіліктен алыстамау керек, ал керектік қылса зұлымдықтан қашпау қажет , деген пікір айтқан болатын. • Макиавелли “тек қана өзінің ар-ұжданының талабына сәйкес іс-әрекет жасайтын саяси қайраткер өзіне мола қазады деген пікір айтады. Оған себеп қоғам өміріндегі кейбір жағдайда қалыптасатын “ащы шындықтың ақиқаты. Оны шешу үшін мемлекет басшысы зорлық зомбылыққа шейін баруы мүмкін. Осындай жағдай қалыптасқанда ол “қаталдықпен көп әуестенбеу керек, қажет болған жағдайда оны тез арада қолданып, өзіне қарсылардың быт-шытын шығаруы керек. • Халық мемлекеттік билікке бір жағынан қорқынышпен, екінші жағынан сүйіспеншілікпен қарайды. Бірақ, таңдауға келген жағдайда, халықты қорқынышта ұстау - сенімдірек. Саясаткер бір жағынан батыл, екінші жағынан абай болуы керек. Бірақ, шешуші жағдайда батылдық қажет. Ел басшысы бір жағынан арыстанға, екінші жағынан түлкіге ұқсас болуы қажет. • Қоғамдағы қайшылық өршіп, адамдардың өкіметке деген сенімі жойылған жағдайда күш қолданбай болмайды. Бірақ, қалай дегенде де, жеңіс - әрқашанда саясаткердің негізгі мақсатына айналуы керек, ал оған жететін құралдар әр-түрлі болуы мүмкін.
Томас Мор (1478 -1535 жж), Томаззо Кампанелла (1568 -1639 жж) • Сол кездегі қоғам халықтың әлеуметтік талап сұраныстарын шеше алмауы негізінде утопиялық (қияли) социалистік идея лар пайда болды. Негізін салғандар: Т. Мор ( «Утопия» ), Т. Компанелла ( «Күн қала» )болды. • Утопия- грек сөзі, - еш жерде жоқ, жансыз деп аударылады. • «Беймәлім жерде» , «күн қалада» әділетті қоғам орнаған, оларда байлар да, кедейлер де жоқ. Бұл мемлекетте меншік иесі қоғам, ал жеке адамдар сол қоғамның мүшелері еңбек нәтижелерін тең бөліседі, заң алдында бәрі бірдей. Жастарды тәрбиелеу ісі қоғамның қолында, оны дінбасылары басқарады. • Жамандық жасаудың себебі адам ақауларында. Оның ішінде өзгенің арқасында күн көремін деген өзімшілдікте.
Діни реформация және оның капиталистік қатынастардың қалыптасуы мен дамуындағы рөлі. • Қайсыбір өтпелі заманда рухани өмір де түбегейлі өзгерістерге түседі ескі өмір құндылықтары әлсіреп, жаңа әлеуметтік нормалар, дүниесезім мен дүниетаным өмірге келеді. • Осы тұрғыдан қарағанда, қайта Өрлеу Заманы христиан дінінде үлкен өзгерістерді тудырды, өйткені моральдық жағынан азғындаған рим католик шіркеуі, халықтың санасында теріс баға алып, римнен жіберілген әр түрлі аймақтарға дін басшылары жемқорлық жолына түсіп, қалың бұқараның санасында негізгі езушілер ретінде түсінілді. • Мұндай жағдайда христиан дінінің алғашқы нұсқаларына қайта оралып, оны Ортағасырлық схоластикалық бүркемдерден тазарту өзекті мәселелердің біріне айналады. Осы үлкен көлемді іске барлық жан тәнін берген неміс теологы Мартин Лютер ( 1483 1546 ж. ж. ) болды.
Мартин Лютер (1483 -1546 жж). Еңбектері: «Римдіктердің жолдауына пікір» , «Индульгенция туралы 95 тезис» , «Христианның бостандығы туралы» , «Еркіндіктің құлдығы туралы» . • М. Лютер рим католик шіркеуінің Құдай мен адам арасындағы дәнекерлік қызметін теріске шығарып, адамның жалғыз ғана Құдайға деген сенімі оның құтқарылуына жеткілікті деген пікірге келді. • Құдайға қызмет ету ол жалғыз дін қызметкерлерінің ғана ісі емес, бүкіл халықтың, әр адамның борышы деген пікір айтты. Ал мұның бәрі шіркеудің билігін әлсіретіп, оның догматтарын қысқартты. • М. Лютер дін мен философияның, сенім мен ақыл ойдың ара қатынасына үлкен ор қазып, христиан дінінің негізгі құжаттарын, киелі кітаптарын ақыл оймен талдаудың мүмкін еместігін айтты. • Олай болса, адам өз ақылы мен еркінің шеңберінде күнәдән құтыла алмайды, өйткені, алғашқы текті күнә оның табиғатын бұзды. Бұл мәселе бойынша, оның пікірі Августиннің ойына жақын болды.
Христиан дінін жаңа өмірге сай етіп өзгертуге өзінің үлесін қосқан екінші ойшыл ол Жан Кальвин (1509 1564 ж. ж. ) • “Христиандық Сенімге тәлім деген еңбегінде “сенгеннің надандығы білем дегеннің өркөкіректігінен жақсы дейді. Ж. Кальвин адамның өмірінің өркөкірек тігінен толығынан Құдайдың еркіне, алдын ала болжауына тәуелді екенін айтады. • Ж. Кальвин Қайта Өрлеу заманындағы гуманистердің “фортуна ұғымына үзілді кесілді қарсы шығып “фатум ұғымын биік дәрежеге көтерді, өйткені, ол Құдайдың адам тағдырын алдын ала болжауы. • Ж. Кальвин Библиядағы айтылған “Шақырылғандар көп, тандалғандар - аз деген қағиданы толықтырып “тек кім таңдалды оны ешкім білмейді деген пікірге келеді. Олай болса, әрбір адам - мен таңдалдым деп ойлауы мүмкін. Егер ол өз кәсіби еңбегінде белгілі бір жетістіктерге жетсе, онда ол оны Құдайдың мені қолдағаны деп есептеуіне болады. • Батыс Европадағы жаңа қалыптасып жатқан капитализмге адамгершілік бағыт берген, әсіресе, Ж. Кальвиннің аскеттік ілімі. Егер сенің істерің саған олжа әкелсе, онда сен масаттанба, тәккәппарланба, керісінше, Құдай қолдағаннан кейін, кем тарларға көмектес, байлығынды шашпа, жаңа жұмыс орындарын аш, т. с. с. .
Эразм Роттердамский (1469 1536 жж) • Нидерландық философ гуманист, шіркеу өмірін сынға алушы. • «Ақымақты мақтау» еңбегінде жамандықты, қулықты, жанкештілікті мазақ етеді. • Ол христиандық ақылдың сыры ақиқат сенім, қулықсыз мейірімділік жасау, яғни Христостың ізбасарлары мен Қасиетті Жазбада дейді. • «Егер Қасиетті жазбаға өзіңді толығымен арнасаң, . . . Сен дұшпаныңа қарсы тұра аласың» .
• Фортуна өте мейрбанды адамдардан гөрі “не болса сол болсын , деп батыл кірісетін адамдарды сүйеді (Эразм Роттердамский). • Менің адалдығым мен сенімділігімнің кепілі менің кедейлігім. (Н. Макиавелли) • Қайсыбір философияның бастауында таңғалушылық, дамуында зерттеулер, соңында білместік жатыр. М. Монтень. • Сен өздеріңнің қағидаларыңмен Дүниені төңкеріп тастағың келеді, дейді біреулер. Бірақ, төңкеріліп жатқан бұл Дүниені төңкергеннің несі жаман( (Дж. Бруно).
• Адам көп түрлі өзгеретін табиғаты бар жануар. (Пико делла Мирандолла). • Қандай қиындық болса да, өмірден бас тартпа (М. Монтень). • Білімге деген іңкәрліктен артық батылдық жоқ (М. Монтень). • Құдай басқа тіршіліктердің бәрінің бейнесі мен қалпын шеңберлеп олардың алатын орнын анықтаған. Тек сен ғана, адам, ешқандай шеңбермен қысылған жоқсын, сондықтан, өз бейнеңді өз шешіміңмен анықтай аласың (Пико делла Мирандолла).
ЛЕКЦИЯ 5 философия.pptx