жалайыр жами ат-тауарих.pptx
- Количество слайдов: 21
ҚАДЫРҒАЛИ ЖАЛАИРИ (ХVIХVII ғ. ) «ЖАМИҒ-АТ ТАУАРИХ» ( «ЖЫЛНАМАЛАР ЖИНАҒЫ» ) ЖАЗБА ЕСКЕРТКІШІ
(Ораз-Мұхаммед-хан) Оң қолымен шариғатпен іс жүргізсе, сол қолымен ұры-қарақшыны, жамандарды. . . Жаза қамшысымен аяусыз жазалар еді. Үйсіз ғаріп және кемтарға рақым мейірімділік жасар еді. Қадырғали Жалаири
ӨМІРІ ТУҒАН ЖЕРІ: • 1530 -1605 ж. ж. • Көрнекті қазақтың ортағасырлық тарихшысы және қоғам қайраткері. • Қазақстан жеріндегі Сырдария бойы • Шығармаларында ол өзін “тарақ тамғалы жалайыр” деп атайды. • Тәуекел сарайында қызмет етіп, ақылшы, кеңесшілік рөл атқарған. ЖАЛПЫ • Араб, парсы, түркі, орыс тілдерін жақсы меңгерген. МӘЛІМЕТ • Өмірбаяны жөнінде нақты мәлімет көп емес. ТЕР: ЕҢБЕГІ: • 1602 жылы “Жылнамалар жинағын” жазып бітіреді. Оны Ресейдің атақты патшасы Борис Годуновтың қол астында жүріп жазған. • Бұл – қазақ тілінде жазылған тұңғыш ғылыми еңбек.
“Жылнамалар жинағының” жалғыз көшірме данасын Қазан университеті кітапханасына татар ғалымы И. Халфин тапсырған екен. М. Қой гелдие орай, қ в: “Өкінішке кейінір олжазбаның ек Пете рбургт табылғ ен ан екін көшірм ші есінде де еңбе автор б ктің ерген а болып т шықты ы жоқ да “Джам и ат-Та , ол сол ва “Жылн амалар рих” – атанған жинағы күйінд ” е қала берді. Сол көшірмені шығыс қолжазбалар жинағына бастырғанда профессор И. Н. Березин былай деп алғы сөз жазыпты: “Біз шығармаға қандай ат берілгенін білмейміз, бірақ кітаптың негізгі бөлігі Рашид ад-Диннің әйгілі туындысының қысқаша аудармасынан тұрғандықтан, біз оның атын да қолжазбамызға бере аламыз”.
Ресей ғалымдарынан алғаш танысқан: • Шығыстанушы академик Х. Д. Френ (түпнұсқамен таныс болған). • Шығыстанушы И. Н. Березин (Қазан ун -нде шығ-н танысқан). • Тарихшы В. В. Вельяминов. Зернов (өз еңб-нде шығ-ң құнды жақтарын айтқан). Татар ғалымдарының еңбегі шығармаға қатысты: • Тіл маманы Әли Рахим (А. Ш. Абдрахим) (текстологиялық талдау жасайды). • Тарихшы М. Г. Сафарғалиев, • Тіл маманы Х. Хисматуллин да дерек ретінде пайдаланып, талдаған. • Тарихшы М. А. Усманов (өз монографиясында бір бөлімін арнап, арнайы зерттеген). • • • Еңбектің Қазақстанда зерттелуі: Шоқан Уәлиханов (ғылыми тұрғыдан зерттеді). Академик Әлкей Марғұлан (терең тұжырымдар жасаған). Этнограф ғалым Э. А. Масанов (мәнді де тың ойларды өз еңб-нде айтқан). Тарихшы К. Жүнісбаев (алғаш рет көпшілікке арнап толық түсінік берген). ҚР ҰҒА-ң корреспондент мүшесі Р. Сыздықова (шығ-ң транскрипциясын жасап, алғаш рет оның тіл ерекшелігін сипаттаған).
Қадыр Әліге аса жоғары баға берген ұлы ғалымдарымыздың бірі – академик Әлкей Марғұлан: “Оразмұхаммедтің кітапханасында сақталған кітаптардың ең бағалысының бірі – өзіне дос болған серігі, әрі атақты биі, көркем тілде қазақша жазатын жазушы Қадырғали Жалайырдың шығармасы. Оның кітабы 1598 жылы жазылып біткен, әуелдегі аты қандай екені белгісіз. Жазудың бас-аяғы жоғалып кеткен. . . (1981 ж. , “Қазақ әдебиеті” газ-і № 1, “Күміс сандық құпиясы” мақаласы). Шоқан Уәлиханов: “В отношении сведений о киргизах самое первое место занимает “”Сборник летописей” издания Березина, замечательный тем более, что представляет единственные памятники прошедшей жизни казахов. Он написан в конце царствования Бориса Годунова. . . В нем степных уподоблений, поговорок бездна”. . .
Байұзақ Албани: “Тарихнамада оның есімі Әбілғазы, Бабыр, Бенаи сияқты ғұлама тарихшылармен қатар аталады. Орыс ғалымдары Н. И. Ильминский, И. Н. Березин, В. В. Вельяминов-Зернов оның еңбегін жоғары бағалады” (“Тарихи таным” кіт-н). Қадыр Әлі деректеріне Шоқан Уәлихановтан бермен қарай талай тарихшылар, зерттеушілер сүйеніп келеді. Ш. Уәлиханов бұл кітаптың аңыздан гөрі ақиқаты басымырақ деп бағалаған. Орахмұхаммед пен Қайдар Әлі бастаған қазақтардың Ресейде болу оқиғасын көрнекті жазушы, көне тарихымыздың білгірі Мұхтар Мағауин “Аласапыран” атты романында кең және көркем баяндаған. Көрнекті ғалым Р. Сыздық “Жинақтың” тілдік құрылымын, жазу мәнерін зерттеп арнайы кітап жазған (“Язык”, “Жамиат тауарих”, “Жалаири”, Алматы, 1989 жыл). Соңғы кездері Қадыр Әлінің еңбегін әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры М. Қойгелдиев арнайы зерттеп жүр.
Еңбек үш бөлімнен тұрады: ♪ Борис Годунов билігін бенелеу, арнау. ♪ Рашид ад-Диннің “Джами ат-Таварих” атты еңбегінің қысқаша аудармасы Шығарма 24 дастанға бөлінген. ♪ Орыс ханнан Оразмұхаммедке дейінгі хандардың тарихы. Бұларға қосымша алтынордалық ірі қайраткер Едіге батыр жайында дастаны берілген. Қадыр Әлінің бұл еңбекті жазудағы негізгі мақсаты – өз әміршісі Шыңғысхан ұрпағы Ондан сұлтанның баласы Оразмұхаммедтің хан тағына лайық екенін дәлелдеу. Екінші бір мақсат: “. . . патша Борис Федоровичтің мәңгі әділдігін, ақтығын айту және тағы жоғары мәртебелі Оразмұхаммед ханды жоғары мәртебелі патшаның құрметпен хандыққа отырғызғанын көрсету үшін жазылды”.
“Жамиғат-ат тауарихтың” ерекшелігі: Еркін аударма Рашид аддин еңбегінің детальдарын толықтырған. *адам *өзен-су *жер аттарына анықтамалар енгізген. Қазақ тарихына қатысты деректер: “Қаңлы қауымы екі сан. Алаш Шыңғыс хан заманынан мыңы қауымы (бері) бір мәртебеден болады үш сан. (үлкендік) Тебре бекке Қатаған қауымы тиді, одан Шейх Софы қазіргі заманға бекке, одан Айтулы бекке дейін тиді, одан Итбұға бекке үлкендерін тиді, одан Қарач бекке біледі. Ал Алаш тиді, одан Тоңқа бекке мыңы тиді. Алаш мыңының арасындағы ағасы облып келген ұлығы тарақ осылар Азбекия арасында тамғалы мағлұм, мәшһүр”. жалайыр болады.
Эвфония (аллитерация мен ассонанс тәсіл-і) мен параллелизм шежіреде молынан кездеседі. “Ойда орыс, қырда татар; тағда туман, қырда черкес; ойда ештек; дүнианың төрт бұрчы”. Фразеологизмдер, ұйқасты тіркестер көп кездеседі де, мақалмәтелден бір ғана жерде бар. “Еділ тоңса, кім кечмес, Едіге өлсе, кім бармас”. Жұптасып келген параллель элементтер: масыл, ойан хан, бойан хан, қыш уа йаз, ай уа йыл, йыл ашасұн, йұз йашасұн, достына дост болұб, дұшманыңа дұшман болұб, т. б. Мағыналас сөздерді қосарлап қолдану тәсілі: хүкімі – йарлығы, атқычыл – мерген, бисиар – үкүш, т. б.
Шежіредегі фразеологизмдерді грамматикалық құрылысына қарай: ЕТІСТІК ТІРКЕСТІ және ЕСІМ ТІРКЕСТІ деп бөледі. Есім тіркесті. Шежіреде Қазіргі қазақ тілінде Есім тіркесті фразеологизмдер: ақ хан, ақ орда, ақ патша (ең тәуір, ең жағымды мағнда) Ақ көңіл, ақ бата, ақ жол, ақ неке, ақ тілеу Күрделі атаулар: тауар қара, күн туғыш, күн көзі, ер ұғұл, қыз қарындаш, йер йүзі, ата йырты, т. б. Он бегі, йүз бегі, мың ағасы, түмен бегі, алаш мыңы, хан ұғылы; Меркіт сүңәклік, керейі сүңгәклі, шапар олтұрұшылық, сахарада олтұрұшылық, китабсыз қаум. Ірі мал, күншығыс, - , ер бала, қарындас, жер беті, ата жұрты, т. б. Етістікті тіркестер. Шежіреде Қазіргі қазақ тілінде Әшкерін түшірді Әскер түсірді Балдызлай берді Балдыздай берді Бір йашар Бір жасар Ит йүгүрткенлер Ит жүгірткендер Йенгелете алды Жеңгелей алды Көңүл қалышты Көңілі қалды Сөзінден чықмайын Сөзінен шықпай Хатұнны иібәрмес ерді Қатын жіберу Сүйегі найман, сүйегі Жұрт алу, айақ асты болу, арғын, оырықшы, көшпелі, көңүлгетұту, ләшкертарту, ел жабайы, мәдениетті, т. б. болу, бір йашау, йүз ұру, т. т. Жаулау, бағындыру; бағыну, есінде сақтау, жорыққа аттану, еркімен бағыну, бір жасқа шолу, бетке алу, т. б.
ҚҚТ-нде қолданылмайтын фразеологизмдер: Күч қылу (бағындыру), жұда болды (айырылды), бір көче (бір күні түнде), көңүлләрі ағырылды (ашуланды), туар қара (ірі қара), т. б. Түркі сөздері қыпшақтық тұлғада берілген: Бөлек (ел) билеу, арқа. Еділ бойында, күйеу, қарындаш (қардаш емес), белгілі біреу (бірісі емес), Аға-іні, айғақчы, ақча, бұйұры, бұлақ, бірікті, қартайды, құдыра йібірді, орны, көрұнұш, ұйқы, чапты, т. б. “Қол”: БЕ-де АЛ (ЕЛ), ЕЛІГ; Ж-АТта ҚОЛ Қолданылған араб сөздері (көбіне дерексіз ұғымдар): дәулет, асыл, илтифат, ихлас, ишарат, файда, мәпані, рәсім, мұрад, адат, хақ. “Аң аулау”: басқа ескерткіштерде АУ, осы ескерткте АҢ, аңға чық, аңға атлану Парсы сөздері: надан, намыс, арзу, ғұман, ғұнап, пакиза, хұдай, лафез, нәсіл, фарзанд.
ҚАДЫРҒАЛИ ЖАЛАИРИ (ХVI-ХVII ғ. ) «ЖАМИҒ-АТ ТАУАРИХ» (ЖЫЛНАМАЛАР ЖИНАҒЫ) жазба ескерткішінің мәтіні Б. Годуновқа арнау және Қадырғали бидің өзі жазған дастандары KADRGALI ZHALAIRI (ХVI-ХVII с. ) «ZHAMI ‘AT-TAUARIKH» (THE BOOK OF CHRONICLES) written monument Dedication to B. Godunov and epics written by Kadygali bi * Мәтіннің аудармасы Р. Сыздықованың еңбегі негізінде дайындалды.
Транскрипция Transcription Қазақ тіліндегі аудармасы Kazakh translation Düjim xrijstijan padijšahï žoγarï märtebeli Borijs Fedorovijč ulï bek, aq xannïη – perišteler men adamdarγa ije bir alla özi qoš körse – bijligi bejneledi. Ajnalasï altï xan, töηiregi tört xan, dünijeniη tört burïšïn bijlegen xan. Xalajïγïn ädildikpen suraγan xan. Žetimderge raqïmdïq žasap, žarlïlardï tojdïrγan xan. Kïs pen žaz, aj men žïl qazïnadaγï bar malïn xaq žolïna bajlaγan xan. Žeti ïqlïm käšürni alγan xan, Qazan taγïn, Xažï Tarxan taγïn, Tarï taγïn, Sarajčïq taγïn (baγïndïrγan) xan. Tawda tümen qïrda čerkes, ojda ijštek – baršasï ïqpalïnda bolγan xan. Mäžär, Bačqïr, Rum elderimen qatïnasï bar xan. Žaqsï atïη Žabïlsa men Žabïlqaγa dejin žetken xan. Nemis qoroli eliniη de ürejin alγan xan. Kïrïm žäne türikti qaharïmen žapïraqtaj titirentken xan. Sansïz xan ulï sultandardï esigine tabïndïrγan xan. O žaγï xan, bu žaγï xan, ortasïnda žalpï xrijstijan padijšahï Borijs Fedorovijč xan! Taγïη seniη tauγa oqšar (uqsar), xalqïη seniη sajalï däwletke oqšar, zatïη seniη ajγa oqšar, ädildigiη seniη bultqa oqšar, nijetiη seniη mejirimdilikke tolï, qajïrïmïη seniη teηizge oqšar, žïldar asap, žüz žasasïn” atï žaqsï Borijs xan! Дүйім христиан падишаһы жоғары мәртебелі Борис Федорович ұлы бек, ақ ханның – періштелер мен адамдарға ие бір Алла өзі қош көрсе – билігі бейнеледі. Айналасы алты хан, төңірегі төрт хан, дүниенің төрт бұрышын билеген хан. Халайығын әділдікпен сұраған хан. Жетімдерге рақымдық жасап, жарлыларды тойдырған хан. Қыс пен жаз, ай мен жыл қазынадағы бар малын хақ жолына байлаған хан. Жеті ықлым кәшүрні алған хан, Қазан тағын, Хажы Тархан тағын, Тары тағын, Сарайчық тағын (бағындырған) хан. Тауда түмен қырда черкес, ойда иштек – баршасы ықпалында болған хан. Мәжәр, Бачқыр, Рум елдерімен қатынасы бар хан. Жақсы атың Жабылса мен Жабылқаға дейін жеткен хан. Неміс королі елінің де үрейін алған хан. Қырым және түрікті қаһарымен жапырақтай тітіренткен хан. Сансыз хан ұлы сұлтандарды есігіне табындырған хан. О жағы хан, бұ жағы хан, ортасында жалпы христиан падишаһы Борис Федорович хан! Тағың сенің тауға оқшар (ұқсар), халқың сенің саялы дәулетке оқшар, затың сенің айға оқшар, әділдігің сенің бұлтқа оқшар, ниетің сенің мейірімділікке толы, қайырымың сенің теңізге оқшар, жылдар асап, жүз жасасын аты жақсы Борис хан!
Oraz-Muxammed-xan dastanï Ораз-Мұхаммед-хан дастаны Onïη äkesi Ondan sultan, onïη äkesi Šïγaj xan, onïη äkesi Ijadik xan, onïη äkesi Žänibek xan, onïη äkesi Baraq xan, onïη äkesi Kujïrčïq xan, onïη äkesi Orïs xan. (Arγï) zamandardan eske alïngan Oraz. Мuxammed xannïη ata-babalarï onïη barlïq ürim-butaqtarïmen bir dastanda ajtïlïp keldi. Sebebi Urus xannan Žänibek xanga (dejin) tört buïndï. Ötken zamanγa (bajlanïstï) eske alïnïp edi, (endi) Žänibek xannïη uldarïn bu zamanga (bajlanïstï) taγï da atadïq ta, onïη ulnemerelerine dejin önipösken urpaq bolïp ötti žäne qazirge dejin mälim-mäšhür demekpiz. Olardïη ärbiri birneše ata bolïp öz wälajattarïnda patšalïq qïlïp, ataqtï bolïp ötti. Olardïη (arasïnda) asa belgili bolganï Qasïm xan edi. (Ol) Žaγan bijkemnen tuγan edi. uzaq waqït atasïnïη ulïsïnda patšalïq etti. Töηiregindegi wälajattardï özine qarattï. Onïη xijqajalarï är žerde kezdesedi, (köpke) mälim-mäšhür. Aqïrï Sarajčïqta 33 ölimtaptï. Bügin de onïη qabiri Sarajčïqta. Onïη ulï Xaq-Nazar-xan. Xanïq-sultan-xanïmnan tuγan. Onïη xijqajasï mälimmäšhür. Xaq-Nazarxan özara bolγan qaqtïγïstarda apat boldï. Onïη uldarïnan patšalïq biržola ketti. Qanbar sultan barlïq žaγdajda Qasïm xannïη žanïnda boldï. Äskeriniη qolbasšïsï. Onïη urpaγïna patšalïq tijmedi. Endi Osaq-xan. Onïη ulï Bolat sultan. Olarγa patšalïq tijmedi. Aqïrï, Bolat sultan uldarïmen noγajmen (bolγan) urïsta šähijt boldï. Endi Qasïm-xan zamandasï Žädik-xan edi. Šaγïm mïrza menen (bolγan) urïsta Žïlandï töbede bir ulïmen šähijt boldï. Onïη qabiri Ürgenčde Baqïrγan atada, sonda žerledi. Žädik-xannïη qatïnï, kijmasï köp edi. Uldarï da biraz bolatïn. Atï šïqqan uldarï mïnalar: Tuγum-xan, Bökej sultan, Šïγaj-xan, Mälik sultan. Soηγï ekewiniη anasï Abaj-xanbegim. Tugumxannïη uldarïn toγïz sarï dep atajtïn. Оның әкесі Ондан сұлтан, оның әкесі Шығай хан, оның әкесі Иадік хан, оның әкесі Жәнібек хан, оның әкесі Барақ хан, оның әкесі Құйырчық хан, оның әкесі Орыс хан. (Арғы) замандардан еске алынған Ораз-Мұхаммед ханның ата-бабалары оның барлық үрім-бұтақтарымен бір дастанда айтылып келді. Себебі Урус ханнан Жәнібек ханға (дейін) төрт буынды. Өткен заманға (байланысты) еске алынып еді, (енді) Жәнібек ханның ұлдарын бұ заманға (байланысты) тағы да атадық та, оның ұлнемерелеріне дейін өніп-өскен ұрпақ болып өтті және қазірге дейін мәлім-мәшһүр демекпіз. Олардың әрбірі бірнеше ата болып өз уәлаяттарында патшалық қылып, атақты болып өтті. Олардың (арасында) аса белгілі болғаны Қасым хан еді. (Ол) Жаған бикемнен туған еді. Ұзақ уақыт атасының ұлысында патшалық етті. Төңірегіндегі уәлаяттарды өзіне қаратты. Оның хикаялары әр жерде кездеседі, (көпке) мәлім-мәшһүр. Ақыры Сарайчықта өлім тапты. Бүгін де оның қабірі Сарайчықта. Оның ұлы Хақ-Назар-хан. Ханық-сұлтан-ханымнан туған. Оның хикаясы мәлім-мәшһүр. Хақ-Назархан өзара болған қақтығыстарда апат болды. Оның ұлдарынан патшалық біржола кетті. Қанбар сұлтан барлық жағдайда Қасым ханның жанында болды. Әскерінің қолбасшысы. Оның ұрпағына патшалық тимеді. Енді Осак-хан. Оның ұлы Болат сұлтан. Оларға патшалық тимеді. Ақыры, Болат сұлтан ұлдарымен ноғаймен (болған) ұрыста шәһит болды. Енді Қасым-хан замандасы Жәдік-хан еді. Шағым мырза менен (болған) ұрыста Жыланды төбеде бір ұлымен шәһит болды. Оның қабірі Үргенчде Бақырған атада, сонда жерледі. Жәдік-ханның қатыны, қимасы көп еді. Ұлдары да біраз болатын. Аты шыққан ұлдары мыналар: Туғум-хан, Бөкей сұлтан, Шығай-хан, Мәлік сұлтан. Соңғы екеуінің анасы Абайханбегім. Тугум-ханның ұлдарын тоғыз сары деп атайтын.
Бұл туынды тілінің лексикалық негізін қыпшақ тобына жататын түркі сөздері құрайды. ӨЗГЕ ТҮРКІ ЕСКЕРТКІШТЕРІ “Жамиғат-ат тауарих” Қазіргі қазақ тілі Ау Аң Аң Ел/ал Аңға чықты Аңға шықты Ев/еу Аңға атланды Аң аулауға аттанды Бөлек, билеу, күйеу, біреу, ақча, башлық, йақа йарылқа, қыр, ой, урушты, ұчрады, чапты. Ел билеу, күйеу, біреу, ақша, бастық, жаға, жарылқа, қыр, ой, ұрысты, ұшырады, шапты. Бәнде қылды, фарман қылды, кіріфтарлық чекті, хуш келді. Тұтқын етті, Таза қыпшақ сөздері
Қадырғали шежіресінің тілін қазақ тіліне жақындататын, яғни оны қазақтың жазба әдеби тілі деп танытатын белгілер: § Аяқ асты болды § Балдызлай берді § Бір йашады § Ол хатунын йеңгелете (жеңгелей) алды § Көңүл қалышты § Қыз айттурды § Тілегін тіледі § Хатун йіберді § Хатунны айырды § Сөзінден чықмады Фонетикалық, лексикалық ерекшеліктері: Қадырғали жылнамасы тілінде қазақ тіліне тән емес, қазіргі нормаға сай келмейтін сөздер мен тұлғалар: йамғуржаңбыр (й-ж, м-ң, у-ы) үкүшкөп, тигәртиер (г-0, ә-е) бітужазу (б-ж, і-а, т-з) тағтау (ғ-у) айуайту (т-0) туғдытуды (ғ түсіп қалған) нүңне (ү-е, ң түсіп қалған) сығырсиыр (ы-и, ғ-0) өнгінөзге (н-з, і-е, н -0) төгүректөңірек (г-ң, ү-і) қайуқайсы (у-ы, с түсіп қалған) қатығқатты (т, ғ-0) Тағы бір сипат: сөздердің жарыспалылығы, яғни бір мағынадағы сөздің көне жаңа, қыпшақтық-оғыздық, түркілік-арабтық, түркілік-парсылық, арабтық-парсылық түрлері ретінде бірінің орнына бірі қолданыла берген. Мысалы, «әмірші» сөзінің мағынасы бек, әмір, аға \ мың бегі, мың ағасы; «қатын» хатун, фужин (қытайша), еке (монғол).
Сөздердің жарыспалылығы: v белгілі / мәшһүр v йазылды / шарх берілді v күн туғуш / машрақ v бу күн / һануз v йурт / мақат v йағы / душман v улуғ / бузург v йарлуқ / фарман v оғул / фарзанд v мың / һазара v кіші / нафар v бөлік / қисм v көб / аксар Шығыстүркістандық (көне ұйғыр) жазба әдеби дәстүрінің әсері бар сөздер: Орын алмасу Шығыс септік Біту – жазу; (езулік→еріндік жалғаулары: үкүш – көп, ерді (у)): алтун, дын (-дін, -тын, – еді, нүң – не. хатун, йаруқ, -тін) нечүк, берү. Кірме сөздер ет-, қыл-, бол- деген көмекші етістіктермен тіркеседі, қимыл атауларын жасайды: Түркі (қазақ) сөзі ---------------араб сөзі Талау, жерлеу (өлікті жерлеу), жинау, қорғау. Ғарат қылу, дафн қылу, жам қылу, ихтийат қылу.
Грамматикалық ерекшеліктері: Ілік септік -ның, -нің, -ны, -ні, -дан, -ден, -дын, -дін Барыс септік -қа, -ке (қатаң), -ға, -ге (ұяң) Табыс септік -ның, -нің, -ны, -ні, -дан, -ден, -дын, -дін Шығыс септік -ның, -нің, -ны, -ні, -дан, -ден, -дын, -дін Ескерту! Ілік, табыс, шығыс септіктері сөздің соңғы дыбысының дауысты, қатаң, ұяң болып келетіндігіне қарамастан, бір ғана тұлғада жалғанады. Ауыспалы шақты білдіретін етістік: -ғай жұрнағы (қазіргі қазақ тілінде а+ды, е+ді формасында). Қимыл есімі: -ғу, -гү, -мақ, -мек (ҚҚТ-н ұқсас). -ман жұрнағы шақтық мағынада жұмсалады (ҚҚТндегідей).
Пайдаланылған әдебиеттер: 1. Қадырғали би Қосымұлы және оның жылнамалар жинағы [Мәтін] (Р. Сыздықова, М. Қойгелдиев. ) – Алматы: Қазақ университетi, 1991. – 272 б. 2. “Асыл мұра”. – Түркі антологиясы.
Назарларыңызға рахмет!!! Дайындаған: Канапиянова Айгерім, KZ-3 Алматы, 2013 жыл
жалайыр жами ат-тауарих.pptx