Айгерим Раушан пат физ.pptx
- Количество слайдов: 24
Қабыну(лат. -inflamatio, грек. -phlogosis)деп жануарлардың даму сатыларында пайда болған, жергілікті бүлінуге жауап ретінде дамитын, микроциркуляциялық арналардың, қан жүйесінің, дәнекер тіннің бүліндіргіш әсерді шектеп аластауға, бүлінген тіндібастапқы қалпына келтіруге бағытталған сатылы өзгерістерімен көрінетін біртектес дерттік үрдісті түсінеді. Қабыну өзіне тән ішкі заңдылықтармен дамиды және алдыңғы сатысы кейінгілерінің пайда болуына әкеледі.
Қабыну ЖІТІ СОЗЫЛМАЛЫ
Қабыну. Туындататын ықпалдар экзогендік эндогендік -биологиялық : (бактериялар, вирустар. ) -тромбоз. -химиялық : (қышқыл сілтілер. ) -тас байлану. -механикалық : (жарақат, қысым. ) -физикалық : (суық, ыстық температуралар, ультракүлгін және рентген сәулелер. ) -қан құйылу. -иммундық серпілістер. -бос радикалдар. -микроциркуля цияның, зат алмасуларының бұзылыстары.
Қабыну белгілері -Қызару (rubor) -Ыстық (color) -Ісіну (tumor) -Ауырып, сыздайды (dolor) -Қызметі бұзылады (funsia)
-Қызару (rubor)-қан артерия тамырының кеңейіп қанталауына байланысты. -Ыстық (color)-қанның құрамындағы ақуыздардың өзгеруіне байланысты. -Ісіну (tumor)-экцудаттың жиналуына байланысты. -Ауырып, сыздайды (dolor)-қабынған мүшеде жүйкенің тітіркенуіне байланысты. -Мүшенің қызметі бұзылады (funsia. )
Қабыну фазалары Пролиферация Альтерация Экцудация
Альтерация(лат. alterare-бүліну)жасушалардың , жасуша аралық заттардың , жүйке аяқшаларының қан тамырларының дистрофиялық , некробиоздық, некроздық бүліністерімен сипатталынады. Ол бастапқы және салдарлық болып ажыратылады. Бастапқы альтерация қабыну туындатқан ықпалдың тікелей әсерінен болады. Салдарлық альтерация бастапқы альтерацияның нәтижесінде пайда болған биологиялық белсенді заттардың(қабыну дәнекерлерінің) әсерлерінен дамиды.
Бастапқы альтерацияның нәтижесінде қан жасушалары(тромбоциттер, эозинофилдер, базофилдер, моноциттер, лимфоциттер )және тін базофилдері іштеріндегі белсенді заттарын, түйіршіктерін сыртқа шығарады. Осыдан жасуша аралық кеңістіктерде биологиялық белсенді заттар көбейеді. Бұл заттарды қабынудың дәнекерлері (медиаторлары) деп атайды. Олар айналасындағы сау жасушалардың бүліністеріне әкеледі. Сонымен, бастапқы альтерация қабыну туындатқан қоздырғыштың тікелей әсерінен пайда болса, салдарлық альтерация тіндерге лизосомалық ферметтердің және биологиялық белсенді заттардың әсерлерінен дамиды.
Экцудация(лат. exsudare-терлеу)-деп қанның сұйық бөлшектерінің, онда еріген элоктролиттердің, қан нәруыздары мен жасушаларының тамыр сыртындағы тінге шығуын айтады. Экцудациямен лейкоциттердің тамыр сыртына шығуы(эмиграциясы, лат. emigrare-орын ауыстыру) тығыз байланысты. Ол 3 сатыдан тұрады Лейкоциттердің тамыр жиектеріне кемерленіп тұруы (маргинациясы. ) Лейкоциттердің тамыр қабырғалары арқылы оның сыртына шығуы. Лейкоциттердің қабыну ошағында қозғалуы.
Эксудаттың түрлері -Сірнелі(серозды) -Шырышты(катаралдық) -Іріңді -Қан араласқан(гемморагиялық) -Фибринді -Шірік -Араласқан
Пролиферация(лат. proles-ұрпақ, feroәкелу қабынуға қатысатын әсіресе макрофагтар мен лимфоциттердің, жергілікті тін жасушаларының өсіп – өнуі. Осының нәтижесінде қабыну ошағын қоршайтын тығыз сіңбе(инфильтрат қалыптасады. Ол қабыну ошағынан бактериялардың , олардың уыттарының, қабыну дәнекерлерінің т. б. уытты заттардың бүкіл денеге тарап кетуінен сақтандыратын тосқауылдық қызмет атқарады. Қабыну ошағына шыққан нейтрофилдер фагоцитоздың нәтижесінде өздерінің тіршілігін жоғалтады. Ал, моноциттер және лимфоциттер сақталып қалады.
Айгерим Раушан пат физ.pptx