Қаңқаның шығыңқы жерлері Тексерген:Балапанова Ардана Орындаған:Рахат Гүлназ Факультеті:
Қаңқаның шығыңқы жерлері Тексерген:Балапанова Ардана Орындаған:Рахат Гүлназ Факультеті: Жм Тобы: 023-1
Адам қаңқасында 200-ден астам сүйек бар. Әрбір сүйектің белгілі бір пішіні,мөлшері болады,қаңқадағы белгілі бір атқаратын қызметі болады.
Тірек қимыл жүйесі. Қаңқа құрлысы сүйектерден жәнеолардың бір Біріменбайланысынан тұрады. Біздің денемізге тірек болып,пішінін сақтайды,қорғаныштық қызмет ,қан түзілуін қызметін атқарады.Аяқ қол сүйекиері иін тірек болып табылады.Ол арқылы дененің қимыл-қозғалысы жүзеге асырылады.
Тірек – қимыл жүйесінің маңызы Қорғаныштық (Ми-бассүйек) Қимыл- қозғалыс Зат алмасу (Са, Р) Тірек болады Қан түзілу (сүйек кемігі) Энергетикалық (хим – механ) Пішін беріп, Пішінің сақтайды Тірек-қимыл жүйесінің маңызы
Бассүйек Тұлға жамбас Аяқ сүйектері Қаңқа бөлімдері Қол сүйектері
Қаңқаның шығыңқы жерлері Қаңқаның шығынқы жерлеріне төс бұғана жауырын мойын омыртқаларының қылқандары
Дене қаңқасы: омыртқа жотасы, кеуде қуысы
Бұғана Бұғана (clavіcula) — иық белдеуін құрайтын сүйектің бірі. Адамда Бұғананың (ұзындығы 12 — 15 см) бір ұшы жауырын басымен жалғасады, оның сүйек болып қалыптасуы 16 — 20 жас аралығына келеді. Ал толықтай адам денесімен бітісіп кетуі 20 — 25 жаста аяқталады. Бұғана жануарлардың эволюциялық даму сатысында алғаш рет сүйекті балықтарда пайда болады. Тұяқты сүт қоректілерде және ет қоректі жануарларда Бұғана шала дамиды не мүлдем болмайды. Қазақ малдың 1-кеуде қабырғасын Бұғана немесе Бұғана қабырға деп атайды.
Жауырын Жауырын (лопатка); (лат. scapula) — пішіні үшбұрыш-төменгі бұрыштары, сыртқы және ішкі беттері болады. Жауырынның жоғарғы жалпақ табанына жауырын шеміршегі байланысып тұрады. Жоғарыдан төмен қарай өтетін жауырын қыры — жауырынның сыртқы бетін - кішілеу келген алдыңғы қыралды шұңқырына және жалпақтау келген артқы қырарты шұңқырына бөледі. Жауырын қыры жоғарыдан темен қарай созылып, кейбір жануарларда акромион өсіндісімен аяқталады. Ал басқаларында жауырын қырының орта тұсында жауырын қырының төмпегі болады. Жауырынның төменгі вентральды бұрышына жақын жіңішкеріп келген жауырын ойығы орналасқан жерін жауырын мойыны деп атайды. Жауырынның алдыңғы сыртқы жағында, жауырын мойынынан сәл төменірек, оның буын үсті төмпегі орналасады.
Тоқпан жілік басымен буынды байланыс түзетін жауырынның төменгі бұрышының гиалин шеміршегімен қапталған жағы, жауырынның буын беті деп аталады. Жауырынның қабырға жағындағы ішкі бетінің жоғарғы жағында төменгі (адамда — алдыңғы) тісше Бұлшық ет бекитін жауырынның тісше беттері мен тісше сызықтары болады. Бұлардан сәл төменірек жауырынасты шұңқыры орналасады. Буынүсті төмпегінің медиальды жағында құстұмсықша өсінді шығып тұрады
Кеуде омыртқалары, vertebrae thoracicae Жалпы саны 12 (Тһ,- Тһ 12). Мойын омыртқаларына қарағанда үлкендеу, беломыртқаларына қарағанда кішілеу келген. Кеуде омыртқаларға түсетін салмақтың көлеміне байланысты, төменгі кеуде омыртқаларының денелері бел омыртқаға жақындаған сайын көлемділеу болып келген. Кеуде омыртқаларының ерекшеліктері: 1) Денесінің бүйір бетінің төменгі және жоғарғы жиегінде қабырғаның басымен беттесіп, буын құрайтын жартылай немесе толық қабырғалық шұңқыршалары, fovea costalis, орналасқан. Толық шұңқыршалар 1-кеуде омыртқаның бүйір бетінің жоғарғы жиегінде және 11,12- кеуде омыртқаның бүйір бетінің орталық бөлігінде орналасқан. Негізгі қызметі: 1,11,12- жұп қабырғалардың буын басы мен беттесіп, қабырға омыртқа буынын, articulatio costovertebralis, құрауы. Қалған кеуде омыртқалардың 1-9 (Thj-Tlij) бүйір беттерінде жартылай жоғарғы және төменгі қабырғалық шүңқыршалар, fovea costalis superios et inferior, орналасса, 10 (Th ,) кеуде омыртқаның жоғарғы жиегінде, тек қана жоғарғы жартылай қабырғалық шұңқырша орналасқан.
Бұл шұңқырша, 9-кеуде омыртқаның төменгі шұңқыршасымен өзара беттесіп, 10-жүн қабырғанын, қабырға омыртқасының буынын құрайды.Омыртқа доғалары денесімен бірігіп, дөңгелек келген омыртқалық тесігін құрайды. Бұл тесік, мойын омыртқаларының тесігіне қарағанда кішілеу келген.Колденең, өсінділер processus transversus, мойын омыртқалар мен бел омыртқаларыны да көлденең өсіддісіне қарағанда көлемділеу болып, бүйір қапталда жәде артқа қарай бағытталған. Кеуделік омыртқалардың көлдедең өсіндісінің ұштарында қабырғалардың төмпейшегінде буын бетімен беттесіп, бүтін күрайтың, көлденең өсіндісінің қабырғалық иін шұңқыршалары, fovea costalis transversus, орналасқан.
Кеуде торының түрлері Мускулатурасы мен өкпесі нашар дамыған адамдардың кеуде торы тар және ұзын жазық пішінді алдыңғы және артқы диаметрінде қатты жайпақтанғандықтан, оның алдыңғы беті тік тұрады, қабырғалары тым иілген. Кеуде торы тыныс шығаратын күйде сияқты. Кеуде торының инспираторлық, респираторлық және тауық кеудесі сияқты түрлері ажыратылады.
Омыртқаның құрылысы 1 – денесі; 2 – доғасы; 3 – буындық қанаттары; 4 – арқа қанаты; 5 – бүйір қанаттары; 6 –омыртқа тесігі.
Жасына қарай омыртқа жотасының өзгеруі 20 жас 30 жас 40 жас 50 жас 60 жас
Қолданылған әдебиеттер тізімі: 1. Клиникалық анатомия. И.Д.Кирпатовский Э.Д.Смирнова Москва 2003. 2. Анатомия человека М.Р.Сапин Москва 1997 1 том 3. Анатомия человека. М.Г.Привес Гиппократ 2000 4. Большая медицинкая энциклопедия. 5. Адам анатомиясы М. Дайырбекова Алматы 2002 . 6. Адам анатомиясы. А. Рақышев.
36016-1179_a_1187_1179_any_1187_shy_1171_yn_1179_y_z.ppt
- Количество слайдов: 17

