АЗАМАТ азия африка.pptx
- Количество слайдов: 24
Қ. ЖҰБАНОВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ ӨҢІРЛІК МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ XI—XV ғасырлардағы Монғолия Орындаған: Cұлтан Азамат. Тексерген: Хибина Зада.
ЖОСПАР 1. XI—XІІ ғасырлардағы Монғолияның әлеуметтік экономикалық жағдайы. 2. Монғолдың, Темужиннің арғы тегі. 3. Монғолдар державасының құрылуы.
XІ ғасырдың басында қазіргі Монғолия монғол тілінде сөйлейтін тайпалардың мекеніне айналды. Онда бұрын тұрған түркі тілдес халықтар қоныс аударды; жалайыр, керей, қоңырат, найман, қоралас тайпалары монғолдың арулат, барулас, бесут, маңғуыт, меркіт, найқын, алқұнауыт, оранар, ұраңқой, сукегін, тайшыжұт, т. б. тайпаларымен аралас-құралас тұрып жатты.
Монғолдар Байкал көлінен Ұлы Қытай қабырғалары, Енесай өзені мен Ертіс өзендері аралығында көшіп-қонып жүрді. Монғол жері орман, дала, құба (шөл) болып бөлінеді. Солтүстігіндегі монғолдар ормантоғайларда, ал оңтүстігіндегі моңғолдар — ашық далада, құмда қоныс өзгертіп отырды. Орман-тоғайдағы моңғолдар аң, балық аулаумен шұғылданса, оңтүстігіндегілер мал бағып, көшпелі өмір сүрді. Көшпелі моңғол
ХІІ ғасырдағы тоғайлық моңғолдар көпшілігі жартылай аң аулаушылар, жартылай мал бағушылар болды. Далада тұратын моңғолдар ірі қара, жылқы, қой өсірді. Түйе ол кезде Монғолияда аз болды. Олар тез жиналып, тез қайта құрылатын дөңгелек киіз үйлерде тұрды. Әр рудың өзіне тиісті, бекітілген жайлау, қыстаулары болды. Монғолдар негізінен мал етімен, сүтімен қоректенді. Мал монғолдардың өздерінде жоқ егінге, қол өнер бұйымдарына айырбастайтын ақша орнына да жүрді. Қолөнері нашар дамыды. Олар жүннен киіз басты, арқан есіп, жіп иірді, мата мен темірден жасалған бұйымдарды қытайдан алып отырды. Теріден қайыстаспа, мес, қоржын, киім тікті. Ағаштан ертоқым, ыдыс-аяқ, садақ жасады. Аз пайдаланылатын темірден ара, балта, пышақ, садақ оғын. . . жасады. Монғолиядағы сауда Орта Азиядан, Шығыс Түркістаннан шыққан ұйғыр және мұсылман көпестерінің қолында болды.
Жалпы мәдениет деңгейі өте төмен болды: олар күнтізбе дегенді білмеді. Қытай саяхатшысы Мэн Хун былай деп жазды: «Жылды шөптің өсуімен есептейді, біреуінен қанша жастасың деп сұрасаң: 20 шөп, 30 шөп деп жауап береді. Олар күзді көктемнен ажыратпайды, айдың күндерін білмейді» . Кейбір монғол руларының мәдениетіне батысында тұратын түркі тілдес ұйғыр халқы айтарлықтай ықпал етті. ХІІІ ғасырға дейін монғолдардың өз жазуы болған жоқ. Монғол тайпаларының ең мәдениетті көршілері — наймандар ұйғыр жазуын қолданды. Дегенмен барлық монғол халқына, оның мәдениетіне Азияның сол кездегі ең озат елі — Қытай көп үлес қосты. Моңғол жазуы
ХІІ ғасырға дейін монғол халқының көпшілігі шамандық дінді ұстанды. Басты құдай деп «мәңгілік көк аспан» саналды. Монғолдар жер құдайын да, рухты да мойындап, аруақтарды пір тұтып, сыйынды. Керей тайпасының ірі ақсүйектері ХІ ғасырдың басында несториандық бағыттағы христиан дінін қабылдады. Наймандар арасында буддизм мен христиан діні тарады. Бұл діндер Монғолияға ұйғырлар арқылы тараған еді Шаманизм Буддизм Христиан
Құлдардың рөлі Жердің иесі ретінде нояндар бақташылар-араттарды өздеріне тәуелділікте ұстады. Жер үшін араттар белгілі бір өтем /салық/ төледі. Мысалы, ноянның малын өз малымен қоса бақты. Сөйтіп, жұмыспен өтеу рентасы қалыптасты. Монғол қоғамының өмірінде құлдар үлкен рөл атқарды. Құлдар жеткілікті болды. Соғыста тұтқынға түскендер құлға айналдырылатын. Дегенмен, соншалықты көптігіне қарамастан, құлдар монғолдардың қоғамдық өндірісінде шешуі рөл атқарған жоқ. Құлдарды негізінен ақсүйектер үйлерінде малай ретінде пайдаланды, енді бір үйлерде құлдарды қол өнершілер ретінде пайаланды. Құлдардың еріксіз еңбегі тиімсіз болды. Ол арнаулы бақылаушы адамдарды қажет етті. Құлдардың еңбегі мал басының өсуін қамтамасыз ете алмады. Монғол қоғамы алғашқы қоғамдық қауымнан құлдық қоғамға тоқтамай, феодалдық қоғамға көшті. Осы жолмен дамуына олардың дамыған феодалдық ел — Қытаймен көрші болуы да үлкен ықпал етті.
ХІ—ХІІ ғасырларда Монғолияның қоғамдық өндірісіндегі басты тұлға, ерікті шаруа — арат болды. Олардың ұсақ шаруашылықтары болды, табыстарын ұлғайта түсуге мүдделі болды. Олардың бір нояннан басқа, ноянға кетуге хақысы болды арат Араттар әлі басыбайлы емес, ерікті шаруалар болып қала берді.
Монғолиядағы феодализмнің қалыптаса бастауына байланысты «нөкерлік» деген өмірге келді. Нөкер деген орыстардағы «дружинник» , қазақтардағы «төлеңгіт» дегенді білдіреді. Нөкерлік ХІІ ғасырдың аяғында кең қанат жайып, елдің қоғамдық өмірінде үлкен рөл атқарды. Нөкерлердің басты міндеті еңбекшілер наразылығын басып, нояндар билігін нығайту, өз ноянының басқа нояндармен күресіне қатысу болды. Нөкерлер текті тұқымдардан таңдап алынды. Нөкерлер жер, шаруалар алды. Бұл үлестер еуропалық бенефицидің баламасы болды. Монғолша бұл үлес «хуби» деп аталды. Қарапайым халық «харачу» деп аталды. Нөкер ноянға адалдығы жөнінде ант-су ішіп, ауызша уәде беретін.
1164 жылы Есугей батыр қаза тапқап болатын. Оның жұбайы Оэлун бес баламен /4 ұл, 1 қыз/ жесір қалды. Баласының үлкені Темужін тоғыз жаста болатын. Ол ер жетіп, ат жалын тартып мінгенше жесір отбасының көрмеген азап-қорлықтары жоқ. Есугей
Шыңғыс хан (түр. Чингиз Хон; моңғ. Чингис хаан шын аты Тэмүүжин) — Азияда тұңғыш біртұтас мемлекет құрушы, өз заманының аса ірі әскери және мемлекет қайраткері. Ежелгі ру басшысы Есүхей батырдың отбасында туған
Темужіннің аты ХІІ ғасырдың 90 жылдары шыға бастады. Ол әкесінің досы, керейттердің ханы Тұғырылдың көмегімен көзге түсіп, көтеріле бастады. Бірте-бірте өз ұлысын құрып, бүкіл Монғолияны біріктіруге кірісті. Бірақ мұндай ойды тек Темужін емес, басқа ұлыстың басшылары да ойлайтын. Солардың тарапынан Темужін үлкен қарсылыққа кездесті. Ең бірінші қарсыласы тайшыжуттарды өз жағына тартып алған меркіттер болды. Тұғырыл ханның және жаджират руының батыры, досы Жамуханың көмегімен Темужін меркіттерді талқандады. Бұл жеңістен кейін Темужін мен Жамуха арасында араздық туды. Бір пікір бойынша, Жамуха бұрынғы рулық құрылыс пен тәртіпті жақтап, қарапайым халықтың мүддесін қорғады. Ол Темужін орнатпақшы қатаң тәртіпке, бір орталыққа бағынған мемлекетке қарсы болды. Басқа бір пікір бойынша, Жамуханың өзі билікке ұмтылды, сол билік үшін күресті.
Мемлекет құруы Өзінің әскери таланты арқасында және дұшпандарының әлсіздігі мен бытыраңқылығын пайдаланып, 1183— 1204 жж. өкімет билігі үшін күресте негізгі жауларын — Меркіт тайпасының көсемі Тохтадан бастап, Найман тайпасының басшысы Таян ханға дейін — талқандады да, кең-байтақ территорияны басып алды, сөйтіп онда мекендейтін көптеген ру-тайпалық одақтардың бірден-бір билеушісі болды. Осы жеңістері және тайпа көсемдерін өз маңына топтастыруға бағытталған бірсыпыра әлеуметтік шараларды жүзеге асыруы нәтижесінде Тэмуджин дала ақсүйектері құрылтайының шешімімен Барыс жылы (1206) барлық тайпалардың ұлы ханы болып жарияланды да, «Шыңғыс хан» (түркі тілдеріндегі «теңіз» деген сөзден шыққан деп есептеледі) лауазымын алды. ШЫНҒЫС ХАН Есугейден кейінгі хан сайланады. Шынғысханның атын моңғолдарды қорғасын деп Шыңғысхан атаған.
Темужінге Шыңғысхан деген атақ беріп, оны монғолдардың ұлы қақаны деп жариялады. Әбілғазы «Тәңірінің беті келіп: «Маған тәңірден ишарат болды. Темужінге бар. Елге, халыққа: «Бұл күннен соң Темужін демесін, Шыңыз десін, жер жүзінің патшалығын Шыңызға, оның балалары мен тұқымдарына бердім» деп айт дейді. «Шыңның» мағынасы «ұлық және қатты» деген болар, « ыз » — оның көпшесі» , — десе, Құрбанғали Халид: «. . . Соғыс ғылым тәсіліне қарап-ақ «жыңаңқиз, яғни Жаһангир /әлемді алушы/ лақабы қойылып, ол өзгеріп, «жыңғыз» — «Шыңғыс» болып кеткені» дейді. Әбілғазы: «Шыңғыс хан . . . туғанда бір қолын жұмып туды. Кіндік шеше болған әйел қолын ашып қарап еді, бір уыс қан көрді. Мұны келіп әкесіне айтты. Отырған кісілердің ешқайсысы бұл ненің нышаны екенін айта алмады, тек бір кісі ғана «бұл бала дүние жүзіне патша болар, көп елдер мен уәлаяттарды қаталдықпен өзіне бағындырар, бұл — соның нышаны» , — депті. Ол кісінің айтқанындай болды» .
Шыңғыс ханның ұлысы Оң қол Орталық Сол қол Ная Барунғар /Борчу -деп үш бөлікке бөлінді. Жоңғар /Мухали
Моңғол империясы 1207 жылы
Соғыс қарулары — қайқы қылыш, ұзын найза, садақ, қорған бұзғыш және тас лақтырғыш серіппелі құралдар және тез жанатын май құйылған құмыралар еді. Шыңғысханның он мыңдай таңдаулы, өзіне шын берілген жауынгерлерден құралған «кешігі» — жеке ұланы болды. Осы ұланның көмегімен Шыңғысхан нояндар мен ірі феодалдарды өзіне бағындырып ұстады.
Ішкі саясаты Ішкі саясатта Шыңғыс хан мемлекетті басқару ісін бір орталыққа бағындыруға күш салды, түркі-моңғол тайпаларын «мыңдық» деп аталатын әскери-әкімшілік бөліктерге бөлді (өйткені хан талабы бойынша, бұл бөліктердің әрқайсысы 1000 атты әскер беруге тиісті болды). Шыңғыс хан бұларды жайылым жерлерімен қоса өз туыстары мен нояндарға еншіге бөліп берді. Ұлы хан жазбаша іс жүргізуді ұйымдастырды. 1206 жылы ол әдеттегі құқық (Ұлы жасақ) ережелерін бекітті. Мемлекет ішіндегі наразылықтарды басу үшін 10 мың адамдық жеке гвардия (кэшиг) құрды. Әскери құрылысы Әскерде өте қатаң тәртіп орнатты: сәл кіналы немесе қорқақтық көрсеткен әскери адамдар өлім жазасына кесілді. Шыңғыс хан әскери стратегия мен тактикада мұқият барлау, жауды жекелеп талқандау, тұтқиылдан шабуыл жасау, дұшпанды алдау үшін арнаулы отрядтардан тосқауыл қою, қыруар атты әскермен маневр жасау, т. б. әдістерді қолданды.
1207 -11 жж. Шыңғыс хан Сібірмен Шығыс Түркістан ды (буряттарды, якуттарды, ойраттарды, қырғыздарды, ұйғырларды) бағындырды. 1211 ж. Цзинь мемлекетіне жорық жасады. 1215 ж. Бейжінді алды. 1217 ж. Солтүстік Қытай түгел Шыңғыс ханның билігіне көшті. 1219 ж. Корея патшалығы Шыңғыс хан әскерлерінен тізе бүкті. Моңғол әскерлерінің Солтүстік Қытай мен Корея патшалығына жорықтарын ірі қолбасшы, әмір Мұқылы Гауин Жалаири басқарды. Қытайға қарсы шабуылдан кейін Шыңғыс хан әскерлерінің бір тобы 1218 -19 жж. Жетісуды, 1219 -21 ж. Қазақстан мен Орта Азияны жаулап алды.
Ұлыстарға бөлуі Жошыға Ертістен Орал тауына, одан оңтүстікке қарай Каспий мен Арал төңірегіне дейінгі жерлер, Орта Азиядағы иеліктерінен Солтүстік Хорезм мен Сырдария аймағы Шағатайға Мауераннахр, Жетісу, Қашқария Үгедейге Төле Батыс Моңғолия мен Тарбағатай аймағы берілді. Моңғолия
1227 ж. тамыздың 18 -і Шыңғыс хан Танғұттарға кезекті шабуылы кезінде қаза тапты. Соғысты Шыңғыс ханның мирасқорлары, Шыңғыс әулетінің хандары аздыкөпті үзілістермен үсті-үстіне жүргізе берді.
Әдебиеттер: 1. История Востока. В 6 -ти Т. 2. Восток в средние века. — М. , 1995. — 364— 429, 524— 528 бб. 2. История Монгольской народной Республики /Ш. Нацагдорж, Б. Цэдэн, Б. Ширендыб и др. — М. , 1983. 3. Монғолдың құпия шежіресі. — А. , 1998. 4. Орта ғасырлардағы Азия және Африка тарихы- Тортаев С. Ә. –А. , 2009 жъ
Назарларыңызға рахмет!
АЗАМАТ азия африка.pptx