ВК 2015-2016.ppt
- Количество слайдов: 88
Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті Филология факультеті Теориялық және қолданбалы тіл білімі кафедрасы Сөз тіркесі және жай сөйлем синтаксисі пәні “Веб-квест” тақырыбы: “Жай сөйлемнің жағдайы” Орындаған: ҚтӘ-301 Ақтөбе, 2016
WEB-квест мақсаты: жай сөйлемнің өзіндік ерекшелігіне мән беру арқылы оның түрлерін ажырата білу, айтылу мақсатына қарай түрлерінің айтылым мен жазылымдағы ситльдік, эмоционалдық-экспрессивтік сипатын тану, теорияны практикада қолдану дағдысын қалыптастыру. Міндеттері: Студенттердің коммуникативтік, шығармашылық қабілеттерін дамыту; Ғылыми танымын кеңейту, танымдық белсенділігін арттыру; Сөйлем ойды жеткізуші бірлік екендігін жан-жақты қырынан дәлелдеу.
Негізгі тапсырма Еңбектер тізімі Жылы Авторы Кітаптың аты Баспасы Зерттеу бағыты: қазіргі қазақ тіл біліміндегі жай 1925 ж. А. Байтұрсынов «Тіл – құрал» оқулық Қызылорда сөйлемге қатысты зерттеу еңбектерді саралай отырып, жай сөйлемнің жазылым мен айтылым 1936 ж. Қ. Жұбанов «Жаңа грамматиканың «Ауыл мұғалімі» жаналықтары» мақаласы барысындағы табиғатын тану. Осы журналында саладағы 1936 ж. Қ. Жұбанов «Қазақ тілі грамматикасы» Алматы еңбектерге сүйене отырып ғылыми негіздеу. оқулығы Студенттерді 4 топқа бөлеміз, әр топ өздерінің 1939 ж. Аманжолов С. , «Қазақ тілінің Алматы. Қазақ таңдауына сай мына рөлдерге ие болады: Сауранбаев Н. грамматикасы» оқулығы мемлекеттік драматургтер, актерлер, тілші баспасы ғалымдар, 1940 ж. Аманжолов С. «Қазақ тілі ғылыми Алматы баспасы жылнамашылар. синтаксисінің қысқаша курсы» Қолжазба ретінде. 1948 ж. Аманжолов С. , Бегалиев Ғ. «Қазақ тілінің Алматы «Мектеп» грамматикасы» . Синтаксис баспасы бөлімі.
Жылнамашылар (Жай сөйлем синтаксисі бойынша еңбектер)
Жылнамашылар: Мақсаты: Қазақ тіл біліміндегі жай сөйлем синтаксисіне қатысты ғалымдардың еңбектерін зерттеу, хронология бойынша жүйелеу. Азаматова Жанар Шүкірбаева Шолпан Қартбаева Сұлубике Утекеева Ару
Жыл ы Кітаптың аты Баспасы 1953 ж. Сауранбаев Н. «Қазақ тілі (Лексика, фонетика, морфология, синтаксис)» Алматы баспасы 1956 ж. «Қазақ тілінің грамматикасы» Синтаксис бөлімі Алматы Қазмем. ОПБ. 1971 ж. М. Балақаев, Т. Қордабаев, «Қазіргі қазақ тілі» . Синтаксис бөлімі Алматы «Мектеп» баспасы 1983 ж. Р. С. Әміров «Жай сөйлем синтаксисі» Алматы: Мектеп Оқулық баспасы 1991 ж. Сайрамбаев Т. Сөз тіркесі мен жай сөйлем синтаксисі. Оқулық Авторы Аманжолов С. , Әбілқаев А. , Ұйықбаев И. Алматы: «Рауан» баспасы
Жылы Авторы Кітаптың аты Баспасы 1992 А. Байтұрсынов «Тіл тағылымы» жинақ Алматы: Ана тілі баспасы 1993 Оралбаева Н. «Қазақ тілі» Оқу құралдары Алматы баспасы 1994 Бектұров Ш. «Қазақ тілі» Оқу құралы Алматы : Білім баспасы 1997 ж. Серғалиев М. С. «Синтаксис және стилистика» оқулық Алматы баспасы 1999 Қ. Жұбанов «Қазақ тілі жөніндегі Алматы: «Ғылым» зерттеулер» оқулық баспасы 2003 ж. Әмір Р. , Әмірова Ж. «Жай сөйлем синтаксисі» оқулық Алматы баспасы 2004 ж. Шәукенұлы Қ. «Синтаксис» оқулық Алматы баспасы
Жылы Авторы Кітаптың аты Баспасы 2006 ж. Еңсебаева К. К. «Қазіргі қазақ тілі : Синтаксис» ШҚМУ баспасы 2006 ж. Сәдуақасұлы Ж. «Сөйлемді семантикасинтаксистік құрылымы тұрғысынан зерттеу» Алматы баспасы 2007 ж. М. Балақаев. «Қазіргі қазақ тілі» Оқулық Астана: Ер-Дәулет баспасы 2009 ж. Балақаев М. , Сайрамбаев Т. «Қазіргі қазақ тілі: Сөз тіркесі және жай сөйлем синтаксисі» Алматы: «Санат» баспасы 2009 ж. Елікбаев Б. К. «Қазіргі қазақ тіліндегі есімдер синтаксисі» Алматы баспасы 2009 ж. Ержанова Ұ. Р. «Қазіргі қазақ тілі синтаксисі» БҚМУ БАҚ баспасы
Жылы Авторы Кітаптың аты Баспасы 2009 ж. Балақаев М. , Сайрамбаев Т. «Қазіргі қазақ тілі: Сөз Алматы, «Санат» тіркесі және жай баспасы сөйлем синтаксисі» 2010 ж. Серғалиев, М. С. «Синтаксистік зертеулер» Алматы баспасы 2010 ж. Р. С. Әміров «Жай сөйлем синтаксисі» Павлодар 2012 ж. Б. Шалабай «Қазіргі қазақ тілі синтаксисі» оқу құралы Алматы баспасы 2013 ж. Садирова К. Қ Қазіргі қазақ тілінің Ақтөбе синтаксисі» оқу құралы
* • Қазақ тілі үшін Қазан төңкерісінен кейінгі кезең грамматика, соның ішінде синтаксис саласы бойынша бірнеше ғылыми еңбектердің пайда болуымен ерекшеленеді. Олардың ішінде ең бастысы қазақ тіл білімінің негізін салушыалардың бірі А. Байтұрсыновтың 1925 жылғы шыққан «Тіл – құрал» еңбегі. Бұл еңбек қазақ тілі ғылыми грамматикасының, соның ішінде синтаксис саласының да одан әрі дамуының алғашқы негізі болып саналады. Бүгінгі таңда қазақ тілінде қолданылып жүрген сөйлемдерді құрылысына, құрамына, айтылу мақсатына қарай жалаң, жайылма. Толымды, толымсыз, лепті деп ғылыми топтастыру тұңғыш рет Ахмет Байтұрсыновтан басталады.
Қазақ тіл білімінің тарихында 1936 жылы шыққан Қ. Жұбановтың орта мектепке арналған «Қазақ тілі грамматикасы» оқулығы үлкен орын алады. Бұл оқулықта синтаксистің сөйлем мүшелері, сөйлем түрлеріне байланысты маңызды пікірлер айтылған. Қ. Жұбанов жай сөйлемдерді құрылысына қарай жалаң және жайылма, толық және олқы сөйлемдер, ал айтылу мақсатына қарай хабар сазды, сұрау сазды, леп сазды сөйлемдер деп бөледі.
• \\\\\\\\\\\\\\\\\\\ Құдайберген Жұбанов • Жай сөйлемдер туралы зерттеген. «Қазақ тілі жөнінде зерттеулер» кітабында Құдайберген Жұбанов сағат санына бөліп ереже беріп кеткен. 7 -сыныпқа арналған «Синтаксистік программы» деген бөлімге 84 сағат бөліп, соның ішінде 18 сағатын жай сөйлемге арнаған. Бұл зерттеуде ғалым жай сөйлемге берілген тақырыптарды бөліп, қарастырған • \\\\\\\\\\\\\\\\\\ Сәрсен Аманжолов • 1939 жылы орталау және орта мектепке арналған «Қазақ тілі грамматикасының» синтаксис бөлімі жарық көрді. С. Аманжолов 1941 жылғы «Қазақ тілінің синтаксис мәселелері» атты мақаласында құрмалас сөйлем мәселесін үшке жіктеп көрсетеді. Бұл мақаладағы ойын ғалым кейінгі монографиялық еңбектерінде де жандандыра түсті.
Н. Сауранбаевтың 1954 жылы Алматы «Қазақ ССР Ғылым академиясы» баспасынан шыққан «Қазіргі қазақ тілі» атты еңбегінде жай сөйлемнің құрылымдық типтеріне тоқталып ереже беріп кеткен. Жақсы талданған, мысалдар нақты салыстырмалы түрде берілген. Арғынов Х. Қ. «Қазақ тілінің күрделі сөйлем синтасисін оқыту методикасы» атты кндидаттық диссертациясын қорғайды. 1971 жылы «Қазақ тілінің синтаксисі мен пунктуациясы әдістемесінің негіздері» деген тақырыпта докторлық диссертациясын жазып бітіреді.
М. Балақаев Қазақ тілі жай сөйлем синтаксисі мамандарының бірі профессор болды. М. Балақаевтың 2007 жылы Астана: «Ер-Дәулет» баспасынан жарық көрген «Қазіргі қазақ тілі» кітабында «Жай сөйлем синтаксисі» тақырыбында сөйлемнің құрамына өте жақсы тоқталған. Р. Әміров Қазіргі қазақ тілі синтаксисінің көрнекті ғалымдарының бірі – профессор Р. Әміров. Ол өзінің «Жай сөйлем синтаксисі» деген еңбегінде жай сөйлемдерді құрылысына қарай және грамматикалық тұлғаларына қарай бірнеше топқа бөліп, әрқайсысының жасалу жолы мен мағыналық ерекшелігін көрсетеді
Сайттар тізімі: 1. http: //yvision. kz/MK Электронды кітапхана 2. http: //kaz-tili. kz/index. htm Қазақ тілі. Грамматика 3. http: //collegy. ucoz. ru-Педагогический журнал "Коллеги" Интернет-портал 4. http: //lektsiopedia. htm 5. http: //www. rusnauka. com
Тілші ғалымдар
Тілші ғалымдар: Біздің мақсатымыз – қазіргі қазақ тілінің жай сөйлем синтаксисі бойынша зерттелген мәліметтерді топтастырып, жүйелеп, ортақ нәтиже шығару. Айтмағамбет Жангүл Абнасирова Света Бекбағанбетова Мөлдір Серікова Сабина
Синтаксис (гректің “Sintaxis” сөзі, мағынасы- “құрау”) - сөйлемдегі сөздердің, сөз тіркестерінің байланысын, заңдылықтарын, сөйлем құраудың амал-тәсілдерін зерттейтін грамматиканың бір саласы. Сөздердің өзара байланысу ережесін сөз тіркесінің синтаксисі зерттейді. Сөйлемді құрайтын грамматикалық формаларды, олардың өзара қарым-қатынасын, сөйлемдердің грамматикалық түрлерін жай сөйлем синтаксисі зерттейді.
Қазақ тілінің синтаксисі грамматикалық ілім ретінде екі салада зерттеліп келеді: Сөз тіркесінің синтаксисі Жай синтаксисі Сөйлемнің синтаксисі сөйлем Құрмалас синтаксисі сөйлем
Әрбір ғылым саласының басталу, жетілу, даму кезеңдері болады. Қазақ тіл білімінің қай саласын алсақ та, олардың әрқайсысының даму кезеңдері болған. Қазақ тілінің синтаксис мәселелері ол баста жалпы сөйлем құрылысы орайында қаралып келсе, сол ғылым дами келе, сөз тіркесінің синтаксисі 1950 жылдары бой көрсетіп, оның жеке мәселелері көптеген ғылыми зерттеудің объектілері болып, қазір солардың жүйелі тармақтары айқындалды. Сөйтіп, сөз тіркесі жай сөйлем синтаксисінен бөлініп, өз алдына бөлек синтаксис ғылымының бір саласына айналды.
Орыс тіл білімінінің зерттеушілері Тіл білімінің бір бөлігі- грамматиканы да, ертеде филологтар дәл бүгінгідей саралап жік-жікке бөліп қарастырмайтын. Фонетика да морфология, синтаксис қатарында грамматиканың бір бөлігі деп есептелетін. 1894 -1897 жылдары орыс тілінде шыққан П. М. Мелиоранскийдің «Краткая грамматика қазақ-киргизского языка» деген екі кітабы, олардан бұрын шыққан Қазембектің және миссионерлер жазған «Алтай тілінің грамматикаларына» негізделгенмен, онда да фонетика грамматиканың бір бөлігі болып, морфологияны «Этимология» деп атап, оған синтаксис мәселелері де енгізіліп, синтаксиске арналған кітабында морфологияға қатысты мәселелері араластырады. Сөз тіркестері жайында ең алғаш рет XIX ғасырдың 50 -жылдарынан бастап айтыла бастады. 70 -жылдары орыс әдеби тілінде И. А. Бодуэн де Куртенэ алғаш рет аналитикалық элементтер жайында пікір білдірген. Лингвист – ғалым А. Н. Кононов, сөз тіркесінің байланыстары туралы да бірқатар тұжырымдамалар жасаған. Ол «Түрік тілінің синтаксисі» жөнінде жазған еңбегінде сөз тіркестерінің байланысу түрлерін меңгеру, қиысу және қабысу деп бөледі және олардың сөз таптарына қатысы туралы айтылады.
Синтаксис ғылымының негізі орыс тіл білімінен бастау алды. Орыс тіл білімде синтаксистің нысаны туралы түрліше көқарастар қалыптасқан. Олар, негізінен, үш түрлі: Біріншіден, синтаксис тек сөйлемді және оның бөліктерін, сөйлем мүшелерін ғана зерттейді, яғни синтаксис ғылымы тек сөйлемді ғана зерттейді, сөз тіркесі еленбейді. Екіншіден, синтаксис тек сөз тіркесін зерттейді дейтін пікір. Бұл көзқарасты Ф. Ф. Фортунатов, В. К. Поржезинский, Н. М. Петерсон, А. М. Пешковский қолдайды. Бұл ғылымдар сөйлем сөз тіркесінің бір тармағы дейді. Үшіншіден, В. В. Виноградов, Ю. Шведова, В. Н. Ярцева, О. С. Ахманова сияқты ғалымдар синтаксистің объектісі ретінде сөз тіркесі мен сөйлемді қатар қарастырады.
Қазақ тілінің синтаксис саласын зерттеушілер туралы Қазақ тіл білімінде А. Байтұрсынов, Қ. Жұбанов, С. Аманжолов, Н. Сауранбаев т. б. еңбектерінде синтаксистің нысаны сөйлем деп қарастырса, профессор М. Балақаев оған сөз тіркесін қосады. Сонымен синтаксистің нысаны сөз тіркесі мен сөйлем деп танылып келгенімен профессор Қ. Есенов оған күрделенген сөйлемдерді, Б. Шалабай мәтін мәселесін қосуды ұсынады. А. Ж. Жақыпов синтаксистің объектісі сөз тіркесінен басталып, сөйлеммен шектелмеуі тиіс деп, синтаксистің нысаны – сөз формаларынан басталуы тиіс дейді. 1920 жылдары Ахмет Байтұрсыновтың «Тіл – құралдары» (үш кітап) оқу орында оқулық есебінде жұмсалған елеулі еңбек болды. . Бертінде 19301940 жылдары қазақ тілінің бірнеше грамматикасы шықты синтаксиске арналған азын-аулақ зерттеулер мен шағын мақалалар жарияланды. Оларда жай және құрмалас сөйлемдер синтаксистерінің негізгі мәселелері біршама тәуір баяндалады да, сөз тіркесінің синтаксисі атаусыз қалады. 1939 жылы проф. Қ. Қ. Жұбановтың, 1939 жылы С. А. Аманжолов пен С. Н. Сауранбаевтың бірігіп жазған оқулықтары шықты. 1940 жылдары қазақ тілінің грамматикалық категорияларын айқындау жұмысы мектептерге әр түрлі бағдарламалар, оқулықтар жазу үстінде жүріп жатты. Қ. Қ. Жұбанов қазақ тілінің грамматикасын жаңаша құрастырып, бірқатар грамматикалық атауларды жаңаша атап, көптеген мәселелерді өзінше дұрыс бағдарлап аяндауға ырысты. б т Сол бағытта орта мектепке арнап 1936 жылы грамматика оқулығын шығарды, соған байланысты «Ауыл мұғалімі» журналында «Жаңа грамматиканың жаңалықтары» деген мақала жариялады.
Ахмет Байтұрсынов бойынша сөйлемнің жалпы түлері: Болымды сөйлем Болымсыз сөйлем Толымды сөйлем Толымсыз сөйлем Жалаң сөйлем Жайылма сөйлем
Айтылу түрлеріне қарай сөйлем төрт түрлі болады: Сұраулы • Сұраулы сөйлем деліп жауап сұралғанда сөйлем айтылатын сөйлем айтылады. Лепті сөйлем • Лепті сөйлем деліп аталатын адам көңілі күйі, жан жайымен сөйлегенде, жан ауырғанда, таңданғанда, қорыққанда, қуанғанда айтылатын сөйлемдер. Тілекті сөйлем • Нәрсенің болғанын, істің істелгенін көңіл тілеген орында айтылатын сөйлем түрлері. Жай сөйлем Сұраусыз, лепсіз, тілексіз айтылған сөйлемдердің бәрі жай сөйлем деліп аталады.
Көңіл тілегі төрт түрлі түрде айтылады: Бұйрық түрде Келіңдер, боз балалар, атты алыңдар! Жетектеп тоғайыма ап барыңдар! Өтініш түрде Дауысыңды тым болмаса, бір шығаршы! Кезек бер бір азырақ сөзге тақсыр! Үгіт түрде Балалар, оқуға бар, жатпа қарап! Жуынып, киініңдер шапшаңырақ. Жай тілек түрде Жасаған болғай панамыз көруге жазғай еді. Есен-сау келгей едің.
Қ. Жұбанов бойынша сөйлем түрлі сазбен айтылады. Қандай сазбен айтылғанына қарай, сөйлем үш түрлі болады: Хабар сазды сөйлем Болған, болып жатқан немесе болашақ оқиғалардың жайын хабарлай сөйлеу. Сұрау сазды сөйлем Бір нәрсе жайынан сұрала сөйлеу Леп сазды сөйлем Бір нәрсеге таңдана, опына, біреуге өтіне, бұйыра, ашулана, қуана сөйлеу немесе хабар өте көтеріңкі я өте басыңқылы көңілмен берілу.
Балақаев М. , Сайрамбаев Т "Қазіргі қазақ тілі: Сөз тіркесі және жай сөйлем синтаксисі“. -Алматы, ”Санат”, 2009. - 192 бет
"Сөйлем-предикаттық қатынас негізінде біршама аяқталған ойды білдіретін тиянақты сөздер ті збегі. " ["Балақаев М. , Сайрамбаев Т "Қаз іргі қазақ тілі: Сөз тіркесі және жай сөйлем синтаксисі ", 2009. - 81 бет] "Тіл-қарым-қатынас жасаудың құралы да, сөйлем-сол қарымқатынас жасауда кісінің ойын айту дың негізгі формасы" ["Балақаев М. , Сайрамбаев Т "Қаз іргі қазақ тілі: Сөз тіркесі және жай сөйлем синтаксисі ", 2009. - 81 бет]
Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай түрлері Құрылысына қарай: Жақты және жақсыз сөйлем. Жақты сөйлем өз ішінде: Белгісіз жақты, жалпылама жақты сөйлем Құрамдық ерекшелігіне қарай: Жалаң сөйлем және жайылма сөйлем Толымды сөйлем және толымсыз сөйлем Атаулы сөйлем.
Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай түрлері: 1. Хабарлы сөйлем-біреудің не бір істің жайын баяндау мақсатымен айтылған сөйлем. 2. Сұраулы сөйлем-басқадан (кейде өзінен) жауап күту мақсатымен айтылған сөйлем. 3. Бұйрықты сөйлем-біреуді іс істеуге жұмсау мақсатымен айтылған сөйлем. 4. Лепті сөйлем-кісінің көңіл-күйін, әр түрлі эмоциялық сезімін білдіру үшін жұмсалатын сөйлемдер.
1. Хабарлы сөйлем-біреудің не бір істің жайын баяндау мақсатымен айтылған сөйлем. Мысалы, Нұржан деген досым келеді Хабарлы сөйлемнің негізгі грамматикалық белгілері: 1. Баяндауыштары негізінен ашық райлы формалы етістіктен жасалады. Мен киініп алғам. 2. Өзіне тән баяндау сарынды интонациясы болады. Мен кетіп бара жатырмын, значит, мен кетіп бара жатырмын. 3. Екі не бір негізді құрамда көрінеді. Бір негізді құрамда: Иманды. Екі негізді құрамда: Қонақ келе жатыр.
Сұраулы сөйлем-басқадан (кейде өзінен) жауап күту мақсатымен айтылған сөйлем. Сұраулы сөйлемдер мына амалдар арқылы жасалады: 1. -ма, -ме, -ба, -па, -пе сұраулық шылаулары арқылы. Мысалы: Өз үйлерің емес пе? 2. Сұрау мағыналы -ғой, -ау, шылаулары арқылы: Атым – Айгүл дедің ғой, ә? Зәулім хан сарайында тұратын шығарсыңдар-ау, ә? 3. Сұрау интонациясы арқылы: Құдай-ай, сонда сендер бақыттысыңдар ма? 4. Сұрау есімдіктері арқылы: Не айқайлайсың? 5. Болар, шығар көмекші етістіктерінің қатысуымен жасалады: Зәулім хан сарайында тұратын шығарсыңдар-ау, ә?
Бұйрықты сөйлем-біреуді іс істеуге жұмсау мақсатымен айтылған сөйлем. Бұйрықты сөйлемдер мына амалдар арқылы жасалады: 1. Бұйрық рай арқылы жасалады. Бар да айтқанды істе! 2. Бұйрық рай мен шартты райға “-шы, -ші” жұрнағы жалғану арқылы жасалады Қызым, бері келші.
Лепті сөйлем-кісінің көңіл-күйін, әр түрлі эмоциялық сезімін білдіру үшін жұмсалатын сөйлемдер. Лепті сөйлемдер мына амалдар арқылы жасалады: 1. -ау, -ай демеуліктері арқылы Айналайындар-ау! 2. Баяндауышы бұйрық рай тұлғадағы етістік арқылы Гүлжан, басшы дауысын, Құдай үшін! 3. Қандай, ғажап, неткен, болғанда қандай, пай-пай сөздері арқылы Неткен түсінбейтін жансың!
Сөйлемнің құрылысына қарай түрлері: 1. Жақты сөйлем-грамматикалық бастауышы бар не бастауышы ерекше айтылмай, оның қай сөз екенін баяндауышпен ұластыра, атау арқылы білуге болатын сөйлем. Мен қазір өзім-ақ ас-суды дайындап жіберемін. 2. Жақсыз сөйлем. Бастауышы ерекше айтылмаған сөйлемдердің енді бір қатарын, жоғарғыдай, толымсыз сөйлемдердерден айыру үшін, мектеп грамматикаларында «жақсыз» сөйлем деп атап жүрміз. Олардың үш жақтың біріне тән белгілі грамматикалық бастауышы болмайды. Көйлегің де әдемі екен.
Жақты сөйлемнің түрлері: 1)Белгісіз жақты сөйлем-грамматикалық бастауышы ерекше айтылмай, ісәрекет белгісіз субъектілерге тән болып ұғынылатын сөйлем. Қалада болсаңдар келсеңдерші үйге. 2)Жалпылама жақты сөйлем-баяндауышы II жақ жіктеуінде тұратын, бастауышы болмай, үш жаққа бірдей мағынада жұмсалатын сөйлем. Үйге келеді бүгін.
Құрамдық ерекшелігіне қарай жай сөйлемнің түрлері: 1. Жалаң сөйлем-бастауыш пен баяндауыштан не оның бірінен құралатын сөйлем. Мен киініп алғам. 2. Жайылма сөйлем. "Сөйлем құрамына бастауыш, баяндауыштан басқа тұрлаусыз мүшелер не олардың бірі болса, сөйлемнің іргесі кеңіп, ол жайылмаға айналады. Өйткені ол біздің болашақ ұрпағымызға, келешегімізге, тіпті арғы дүниемізге де әсері болады дейді.
Толымды сөйлем-ойға қатысты мүшелері түгел айтылған сөйлем. Мен қазір өзім-ақ ас-суды дайындап жіберемін. Толымсыз сөйлем- ойға қатысты мүшелері түгел айтылмаған олқы сөйлемдер. -Атым Айгүл деймісің? -Иә, Айгүл
Атаулы сөйлем-сараланған бастауыш пен баяндауыштан құралмай, тек бастауыш ыңғайындағы сөзден , сөз тіркесінен құралатын сөйлем. Иманды.
Әміров Р "Жай сөйлем синтаксисі". -Павлодар, 2010. -192 бет
Сөйлем-өзіне тән грамматикалық құрылысы бар, грамматикалық формасы бар к атегория [Әміров Р "Жай сөйлем синтакси сі ". -Павлодар, 2010. -57 бет]
Сөйлеу мақсатына қарай сөйлемнің түрлері Сөйлемдер мағынасына, нормасына қарай: болымды сөйлем, болымсыз сөйлем және атаулы сөйлем Сөйлемнің логикалық-грамматикалық типтері Бастауыштың қай сөз табынан жасалуына қарай: номинативті және етістікті сөйлем
Сөйлемнің сөйлеу мақсатына қарай түрлері: 1. Сұраулы сөйлемдер-бірнәрсе туралы хабар алу үшін қойылған сұрақты білдіретін сөйлемдер. Мен сенің күйеуіңмін, ұқтың ба? 2. Бұйрықты сөйлемдер-сөйлеушінің біреуді іске қосу-жұмсау үшін айтқан пікірін білдіру үшін жұмсалатын сөйлем. Жап аузыңды! 3. Лепті сөйлемдер-сөйлеушінің эмоциясын қоса білдіретін сөйлемдер. Гүлжан, басшы дауысын, Құдай үшін!
Сөйлемдер мағынасына, нормасына қарай: 1. Болымды сөйлемдер-затқа белгілі бір сапа тән, қатысты екенін білдіретін сөйлемдер Мам, мен кетіп бара жатырмын 2. Болымсыз сөйлем-затқа белгілі бір сапа тән емес, қатысты емес екенін білдіретін сөйлемдер. Жоқ, мен тұрмақ Нұржанда да көлік жоқ 3. Атаулы сөйлем-құбылыстың, заттың атауы ретінде қолданылатын сөйлемдер. Иманды.
Сөйлемнің логикалық-грамматикалық типтері: 1. Іс иесі зат пен қимыл-әрекеттің өзара катынасын білдіретін сөйлемдер. Бұл сөйлемдерде бастауыш ретінде зат есім сөз жұмсалып, баяндауышы өздік, өзіндік етіс формалы етістіктен болады. 2. Зат пен оның қимыл күйін хабарлайтын сөйлемдер. Бұл сөйлемдердің бастауышы зат есім сөзден болып, баяндауышы ретінде ырықсыз етіс формалы етістік сөз қатысады. Бұл топқа жатқызған сөйлемдердің бастауышы іс-әрекетке өз тұсынан ие болмайды. Іс-әрекет оған ырықсыз телінеді. Сондықтан ол іс-әрекет оның жағдай-күйі ретінде көрінеді. 3. Субъект зат пен оның заттық сапасының катынасын білдіретін сөйлемдер. Бұл топтағы сөйлемдердің бастауышы да, баяндауышы да зат есімнен болады. Кейде екі мушесі де бірақ сөздің қайталауы болып келетіні бар. 4. Субъект зат пен оның сындық, сандык, сапасынын, күйінің қатынасын білдіретін сөйлемдер. Бұл топқа жататын сөйлемдердін бастауышы зат есім, баяндауышы сын, сан есім, немесе бар, жоқдеген сөздерден болады. 5. Қимыл-іс пен логикалық субъект-заттын қатынасын білдіретін сөйлемдер. Бұл топтағы сөйлемдерде бастауыш ретінде тұйық рай етістік, есімше жұмсалады да, баяндауыш ретінде зат есім сөз қатысады. 6. Қимыл-іс пен оның сынының, объектісінің қатысын білдіретін сөйлемдер. Бұл топтағы сөйлемдердің бастауышы есімше, баяндауышы сын, зат есім, есімдік сөздерден болады. Баяндауыш ретінде жұмсалған есім, есімдік сөздер кимыл атауларының объектісін білдіреді. 7. Қимыл-іс пен оның себебінің қатынасын білдіретін сөйлемдер. Бұл топтағы сөйлемдердің бастауышы есімше сөз болады да, баяндауышы ретінде шығыс септіктегі зат есім, атау тұлғалы есімше жұмсалады.
Бастауыштың қай сөз табынан жасалуына қарай: 1. Номинативті сөйлем-бастауышы зат есімнен болған сөйлемдер Біздің Нұржан Аллаға сенеді. 2. Етістікті сөйлем-бастауышы етістіктен болған сөйлемдер. Жүре түзелген-көш.
Бердібай Шалабай “Қазіргі қазақ тілі синтаксис” Оқу құралы. -Алматы, 2012
“Сөйлем - тіл бөлшегі әрі сөйлеу бөлшегі. ” Сөйлем сөйлеу жағдайында пайда болады да, әрқашан айтушы тарапынан, қатынас жасау процесінің талап-тілегіне қарай жаңадан қалыптасып отырады.
Сөйлемдердің мақсатына қарай : Хабарлы Сұраулы Бұйрықты болып топтастырылуы тілдің ой білдіру , қатынас жасау құралы ретінде атқаратын басты қызметіне негізделеді.
Хабарлы сөйлем - айтушының зат, құбылыс туралы қандай да болмасын баяндауын, болымды, болымсыз бір іс- әрекет, сапа жайында түрлі мәліметін, белгілі бір қатынасын тікелей білдіреді. Мысалы: Арманды көрмек болып іздеп келген.
Сұраулы сөйлем-белгілі бір шындық байланысы туралы сөйлесуші жақтан қандай да болмасын жауап күту үшін жұмсалады. Мысалы: Сонда баяғыдан бері жырлап тұрғандарың бір тамақтың қамы ма?
Бұйрықты сөйлем – тыңдаушы адамға қандай да болмасын істі істеуі не істеткізуі жөнінде айрықша ықпал жасау үшін айтылады. Мысалы: Қонақ келе жатыр. Күт!Айтқанымды істе!
Лепті сөйлем – сөйлеу процесінде, қатынас жасау жағдайында адамның ойы, еркі беріліп қана қоймайды, көңіл – күйі, сезімі де айқындалып отырады. Мысалы: Маңдайын жарқыраған бала екенсің. Қосағыңмен қоса ағар!
Жай сөйлем – сөйлемдердің бірде сөздердің тұлғасы мен жұмсалу орны жағынан ерекшеленіп, бір – бірімен тікелей қатынасқа түсіп, белгілі синтаксистік қызмет атқаратын, бір предикативтік орталығы бар сөйлем. Екі құрамды сөйлем Бір құрамды сөйлем Жақсыз сөйлем
Екі құрамды сөйлемдер бастауыш пен баяндауыштың арақатынасы арқылы жасалады. Құрылымы жағынан сырттай құбылып, толымсыз түрінде жұмсалып, тұрлаулы мүшелердің бірі, кейде екеуі де түсіп қалады. Мысалы: Мен кетіп бара жатырмын.
Бір құрамды сөйлемдер тұрлаулы мүшелердің тек біреуі – баяндауыш арқылы ғана құралып жұмсалуына негізделеді. Мысалы: Мына достарыңды төргі бөлмеге апара ғой.
Жақсыз сөйлем – баяндалатын жай не бірінші, не екінші, не үшінші жаққа, не үш жаққа да бірдей қатысты болады. Мысалы: Мен кетіп бара жатырмын. (І жақ) Сенің осы тырнағың, киімің, бітпейді екен. (ІІ жақ) Қонақ болады. (ІІІ жақ) Ерінің разылығына бөленген әйел баласы Алланың разылығына бөленеді дейді. (Үш жаққа да бірдей қатысты)
Синтаксис - грамматиканың бір бөлімі. Мұнда сөйлемдегі сөздердің тіркесу жолдары, сөйлемдердің түр-түрі және олардың бір-бірімен тіркесу жолдары қаралады. Сөйлем дегеніміз тиянақты ойды білдіретін бір сөз я бірнеше сөз тіркесі. С. Аманжолов
Хабарлы Сұраулы Лепті
Хабарлы сөйлем Біреу я бірдеме туралы хабарлай айтылған сөйлемді хабарлы сөйлем дейміз. Хабарлы сөйлемді айтқанда, оның аяғында дауыс бәсеңдейді, сөйлем соңынан нүкте қойылады.
Сұрау есімдігі қатысу арқылы Сұраулы сөйлем – біреу я бірдеме туралы сұрай айтылған сөйлем. Сұраулық мағына ма, ме, ба, бе, па, пе сұраулық шылаулары қатысу арқылы. Сұраулық мағына интонацияның қатысуы арқылы кейде ғой, шы, ші шылаулары болар, шығар, сірә сияқты сөздер қосл. айтл.
Синтаксис – грамматиканың, морфология сияқты, өзекті саласының бірі, сөз тіркесінің және сөйлемнің грамматикалық мағыналары мен тұлғаларын зерттейді .
С Ө З Т І Р К Е С І С Ө Й Л Е М Толық мағыналы екі я бірнеше сөздің бір-біріне тұлғалық әрі мағыналық жағынан бағына байланысуы, сөйлем құраудың материалы. Пікір алысуды, қарым-қатынас жасауды қамтамасыз ететін тілдік материалдың бір тұтас бөлшегі. М. Балақаев, Т. Қордабаев
САДИРОВА К. Қ “ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ СИНТАКСИСІ” ОҚУ ҚҰРАЛЫ. -АҚТӨБЕ, 2013
“Сөйлем – единицасы” синтаксистің ең негізгі Сөйлем – синтаксис зерттейтін басты тіл тұлғаларының бірі. Ол коммуникативтік тұлға, яғни, пікір білдіру үшін, ақпарат беру үшін қолданылады. Сөйлем дегеніміз – предикаттық қатынас негізінде құрылып, біршама аяқталған ойды білдіретін синтаксистік тұтастық. Оның негізгі белгілері: предикативтілігі, модалдылығы, интонациясы. Сөйлем құрылымы екі түрлі болады: жай сөйлем, құмалас сөйлем.
Жай сөйлем – қарым-қатынас қызметін атқаратын, өзіне тән семантикалық құрылымы бар, бір предикативтік бірліктен тұратын сөйлем. Синтаксистік құрылымы тұрғысынан жай сөйлем бір сөзден де, екі не одан сөзден де тұрады. Жай сөйлемдер: Ø Ø Ø жалаң жайылма жақты жақсыз толымды толымсыз
Толымды сөйлем – айтайын деген ойға қатысты сөйлем мүшелері түгел айтылатын сөйлем. Толымды сөйлемде оған қажет тірек мүшелердің болуы, ойдың аяқталуы сияқты синтаксистік белгілер сақталады. Ø Мысалдар: Ерінің разылығына бөленген әйел баласы Алланың разылығына бөленеді дейді. Толымсыз сөйлем – айтайын деген ойға қатысты сөйлем мүшелері түгел айтылмайтын олқы сөйлем. Толымсыз сөйлемдерде тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелердің бірі не бірнешеуі түсіріліп айтылады. Ø Мысалдар: Жөн, балам. Атаулы сөйлем – бастауыш-баяндауыштық қатынастан тұрмайтын, бірақ зат есімді не есімді тіркестерді атау арқылы білдіретін, айрықша интонациямен айтылатын бір құрамды сөйлем. Мысалдар: Иманды
Сөйлемдер айтылу мақсатына қарай хабарлы, бұйрықты, айтылу интонациясына қарай лепті болып бөлінеді. Хабарлы сөйлем – бір нәрсенің не бір істің жайын хабарлау мақсатында қолданылатын сөйлем. Хабарлы сөйлем бір қалыпты әуенмен айтылып, жай сөйлем мен құрмалас сөйлем түрінде кездеседі. Ø Мысалдар: Біздің Нұржан Аллаға сенеді. Сұраулы сөйлем – бір нәрсе туралы хабар алу үшін қойылған сұрақты білдіретін сөйлемдер. Оның жасалу амалдары: сұраулық есімдіктер, сұраулық шылаулар, интонация. Қызметіне қарай: негізгі сұрақты білдіретін сөйлемдер, жетек сұрақты білдіретін сөйлемдер, анықтаушы сұрақты білдіретін сөйлемдер. Ø Мысалдар: Құдай-ай, сондасендер бақыттысыңдар ма? Лепті сөйлем – сөйлеушінің эмоциясын қоса білдіретін сөйлемдер. Лепті сөйлемдердің эмоциялық мағыналары олардың құрамындағы одағай, модаль сөздермен, лептілік әуенмен байланысты. Ø Мысалдар: Қосағыңмен қоса ағар! Бұйрықты сөйлем – қимыл-әрекетке итермелеу мақсатында айтылған сөйлем. Бұйрықты сөйлемдердің баяндауыштары етістіктің бұйрық, қалау райлары арқылы, ашық райдың келер шақ тұрғасында жасалады. Ø Мысалдар: Бар да , айтқанды істе!
Қорытынды Қорытындылай келе, жай сөйлем туралы жұмысымызды зерттеу барысында Балақаев М, Сайрамбаев Т, Әміров Р, Бердібай Ш, Аманжолов С, Садирова К сынды ғалымдардың еңбектерін басшылыққа алдық. Тілші-ғалымдардың арасында сөйлемге қатысты пікірдің М. Балақаев. , Т. Сайрамбаев пен К. Садированың көзқарасында үндестік бар екені байқалады. Яғни, алғашқы зерттеушілер: "Сөйлем-предикаттық қатынас негізінде біршама аяқталған ойды білдіретін тиянақты сөздер тізбегі”, -десе, К. Садирова: “Сөйлем дегеніміз – предикаттық қатынас негізінде құрылып, біршама аяқталған ойды білдіретін синтаксистік тұтастық”, -дейді. Сөйлемді “бөлшек” ретінде қарастыруда Б. Шалабай мен М. Балақаев, Т. Қордабаев еңбектеріндегі анықтамаларда да үндестік бар: 1)“ Сөйлем-тіл бөлшегі әрі сөйлеу бөлшегі. ” 2)“Сөйлем-пікір алысуды, қарымқатынас жасауды қамтамасыз ететін тілдік материалдың біртұтас бөлшегі. ” Ал Р. Әмірдің еңбегінде сөйлемге қатысты берілген анықтамада өзге пікірлермен ортақ байланыс жоқ. Жай сөйлем түрлерін жіктеуде де сәл өзгешеліктер бар. Мәселен, М. Балақаев. , Т. Сайрамбаев, Б. Шалабай, К. Садирова еңбектерінде айтылу мақсатына қарай сөйлемнің 4 түрі көрсетілсе, Р. Әмірде хабарлы сөйлем туралы, С. Аманжоловта бұйрықты сөйлем туралы айтылмайды. Р. Әмір сөйлемнің 7 логикалық-грамматикалық типін көрсетеді. Сонымен, жай сөйлем синтаксисі әлі де болса жаңа зерттеушілермен толықса дейміз.
Жалаң сөйлемдер – тұрлаулы мүшелерден құралған жай сөйлемдер. Жай сөйлемнің қос тұрлаулы мүшесі де, бір тұрлаулы мүшесі де дара не күрделі сөздерден жасала береді. Ø Мысалдар: Қыздар күтіп отыр. Жайылма сөйлемдер – құрамында бастауыш, баяндауыштан басқа тұрлаусыз мүшелер қатысқан жай сөйлем. Ø Мысалдар: Көш жүре түзеледі дейді. Жақты сөйлем – грамматикалық бастауышы бар не бастауышы ерекше айтылмайтын, бірақ оның қай сөз екенін баяндауышы арқылы табуға болатын сөйлем. Ø Мысалдар: Жүріңіз, мен сізге көмектесейін. Жақсыз сөйлем – бастауышы жоқ, оның орны жоқталмайтын, айтылған ісәрекет баяндауыш арқылы үш жаққа бірдей ортақ ұғымда жұмсалатын сөздер. Ø Мысалдар: Ата-аналары да иманды жандар.
Драматургтер
Драматургтер Біздің мақсатымыз – қазіргі таңда өзекті деп тапқан тақырып төңірегінде драмалық шығарма жазып, шығарма барысында мейілінше жай сөйлемдерді қолдану. Орынбай Абай Қазмағамбетова Айдана Қанибаева Ләззат
Біздің драмалық шығармамыздың «Бақыт деген не? » деп аталуының себебі – өскелең ұрпаққа бақыттың дүние, байлық, ақшамен өлшенбейтінін көрсете отырып, осындай мәселелердің салдарынан қазіргі қоғамымызда белең алған жастардың ажырасуларын азайтуға азда болса үлесімізді қосу. Басшысы нәфсі, ашу немесе өсек-аяң емес, әрдайым ақылын басшылыққа алса, ой таразысына салып шешім қабылдап, бақытты отбасын құруға талаптанса, ең мықты қорғаушы – сабырды серік етіп, арын – бәрінен де қымбат санаса және ең бастысы өмірін ардақтап, оны сыйластықтың бал шырынымен сусындатса – міне бұл отбасы бақытының кілті болар еді. Ал бақытты отбасы болашақта ұлы тұлғаларды дүниеге әкелуге қабілетті болмақ. Қазіргі таңда үйленетін жастар көбінесе бір-бірінің сұлулығы мен дүниесіне қарайды. Бұлардың уақытша екенін аңғара бермейді. Егер ерлізайыптылар өмірлерін дүниеге, ойын-сауыққа негіздеп үйленсе, бір-біріне деген махаббаты қу дүниеге ауып ақыры ажырасып тынуы әбден мүмкін. Сондықтанда екі жас өмірлік жан-жарын, дүниедегі сүйіктісі мен сырласын таңдауда, аяғын шалыс баспай табуы тиіс.
1 -акт. Арман: Гүлжан, басшы даусын, Құдай үшін! Алла? Ия, енді естілді. Уағалейкумассалам. Қалайсыңдар? Жақсыма? Қаладасыңдар ма, не? Қалада болсаңдар келсеңдерші үйге. Иә, күтеміз. Иә, әрине. Келе ғой. Гүлжан. . . Гүлжан: Ту, не? Гүлжан? Не болды? Арман: Жаным әшейін. Нұржан деген досым келеді. Ойланшы, көрмегелі 2 жыл болды. Үйге келеді бүгін. Қонақ болады. Жақсылап тамағыңды пісір. Етіңді ас. Қамырыңды жай. Гүлжан: Қандай қонақ, Арман? Жо-жоқ. Мен кетіп бара жатырмын. Айттым ғой саған. Қыздар күтіп отыр. Маникюр, вечеринка. . . Нет-нет. Қайдағы қонақ? Қызықсың сен. Арман: Гүлжан, қонағым келе жатыр. Күтіп алайықшы. Өтінем сенен. Неге осы. . . Гүлжан: Арман, сен де мені түсін! Мен саған айтқам. Мен кетіп бара жатырмын. Значить, мен кетіп бара жатырмын. Арман: Сенің осы тырнағың, киімің. . Бітпейді екен. Сенің осындай әңгімеледің, а? Қонақ келе жатыр. Күт. Айтқанымды істе. Мен сенің күйеуіңмін. Ұқтың ба? Гүлжан: Не айқайлайсың? Арман: Енді қайтіп түсіндіремін саған. Неткен түсінбейтін жансың! Гүлжан: Не айқайлайсың? Мен мынандай тырнақпен, киіммен сенің қонағыңды күтіп, қамыр жайып, ет салуым керек, да? Шешесі: Айналайындар-ау! Құлындарым? Не болып қалды? Арман: Апа, біз жай қалжыңдасып. . . Шешесі: Ә-ә, бәсе.
Гүлжан: Қандай қалжың? Айтпайсың ба? Мам, мен кетіп бара жатырмын. Мені қыздар күтіп отыр. Мен киініп алғам. Мен қазір боянуым керек. Ал сіздің балаңыз қонақ, қонақ деп қоймайды. Қамыр жай, ет сал. Қандай қонақ. Шешесі: (күліп) Құлыным-ай, сол. Баламысың деген. . . Сонда баяғыдан бері жырлап тұрғандарың бір тамақтың қамы ма? ! Қызым, айналып кетейін, қызығым. Кезінде сен сияқты келін боп түскенде, құдай-ау бір үйдің емес, бүкіл ауылдың қонағын өзім қабақ шытпай күтіп алатынмын. Жарайды. Көш жүре түзеледі дейді. Айналып кетейін, сол. . . Мен қазір өзім-ақ осы ас-суды қамдап жіберемін. Сол да сөз боп па? Арман: Апа-а, қажеті жоқ. Бәрін өзі істейді. Бұл несіне келін болып жүр. Бар да айтқанды істе. Шешесі: Сабыр, балам. Бір ашуыңды маған бер. Арман: Апа, қалай ғана. . . Жоқ, бұл түсінбейді, ұқпайды сіздің айтқан сөзіңізді. Сен кетем деп жүр едің ғой. Ендеше кет. Кет көзіме көрінбей. Гүлжан: Кетем. . . Арман: Осы ма айталмай жүргенің? Гүлжан: Кетем мен. Неге кетпеймін. Сен маған не істеп жатырсың? Сен маған машина алып бердің ба? Сен менің жағдайымды істеп жатырсың ба? Арман: Сенің бақытың үшін сол ма керегі? Үй ма? Машина ма? Гүлжан: Керек. Неге басқаларда бар менде жоқ. Сен маған нестеп жатырсың? ! Арман: Жап аузыңды! Шешесі (тізерлеп, дауыстап): Алла, Раббым, кешіре гөр.
2 -акт. Нұржан (Арманның досы): Амансыз ба, апа? Хәліңіз қалай? Шешесі: Құлыным, тепсе темір үзетін жігіт бопсың ғой. (Арман мен Нұржан амандасады) Нұржан: Апа, қалайсыз? Денсаулықтарыңыз қалай? Шешесі: Шүкір, шүкір, құлыным. Ауыл-аймағың түгел, бала-шағаларың аман шығар? Нұржан: Бәрі, аман, апа! Арманды көрмек боп іздеп келген. Көрмегелі көп болды. Жақында үйлендім. Мынау келініңіз. Есімі – Айгүл. Шешесі: Е-е, айналайын. Кел. Маңдайың жарқыраған бала екенсің. Қосағыңмен қоса ағар! (Шешесі сәл кідіреді) -О, не тұрыс. Мына достарыңды төргі бөлмеге апара ғой. Ал мен ас-суды қамдап жіберейін. Нұржан: Апа, апа, сізді әуреге салып қойдық қой. Айгүл сізге жәрдем берсін. Ал біз арман екеуміз сыртқа шығып қайтайық. Айгүл: Әрине, апа, мен сізге жәрдем берейін. (Арман мен Нұржан кетіп қалады. Шешесі мен Айгүл оңаша қалады). -Атым – Айгүл дедің ғой, ә? -Иә, Айгүл. -Бәрекелді. Көйлегің де әдемі екен. Өзіңе құйып қойғандай. -Рахмет, апа. -Айналайын, бір-екі сауал қойсам айып етпеймісің? -Жоқ, апа, сұрай қойыңыз.
-Қызым, бері келші. Сендер, ана, 3 қабатты, осы елдің бәрі қызығып жатыр ғой. Зәулім хан сарайында тұратын шығарсыңдар-ау, ә? -Жоқ, апа, біз бөлмеде пәтер жалдап тұрамыз. -Өз үйлерің емес па? -Жо-о-қ. -Сонда, әлгі, сендердің бас-басыңда көліктерің де жоқ қо, ия? -Жоқ, мен тұрмақ, Нұржанда да жоқ көлік. -Құдай-ай, сонда сендер бақыттысыңдар ма? -О, не дегеніңіз, апа? ! Әрине, біз бақыттымыз. Аллаға мың да бір шүкір осы күнімізге. Ал енді сіздің айтып тұрған дүниелеріңіз бақыттың шарты емес, апа. -Әрине. -Біздің Нұржан Аллаға сенеді. Иманды. Тіпті, астың да адал болуына үлкен мән береді. Өйткені, ол біздің болашақ ұрпағымызға, келешегімізге, тіпті, арғы дүниемізге де әсері болады дейді. Ата-аналары да иманды жандар. Ерінің разылығына бөленген әйел баласы Алланың разылығына бөленеді дейді. Менің ше бақыт деген осы емес пе, апа? ! -Дұрыс. Жөн, жөн балам. Жөн. -Жүріңіз мен сізге көмектесейін. Ананың бақыт жайлы монологы.
Пайдаланылған дереккөздер: 1. ikitap. kz/ 2. bilimkozy. idhost. kz/ 3. epub. kz/
Бақыт деген не? (сахналық қойылым)
Рөлдерде: Анасы – Қуанышбай Толқын Арман – Қосмағамбетов Айбек Айжан – Байтерекова Альмира Нұржан – Иманалин Асланбек Айгүл – Дабылова Айгерім
Арман – Қосмағамбетов Айбек
Айжан – Байтерекова Альмира
Анасы – Қуанышбай Толқын
Айгүл – Дабылова Айгерім
1 -сахна Арман мен бақытты Нұржан – ақшамен өлшейтін Айжан тамақ қамы Иманалин үшін айқайласу үстінде. Асланбек
2 -сахна Нұржан мен келіншегі Айгүл Арманның шаңырағында
Қорытынды пікір Қазіргі ақпараттық технологиялар қарқынды дамыған, сандық технологиялар өркендеген заманда білім беру жүйесінің де өзгеріске ұшырауы заңды. Осындай жаңа технологияларды пайдаланып, “Сөз тіркесі және жай сөйлем синтаксисі” пәнінен “Жай сөйлемнің жағдайы” атты тақырыпта Веб-квест ашық сабағын өткіздік. Ішінара бөлінген актерлер, тілші ғалымдар, жылнамашылар, драматургтар жұмыс атқарды. Драмашылар қазіргі таңда өзекті болып отырған тақырып төңірегінде драмалық шығарма жазып, құрамында жай сөйлемнің түрлерін мейлінше қолданды. Актерлер өз рөлдерін тиянақты , ойдағыдай ойнап шықты. Жылнамашылар қазіргі заман талабына сай электронды кітапханамен жұмыс жасады. Тілші ғалымдар әрғалымдардың еңбегі бойынша зерттеу жүргізді. Осы жұмысты орындау барысында біз мақсатымызға жеттік!
ВК 2015-2016.ppt