Қ Ы Л А К ТИ А Р ГМ ТА И С Д А РА Н А ТЫ П А Қ
Парадигма Көне грек тіліндегі мысал, үлгі мағынасын беретін зат есімнен шыққан термин.
ПАРАДИГМА ЕКІ ТҮРЛІ МӘНДЕ ҚОЛДАНЫЛАДЫ: Біртектес сөздер не басқа элементтердің тек бір белгісі бойынша бөлінетін тобын айтамыз. Мысалы: дыбыстардың тобын алсақ дыбыстар парадигмасын құрайды. Түрлену жүйесіндегі сөздер не лексемалардың ауысып келуі мүмкіндігі , бір сөзбен айтқанда , түрлену жүйесіндегі сөздердің арасындағы қатынасы , түрленуі.
Тілдің самантикалық қаңқасын құрайтын құрылымдар парадигматикалық синтагматикалық
М. Оразов: Адам ойында өзара белгілі бір байланысы сөздер топ-топ болып сақталынады. Осы әр адамның ойында сақталған, өзара ұштасып жатқан мағыналары бойынша топ-топ болып жатқан сөздердің өзара байланысын ассоциациялық біздіңше парадигмалық байланыс деп атайды. Парадигмалық қатынастарға синонимия жатқандықтан синонимдік қатарлар тілдік қойманың көрсеткіші болады, мәселен: жалғасу, ұласу, ұштасу, шектесу, астасу, сабақтасу, жіптесу. Парадигмалық қатардың жасалу негізінде әрқилы позициялар жатыр, осыған орай, осы позициялар арқылы әрқилы парадигмалар құрауға болады.
Тіл білімінде парадигма және синтагма терминдері алғаш фонология саласында қолданылып, соңынан басқа салаларға да ене бастаған. Мысалы үшін, тіліміздегі төрт түрлі мынадай сингармотембр қатарын алайық: ет-үт- ат- өт. Осындағы е- ү- а-ө дауысты дыбыстар қатары дауыстылар парадигмасын құрайды. Сонда сингармемаларда парадигмалық қатынас болғанымен семантикалық, яғни синтагматикалық қатынас болмайды. Жалпы парадигмалық қатынаста В. М. Солнцев кіші парадигмалардан тұратын үлкен парадигмалар бар екенін көрсетеді. Ол мысалға мынадай сөйлемдерді алады: Мен кітап оқимын: Сен брошюра сатып аласың, Ол газетті парақтайды. Міне, осы сөйлемдерде бір_біріне ұқсас келетін сөздер позициялары: кітап, брошюра, газет. Бұл позициялар өзара ауысуға келгендіктен грамматикадағы кіші парадигманы , ал күшті түрлену жүйесімен келсе үлкен парадигматикалық қатынасты құрайды.
СӨЗДЕРДІҢ ПАРАДИГМАЛЫҚ ҚАТЫНАСЫ БІР ОРТАҚ МАКРОКОМПОНЕНТ НЕМЕСЕ МИКРОСЕМА АРҚЫЛЫ СӨЗДЕР ТОБЫН ЖИНАҚТАП, ӨЗ ІШІНДЕ КІШІ ПАРАДИГМАЛАР ҚҰРАЙДЫ Алма Көк Піскен Дәмді Қышқыл тәтті Алмұрт Алхоры Шие өрік Алма ағашы Алма шырыны Алма бағы Ағашта тұр Түсіп жатыр пісті
Д. И. Шмелевтің ойынша бір семантикалық темаға ие сөздердің бәрі парадигмалық қатарлар құрай бермейді. Мысалы, қа йың және ағаш, қайың мен бұта сөздері бір парадигмалық қатар құрамайды, арасында ғы қатынастар әртүрлі деңгейлер арасындағы қатынас болып қалады: қайың шырша қарағай т. тағаш Ағаш бұта гүл т. т-өсімдік
Э. В. Кузнецова парадигмалық құрылымның негізгі орны лексико семантикалық топ және ішінде кіші парадигмалар бір семаға топтасып, жүзеге асады деп есептейді. “Мысалы алу сөзінің семантикалық қатынастары: қабылдаутіркеу, асырап алу (ұл не қыз) ; қолына алуеңбекпен табу, ұтып алу; сатып алу- жалдау, фрахтылау (кемелерді жалға алу); басып алуоккупациялау, аннексиялау; тауып алу- ішінен бөліп, ойып алу, көсіп алу”
В. М. Солнцев бір парадигмалық қатардың морфемдік парадигмалық құрылымын көрсетеді: Үлкен парадигма Кітаппен Кітапты Кітаптар т. т. Брошюрамен Брошюраны Брошюралар газет Кіші парадигма Газетпен Газетті Газеттер Оның көрсетуінше кіші парадигмалар грамматикалық жүйеде басты құрылым ретінде көрінеді.
ТАПСЫРМАЛАР • Қозғалу семантикалық өрісінің әртүрлі тектік және түрлілік қатынастарды білдіретін сөздерді ата :
Жыбырлау, жаяу, жүру, автокөлік, транспорт, жел , дауыл, құйын, сырғанау , кету, келу, отыру, перрон, плацкарт, жүзу, сүйреу арба, ұшақ, өту т. б
Назарларыңызға рақмет! Орындаған: Омарова Ә. Есембекова Б.