Zabidullaeva_Zh__1178_aza_1179__1241_debieti.pptx
- Количество слайдов: 12
Қ. Мұхамеджанов – драматург Қазақы қалжыңның «королі»
Қалтай Мұхамеджанов Дүниеге келгені: 1928 желтоқсан Қызылорда облысы, Тереңөзек ауданы, Шіркейлі совхозы Қайтыс болғаны: 2000 Мансабы: драматург
1953 жылы А. В. Луначарский атындағы мемлекеттік театр өнері институтын бітірді. 1953 -56 жылы Қаз КСР Мәдениет министрлігінде жұмыс істеді. 1956 -69 жылы "Қазақ әдебиеті" газетінде, "Жұлдыз" журналында, Қазақстан Жазушылар одағында жұмыс істеді. 1970 жылдан Қаз КСР Министр Кеңесінің кинематография жөніндегі мемлекеттік комитетінің бас редакторы. 1988 -1998 жж. республикалық "Ара-Шмель" журналында, халықаралық "ЗаманҚазақстан" газетінде бас редактор болды. Өмірінің соңғы жылдары халықаралық "Түркістан" газетінің бас редакторы қызметін атқарды. Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігінде, Мемлекеттік кино комитетінде, Қазақстан Жазушылар одағының, Кинематографистер одағының екінші, бірінші хатшысы болды.
• Қалтай Мұхамеджанов әдеби қызметін театр сынынан бастады. 1959 жылы Алғашқы пьесасы — «Бөлтірік бөрік астында» комедия 1961 жылы «Құдағи келіпті» комедия 1964 жылы «Қуырдақ дайын» комедия 1967 жылы «Жат елде» 1968 жылы «Өзіме де сол керек» комедия 1972 жылы "Көктөбедегі кездесу" (Ш. Айтматовпен бірге жазған) комедиялық-трилогиясы «Біз періште емеспіз» (1937 жылдардың көрінісін айқындайтын) 1964 жылы "Шыңдағы шынар" 1970 жылы "Айман-Шолпан" киносценарийінің авторы
• Қалтай Мұхамеджанов аудармамен де айналысып келеді. С. Айнидің "Құлдар" Ш. Айтматовтың "Ана — Жер-ана" "Арманым, Әселім" пьесаларын Айбектің "Киелі қан" романы "Мың бір түн" ертегісін (1 -4 томдарын) "Ақ кеме" повесін қазақ тіліне аударды. М. Горькийдің "Тоғышарлар" А. Қаһардың "Ауру тістері"
ың н ан ст ақ лық сы з Қа Ха шы азу 992) ж (1 ы ыл " 8 ж ы 197 азуш нан "Ж пасы лы ң бас ңдама рыныық та мала жар ығ мдығ ен. ш то г көр екі "П орд арас мар енде ат" апа рім тта ен лға «Халықтар н. достығы» , «С «Құрмет шымиқырлы «Да ылды Белгісі» р қ» д жин оброты , жар ақтары » ық к өрді.
Мұхамеджанов - комедия жанрының шебері, оның пьесаларындағы күлкі ауызекі тіл пародиясы арқылы жасалған. Ол драмалық шығармаларында диалогты, диалогтың даралану заңдылықтарын, диалогтар даралығы бәсекелестігін шебер пайдаланды. Оның комедиялық және драмалық туындыларында қазақ қоғамында рухани дерттің белең ала бастауы кеңінен қамтылып, қазақ халқының Кеңес дәуіріндегі алмағайып тағдыры, ұлы тұлғалардың трагедиялық бейнесі айқын көрініс тапты.
O Филология ғылымдарының кандидаты, ақын Оңайгүл Тұржанова ханым: «Жазушының «Жат елде» драмасы өте маңызды туынды. Себебі, оның тереңіне үңілсек Түркістан тарихына, ондағы үлкен тарихи тұлғалардың өміріне арналған. Кейіпкерлері өмірде болған, өмір сүрген адамдар екеніне көз жүгіртеміз» - деп, баға берді.
O Көрнекті суреткерлер Ш. Айтматов пен Қ. Мұхамеджановтың «Көктөбедегі кездесу» драмасы М. Әуезов атындағы академиялық драма театрында алғаш рет 1975 жылы көрнекті режиссер Ә. Мәмбетов қойды. O Театрдың мықты актерлері қатысқан қойылым кәсіби сын және көрермен тарапынан жоғары баға алған болатын. O Нағыз көркем шығарма қашанда өміршең. Көркем драма «Көктөбедегі кездесудің» көтерер мәселесі де қай кезең, қай қоғамда да мән-маңызын жоймайтын - адамгершілік, имандылық мәселелері. O Шығарма идеясының негізгі өзегі - эпизодта ғана көрінетін кейіпкер, Сабыр ақынның жыр жолдарымен өрнектеледі: «. . . Мәңгі талас, мәңгі дау, Қайткенде адам қалады адам болып? . . »
Пайдаланылған әдебиеттер: O Мұхамеджанов Қалтай. Бөлтірік бөрік астында: пьесалар / Қ. Мұхамеджанов. - Алматы : Жазушы, 1965. - 177 б. O Мұхамеджанов Қ. Екі томдық таңдамалы шығармалар / Қ. Мұхамеджанов. - Алматы : Жазушы, 1978. O Тарихи тұлғалар. Құрастырушы: Тоғысбаев Б. Сужикова А. – Алматы. “Алматы кітап баспасы”, 2009. O Бекжанқызы Ф. Әлі күнге Қалекеңмен сырласам. . . / Ф. Бекжанқызы ; сұхб Г. Бектасова // Түркістан. – 2011.
Забидуллаева Жұлдыз KZL-3
Zabidullaeva_Zh__1178_aza_1179__1241_debieti.pptx