Қ. Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжі КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Қ. Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжі КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Дайындаған:
Курстық жұмыс тақырыбының өзектілігі Аударма — әдеби шығарманың бір тілден екінші тілге кешіріліп қайта жасалуы, басқа тілдегі түпнұсқа негізінде жазылған көркем туынды. Сондықтанда аудармадағы гармматикалық ерекшеліктерді саралау аударматанудың ең өзекті мәселелерінің бірі. Аударманың мақсаты — тұпнұсқаның аударма тілге сай келмейтін грамматикалық формаларын жеткізу. Бұл жерде басты шарттың бірі сол, түпнұсқадағы грамматикалық формалардың өзгешелігі белгілі бір стильдік қызмет атқару керек.
Курстық жұмыстың мақсаттары мен міндеттері Берілген зерттеу курстық жұмысының мақсаты – ағылшын біліміндегі аударманың грамматикалық трансформациясын зерттеу болып табылады. Осы мәселелер бойынша зерттеу жұмысының міндеттеріне мыналар жатады: - аудармадағы грамматикалық мәселелерді зерттеу; - тілдердің грамматикалық құрылысындағы аударма теориясын анықтау; - аудармадағы грамматикалық трансформацияның рөлін анықтау үшін аудармадағы грамматикалық трансформацияның үрдістерін зерттеу, - аудармадағы грамматикалық трансформацияның мәніне толық жету үшін бірнеше мысалдар арқылы тақырыпты ашу және т. б. міндеттер қойылды.
Ең басты мәселені жалпы қарастыру морфологиялық жағынан ұқсас грамматикалық формаларды аударуда толық аудармамен бірге басқа да жағдайларды қарастыруға көмектеседі. Жоғарыда айтылған нөлдік аударманы қолдану формалардың ұқсастығы негізінде дәстүрлі- функционалдық сәйкессіздік жағдайында нәтижелі келеді. Жоғарыда келтірілген мысалдардан басқа есімдік түрлерінің сәйкессіздігі жағдайында нөлдік аударманы қолдану туралы айтуға болады. Мәселен: they say – дейді, деп айтады you see – түсінесің бе before one can say a word – аузыңды ашып та үлгермейсің say it – айт.
грамматикалық айырмашылықтар, бастапқы және аударма тілдерінің лексико-семантикалық ерекшеліктері және тілдік дәстүрдің айырмашылықтарына сай жасалады. Бір ғана форма кейбір контексттерде толық немесе ішінара аударма арқылы берілсе, басқа контексттер дәстүрлі түрде тілде қолданылатын функционалдық ауыстыру арқылы аударылады. Мысалы, қазақ тіліндегі кешіріңіз формасы көптеген контексттер (уақытылы жауап қайтармағанымызға кешіріңіз, келеңсіздіктер үшін кешіріңіз, алаңдатқаным үшін кешіріңіз) мен жағдаяттарда (жеке қарым-қатынас, іскерлік хаттар, ресми қарым-қатынастар) бірдей қолданылады. Ағылшын тіліне аударуда бұл форманың толық – ішінара (excuse me, excuse his manner) және функционалдық (sorry for being late, we must apologise for the delayed answer, inconveniences) баламалары табылуы мүмкін.
Аударманың бірінші нұсқасы грамматикалық формаларды сақтай отырып, ұзарған of – формасын құрып, логикалық құрылымы жағынан бұлыңғыр болып тұрса, ал екінші нұсқада өзгеріс арқылы логикалық жағынан бірізді және дұрыс құрылған сөйлемді құрастыруға мүмкіндік тудырады. Антонимдік аудармашыға грамматикалық форма лексикалық үйлесімділік ережелеріне қарама-қарсы болып, аударма мәтінін көркемдігінен айырған кезде аударма тілінде грамматикалық құрылымды дұрыс қалыптастыруда қолданылады: He did not have much time at his disposal. Оның уақыты аз қалды.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!!!
грамматика трансформация.ppt
- Количество слайдов: 9

