SEPSISTI_1186_PATOFIZIOLOGIYaSY26.pptx
- Количество слайдов: 26
Қ. А. ЯССАУИ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ Тақырыбы: Сепсистің патофизиологиясы Қабылдаған: Тасқынова Г. Н. Орындаған: Исмаханбет А. Кенбай Н. Б Тобы: Жм-312
Жоспары І. Кіріспе ІІ. Негізгі бөлім Сепсис Жіктелуі Этиологиясы Патогенезі ІІІ. Қорытынды Қолданылған әдебиет
СЕПСИС v Сепсис (грекше – іріңді қан) – қанда және организмнің басқа биологиялық сұйықтығында микроорганизмдердің көбеюімен сипатталатын инфекциялық үрдістің ауыр жалпы таралған түрі. v Дәлелденген бактериялармен үйлескен екі және одан да көп белгілер түрінде көрінеді:
Сепсис O O O 1. температура 38 С жоғары немесе 36 С төмен; 2. тахикардия (ЖЖЖ минутына 90 -нан астам); 3. тахипноэ (ТЖК минутына 20 -дан астам); 4. артериалды гипотензия; 5. олигурия, 6. лейкоциттер 1 мкл-да 1200 астам немесе 1 мкл-де 4000 аз немесе нейтрофилдердің жас түрлері 10%-дан кем.
Сепсис • Ауыр сепсис – гипотониямен, перфузия бұзылыстарымен байланысты сепсис. Перфузия бұзылыстарына лактатацидоз, олигурия немесе менталды статустың жедел өзгерістерінің дамуы жатады • Сепсистік шок – инфузияның емге тұрақтылығымен сипатталатын гипотониямен үйлесетін ауыр сепсис, экстремальды жағдай.
Сепсистің жіктелуі 1. Инфекциялық кіреберіс қақпасы мен біріншілікті ошағының орналасуына қарай: тонзилогенді, отогенді, одонтогенді, урогениталды, гинекологиялық, жарақаттық сепсис. 2. Негізгі ауру бойынша: хирургиялық, акушерлік-гинекологиялық, терапиялық уросепсис. 3. Ағымына қарай: жәй, жедел, созылмалы.
СЕПСИС ЭТИОЛОГИЯСЫ • Бактериялық инфекция: • Сепсистің ең жиі себебі болып, инвазивті қасиеті аз көрінетін және көбінесе адам организмімен «жақсы сыйысатын» шарттыпатогенді бактериялар табылады. Сепсис кезінде дамитын таралған эндогенді инфекция ешнарсемен шектелмейді, өйткені организмнің иммундық және басқада қорғаныштық механизмдерді шартты-патогенді флораға әсер ете қоймайды.
СЕПСИС ЭТИОЛОГИЯСЫ Грам теріс сепсис негізінен ауыр инфекциялық токсикозбен көрінетін циркуляциялық жетіспеушілік, гипотензия, бәсеңдеген тіндік перфузиямен сипатталады. Грам оң сепсис баяу басталады және бұл кезде дами отырып, көпағзалық жетіспеушілікке әкеп соғатын ұзақ прогредиенттік ағымға және абцестенуге бейім айқын көрінетін қабыну дамиды.
Сепсис этиологиясы Қазіргі таңда сепсис, көбінесе аурухана ішілік инфекцияларда тіркеліп жүр. Ол реанимациялық және қарқынды терапиялық бөлімшелерде, гематологиялық орталықтарда, хирургиялық стационарларда, әсіресе іріңді хирургиялық, яғни антибактериялық дәрілерді қабылдауға мәжбүр, төзімділігі төмендеген науқастар шоғырланған бөлімшелерде өте жиі бас көтереді. Инфекцияның көзі науқастар ғана емес, сонымен қатар қызметкерлер де болуы мүмкін, ал таратушы факторлар: құрал – жабдықтар, тұтыну заттары.
СЕПСИС ЭТИОЛОГИЯСЫ Өкпе, құрсақ ағзалары және зәр шығару жолдары инфекцияның ең жиі кездесетін біріншілікті орналасатын жері. Сепсистің этиологиясында «мәселелі» микроорганизмдер маңызды рөл атқарады. Оларға: 1. коагулаза негативті стафилакокктар, энтерококктар, грам теріс энтеробактериялар, кейбір аэробтар жатады. 2. Саңырауқұлақтық, вирустық және протойлық инфекциялар. 3. Инфекциялық емес күшейткіштер – күйіктік, ишемиялық, ісіктік токсиндер.
СЕПСИС ПАТОГЕНЕЗІ Патогенезі - әлі күнге дейін толық зерттелмеген, бактерияның дамуы, қоздырғыштардың тамырлық арнадағы айналысы сепсис дамуының немесе дамуына қауіп төнгендігінің көрінісі бола алмайды. Транзиторлы бактериялар кей кездері әртүрлі медициналық және гигиеналық процедуралардан кейін де тіркеліп отырады. Патогенді бактериялармен шақырылатын, ағымы оралымды көптеген инфекциялар кезінде сепсистің даму белгілері көрінбейтін ұзаққа созылған бактериялар бақылауы мүмкін.
СЕПСИС ПАТОГЕНЕЗІ • Инфекциялық агенттер, көбінесе әдеттегі іріңді флора, өсіп өнетін сепсистік ошақтардың пайда болуы сепсистің іргетасын қалайды. Инфекциялық агенттер лимфа және қан тамырларын зақымдай отырып, сепсистік ошақтан қан ағысына түсіп, ағзалар мен тіндерге сепсистік метастаздарды береді.
Сепсис патогенезі Сепсис динамикасында бірін-бірі біртіндеп алмастыратын дерттік әсерленістердің негізгі 3 түрі пайда болады. Бірінші түрі тіндер мен ағзалар клеткаларындағы тотығу-тотықсыздану үрдістерінің күрт тежелуіне әкеп соғатын, экзо және эндотоксиндердің дерттік әсерлерінің салдары болып табылады.
Сепсис патогенезі Екінші түрі клетка мембранасына тікелей зақымдаушы әсер ете отырып, олардың қызметтері бұзылысын шақыратын цитотоксикалық медиаторлардың түзілуіне байланысты. Үшінші түрі тіндер мен ағзалардың ауыр ишемиялық және гипоксиялық бұзылыстарының себебіне айналатын микроциркуляция жүйесіндегі қанағысы көлемінің қарқынды түрде азаюына байланысты болады.
Қолданылған әдебиеттер Ә. Нұрмұхамбетұлы “Патофизиология” В. В. Новицкого “Потофизиология” www. kazedu. kz www. google. kz www. stud. kz
SEPSISTI_1186_PATOFIZIOLOGIYaSY26.pptx