S_1201_ltanbek_S (1).ppt
- Количество слайдов: 27
Қ. А. Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ -Түрік университеті Ø Медицина факультеті Ø Жалпы хирургия, инструментальды диагностика және фармакология кафедрасы Тақырыбы: Қан жасау органдарының патологиясының сәулелік зерттеу әдістері. Балалардағы қан жасау ерекшеліктері. Қабылдаған: Убайдаева А. Б Орындаған: Сұлтанбек С. Тобы: ЖМ-315
Жоспар: Кіріспе: qҚан түзу туралы түсінік Негізгі бөлім: Балалардағы қан жасау q. Зертханалық зерттеу әдістері q. Аспаптық зерттеу әдістері Қорытынды: Пайдаланылған әдебиеттер
Қан өндіру ұрықтық кезеңде басталады. Бұл кезеңде қан сары денеде, бауырда, көк бауырда және сүйек кемігінде өндіріледі. Ұрықтық мүшелері кезектесіп, яғни бірінің қан өндіру қызметі төмендегенде екіншісінің қызметі басталады да, қаның үнемі өндірілуін қамтамасыз етеді. Қан ұрықтың 2 -3 апталық кезеңінде сары денеде алғаш өндіріле бастайды. Сары дене семіп, азайып, кішірейе бастағанда, қан өндіру қызметі бауырға, тимусқа, талаққа ауысады. Сүйек қызыл кемігіндегі қан өндірілу қызметі 3 жаста, 7, 10 және 13 жаста маңызды орын алады. Қан өндіру мүшелері қанды қан клеткаларымен қамтамасыз етеді және бірінің қан өндіру қызметі бұзылса, басқа мүшелер оның орнын басады. Қан өндіру мүшелерінің бәрі құрамындағы фагоцитарлық қасиеті бар ерекше клеткалардың көмегімен қанды бактериялардан , өлі клеткалардан т. с. с. тазартады. Бұған қоса, қан өндіру мүшелерінде өздері арқылы өтетін сұйықты жинау қабілеттері болады, қажет болған кезде сол сұйықты қан айналысына құяды.
Ұрықтық қантүзілу — қанның ұлпа ретіндегі даму және қалыптасу процесі. Қан мен қан тамырлары ұрықтың алғашқы даму сатысында ұрық организмінен тыс, сарыуыз қапшығының қабырғасында мезенхимадан қан аралшықтары ретінде қалыптасып дамиды. Бұл жерде мегалобласттар мен мегалоиттер түзіледі. 5 - 6 шы аптада сарыуыз қапшығындағы қан жасау бауырлық қан жасауға өтеді (экстрамедулярлы). Аралшықтардың орталығында орналасқан мезенхима жасушалары дөңгеленіп, қан жасушаларының діңгекті клеткаларына айналады. Ал аралшықтардың шеткі жағындағы мезенхима жасушалары жалпақтанып бір-бірімен байланыса жалғасып, алғашқы қан тамырларының эндотелий қабаттарын түзеді
Қан тамырлары қуысындағы біріншілік қан жасушалары қатарларынан, өздерінің цитоплазмасында гемоглобин жинақтаған жасушалардан — біріншілік эритробласттар жетіледі. Олардың біраз бөлігі мөлшері әртүрлі ядролы және ядросыз ірі біріншілік эритроциттерге (мегалобласттар мен мегалоциттерге) айналады. Бұл процесті мегалобласттық қантүзілу деп атайды. Мегалобласттық қантүзілу адам мен жануарлардың эмбриондық кезеңіне тән процесс. Ал қалған біріншілік эритробласттардан ұзақ даму процесінің нәтижесінде есейген адамдар мен жануарлар эритроциттеріне ұқсас екіншілік эритроциттер түзіледі.
Сарыуыз қапшығы қан тамырларының сыртқы жағындағы мезенхима клеткаларынан қалыптасқан біріншілік қан жасушаларынан дәншелі лейкоциттердің (гранулоциттердің) діңгекті жасушалары дамиды. Қан жасалу процесі адамдарда эмбрионалды дамудың 2 -ші және 3 -ші апталарының соңында басталады. Бұл процесс миелопоэз деп аталады. Бұдан кейінгі кезендерде сарыуыз қапшығы қабырғасында қалыптасқан діңгекті қан жасушалары қанның ағысымен ұрықтың қан жасау мүшелеріне барып қоныстанып орналасады да, ұрық организміндегі қантүзілу процесінің бастамасын жасайды. Ұрық организміндегі алғашқы қан жасушаларының түзілу процесі бауырда жүреді. Іштөлінің (іштегі нәрестенің) туу мерзіміне қарай бауырдағы қантүзілу процесі тоқтап, қанның түзілу процесі сүйектің қызыл кемігі майына ауысады. Қанның діңгекті жасушаларынан тимуста Т-лимфациттер жетіліп, одан соң көкбауыр мен лимфа түйіндерінде көбейіп маманданады. Эритроциттердің, гранулациттердің, қан табақшаларының түзілу процестері сүйектің қызыл кемігі майында, ал В-лимфоциттердің бастама жасушалары алдымен сүйектің қызьш кемігі майында түзіліп, онан соң жетілу, көбею, мамандану процестері көкбауыр мен лимфа түйіндерінде жүреді.
Зертханалық зерттеу әдістері
Қанды морфологиялық зерттеу Клиникада қанды морфологиялық зерттеу кеңінен қолданылады. Бұл тәсілмен қанның пішіндік элементтерінің сандық және сапалық жағдайын бағалайды: эритроциттердің саны мен оның құрамындағы гемолабин мөлшерін, лейкоциттердің жалпы саны мен әр түрлі пішіндерінің өзара қатынасын, тромбоциттердің санын анықтайды
Қанды алу Қан сол қолдың төртінші саусағынан немесе шынтақ венасынан алынады. Ол үшін қанды бір рет қана қолданылатын скарификатор – инелермен алу міндетті. Спиртпен , кейін эфирмен сүртіп дайындап, саусақтың басын жұмсақ жерінен теседі. Алғашқы қан тамшысын құрғақ мақтамен сүртіп тастайды.
Гемоглобиннің деңгейін анықтау Қазіргі кезде гемоглобин деңгейін анықтауда қолданылатын әдістер үш топқа бөлінеді: колориметрлік, газометрлік және гемоглобин молекуласындағы темірдің мөлшері бойынша анықталады. Гемоглобиннің қалыпты мөлшері әйел адамдарда 120160 г/л, ер адамдарда 130 -175 г/л болады.
Эритроциттерді санау Эритроциттер санын анықтауда эритрогемометр, электрофотоколориметр, электрондық есептегіштер қолданылады.
Эритроциттердің тұну жылдамдығын (ЭТЖ) анықтау Тамырдағы қан ағымында эритроциттер теріс зарядты болғандықтан, бірін итеріп, жабыспайды. Ал антикоагулянт қосылған құрамындағы эритроциттер өз cынауықтың астына тұнып, агломерацияланады. Агломерацияны жеделдететін заттар болып плазманың белогы бар компонентттері және мукополисахаридтер табылады. Бұл заттардың мөлшері қабыну үрдістерінде , инфекцияда, қатерлі ісіктерде, тіндердің ыдырауында көбейеді. Демек , бұл кезедерде эритроциттердің тұну жылдамдығы тездейді. Эритроциттердің тұну жылдамдығының өзіндік диагностикалық маңызы бар, ауру үдерісінің өршуі туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді.
Аспаптық зерттеу әдістері
Қан түзетін ағзаларды инемен тесу Бұл әдісті 1928 жылы М. И. Арикин стерналды пункцияны ұсынған болатын. Әдісті жүргізу техникалық жағынан қарапайым болғандықтан күні бүгінге дейін кеңінен қолданылады. Теріні , тері асты қабатын және сүйек қабығын дәрімен жансыздандырғаннан кейін екінші және үшінші қабырға аралықтары тұсында , төс сүйегінің үстіндегі жұмсақ тіндерді теседі, одан кейін 5 мм белгі қойып, төс сүйегінің сыртқы пластинкасынан өтеміз.
Сол кезде иненің сүйек майынан өткенін сеземіз. Мандренді шығарып, инеге 10 грамдық құрғақ шприцті жалғайды да , 0. 5 -1. 0 мл сүйек майын тартып шығарады және оны сағат әйнегінің үстіне жинайды. Сүзгіш қағазбен қаннан құрғатып, сүйек майының ұсақ түйіршіктерін басып жылжыта жағынды жасаймыз. Романовский Гимза әдісімен боялғаннан кейін, кемінде 500 ядросы бар элементтерді зерттеп, миелограмма жазылады. Сүйек майының пунктаты арқылы клеткалардың жетілу үдерісінің бұзылуын, гематокритті , патологиялық пішіндердің пайда болуын анықтаймыз. Сүйек майының құрамы туралы анық мәліметті трепанобиопсия береді. Арнайы троакар инемен жамбас сүйегінің қырына еніп, сүйек майы тінінің кесіндісін кесіп алып, одан гистологиялық препарат дайындайды. Бұл жерде қанның қоспасы жоқ, сондықтан сүйек майының құрылысын толық зерттеуге болады.
Лимфа бездерін инемен тесу Бұл әдіс арқылы бездің клеткалық құрамын зерттеумен , әсіресе лимфа бездер жүйесі ауруларының (лимфолейкоз, лимфагранулематоз, лимфасаркоматоз) қатерлі ісік метастаздарын анықтауға болады.
Рентгенологиялық зерттеу Рентген әдісімен кеуде қуысында үлкейген лимфа бездерін , сүйектердегі өзгерістерді анықтауға болады (миелоидты ауру кезіндегі деструкция ошақтары, лимфасаркомад сүйектердің құрылымының бұзылуы, остеомиелосклерозда сүйектердің тығыздалуы) . Сүйек тініндегі өзгерістер рентгенограммада жақсы көрінеді. Көк бауырдың тамырларын спленопортография жасалынады
Радиоизотпотық зерттеу Көк бауырды сканерлеу кезінде науқастың өзінің эритроциттерін радиоактивті хроммен немесе алтынының коллоидты ерітіндісімен белгілеп, қанға енгіземіз. Бұл әдіспен талақтың өлшемдерін және зақымдану ошақтарын анықтауға болады. Цитохимиялық әдіспен лейкоциттерді зерттеу. Бұл әдіс ісік клеткаларын анықтауда қолданылады. Науқатардың қанын лейкоциттердің құрамындағы пероксидазаны, сілтілік фосфотазаны, эстеразаны анықтайды. Цитогенетикалық зерттеу әдісімен клеткалардың хромосомасының морфологиялық немесе сандық ауытқуларын табады.
Қорытынды: Қанның діңгекті жасушаларынан тимуста лимфациттер жетіліп, одан соң көкбауыр мен лимфа түйіндерінде көбейіп маманданады. Діңгекті жасушалар - барлық қан жасушаларына ортақ, Олардың бастама ізашар жасушалары. Олар құрылысы мен мөлшері жағынан кіші лимфоциттерге ұқсас. Қан ауруларында жоғарыда айтылып өтілген тексеру әдістері бізге көп мәлімет береді. Гемопоэздің бұзылыстарын дер кезде анықтау диагноз қою және алдын алу мақсатында біз тексеру әдістерін дұрыс қолдануымыз керек, әсіресе нәрестелерде көп кездесетін ауруларды анықтауда өте қажет.
Пайдаланылған әдебиеттер www. google. kz www. yandex. kz “Клиникалық патофизиология” Әділман Нұрмахамбетұлы
S_1201_ltanbek_S (1).ppt