lor_a_1171_zalary_topografiasy_Saparov_Abay.ppt
- Количество слайдов: 20
Қ. А. ЯСАУЙ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ МЕДИЦИНА ФАКУЛЬТЕТІ ЛОР АҒЗАЛАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН ТОПОГРАФИЯСЫНЫҢ ЖАСҚА БАЙЛАНЫСТЫ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ Қабылдаған: Таиров Р. А. Орындаған: Сапаров А. Б. Тобы: ЖМ-221
Жоспары I Кіріспе n Лор ағзалардың анатомиялық құрылымы және топографиялық ерекшелігі II Негізгі бөлім n Лор ағзаларында жас ерекшеліктеріне байланысты жиі кездесетін аурулар n Лор ағзаларында жиі кездесетін жарақаттар n Лор ағзаларының ауруларын диагностикалау және емдеу III Қорытынды IV Пайдаланылған әдебиеттер
Оториноларингология n Клиникалық пән ретінде құлақтың патологиясы мен морфофизиологиялық ерекшеліктерін, жоғарғы тыныс алу жолдарын және солармен аралас аймақтарды зерттейді. Лор ағзаларының басты ерекшеліктерінің бірі олардың бас пен мойында орталық орналасуы. Олар бас сүйегі ойықтары, көз ұясы, тіс-жақ аппаратымен, омыртқа жотасымен және кеуде аралық ағзаларымен, магистральді қан тамырлармен, негізгі нерв бағанымен және өрімдермен тығыз байланысты. Патологиялық процесстер осы аймақтың кез-келген сегментінде дамитын жалпы механизмге ие болады және бірбірінің ағымын асқындырады.
Құлақ және жастық ерекшелігі n n есту мүшесі, 3 бөлімнен тұрады: ішкі, ортаңғы және сыртқы құлақ. Сыртқы құлаққа құлақ қалқаны мен сыртқы дыбыс жолы жатады. Құлақ ауадағы дыбыс тербелістерін құлақ ішіне бағыттайды. Сыртқы дыбыс жолдарының ішкі шеті жұқа, тығыз, керілген дабыл жарғағымен бітеді. Сыртқы дыбыс жолдары арқылы дыбыс толқындары дабыл жарғағына, одан соң ортаңғы құлаққа өтеді. Дабыл жарғағы сыртқы құлақты ортаңғы құлақтан бөліп тұрады.
n Ортаңғы құлақ дабыл жарғағынан кейін басталады, ол самай сүйегінің ішінде орналасқан. Ортаңғы құлақтың ішінде ауа болады. Ортаңғы құлақ қуысы есту түтігі арқылы жұтқыншақпен жалғасады. Адам есінегенде, жұтынғанда есту түтігінің өзегі жұтқыншаққа ашылады, жәй уақытта жабық болады. Ортаңғы құлақ қуысында бір-бірімен байланысқан 3 дыбыс сүйекшелері орналасқан: төс, үзеңгі және балғашық. Үшеуінің қосқандағы салмағы 0, 05 г.
n n Ішкі құлақтағы қуыстар мен иірім өзекшелерден тұратын күрделі жүйені лабиринт деп атайды. Оның сыртқысы – сүйекті, ішкісі – жарғақты лабиринт деп аталады. Лабиринт – есту және тепе-теңдік сақтау мүшесі. Жарғақты лабиринт қабырғалары жалпақ эпителимен қапталған жұқа дәнекер пластинкадан тұрады. Оның ішінде лимфа сұйықтығы болады. Оралма тәрізді ширатылған ұлу дене – есту мүшесі. Ұлуденедегі сезімтал жасушалар дыбыс толқынын қабылдап, қозуды есту жүйкесіне өткізеді. Қозу есту жүйкесі арқылы ми қыртысының самай бөлігіндегі есту орталығына жеткізіліп, талданып жинақталады.
n Жаңа туған сәбидің сыртқы құлақ түтігі тар, оның терісінде түктер көп болады. 1 жасқа дейін түтік өсіп, ұзарып, кеңейеді. Дабыл жарғағы жаңа туған нәрестеде ересек адамға қарағанда анағұрлым көлбеу орналасқан. Ересектерде 45 градус, нәрестеде 15 градус. Жарғақтың екі жағындағы эпидермисі қалың болғандықтан қозғалысы нашар. Сәбидің ортаңғы құлағы сұйықтыққа толы болады да, біртіндеп барып ауаға толады. 1 жастағы балада Евстахи түтігі қысқа, кең, түзу болады. Ішкі құлақ 1 жылдың ішінде ересек адамның құлағымен теңеседі.
Құлақ аурулары n Құлақтың қабынуы жіті және созылмалы түрде болады. Құлақ аурулары (отит) ортаңғы және сыртқы деп аталады. Мұның ең жиісі – ортаңғы, ол ортаңғы құлақ қуысы, дабыл жарғағы, одан шығатын есту түтігі, Евстахи түтігі. Ортаңғы отит жедел және созылмалы деп екіге бөлінеді. Ортаңғы жедел отит іріңді және катарльді болады. Бұл аурумен көбіне 512 жас аралығындағы балалар ауырады. Баланың құлағының ортаңғы тұсының анатомиялық өзгешелігінен, есту түтігі кең әрі қысқа болғандықтан ойнап отырып құлағына бірдеме тығып алатыны немесе тез суық тиіп қалатыны сондықтан.
Мұрын құрылысы n n Мұрын және мұрын қуысы – тыныс жолдарының басталар бөлігі. Сүйекті негізін бассүйектің бет бөлімінің сүйектері құрайды: жоғарғы жақ, тұмсық, торлы, таңдай, мұрын сүйектері. Мұрын сыртынан терімен қапталған. Мұрын қуысы ішкі бетінің тек алдыңғы жағы ғана тері тектес кілегейлі қабықпен қапталған. Бұл аймақты мұрын кіреберісі деп атайды. Бұл жердің кілегейлі қабығы көпқабатты жалпақ эпителимен астарланған.
Ринит n Мұрын қуысының шырышты қабатының қабынуы. Ауруды мұрын қуысына түскен микробтар мен вирустар тудырады. Қоздырғыштардың дамуына организм мұздауы, шаң-тозаң мен зиянды газдар, гүл тозаңдары әсер етеді. Көп жағдайда ринит жұқпалы аурулар салдарынан болады: тұмау және дифтерия. Аурудың бастапқы кезеңінде мұрынның шырышты қабаты ісінеді, науқастың тамағы қызарып, құрғайды. Бірнеше күннен кейін мұрыннан сұйық ірің ағады. Дене температурасы көтерілмейді, бірақ науқастың басы ауырып, тыныс алуы қиындап, көзден жас ағады. Әсіресе нәрестелерде бұл процесс ауыр өтеді, себебі олардың мұрын қуысы тар, тез бітеледі, натижесінде емшек ему қиындайды. Кейде қабыну мұрынжұтқыншақтың шырышты қабатына, есту түтікшесіне, көмейге, кеңірдекке, тіпті өкпеге де таралуы мүмкін. Ауруды дер кезінде емедемесе, асқынып, созылмалы түріне ауысады.
Көмей, топографиясы және құрылысы n Көмей – мойынның алдыңғы жағында орналасқан іші қуыс шеміршекті мүше. Оның ішкі бетін сілемейлі қабықша астарлап жатады. Қабырғасы 3 сыңар, 3 жұп шеміршектерден түзілген. Ірі шеміршектеріне: төменгі бөлігіндегі сақина тәрізді, алдыңғы жағы мен бүйіріндегі қалқанша тәрізді, үстіңгі жағындағы көмей қақпақшасы жатады. Көмейдің артқы жағында 3 жұп майда шеміршектер болады. Шеміршектер бір-бірімен жартылай қозғалмалы байланысқан. Шеміршектерге бұлшықеттер бекінеді. Шеміршектердің арасында 2 дыбыс сіңірлері болады, олар да шеміршекке бекінеді. Дыбыс сіңірлері бір-біріне қатарлас жатқан иілгіш, серпімді талшықтардан түзілген. Дыбыс сіңірлері арасындағы кеңістікті дыбыс саңылауы деп атайды.
ЛАРИНГИТ
n Адам дем шығарғанда дыбыс саңылауы тарылып, дыбыс шығады. Дыбыстың шығуы адам сөйлегенде ауа ағынының дыбыс сіңірлерін тербетуіне байланысты. Дыбыс сіңірлері неғұрлым ұзын болса , оның тербелісінен жуан дауыс шығады. Мойынның алдыңғы жағындағы ең ірі қалқанша шеміршектің үлкен үшкір түйіні жұтқыншақ шодыры деп аталады. Ер адамда көмейдің орташа ұзындығы 44 мм, ал әйелдерде 36 мм. Ауыз қуысында дыбыс шығаруға тіл 0 ерін, жақсүйектері қатысады.
Кеңірдек, құрылысы, аурулары n Кеңірдек – көмейдің жалғасы, іші қуыс түтік пішінді шеміршекті мүше. Ол өңештің алдыңғы жағында орналасады, ұзындығы шамамен 9 -12 см, диаметрі 15 -18 мм. Кеңірдектің алдыңғы қабырғасы бір-бірімен сіңірлер арқылы өзара байланысқан жартылай шеміршекті сақиналардан тұрады. Жартылай сақиналы шеміршектер кеңірдек қабырғасының қабысып қалмай, ауаның еркін өтуін қаматамасыз етеді. Кеңірдектің өңешпен жанасқан артқы жағы жұмсақ, тығыз талшықты дәнекер ұлпасынан түзілген. Кеңірдектің бұл жағы өңештен тамақ өтуіне ешбір кедергі жасамайды.
Жұтқыншақ, топографиясы, қызметі n Жұтқыншақ – бір жағынан мұрын мен ауыз қуысы, екінші жағынан өңеш пен көмейдің арасындағы байланыстырушы мүше. Адамда жұтқыншақ ас қорыту және тыныс алу процесіне қатысады. Адамда жұтқыншақ омыртқа бағанасының мойындық бөлігінің алдында – бассүйектің астыңғы жағынан, 6 -7 мойын омыртқалары аралығында ораналасып, одан төмен өңешке жалғасады. Ұзындығы 1214 см, ені 5 см. Қабырғасы шырышты, шырыш асты негіз, бұлшықетті, дәнекер тінді қабықтардан түзілген.
n Фарингит – жұтқыншақтың кілегей қабығының қабынуы. Фарингит жедел респираторлы аурулардың, тұмаудың, т. б. жұқпалы аурулардың әсерінен болады. Кейде жұтқыншаққа әр түрлі фактор әсерінен де дамиды: суық немесе тым ыстық ауадан. Фарингиттің 2 түрі бар. Жедел фарингит көбіне жұқпалы болады. Бұл кезде кілегей қабық қызарып, ісінеді. Науқас адамның тамағы құрғап, жыбырлаған сияқты, бірнәрсе кілегей қабыққа жабысып тұрғандай сезінеді. Мұның аяғы созылмалы түрге ауысады. Бұл кезде жұтқыншаққа өте көп қақырық жиналады, сол себептен жөтелу, қақыру болады көп мөлшерде. Фарингиттің созылмалы түрінің дамуына созылмалы тұмау, тонзилит, мұрын қуысының іріңді қабынуы, тіс кариесі, организмде зат алмасу процесі бұзылуы, жүрек, бауыр, бүйрек аурулары себеп болады.
Қолданылған әдебиеттер: n n Оториноларингология. Астана 2009 Төлебаев, Э. К. Исмагулова Пальчун В. Т. , А. И. Крюков Оториноларингология – Медицина 2002. Шеврыгин Б. Г. , Керчев Б. И. Болезни уха, горла и носа. Учебник. – М. , ГЭОТАР – Медиа, 2002. Google. kz
lor_a_1171_zalary_topografiasy_Saparov_Abay.ppt