Антиген.pptx
- Количество слайдов: 12
Қ. А. Ясауи атындағы халықаралық қазақтүрік университеті Тақырыбы: Антигендердің жалпы сипаттамасы. Адам ағзасының антигендері. Антигендердің ағзаның иммунокомпитентті жасушаларымен қарым-қатынасы. Орындаған: Бауржан Э.
Жоспар I. Негізгі бөлім 1. Антигендер 2. Адам ағзасының антигендері 3. Вирустардың, бактериялардың, микробтардың антигендік қүрылысы 4. Антигендер макроорганизмге енген кезде болатын процестер II. Қорытынды III. Пайдаланылған әдебиеттер
Антигендер Антиген - макроорганизмге еңген кезде иммундық жүйе танитын және оны жою үшін иммундық тітіркену тудыратын организм үшін генетикалық бөгде органикалық биополимер. Антигеннің макроорганизмге кіру жолдары әр салалы: тері, не шырышты кабықша аркылы, организмнің ішкі ортасына тікелей кіру, не организмнің бойында құрылу. Антигендер иммунитетке жауапты жасушалармен танылып тізбектелген иммундық реакциялар туғызып, ал ол реакциялар антигенді бейтараптап, бүзып және олардан арылуға бағытталады. Қазіргі заманғы көзқарас бойынша антиген туралы ілім организмнің иммундық қорғанысының молекулалық- генетикалық механизмін және де ауруды иммундық емдеу мен иммундық алдын алудың принциптерін түсіну негізінің кілті болып табылады.
Антигендердің қасиеттері Антигендердің антигендік, спецификалық және иммуногендік деп аталатын басты қасиеттері болады. Антигендік дегеніміз ол антиген молекуласының иммундық жүйе бөлімдерінің белсенділігін арттырып және иммунитет факторларымен (антидене, эффекторлық лимфоциттердің клоны) спецификалық байланысқа түсу қабілеті. Иммундық жүйенің бөлімдерімен байланысуға антигеннің тек кана белгілі бір болігі жауапты. Антигеннің ол бөлігі "антигендік детерминант " не "эпитоп " деп аталады. Иммуногендік. Иммундогендік дегеніміз ол антигенің макроорганизмде өзіне қарсы қорғаныс абын туғызу мүмкіншілігі. Спецификалъщ. Спецификалық дегеніміз антигеннің тек қана белгілі бір әпитопқа иммундық жауап туғызу мүмкіншілігі. Бүл қасиет иммундық жауаптың қүрылу кезіндегі ерекшелікпен байланысты, сондықтан иммундық жауапты жасушылардың рецепторлары тек қана бір белгілі антигеннің эпитобына жауап беруге арналған. Соған қарай антигеннің спецификалығы көбінесе сол эпитоптардың қүрылымдық қасиетімен анықталады.
Антигендердің жіктелуі Антигендердің алуан түрі олардың кейбір сипаттамалық қасиетіне негізделіп бірнеше топқа бөлінуі мүмкін: • • • Тегіне (экзогендік және эндогендік) Табиғатына (ақуызды не бейақуызды) Молекулалық қүрылысына Иммуногендік дәрежесіне Бөгделік дәрежесіне (ксено-, алло-, изоантигендер)
Адам ағзасының антигендері Адам организмінің тінінің аллоантигендік қасиеті бар екенін 1900 жылы КЛандштейнер дәлелдеген. Бүл биологиялі объектілер бүкіл организмнің нәтижелі өсіп, жүмыс атқаруы үшін қажет. Сонымен қатар, олар трансплантация кезінде ағзалар мен тіндердің иммунологиялық сәйкестілігін анықтау, клиникалық лабораториялық диагноз қою және де ғылыми зерттеу жүмыстарын жүргізу үшін аса маңызды ақпарат жеткізеді. Клиникалық тұрғыдан топты спецификалық аллоантигендердің арасында ең қажеттілері мен маңыздылары қан топтарының антигені, жеке дараның гистиосәйкестік (изоантигендер)- антигендері, орган және тін спецификалықтарының арасында- қатерлі ісіктік эмбрионалды антигендер болып табылады
Микробтардың және вирустардың антигендік қүрылысы Микробтардың құрамында антигендердің бірнеше түрі анықталады. Микробтардың антигендерін инфекциялық, немесе аллергиялық ауруларға диагноз қою, алдын алу, емдеу үшін, вакцина мен қан сарсуды алу және де диагностикалық реакцияларды өткізу үшін қолданады. Вирус бөлшегінің қүрылысында бірнеше түрлі антигендер тобы бар: ядролық ( «өзектік» ) капсидтық (қабықтық) және суперкапсидтық. . Кейбір вирус бөлшегінің қабығының бетінде ерекше У-антигендер- гемаглютинин және нейраминидаза ферменті кездеседі. Вирус антигендері шығу тегіне байланысты жіктеледі. Оның ішіндегі бір бөлігі-вирусоспецификалық. Олардың құрылысы туралы ақпарат виру нуклеин қышқылында орналасқан.
Бактериялардың антигендері Бактерия жасушасының құрылысында талшықтық, денелік (соматикалық), капсулалық антигеннің түрлерін ажыратылады. Талшықтьқ, немесе Н-антигендер, жылжытқыш аппаратта, яғни олардың талшығында орналасады. Олардың химиялық қүрамы флагеллин атты ақуыздан түрады. Қызыдырған кезде флагеллин өзінің табиғи қасиетін жоғалтып, Н-антиген спецификалығынан айырылады. Саматикалық, немесе О-антиген жасушаның қабырағасымен байланысты болады. Оның негізін ЛПС (липополисахарид) құрайды. О-антиген температураға төзімді, сондықтан ұзақ уақыт қайнатқанға шыдайды. Бірақ, соматикалық антиген альдегидтер (мысалы, формалин) және спирттердің әсеріне өте сезімтал, аталған заттар оның құрылысын бұзады. Капсулалық, немесе К -антиген, жасуша қабырғасының бетінде орналасады. Капсула түзетін батерияларда кездеседі. К-антиген көбінесе полисахаридтерден тұрады, тек қана, күйдіргі таяқшаларының капсуласы полипептид тізбегінен құрылады. Қыздыру кезіндегі сезімталдығына сәйкес К -антигеннің үш түрі бар: А, В, L. Қыздыруға ең төзімдісі А-түрі, ол үзақ уақыт қайнатқанға шыдайды, В-түрі-1 сағат 60° С дейін қыздыруға төзімді, ал Lтүрі бұл температурада шапшаң бұзылады.
Антигендер макроорганизмге енген кезде болатын процестер Антигеннің организмге енуі мен тарауның әр түрлі тәсілдері бар. Олар организмнің өз бойын (эндогендік шығу тегі), не тыстан (экзогендік шьну тегі) тарауы мүмкін. Шығу тегі бойынша экзогец антигендер организмге мынандай жолдармен енуі мүмкін: • тері және шырышты қабықша арқылы (жара, микрожарақат, жәндік шағуы, қасыну т. б. ); • ішек-қарын жүйесі арқылы сіңірілуі (эпителиалдық жасушалардың эндоцитозы); • жасуша арасындағы саңлау арқылы (аяқталмаған фагоцитозда, не болмаса жасуша ішінде өсеі облигаттық паразитгердің көмегімен); ' • тікелей жасуша арқылы (жасуша арқылы тарайтын облигатты паразиттер, мысалы-вирустар).
Пайдаланылған әдебиеттер 1. Воробьев А. А. , - Медицинская микробиология, вирусология и иммунология. : Учебник- М. : Медицинское информацнонное агентство, Москва 2. Коротяев А. И. , Бабичев С. А. - Медицинская микробиология, вирусология и иммунология. -Учебник. СПБ: «Специальная литература» , 1998. 3. Рамазанова Б. А. , Қ. Құдайбергенұлы, А. Л. Котова және т. б - Жалпы микробиология. Оқу - әдістемелік құрал. Алматы, 2008 ж. 4. Стамкулова А. А. , Қ. Құдайбергенұлы, Б. А. Рамазанова. Жалпы және жеке вирусология. Оқу құралы. Алматы,
Антиген.pptx