жара инфекциясы.pptx
- Количество слайдов: 30
Қ. А. Ясауи атындағы халықаралық қазақтүрік университеті Шымкент медицина институты Емханалық жағдайдағы жара және жара инфекциясына емдеу жүргізу.
жоспар • • Кіріспе Жара туралы түсінік Негізгі бөлім Жара түрлері Қорытынды Жара инфекциясының қоздырғыштары Емханалық жағдайжа жара инфекциясына емдеу жүргізу
Жара дегеніміз • Жара — механикалық сыртқы әсерден терінің не ішкі органдардың кілегей қабығы бүтіндігінің бұзылуы. Жараның ауыр не жеңілдігі оның денедегі орнына, мөлшеріне, адамның жоғалтқан мөлшеріне байланысты. Әсіресе, адамның басына, кеудесіне және ішкі органдарына түскен Жара қауіпті. Жараның қай түрі болса да, оны ең алдымен тазартып, қанын тоқтатып, антибиотиктер қолданып, қажет жағдайда тігіп, оған микроб түспеу үшін дереу таңу керек. Микроб түспеген Жара асқынып кетпей, тез жазылады. • Инфекция түсіп, іріңдеп, ісінген Жара дене қызуын көтеріп, қабыну, сепсис, күбіртке, гангрена, т. б. аса қауіпті ауруға ұласуы мүмкін. Егер адамды ит қапса, тез арада емханаға апарып, сіреспе ауруына қарсы ектіріп, Жарасын таңу керек. Жараның тез бітуі адамның жалпы денсаулығына байланысты. Ұзақ ауырып, жүдеген, қаны аз адамның Жарасы көпке дейін жазылмайды.
Жаралар инфекциясы • Жаралар тері жамылғысының терідегі кілегейлі қабықтың тұтастығы бұзылып, ұлпалардың механикалық зақымдануынан пайда болады. Жаралар жеңіл және қатты болып бөлінеді Түйрелген жараларҚатты жарақаттану кезінде терінің астындағы клеткалар ғана емес сондай-ақ бұлшық ет, сүйек, нерв, сіңір, байлам, ірі қан тамырлары зақымданады. Жарақаттағыш зат дененің ішіне –кілегейлі қабыққа, бас сүйектің қуысына және т. б. енуі мүмкін осындай бойлай салынған жарақат ішкі органдарды зақымдайды •
Жаралардың жіктелуі • Жаралар заттың немесе қарудың түріне байланысты жаралар: кесілген, тілінген, түйрелген, сыдырылған, тістелген, жарымдалған және оқ тиген болып бөлінеді. • Түйрелген жаралар түйрегіш қарулы найза, пышақ, біз, ине, шеге әсерінен болады. Жараның осы түрі үлкен тереңдіктегі шағын сыртқы саңылаумен сипатталады. Өйткені жараның аузы тар, ал кейде ұлпалардың ауысу салдарынан (бұлшық еттің қысқаруы) ол үзілгіш және ирек тәріздес болады. Бұл түйрелген жараларды қауіпті етеді, өйткені зақымдалу тереңдігі мен ішкі органдардың ықтимал жаралануын анықтау қиын.
• Кесілген жаралар жүзі өткір заттар арқылы болады ( пышақ, ұстара, шыны және т. б. ). кесілген жаралардың шеті тегіс және зақымданбаған болып келеді. Қан жиі ағады Жарымдалған жаралардың шеті тегіс және ластану деңгейі үлкен, қанның ағуы жиі. Тілінген жаралар ауыр өткір заттың тиюінен болады( балта, қылыш). Сырттай қарағанда кесілген жараны еске түсіреді, алайда зақымдану аумағы үлкенірек, кейде тіпті сүйектің зақымдануына апарып соғады. Жараның шеті біршама ісінеді. Сыдырылған жаралар ауыр жалпақ заттың соққысынан (балға, тас және т. б. ). сыдырылған жаралардың шеті ісінеді, тегіс емес, қан қатады, тамырлардың және олардың тығындалуының нәтижесінде жара шетінің нәрленуі бұзылады. Ісінген ұлпалар микробтардың көбеюіне септігін тигізеді
• Жарақаттар кезінде асқынушылық Жарақаттанған кезде міндетті түрде қан кетеді, дене сырқырайды, үңірейген орын пайда болады, шектен тыс сырқаттану естен тандырады. Қалған жағдайлардағы жаралар микроорганизмдер үшін ашық есік ретіндежұқпалы ауруларды асқынжарушы ретінде қызмет етеді. Микробпен зақымданаған жараны жұқтырмалы, ал оқыс арқылы пайда болған аурады жара инфекциясы деп атайды. Микробтар жараға жарақаттаушы заттар мен ағаштың қабығымен, жердегі түйіршіктерден, ауадағы тозаңнан, жараның төңірегін қолмен арқылы өнеді.
• Газдан шіру аяқ жарақаттан жиірірек байқалады. Аурудың анық белгілерінің бірі жеңіл шаншудың пайда болуы, артынша қатты сырқыратуға ауысады. Жараның төңірегі домбығады, аяқтың тері жамылғылары су үстін қара дақ басады. Тамырдың соғуы тоқтайды. Сипаған кезде шықырлайды. Сіреспенің алғашқы белгілері жоғары температура (39 -41 градус), жара төңірегінде бұлшық еттің еріксіз дірілдеуі асқазан төңірегінің, іш бұлшық еттің шаншуы жұту кезіндегі қиыншылық, беттің ымдау бұлшық етінің қысқаруы ауызды аштырмайтын шайнау бұлшық етінің қысқаруы және ауыз аштырмайтын шайнау бұлшық етінің түйілуі болып табылады. Біраздан кейін бұған жай тітіркеніс кезінде пайда болатын азапты құрысу қосылады.
• Асептика және антисептика туралы түсінік. Асептикажараны микробтардың зақымдануынан қорғау әдісі. Бұл үшін жарамен түйісетін затта микроб болмауы тиіс. Мүлдем микроб жоқ материалдар мен заттар тазартушы деп аталады. Материалдар мен аспаптардағы, басқа заттардағы таңғыштың микробтарын толық жою тазартқыш деп аталады. Жараны көп жағдайда іріңдетуші микробтар зақымдайды, одан кейін жара іріңдеп, ісінеді. Микробтар сәл тамырларына, сөл арқылы сөл жолдарына түсуі мүмкін. Бұл жағдайда тері ісініп қызарады және қатты ауырады. Егер іріңді инфекция қанға өтсе, қан бұзылып сепцис дамиды.
• Антисептика- жараға түскен бактерияларды, микроорганизмдерді өлтірентін немесе олардың тіршілігін әлсірететін антибиотиктерді химиялық және биологиялық заттарды қолдану жолымен жою. Антисептиктер ретінде хлорамин ерітіндісі, йод тұнбасы, спирт сутегі қолданылады. Тек ауа жоқ кезде дамитын микробтардың жарада көбеюі (анаэробтар) анаэробтық немесе газдық инфекция аса қауіпті. Жараға топырақпен бірге сіріспені тудыратын анаэробтық микробтардың түрлері енуі мүмкін. Механикалық антисептика жараны алғашқы хиррургиялық емдеу кезінде жүргізіледі. Физикалық антисептика жарадағы микробтар үшін қолайсыз жағдай жасайды, атап айтқанда бұл жараны құрғатады, жарадан сұйық суды сыртқа шығарады. Микробтарды күн сәулесі мен жасанды ультракүлгін сәуле де өлтіреді.
• Химиялық антисептика микробқа қарсы қабілетке ие әртүрлі дәрі-дәрмекті қолдануға енгізілген. Бұлар антисептикалық заттар деп аталады. Йод тұнбасы, этил спирті, хлорамин, риванол, калий перманганаты сияқты антисептиктер жиі қолданылады. Антисептиктер вишневский майы сияқты бірнеше заттардан құралуы мүмкін. Биологиялық антисептиктер жара инфекциясынан сақтандырумен емдеу үшін пайдаланылатын антибиотиктер жатады. Антисептика мен асептика әдістері жараның инфекциялық зақымдануымен күресте бірін-бірі толықтырады. •
• Жаралардың жазылуы төмендегі түрге бөлінеді: Жараның алғашқы тез жазылуы (заживление ран первичным натяжением) асқынусыз жазылған жара деп аталады. Бұған жарада микробтардың болмауы, жараның шеттері бір – біріне жақындап жабысып тұруы қажет. Жазылу орта есеппен 6 -8 тәулікте тыртық жіңішке сызықша болып бітеді. Жараның шеті ашылып, ырсиып, іріңдесе онда ол асқынып жазылады. Жараның бұлай жазылуын асқынып жазылу (заживление ран вторичным натяжением) деп атайды. Бұған себеп жарада өлі тіндердің мезгілімен тазаланып, жоқ болуы, грануляцияның пайда болуы, тыртық тіннің және эпителизацияның болуы шарт. Асқынып жазылу ұзаққа созылады (бірнеше аптаға) тыртығы жуан, дөрекі болып бітеді. Оның тыртықтануынан буынның қимылынан нашарлауы (контрактура), егер тыртық буынға жақын болғанда пайда болады.
• Қабыршықтың астындағы жараның жазылуы. Терінің кішігірім жарақаттарында жара бетінде ұйыған қан, лимфадан жұқа қабық (струп) пайда болады. Қабыршықтың астының жазылу процессі жаралардың регенерациялануының жалпы көзқарас қағида бойынша, бірақ едәуір тезірек жазылады, себебі қабыршық жараны микробтардың түсуінен және жарақаттан сақтаушы биологиялық таңғыш қызметін атқарады.
• Жараның микробпен ластануы. Әр түрлі кенеттен пайда болған жараның микробпен ластануы жиі кездеседі. Микробтар жараға жарақаттаушы құрал, киім қоқымдарымен бірге, терінің шетінен келіп түседі. Жарадағы микробтардың өсіп – өнуі үшін микробтардың вируленттігі, жара өзегінің аймағындағы тіндердің, қан айналысының және жүйке жүйесінің қызметінің нашарлауы, дененің қорғаушы күштерінің бәсеңдеуі себеп болады. Микробтардың өсіп өнуі үшін қолайсыз болған жағдайларда микрофлора жоқ болып кетуі мүмкін.
• Жараның іріңдеуі. Жарадағы іріңдеу процессінің белгілі клиникалық белгілері болады: жара шеттерінің қызаруы, олардың ісінуі, қатаюы, жергілікті, сондай-ақ жалпы температураның көтерілуі, солқылдап ауыру пайда болуын дененің осы бөлімінің қызметінің нашарлауы байқалады. Жарадағы ісік экссудаты іріңді ісікке ( қанның ақ түйіршіктерінің санының көбеюі) айналады. Жабық жарада үлкен іріңді ісіктер пайда болып тіндер арасына тарайды.
Жараланудағы бірінші көмек • Жаралануда бірінші көмек көрсетудің негізгі мақсаты қан ағуды уақытша тоқтату ( байлау, таңу, жгут салу) және инфекцияның түсуінің алдын алу (таңбаны қояр алдында жараның шеттерін йод ерітіндісімен тазалау) болып есептеледі. Жараға таңғышты қояр алдында дененің осы жеріндегі киімдерді немесе аяқ киімдерді шешу қажет. Киімдерді қосымша жара түсіріп алмай, абайлап шешу керек. Оларды тігісінен кескен мақұл.
• Жараның қай түрі болса да ең алдымен қанын тоқтатып, оған микроб түспеуі үшін дереу таңдыру керек. Стерильденген дәкеден жасалған таңғыш өте қолайлы. Жараны таңарда дәкенің үстіне мақта салады да, орап тасталады. Жарақатты таңу жөніндегі белгілі бір ережені сақтаған жөн: жарақатты жууға болмайды, өйткені оған іріңдететін микроб түсуі мүмкін. Жарадағы ағаттық жаңқасын, киімнің жыртылған жерінің шүберегін не топырақты, олар жарақаттың бетінде көрініп тұрса ғана алуға болады, бірақ жарақатқа қол тигізуге мүлде болмайды. Стерильденген материал – бинт болмаса, жарақатты ыстық үтікпен үтіктелген таза шүберекпен таңады.
Жара инфекциясы дегеніміз • Жараға шаң-тозаңмен, медициналық құралжабдықтармен түскен микробтың өсіпөнуінен пайда болатын ауруды жара инфекциясы деп атайды.
Жара инфекциясы • • • Жара инфекциясы іріңді, анаэробты, аэробты инфекциясына бөлінеді. Іріңді инфекцияның қоздырғышы стафилококк, стрептококк, диплококк таяқшалары. Олар түскен жер қызарады, ісінеді, кейіннен іріңдейді. Мұндай адамның ыстығы көтеріледі, жара сыздайды, тамаққа тәбеті болмайды, ұйқысы қашады. Жараның жазылуы ұзаққа созылады.
Іріңді жара инфекциясы • Іріңді жара инфекциясы жергілікті және жалпы болып бөлінеді. • Жергілікті ірінді инфекцияға абцесс, флегмона, тілме қабынуы және т. б. жатады. • Жалпы іріңді инфекция кезінде қоздырғыштар қанға түседі де бүкіл ағзаға тарайды, оны сепсис деп атайды. Бұл жағдайда сырқаттың жағдайы нашарлайды – ыстығы 39 -40 градусқа дейін қөтеріледі, жүрегінің жұмысы мен демі бұзылады, қанның құрамы өзгереді, тері қанағыш келеді, бауыр және көкбауыр қабынады, емдемесе сырқат өліп кетуі мұмкін. Емдеуі: антибиотиктер, сульфаниламидтер, жылу басу, физиотерапия, ауыр жағдайда – қан, плазма құю. Ірің түзелген кезде хирургиялық жолмен емдеу.
Сіріспе • Сіреспе • Бұл анаэробты инфекцияға жатады. Қоздырғышы – сіреспенің таяқшасы, ол жараға жарақаттаушы заттармен, топырақпен түседі. Жарада ауа жоқ жерде өсіп өнеді де, тетаноспазмин және тетанолизин токсиндер бөледі, олар орталық жүйке жүйесінін зақымдайды. • Инкубациялық кезең бірнеше сағаттан бір айға дейін созылады. Аурудың белгісі жарақат маңындағы бұлшық еттің тартылуы, ауызды ашу және шайнаудың қиындауы. Сырқат жарықтан қорқады, ұйқысы қашады, дененің ыстығы көтеріледі, қатты терлегіш, беттің тамақ шайнайтын және мимикалық бұлшық еттерінің дірілдеуі пайда болады, арқа мен мойын бұлшық еттерінің басты артқа шалқайта қатты тартуы (опистотонус), дем алудың да тоқтап қалуы мүмкін. • Алдын алу шаралары: сіреспеге қарсы егу. Барлық зардап шеккендердің терілердің астына сіреспеге қарсы сыворотка және анатоксин жіберілуге тиіс. Емі емханаларда жүргізіледі.
Газ гангренасы • • • Газ гангренасы Бұл да анаэробты жара инфекциясына жатады. Жараға жарақаттанушы заттармен, ластанған киіммен, шаң-тозанмен түседі. Соңымен қоса, ауыр жарақаттанғанда, алғашқы хирургиялық көмекті дер кезінде жасамағанда, бұрауды аяқ-қолға көп уақыт қойғанда, дұрыс зардап шегушіні тасымалдамағанда газ гангренаның қоздырғышы қатпарланған жараға түсуі мүмкін. Бұған аурудың ауыр жағдайы да себеп болады: көп қан кету, жарақаттық шок, сәуле ауруы, ауыр жарақаттар. Қоздырғыштар жараға түсіп, өсіп-өнеді де некротоксин бөледі, бұл токсиндер өте ұлы келеді. Ауру 3 -6 күннен кейін басталады. Жара сыздап қатты аурады, жараның шеті ыдырайып шығады. Жара өте құрғақ, түсі сұрғылт, кейіннен ісінеді. Сырқаттың ыстығы 38 -39 градусқа дейін көтеріледі, ұйқысы бұзылады, тамыры жиі соғады, артериялық қысым төмендейді. Жағдайы нашарлайды, жараның маңындағы бұлшық ет жансызданады, қараяды, емдемесе ол ұлғая береді, тер астына газ жиналады, зақымдалған жер ісіп үлкейіп кетеді. Токсиннен бүкіл ағза ұланады да сырқат өліп кетуі мүмкін. Емдеуі: гангренаға қарсы сыворотка егу, жараны қайтадан хирургиялық тазарту арқылы өңдеу, антибиотиктер (пенициллин, стрептомицин) беру, қан және басқа ерітінділер (реополиглюкин, гемодез и т. б. ) құю. Егер емі болыспаса онда ампутация жүргізу.
Емханалық жағдайда жараны таңу және таңу бөлмесінің міндеттері • Хирургиялық бөлімде іріңді, таза, жарақаттық болып бөлінеді. Оның себебі науқастарды әсерлі емдеп, асқынулардың алдын алуға мүмкіндік береді. Егер хирургиялық бөлім бұлай бөлінбеген болса, онда бұл бөлімде таза, іріңді, жарақаттық арнаулы бөлмелер ұйымдастырған дұрыс. Іріңді аурулары бар бөлмелер операциялық блок (ОБ) пен таңу бөлмесіне жақын орналасуы керек.
Жараны инфекциядан қорғау • Оперблокты ұйымдастырғанда сырттан инфекцияны жараға түсірмеуге, операцияны дұрыс орындауға барлық жағдайды ойластырып, ұйымдастырып жасау қажет. Сондықтан да оперблоктың құрылысы, құралжабдықтары оларды тазалауға ынғайлы болуы тиіс, терезелері солтүстікке немесе батысқа қарай орналастырылып, көшенің шуынан, шаң -тозаңнан алыс болғаны дұрыс. Мүмкіндігінше терезелер ағаштар өсіп тұрған жаққа қарап тұрғаны дұрыс.
әдебиеттер • www. google. kz • www. yandex. kz
жара инфекциясы.pptx