
Nurkanat slait.pptx
- Количество слайдов: 16
Қ. А. Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік унмверситеті. Медицина факультеті. Жүректің өткізгіш жүйесі. Түйіншелері мен будалары.
Жоспары. 1 Кіріспе 2 Жүректің өткізгіш жүйесі 3 Қойнау-жүрекше түйін 4 Жүрекше-қарынша түйін 5 Жүректің өткізгіш жүйесін зерттеу
• Кіріспе • Жүрек (Cor) –артериаларға, оттегімен байыған қанды қысып шығаратын және веналық қанды қабылдайтын бұлшықетті төрт камералы ағза. • Негізі жүректің үш бетін ажыратады. Өкпелік (facies pulmonalis). Көкеттік (diaphragmatica), төс қабырғалық (sternocostalis), ұшы (apex cordis) және негізі (basis cordis). Тәждік жүлге (sulcus coronarius) қарынщалар мен жүрекшелер шекарасы.
• Жүректің негізгі қызметі автоматизм, өткізгіштік, қозғыштық, • жиырылу және т. б. Жүректің автоматизм қызметі деп-оның сыртқы тітіркендіргіштердің әсерінсіз, өздігінен электр импульсін тудыруын айтамыз. • Автоматизм қызметіне синоатриалды түйін және жүрекшелер мен қарыншалардың (пейсмекерлер) өткізгіштік жүйесі қатысады. Электрокардиографияда, жалпы, үш автоматизм орталығы болатынын айта кеткен жөн.
1. Бірінші реттік автоматизм орталығы — бұл минутына 60 -80 рет жиіліктегі электр импульсін тудыратын СА түйіні. 2. Екінші реттік автоматизм орталығы – бұл минутына 40 -60 рет жиіліктегі электр импульсін тудыратын АВқосылыс (АВ түйінінің Гис шоғырына және жүрекшенің төменгі бөлігіне өтетін аймақ), сонымен қатар Гис шоғыры. 3. Үшінші реттік автоматизм орталығы – соңғы бөлім, Гис шоғырының аяқшалары мен тармақтары. Ол автоматизмнің төмеңгі қызметін атқарады, минутына 25 -40 жиіліктегі электр импульсін тудырады.
• Қойнау-жүрекше түйіні-nodus sinuatrialis-оң жақ жүрекшенің қабырғасының салқынқандылардың sinus venosus- на сәйкес келетін бөлімінде орналасқан (sulcus terminaliste-те жоғары қуыс вена мен оң жақ құлақша арасында). Ол құлақшалардың бұлшықетімен байланысқан және олардың ырғақты жиырылуы үшін маңызы бар.
• Жүрекше-қарынша түйіні-nodus atrioventricularis-оң жақ жүрекшенің қабырғасында, үш жармалы қақпақтың-cuspis septalis-қасында орналасқан. Жүрекше бұлшықетімен тікелей байланысқан түйін талшықтары жүрекше қарынша будасы – fasciculus atrioventricularis (Гис будасы) түрінде қарыншалар арасындағы қалқаға айнала жалғасады. Буда қарыншалар қалқасында екі аяқшаға –crus dexter et sinistrum –бөлінеді. Ал олар аттар қарыншалар қабырғасына барып, солардың эндокард астындағы бұлшықеттерінде тарамданады. Жүрекше-қарынша будасы дүрек жұмысы үшін үлкен маңызы бар. Өйткені сол арқылы жүрекшелерден қарыншаларға жиырылу толқыны беріліп, соның нәтижесінде жүрекшелер мен қарыншалардың систола ырғағы реттеледі.
• Демек, жүрекшелер өзара қойнау-жүрекше түйіні, ал жүрекшелер мен қарыншалар жүрекше-қарынша будасы арқылы байланысады. Әдетте, тітіркену оң жақ жүрекшеден қойнау-жүрекше түйінінен жүрекше-қарынша түйініне, ал одан жүрекше –қарынша будасы арқылы екі қарыншаға беріледі.
• Жүректің электрлік белсенділігін зерттеудің В. Эйтховен, А. Ф. Самойлов, Т. Льюис, В. Ф. Зеленин және т. б. ұсынған осындай әдістемесі электрокардиография деген атқа ие болды, ал оның көмегімен тіркелетін қисық электрокардиограмма (ЭКГ) деп аталады. Электрокардиография жүректе қозудың таралу динамикасын бағалауға және ЭКГ-ң өзгеруі кезінде жүрек қызметінің бұзылуын жорамалдауға мүмкіндік беретін медицинада кең таралған диагностикалық әдіс болып табылады. Қазіргі кезде арнайы құралдар – электронды қүшейткіштері және осцилографтары бар электрокардиографтар қоланылады. Қисық сызықтар қозғалмалы қағаз жолағына жазылады.
• ЭКГ- ны тіркеу үшін аяқ- қол мен кеуде бетіндегі потенциалдардың тіркелімі (тармағы) жүргізіледі. Әдетте үш түрлі стандартты тіркелім әдісі қолданылады: • І-тіркелім: оң қол - сол қол; • ІІ-тіркелім: оң қол - сол аяқ; • ІІІ-тіркелім: сол қол - сол аяқ (сурет 3). • Сонымен қатар Гольдбергер бойынша үш униполярлы күшейтілген тармақтар тіркеледі: a. VR; a. VL; a. VF. Стандартты тіркелімдерді тіркеу үшін қолданылатын екі электродты күшейтілген тіркелімдерді тіркеу кезінде біріктіріп, осы біріккен электродтар мен белсенді электродтар арасындағы потенциалдар айырмасы тіркеледі.
Электрокардиограмманың. стандартты тіркелімі кезіндегі электродтардың орналасуы (I—III) және осы тіркелім кезінде алынған ЭКГ-ң түрлері. Электрокардиограмманың кеуде тіркелімі (1 - 6) кезіндегі электродтардың орналасу жерлері және осы тіркелімдер кезінде алынған ЭКГтүрлері. І- ІV- қабырғааралықтар.
• Үш стандартты тіркелімдегі тістер шамалаларының өзара қатынасын Эйтховен тағайындаған. Ол II – ші стандартты тіркелімде тіркелген жүректің электр қозғаушы күшінің I- ші және III- ші тіркелімдердегі электр қозғаушы күштерінің қосындысына тең болатындығын анықтаған. Тістердің биіктігі ЭҚК-ң көрінісін (мәнін) анықтайды, сондықтан II- ші тіркелімнің тістері өзінің шамалары бойынша I – ші және III- ші тіркелімдердегі тістердің алгебралық қосындысына тең.
• Қорытынды. • Жүректің жиырылуы оның бұлшықетінде периодты түрде пайда болатын қозу үрдістерінің салдарынан болады. Жүректегі қозу онда жүріп жатқан үрдістердің әсерінен периодты түрде пайда болады. Осы құбылыс автоматия деген атқа ие болды. Ырғақты серпіністердің спонтанды өндірілуі синусты- жүрекше түйіншектің көптеген жасушаларының үйлесімді қызметінің нәтижесі болып табылады және ол осы жасушалардың тығыз байланысы (нексус) арқылы және электротонды өзара әсерлесуімен қамтамасыз етіледі. Синусты- жүрекше түйіншегінде пайда болған қозу өткізгіштік жүйе арқылы жиырылғыш миокардқа беріледі.
• Әдебиеттер. • 1. Алшынбай Рақышев Адам анатомиясы 2 -том. Алматы 2004 • 2. Ә. Б. Әбубәкіров, Ф. М. Сүлейменова, Т. М. Досаев, Ғ. З. Зайрли • АТЛАС. Адам анатомиясы. Астана -2010 • 3. Т. М. Досаев Адам анатомиясы. Алматы-2013 • 4. www. google. kz
Nurkanat slait.pptx