стоматит.pptx
- Количество слайдов: 14
Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті ОРЫНДАҒАН: МӘРЗЕЕВ А ҚАБЫЛДАҒАН: ҚОЖАМБЕКОВА Э ТОБЫ: СТК-303
Жоспары Кіріспе Жедел ұшықты стоматит Таралуы Алдын алу Емі Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Жедел ұшықты стоматит Стоматит (көне грекше: στόμα – ауыз) – ауыздың шырышты-кілегей қабығының қабынуы. Клиникалық ағымына қарай стоматиттың жедел және созылмалы түрлері бар. Егер қабыну тілде болса – глоссит, ал қызыл иекте болса – гингивит деп атайды. Аурудың пайда болу себептері: механика, физика және химия жарақаттану, улану (мысалы, темекіні көп тарту, мөлшерден тыс арақ-шарап қабылдау, өте ыстық не өте салқын, сондай-ақ, өте қышқыл не өте тұзды тағам ішу); түрлі жұқпалы ауруларға (қызылша, кандидоз, тұмау, т. б. ) шалдығу; дәрі-дәрмек аллергиясы; дәрумен жетіспеушілік (гиповитаминоз); жүйке жүйелерінің, ішкі органдардың созылмалы аурулары, ағзада зат алмасу процесінің және ішкі секреция бездері қызметінің бұзылуы, т. б.
Сондай-ақ стоматит жыныстық жетілу кезінде немесе ақыл тіс кеш шыққанда дамиды. Стоматиттің қай түрінде де ауыздың шырышты қабығы қызарады, сілекей аға бастайды, жақасты лимфа түйіндерінің айналасындағы тіндер ісінеді. Дақ, бөртпе, бұдыр-төмпешіктер пайда болып, кейде олар іріңдеп, жараға айналуы мүмкін. Стоматитті емдеу тәсілдері аурудың негізгі себебіне қарсы бағытталады. Ауру белгісі пайда болысымен ауыз қуысын көмір тотығы, фурациллин, калий перманганаты (ашық қызғылт түсті) ерітінділерімен шаю керек. Физиотерапия жолымен, шырғанақ майымен де емделеді. ==Акрил стоматиті==. Акрилден ауыздың қабынуы. Протезбазисінде акрилды пластмассаның мона мері мөлшерден көп болған соң, шырышты қабыққа зиян тигізіп, ауыз қуысының қабынуына әкеп соғады.
Ағымы жеңіл 1. Жасырын 2. Катаральді 3. Бөртпелі кезең 4. Эпетилизация 5. Сауығу орта ауыр
Даму сатылары Жарақаттық(механикалық, химиялық, оның ішінде дәріөдәрмектік, сәулелік, т. б) инфекциялық (вирустық, бактериялық, оның ішінде, туберкулездік, сифлистік, микоздық, т. с. с) Аллергиялық Экзогендік улардың әсерінен дамитын стоматит Әр түрлі соматикалық аурулардан және зат алмасулардан дамитын стоматит Дерматоздық стоматиттер
Қабыну үрдісінің сипатына қарай стоматит Катарлы, катарлы-десквамациялы, катарлы-ойық жаралы, гангреналы, везикулалы, күлдіреуікті, афтал ы, паракетозды және гиператозды болып бөлінеді. Жедел ұшықты стоматитпен барлық балалар аурады, бірақ көбінесе 6 айдан 3 жасқа дейінгі балалар зардап шегеді. Жедел ұшықты стоматитті кешенді емдеуде солкосерил денталды адгезивті пастаны қолдану тәжірбиесімен алдын алуға болады.
Профилактика Біріншілік профилактика: - табиғи тамақтандыру; - гигиеналық шараларды сақтау; - рационалды антибактериалды терапия (кандидозды стоматит); - науқастар және вирустасымалдағыштармен қатынасты шектеу. Профилактикалық шаралар: 1. Егер баланың ахуалы нашарласа немесе ол емшек сора алмаса, қызба пайда болса, тыныс алу жиілесе немесе қиындаса, 2 күннен кейін немесе одан ерте учаскелік дәрігеріне қаралуы. 2. Қандай жағдайда қайтадан дәрігерге тез арада қаралу керек екендігін анасына үйрету.
Емдеу тактикасы ЕМДЕУ ТАКТИКАСЫ Емдеу тәсілі Ем мақсаты: 1. Қабыну процесі, ауру сезімі синдромын тоқтату, жараны жазу. 2 Ауыз қуысының толық тазартылуы. Дәрі-дәрмексіз ем: 1. Науқасты оңашалау (жеке ыдыс-аяқ, гигиениалық заттар). 2. Механикалық аялаушы сүтті - өсімдікті диета. 3. Сұйықтықты мол ішу (қайнаған су, жеміс пен көкөніс шырындары).
Ем тиімділігінің индикаторлары: - дене температурасының қалыпқа келуі; - тәбеттің қалпына келуі, өзін өзі жақсы сезіну; - сілемейді тазарту; - асқынулардың болмауы. * - Негізгі (өмірге маңызды) дәрілік заттар тізіміне кіретін препараттар. ** - Амбулаторлық ем кезіндегі рецепт бойынша дәрілік заттар тегін және жеңілдікпен берілетін ауру түрлерінің тізіміне кіреді.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі Хаттаманы дайындау барысында пайдаланылған әдебиеттер: 1. Доказательная медицина. Ежегодный справочник. Часть 7. Москва. Медиа Сфера, 2003, с 2305 -2307. 2. EBM Guidelines 11. 8. 2005 Stomatitis in Children. 3. American Academy of Pediatric Dentistry. Clinical guideline on infant oral health care. Chicago (IL): American Academy of Pediatric Dentistry; 2004. 4 p. 4. University of Texas at Austin, School of Nursing, Family Nurse Practitioner Program. Recommendations for the diagnosis and management of recurrent aphthous stomatitis. Austin (TX): University of Texas at Austin, School of Nursing; 2003 May. 12 p. 5. Клинические рекомендации, основанные на доказательной медицине: Пер. с англ. / Под ре. Ю. Л. Шевченко, И. Н. Денисова, В. И. Кулакова, Р. М. Хаитова. – 2 -е издание, исп. – М. : ГЭОТАР-МЕД, 2002. – 1248 стр. : ил 854 -855.
Назар аударғандарыңызға рахмет!!!
стоматит.pptx