Клиника комуникатив.pptx
- Количество слайдов: 15
Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Факультет: Медицина СӨЖ Тақырыбы: Науқасты күткенде коммуникатівті дағдыларды дамыту және оның жанұясымен танысып тіл табысу Қабылдаған: Еулежанов Е. Н. Орындаған: Садикова П Тобы: ЖМ-129 Түркістан-2015 1
Соңғы он жылда медициналық тәжірбиеде дәрігер ісінің сипаты мен мазмұнына қатысты өзгерістер орын алуда. Бұл іс науқастың еңбекке жарамдылығы мен оның өмірін сақтаудағы дәстүрлі кәсіби міндеттерінен шектен шығып отыр. Соның ішінде пациенттің сапалы өмірін қамтамасыз ету өзекті мәселенің бірі болып табылады. Бұл, өз алдына, халықты сапалы медициналық көмек көрсетумен қанағаттандыруды бірінші орынға шығарады.
Дәрігерлердің коммуникативті дағдыларды қолдануы олардың кәсіби қызметіне оң ықпалын тигізеді. Бұл науқас жағдайын толық және нақты дәрігерлік бағалауда білінеді. Сапалы медициналық көмек көрсету аясында науқастың қанағаттанушылығы өседі. Олар толық мәнінде бар проблемаларды ұғынады, тексерілудің керектігін, емдік және диагностикалық шаралардың мән-мағанасын түсінеді. Дамыған коммуникативті дағдылары бар дәрігерлердің жетекшілігіндегі пациенттер көп жағдайда терапияға берілген болып келеді және өзінің мінез-құлығын өзгерту жөніндегі кеңестерге сүйенеді, сонымен қатар, өздерінің ауруын алып жүруге саналы және белсенді түрде қатысады
Оларда ауруы себепші болатын үрейге және депрессияға әуестіктері азаяды. Сонымен қатар, коммуникативті дағдыларды қолдану дәрігерлердің де өмірін жақсартады, кәсіби стрессті сезінушілігін төмендетеді, кәсіби «күйіп кетуді» азайтады және кәсіби өзін-өзі сыйлаушылықты жоғарлатады. Медициналық қызметкерлерде коммуникативті дағдыларды жетілдіру кәсіби білім берудің өзіндік мәселесін тудырады. Мұндай дайындық дәрігерлердің пациентпен психологиялық қарым –қатынасын жақсартуға бағытталған және олардың арасында конструктивті ынтымақтастықты тереңдетеді.
Бұл өз алдына клиникалық мәліметтерді жинау мен анализ жасау жағдайын жеңілдетеді және емдік профилактикалық шаралардың тиімділігіне тікелей ықпал етеді. Дәрігерге қажетті коммуникативті дағдылар тізімі көлемді болып келеді. Ол өзіне вербальді, сондай-ақ вербальсіз коммуникация әдістерін, өзін өзі ұғуын және өзін өзі ұстауын тереңдету мен тұлғааралық қарым қатынасты жақсарту әдістерін қосады. Бұған белсенді тыңдау, сараланған сұрақтарды қою, білікті ақпарат беру және науқасқа потенциалды зақым келтіреін мәліметтерді сақтықпен жеткізу сияқты психологиялық техникалар жатады.
Сонымен қатар, психологиялық негізделген тәсілдердің де маңызы зор. Бұлар пациенттің активациясына , конструктивті диалог құру , серіктестік позиция жасауға, біріккен терапевтік шешімдер қабылдауға , бағалауға қарсы әрекетке, психологиялық тойтарысы бар жұмыстарға бағытталған. Көптеген дәрігерлер кәсіби жүріс-тұрыс ережелері туралы тек жалпы түсінікке ие және тәжірбие жүзінде оларды жеткіліксіз пайдаланады. Бұл әсіресе пациентпен психологиялық қатынасты жақсарту қабілеттілігіне, науқасты сұрастыру стиліне, науқастан алынған ақпаратты ұйымдастыруға, сондай-ақ, емдік-диагностикалық үрдістегі ынтымақтастыққа пациентті қызықтыруға байланысты
Айтылғандарды есепке ала отырып, медициналық көмек көрсетудің біріншілік буын дәрігерлердің психологиялық біліктігін жоғарлату кәсіби және жеке дамудың маңызды құралы ретінде қарастырылу керек, сонымен қатар, емдік профилактикалық ұжымдарда психологиялық ахуалды сауықтыру әдісі ретінде, ең соңында медициналық көмек сапасын көтеру құралы ретінде қарастыру.
Видео
Клиника комуникатив.pptx