Цитомегаловирусты инфекция.ppt
- Количество слайдов: 25
Қ. А. Ясауи атындағы халықаралық қазақ түрік университеті Цитомегаловирусты инфекция Қабылдаған: Усманов Н. Орындаған: Қыпшақбай Г. Рахимов Э. Тобы: ЖМ-019
Қ. А. Ясауи атындағы халықаралық қазақ түрік университеті СӨЖ жоспары: Кіріспе Негізгі бөлім üЭтиология және патогенез üЖұғу жолдары, эпидемиологиясы üДиагностикасы üЕмі Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер 3
Қ. А. Ясауи атындағы халықаралық қазақ түрік университеті Цитомегалия кең тараған вирусты ауру, көбінесе ерте жастағы балаларда клиникалықформалардың көп түрімен сипатталатын жеке бір типті морфологиялық көрінісімен — ядролы жеке цитоплазмалық қосындыларының, гигантты клеткалардың тізілуімен сипатталады 13
Қ. А. Ясауи атындағы халықаралық қазақ түрік университеті Этиологиясы. Цитомегалияның қоздырғышы - вирус — Неrреs vіrіdае тұқымдастығына жатады. Бірінші бөліп алған 1956 жылы М. Smіtһ. Осы вирустың екі серотипі белгілі. Морфологиялық қасиетіне қарағанда жай герпеске ұқсас. Клиникалық цитогендік әсері бар, және көбейгенде гиганттық клеткалар пайда болады. Цитомегалияда аурудан қоздырғышты бөліп алуға болады — сілекейден, зәрдің тұнбасынан, ликвордан және басқа зақымдалған мүшелерден. Вирус бөлме ішіндегі температурада тұрақты, ал эфирге және дезинфицирленуші заттарға сезімтал. 13
4
Қ. А. Ясауи атындағы халықаралық қазақ түрік университеті Бұл вирустың патогендік әсері бір келкі емес. Бір жағынан ЦМВ иммунокомпетәнтті адамдарда клиникалық айқын түрлерін сирек шақырады. Екінші жағынан иммунды жүйесі әлсіз ересек адамдарда және балаларда ЦМВ жиі әр түрлі аурулардың себебі болып табылады: мононуклеоз тәрізді, хориоретинитте, балалардың психомоторлы даму бұзылыстарының, ақыл кемістігінің, саңыраулықгың (керең) және интерстициальды пневмония мен диссиминирленген ЦМВИ сияқты ауыр ауруларға әкелуі мүмкін. 13
6
Эпидемиологиясы. ЦМВИ адам популяциясында барлық жерде тараған. Кездесу жиілігі және аурулардың жасы халықтың өмір сүру әлеуметтік — экономикалық жағдайларға тәуелді болып өзгеріп отырады. Серологиялық зерттеулер бойынша, экономикасы дамыған елдерде 35 жастан кейін 60% астам халықга ЦМВ-ке бағытталған комплемент байланыстыратын антиденелер табылады. Африка мен Қиыр Шығыстың кейбір елдерінде серопозитивті адамдардың саны 100%-ке жетеді. Америка және Жапония зерттеушілердің мәліметтері бойынша зерттелген жүкті әйелдердің 3, 5 -20%-де ЦМВИ -ның кли-никалық белгілері цервикальды қаналда табьшған. 15 -30% жағдайларда сау еркектердің шәуһетінен ЦМВ бөліп алған. 7
8
9
Нәрестелердің ішінде ЦМВИ жиі кездесетіні көрсетілген. Зерттелген нәрестелердің алғашқы 48 сағат өмірінде 1, 2% жағдайларда зәрінде инфекциялы вирусты бөлшектер табылған. 5 -9 айлық бала-ларда 60% жағдайларда ЦМВ анықталған. Бір жастағы балалардың 15 -18% жағдайларда вирусемия байқалған. Англияда жасалған зерттеулер бойынша ұрықтың құрсақ ішілік жұқтыруы 2000 жағдайдың ішінде 800 нәрестәнің ОНЖ зақымдануына әкеледі. ЦМВИ активизациясы белсенділігі жоғары пайызда байқалады органдардың трансплацентациясынан кейін және ЖПИС (жүре пайда болған иммуножетіспеушілік синдромы) пайда болғанда бірге жүреді. Табиғатта ЦМВ резервуары тек қана адам болып табылады. 10
Жұғуы Қан, сілекей, зәр, ана суті Балалардың құрсақ ішілік және постнатальды даму кезінде кіру жолдары плацента, тері, шырышты қабаттар, тыныс жолдары болуы мүмкін. 13
Патогенез . ЦМВ организмге енген соң қанға түседі ауыз қуысының шырышты қабаттары аздап ісінген, қызарған, бадамшаларда жабындылар сирек кездеседі. Жиі ЦМВ интерстициальды өкпенің қабынуын тудырады. Өкпенің қабынуына тән белгілерден басқа гастроэнтеральды өзгерістер, бауыр функциясьшың өзгерістеріне тән белгілер кездеседі. Ауру ауыр түрде өтеді, ұзақтығы 2 -4 аптаға созылады. Жайылған (генерализденген) түрі — жасанды немесе табиғи иммуносупрессиялы балаларда кездеседі. Бұл топқа әр түрлі органдары (мүшелері) трансплантация, трансфузия жасалған аурулар және иммуносупрессивті химиөтерапия алатын онкологиялық аурулар, әсіресе ВИЧ инфицирленгендер жатады.
13
Кез келген иммунодефицитті жағдайларға ЦМВИ созылыңқы турде және ауыр түрде өтеді қай уақытта жұқтырғанына қарамай (біріншілік немесе қайталап жұқтырылған). Өліммен аяқталу қаупі ете жоғары болады. Мұндай ауруларда ЦМВИ диссиминирленген түрі жиі кездеседі, ол деген бүкіл мүшелер мен жүйелер жағынан өзгерістер анықталады. Жиі патологаялық өзгерістер бүйрек үсті бездерінде (75%), өкпеде (58%), асқазан ішек жолдарында (30%), ОНЖ (20%), сезім мүшелерінде (10%) кездеседі. Жүре пайда болған ЦМВИ-ң жайылған түрінде - айқын білінген улану белгілері, ұзақ уақыт дене қызуының жоғарлауы, дене қызуы 39 -40°-қа дейін жоғарлайды және қалтырау болуы мүмкін. Клиникалық белгілерінде патологиялық сиңдромдар көп түрде болады. 14
15
16
Интерстициальды өкпе қабыну симптомдары асқазан — ішек жолдарының қабынуы белгілерімен бірге кездеседі құсу, диарея. Жүрек қан - тамыр жүйесінің өзгерістері, паренхиматозды гепатиттің клинико-лабораторяилық белгілері пайда болады. Перифериялық және орталық жүйке жүйесінің зақымдалуының белгілері жиі кездеседі. Менингоэнцефалит тырысу синдромымен, нистагммен, оральды автоматизм симптомдарымен өтеді. Нашар болжамды белгі болып хориоретинит саналады. Жайылған (генерализирленген) ЦМВИ –ның диагностикасы өте қиын. Клиникалық симптомдарына қарап қате сепсис деген диагноз қойылады, ауруларға тиімділік әкелмейтін қарқынды антибактериальды терапия тағайындалады. Сепсистән ерекшелігі жалпы қан анализінде лимфоцитоз, СОЭ қалыпты немесе аздап жоғарлайды. 17
Диагностика ЦМВИ диагнозын клиникалық белгілеріне қарап қою өте қиын. Лабораториялық диагностикасына жатады: (цитологиялық, вирусологиялық және серологиялық зерттеулер, ПЦР-әдісі). Цитологиялык: зақымдалған клеткаларда ауруға тән қосындылар болады(цитомегаловирустарды зәрдің тұнбасынан, сілекейден, ликвордан және қақырықтан табу мүмкін). Вирусологиялык: Әр түрлі биологаялық сұйықтықтардан вирус бөлінеді: қан, ана сүті, ликвор, зәр, сілекей, цервикальды қаналдың бөліністері, биопсиялық материал. Қазіргі кезде вирустың ДНК-сын табу үшін ПЦР реакциясы қолданылады. Серологиялық: РСК, РН, РПГА, ИФА. Әсіресе ең сенімді тәсіл больш ИФА әдісі саналады, онда спецификалық антиденелер Іg. М және Іg. G анықталады.
Емі Комплексті ем. Ем баланың жасына, жағдайының ауырлығына, клиникалық белгілердің айқындылығына байланысты тағайындалады. Базисті терапия. ЦМВИ барлық түрлерінде, аурудың аурлығына және жұғу сипатына байланыссыз, рекомбинантты интерферон (виферон, роферон А, интрон А және т. б. ) тағайындалады, схема бойынша — 500 мың — 1 млн. МЕ 1 рет тәулігіне 14 күн, сосын осы мөлшері күн ара 1, 5 -3 ай енгізіледі жедел инфекцияда, және 3 -6 ай созылмалы инфекцияда. Ауыр (генерализденген) түрінде ем ганцикловирмен жүргізіледі 5 -7, 5 мг/кг дене салмағына тәулігіне, 2 рет күніне көк тамырға 14 -21 күн бойы.
Синдромальды терапия: Айқын білінген инфекционды токсикозда инфузионды терапия жүргізіледі: көк тамырға тамшылап 10% глюкоза ерітіндісі, гемодез, реополиглюкин, альбумин енгізіледі, жалпы мөлшері 100 -200 мл/кг дене салмағына тәулікте. Органды патологияда (гепатит, өкпе қабыну, панкреатит, энцефалит және т. б. ), базисті терапиядан басқа жалпы белгілі сол органның зақымданудың аурлығына қарай ем жасалынады. Бактериальды асқынуларда немесе асқынулар қаупі болғанда антибиотиктер тағайындалады (цефалоспәриндер, аминоглюкозидттер, макролидттер, фторхинолондар баланың жасына байланысты).
Қосымша терапия. Барлық ЦМВИ ауырған Науқас жоғары колориялы физиологиялық тағамдармен тамақтану керек, сонымен қатар витаминдер (пентовит, витогепат, ревит, пековит, глутамевит, мультибионта плюс, мультивит, витанова, витамакс). Рецидивке қарсы терапия. Рекомбинашты ипгсрферонның дәрілерімен жүргізіледі (виферон, реферон А, интрон және т. б. ) немесе интерферонның индукторларымен (ридостин, циклоферон, неовир және т. б. ) Балада реактивация белгілері пайда болғанда (анти - СМУІg. G) ол сауыгуды көрсетеді. 5. Бақылау және кддағалау: Сауыққанан кейін балалар диспансерлік бақылауда болады және белсенді ЦМВИ қайта тексерілінеді. (СМУАg, анти - СМУ Іg. М және 1 g. G) 1, 3, 6 және 12 айларда ауруханадан шықаннан соң.
Алдын — алу шаралары. Барлық жүкті әйелдерді цитомегалияға тексеру, жаңа туған баланы күтуде, гигиена ережелерін дұрыс сақтау. Парентеральды жұғу жалпы алдын — алу үшін донорларды тексеру. Егерде туа пайда болған ЦМВИ ауру бала туса (ауру шешеден), онда келесі жүктілік кезінде 2 жыл уақыттан соң болуы керек (вирустың персистәнция уақыты). Белсенді алдын - алу үшін тірі және өлі вакциналар қолданылады, бірақ олар әрі практикаға енгізілмеген.
Қорытынды Цитомегалия кең тараған вирусты ауру, көбінесе ерте жастағы балаларда клиникалық формалардың көп түрімен сипатталады. Сақтану мақсатында Барлық жүкті әйелдерді цитомегалияға тексеру, жаңа туған баланы күтуде, гигиена ережелерін дұрыс сақтау керек.
Пайдаланылған әдебиеттер Құттықожанова Ғ. Ғ. Балалардың инфекциялық аурулары w. w. w. google. kz w. w. w. med. com w. w. w. meduniver. com w. w. w. stady. ru.
Цитомегаловирусты инфекция.ppt