Холецистит.pptx
- Количество слайдов: 19
Қ. А. ЯСАУИ АТЫНД АҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ ФИЛОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ ҚАЗАҚ ФИЛОЛОГИЯСЫ КАФЕДРАСЫ Оқытушы: А. А. Молдашева
1 Холецистит 2 Клиникасы 2. 1 Ауырсыну белгісі 2. 1. 1 Холециститтің пайда болуы 2. 1. 2 Холециститтің иррадиациясы 2. 2 Холециститтің белгілері 2. 3 Диспепсиялық көріністер 3 Катаральді холецистит 4 Флегмонозды холецистит 5 Гангренозды холецистит 6 Емі 7 Дереккөздер
Холецистит(cholecystіtіs; грек. chole — өт, kystіs — қап және іtіs — қабыну) — өт қабының қабынуы. Өте жиі кездесетін (әсіресе әйелдерде) ауру. Холецистит дұрыс тамақтанбаудың салдарынан өттің дұрыс ағып өтпеуінен, аз қозғалудан, әр түрлі инфекцияның түсуінен (іш таяқшалары, кокктар, т. б. қоздырғыштар ішек не қан арқылы таралады), сондай-ақ өт жолдарында әр түрлі себептерден тас байланудан пайда болады. Холецистит тұқым қуалайды. Аурудың ағымына қарай жедел және созылмалы түрлері ажыратылады. Жедел түрінде оң жақ қабырға асты ауырады, науқастың жүрегі айнып, құсады, іші кеуіп, жиі кекіреді, дене қызуы 38 — 39°С-қа көтеріп, кейде ауырсыну жауырын мен иық-тан сезіледі. 2 — 3 күннен кейін сары аурумен ауырғандай терісі, көздің ақ қабығы сарғайып, кіші дәреті қара қоңыр түске боялады. Егер жедел Холециститті дер кезінде емдемесе, онда созылмалы түріне ауысады. Бұл кезде науқастың сәл майлы тамақ ішсе, оң жақ қабырға асты сыздап ауырады. Жүрегі айнып, құсады, аузы құрғайды.
Ауру басталуы келесі синдромдармен беріледі: Ауырсыну Диспепсиялық Қабынулық Асқазан ішек жолдарының функциясы бұзылуы Липидті алмасудың бұзылуы (клинико-лабароторлы көрсеткіштер) Холецистостатикалық(Жалпы өт жолының бітелуі) Үрдіске басқа ағзалар мен жүйелер қосылуы. Ауырсыну синдромы Aуыруы эпигастрий аймағында басталып, кейін оң жақ қабырға астына ауысады. Кейбір науқастарда іштің ауыруы өт қабы және өт жолдарының тұсында басталып, жоғары немесе іштің оң жақ жартысына тарайды. Кесіп немесе жарып, өте қатты шыдатпайтын ауырсыну болады. Сипаты: тұйық. Пайда болуы: үнемі немесе анда санда. Ауырсыну ұзақтығы : бірнеше минуттан бірнеше күнге дейін созылуы мүмкін. Ауырсыну оң жақ қабырға астының бұлшықеттерінің ширығумен бірге жүруі мүмкін.
Қобалжу, диета бұзылуы, тоңазумен, майлы тағам ішу, көп тамақтану. Өттас ауруында, селкілдететін жолда көлікпен жүру, секіру, ауыр зат көтеру кезінде пайда болуы мүмкін.
Ауыру сезімі иррадиациясы оң жақ иыққа, иық үстіне(Березнегевский-Элекер симптомы), жауырын астына, арқаның оң жақ жартысына, мойынға, желкеге, төс сүйегінің ішкі бетіне, жүректің орналасқан аймағына тарайды. Мұндай иррадиация болу себебі өт қабы мен өт жолдарының нервтері диафрагма нервісімен және мойын өрімінің нервісімен байланысты болуда. Нөс – бұғана – шықшыт бұлшықеттерін саусақпен басқан кезде ауырсыну болады(Мюсси симптомы) немесе өт қабының тұсы ауырады (Георгиевский симптомы). С. П. Боткиннің айтуы бойынша холециститтің «стенокардиялық» түрінде иррадиация жүрек аймағына, төстің артқы жағына берілуі мүмкін.
И. И. Греков Ортнер симптомы: Алақан қырымен оң жақ қабырға доғасын перкуссиялағанда ауырсыну анықталады. Пальпация кезінде бауыр шетін және өт қабы түбін табуға болады. Айзенберг симптомы – Оң жақ жауырын бұрышынан астынан соққылағанда ауырсыну өт қабы тұсына иррадиацияланады. Березнеговскии - Елекер симптомы – Жедел холецистси белгісі, ауырсынудың оң жақ білекке берілуі. Захарьин симптомы – холецистит белгісі: өт қабы аймағына басқанда немесе соққылағанда ауырсынуы Караваев – Спектор cимптомы – холецистит белгісі: кіндік ассиметриясы оның оңға және жоғары ығысуы, оң жақ бөлік бұлшық еттердің контрактурасымен негізделеді. Образцов симптомы – холецистит белгісі: Дем алғанда терең пальпацияда ауырсыну. Сквирскии симптомы – холецистит белгісі: Алақан қырымен омыртқадан оңға қарай Th IX-XI омыртқалар деңгейінде перкуссиялағанда оң жақ қабырға астында ауырсыну пайда болуы. Кер симптомы – холецистит белгісі: Оң жақ қабырға астында терең дем алғанда пальпация кезінде ауырсыну пайда болуы. ( Кер нүктесі: нүкте , орналасуы қабырға доғасы мен оң жақ тік бұлшық еттің сыртқы қырымен қиылысында орналасқан. Өт қабының проекциясына сәйкес, оның ауруларында ауырсынады. )
Жүрек айну; ауамен кекіру; ауызда ашты дәм сезу; құсу, тәбет төмендеуі, кей тағамдарды көтере алмау(майлы , қуырылған, уксусы бар). Құсу жеңілдік әкелмейді. Катаральді холецистит Оң жақ қабырға астының және эпигастри аймағында ауырсынудың болуы бел аймағына, оң жақ жауырын астына иыққа, мойын аймағына дейін ауырсыну беріледі. Жеңілдік әкелмейтін құсу, лоқсу жиі болады. Субфебрильді дене қызуы, тахикардия 100 с минутына дейін. Пальпацияда оң жақ қабырға астында қатты ауырсыну сезіледі ерекше өт қабының проекциясында Ортнер-Греков, Мерфи, Мюсси-Георгиевскии симптомдары оң болады кей кезде ұлғайған өт қабын байқаумызға болады. ЖҚА зерттеуінде сәл лейкоцитоз байқаймыз 10 -14*109/л ЭТЖ жоғарлауы байқалады
Клиникалық көрінісі өте айқын, ауырсынуы жөтелген кезде, демалғанда, қозғалғанда байқауымызға болады. Фебрильді дене қызуы, тахикардия 110 -120 с мин. Щеткин –Блюмберг симптомы іштің жоғарғы оң жақ бөлігінде оң болады ЖҚА зерттеуінде сәл лейкоцитоз байқаймыз 20 -22*109/л ЭТЖ жоғарлауы байқалады Макроскопиялық: өт қабы ұлғайған, қабырғалары жуандаған, бозғылт көктес түсті ішінде іріңді эксудат.
Флегмонозды түрінің асқынуы. Айқын интоксикация, жергілікті немесе жайылған іріңді перитонит көрінісін байқаймыз(өт қабының перфорациясында) Науқастың жағдайы ауыр.
Емі: Холециститтің жедел түрінде диета сақтап, артық салмақ қоспауға тырысу керек, дене шынықтырумен шұғылданған жөн; ал аурудың созылмалы түріне операция жасалынады. Арнайы санаторийлерде холециститке себеп болған аурулар емделеді.
Термин сөздер Холецистит(cholecystіtіs; грек. chole — өт, kystіs — қап және іtіs — қабыну) — өт қабының қабынуы. Өте жиі кездесетін (әсіресе әйелдерде) ауру Клиника (грек. klіnіke – емдеу; klіne – төсек) – науқас адамдарды емдеумен қатар педагогикалық және ғылымизерттеу жұмыстары бірге жүргізілетін емдікпрофилактикалық мекеме. Диспепсия - балаларда болатын ас қорыту органдары жұмысының бұзылуы Майлар және майларға ұқсас заттар липидтер деп аталады.
Мақал — нақыл сөз. Ол өмірдегі түрлі құбылысты жинақтап, түйіп, ықшамдап беріп, бір не екі тармақтан тұратын, алдыңғы жолдарында пайымдап, соңғы жолдарында қорытылған ой айтатын халықтық бейнелі поэтикикалық жанрдың бір түрі, ғасырлардан екшеліп жеткен терең мазмұнды, тақырып аясы кең сөз мәйегі. Мақалдар көбіне өлең үлгісінде кейде қара сөзбен де айтылады. Ұйқасқа (“Қайраңы жоқ көлден без, қайырымы жоқ ерден без”), аллитерацияға(“Етігін шешпей ер шыңаймас”), ассонансқа (“Қатты жерге қақ тұрар, Қайратты ерге бақ тұрар”) құрылады. Мақалдар тура және ауыспалы мағынада қолданылады. Ауыспалы мағынадағы сөздер ішкі астары бар, тұтас бір ойды білдіреді (“Бір жеңнен қол шығар, бір жағадан бас шығар”), (“Ырысқа қарай ұл өсер, Қонысқа қарай мал өсер”), (“Ел — ырыстың орманы, ер — ырыстың қорғаны”), (“Ер жігіт үш ақ үй тігеді, үш қара үй тігеді”). Мәтел — өзінің негізгі түйіндеуін кесіп айтпайтын, бір-бірімен кереғар шендестіруі жоқ, қорытындысы тұспалды, қысқа да нұсқа нақыл сөз. Мақалға өте жақын. Мәтел сыңартармақ болып келеді. Сөз үстемелене келіп, мақалға айналады.
Мәтелдер - әр халықтың өз даму тарихында басынан кешкен алуан түрлі оқиғалары, өзі аңғарған табиғат құбылыстары, қоғам мүшелерінің өзара қарым-қатысы, мінез-құлқы, психологиясы жөніндегі жасаған қорытынды, тұжырымдарының түйіні, өмір тәжірибесінен жинақталған философиялықойлардың ұтқыр да ұтымды, жатық та көркем көрінісі, фразеологиялық оралымдардың еңделіп, сырланып, әбден қалыпқа түскен тұрақты түрлері. Ол бір ғана емес ертеден бері қалыптасқан ой дәлдігімен, мазмұнының тереңдігімен ерекшеленетін ауыз әдебиетінің бір түрі. Ол айналадағы сыры мол дүние туралы білімнің сұрыпталған жиынтығы, халықтың өзінше шағын ауызша энциклопедиясы ғана емес, ұстаздық, тәлімгерлік роль де атқарады, адам бойындағы барлық жақсылықты асқақтатып, жамандықты жерлеп, бала тәрбиесінде ерекше орын алатын халық даналығы. Мұндағы ақылкеңестер қысқа да нұсқа, әрі тұжырымды болды. . Халық даналығы ата-анаға ұрпақ тәрбиесі жөнінде өзінен бұрынғылардың моральдық-психологиялық, медециналық-гигиеналық, өнерсайыскерлік ой-пікірлерін де шоғырландырып, бүкіл халықтың тәлімдік тәжірибесін мирасқа қалдырып отырды. Көшпеліліердің сонау ерте дәуірінен-ақ бұларды көп біліп әрі оны ақылмен байыптай алатын адамды ерекше қастерлеуі тегін емес. Ондай адам ата-баба даналығының көзіндей саналатын. Мақал-мәтелдер белгілі бір шешіммен істің дұрыстығын анықтайтын логикалық қызметтің эталоны тәрізді адамның ой-әрекеттерінде маңызды роль атқарып отырады.
Ар, намыс туралы Малыңа сүйенбе, арыңа сүйен. Жігітке жар қымбат, намыс пен ар қымбат. Ер мойынында қыл арқан шірімес. Жарлы болсаң да, арлы бол. Тәнім – жанымның садағасы, Жаным – арымның садағасы. Үйлену, үй-іші, отбасы Әйелі жоқ үй – жетім. Екі жарты – бір бүтін. Қыз күнінде бәрі жақсы, жаман қатын қайдан шығады? Жақсы әйел – ырыс, Жаман әйел – ұрыс. Әйел сырын әйелден сұра.
1. ”Холецистит” сөзіне фонетикалық талдау жасаңыз. 2. Мәтіннің ішінен етістіктерді тауып, сөйлем құрастырыңыз. Холецистит дұрыс тамақтанбаудың салдарынан өттің дұрыс ағып өтпеуінен, аз қозғалудан, әр түрлі инфекцияның түсуінен (іш таяқшалары, кокктар, т. б. қоздырғыштар ішек не қан арқылы таралады), сондай-ақ өт жолдарында әр түрлі себептерден тас байланудан пайда болады. Холецистит тұқым қуалайды. 3. Мәтіннен сын есімдерді тауып, мағынасына қарай талдаңыз. Холецистит тұқым қуалайды. Аурудың ағымына қарай жедел және созылмалы түрлері ажыратылады. Жедел түрінде оң жақ қабырға асты ауырады, науқастың жүрегі айнып, құсады, іші кеуіп, жиі кекіреді, дене қызуы 38 — 39°С-қа көтеріп, кейде ауырсыну жауырын мен иық-тан сезіледі 4. ”Флегмоноз” “ауру” сөздерін септеңіз. 5. Мәтін ішіндегі бір сөзге мақал құрастыр. Нөс – бұғана – шықшыт бұлшықеттерін саусақпен басқан кезде ауырсыну болады(Мюсси симптомы) немесе өт қабының тұсы ауырады (Георгиевский симптомы).
1. Кейін пайда болған мақалды табыңыз: а)Ерінбесең-емерсің б)Отан-оттанда ыстық с)Ұрлық түбі-қорлық 2. Мақалға тән ерекшелікті табыңыз а)Бір ғана сөзден тұрады б)Құрамындағы сөздер ауыстыруға келеді с)Ой тұжырымдалып кейінді пікір айтылады 3. Мақалдың мағынасын анықтаңыз “Алтау ала болса-ауыздағы кетеді, Төртеу түгел болса-төбедегі түседі” а)Білім туралы б)Ақыл-парасат туралы с)Ынтымақ-бірлік туралы 4. Мақалды табыңыз а)Досы жоқпен сырлас, Досы көппен сыйлас б)Ақыл-азбайды, әділдік-тозбайды, арамдық-озбайды с)Өзің үшін еңбек қылғаның, өзі үшін оттаған хайуанның бірі болғаның 5. Мәтелді табыңыз а)Балалы үй-базар б)Бір құмалақ бір қарын майды шірітеді с)Жері байдың-елі бай
6. Мәтелдің белгісін табыңыз а)Құрылысы екі не үш бөлімді болады б)Ой нақты айтылады с)Эмоциялық мағына басым болады 7. Нақыл сөзді табыңыз а)Аз сөз-алтын, көп сөз-көмір б)Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға с)Асыл-тастан, ақыл-жастан 8. Қайсысының көбінесе авторы белгілі болады? а)Нақыл сөз б)Мақал с)Мәтел 9. Мақал-мәтелден тұрақты тіркесті табыңыз а)Сабыр түбі- сары алтын б)Оқу инемен құдық қазғандай с)Денсаулық-зор байлық 10. Уәдеде тұрудың маңызы туралы мақал а)Ақылды қария-ағын дария б)Әзіл айтсаңда-әділ айт с)Еменнің иілгені- сынғаны, Жігіттің екі сөйлегені- өлгені
1. «Қазақстан» : Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5 -89800 -123 -9, II том 2. Джозеф М. Хендерсон. ПАТОФИЗИОЛОГИЯ ОРГАНОВ ПИЩЕВАРЕНИЯ. НЕВСКИЙ ДИАЛЕКТ. Перевод с английского канд. мед. наук Т. Д. Власова Санкт-Петербург-1997 год. 3. Хирургические болезни: Учебник / М. И. Кузин. , О. С. Шкроб, Н. М. Кузин и др. ; Под ред. М. И. Кузина. — 3 -е издание, перераб. и доп. — М. : Медицина, 2002.
Холецистит.pptx