Слайд 4 каз.ppt
- Количество слайдов: 3
Құрылысты индустриаландыру . n n Құрылыс уақытын қысқарту, сапасын жақсарту және кұрылыс құнын азайту негізінен құрылысты индустрияландыру арқылы орындалады. Ол дегеніміз құрылыстың конструктивтік элементтерін өндіріс орында (ЖБИ, ДСК және т. б) жасап, оларды арнайы машиналармен құрылыс орнына (алаңына) жеткізіп, онда оларды техниканы пайдалана отырып жинайды. Индустрияландырудың құрылыс процесстерін жеңілдетуге, еңбек өнімділігін арттыруға әсері мол. Индустрияландыру арқылы ғана ірі-ірі азаматтық және өнеркэсіптік кұрылыстар салынады. Заводта шығатын құрылыс элементтері экономикалық жағынан тиімді, егер олар барлық құрылыста жалпылама қолданылса. Ол үшін құрылысты унификацияландыру қажет, яғни ғимараттардың өлшемдерін заводта шығатын элементтердің өлшмдеріне бейімдеу керек. Типтеу дегеніміз заводтық жағдайда чертеждер бойынша жасалынған ғимараттың конструктивтік элементтері мен детальдары. Типтік конструкциялардың саны мейлінше аз болуы керек. Оған ғимараттың көлем-жобалау параметрлері мен құрылыс өнімдерінің өлшемдерін унифшацияландыру арқылы қол жетеді. Сонымен қысқаша айтканла унификация дегеніміз конструкциялардың типтік өлшемдерін біріңғай модульдік жүйеге сэйкес реттеу. Ол үшін эбден пісіп-жетілген сэулеттік және техникалық шешімдерді пайдаланады. Жобалауда және құрылыста мынадай өлшемдер пайдаланады: - номинальды өлшем – ғимараттарды жобалауда шартты түрде қабылданған осьтер аралығы ; - конструктивтік өлшем – конструктивтік элементтің жобалау өлшемі; - нақты өлшем – элементтің нақты өлшемі. Оның мәні конструктивтік өлшемнен белгілі бір айырмашылықта ( допуск) болады.
Жобалау және құрылыс жүмыстарын тиімді жүргізу үшін бөлу (координациялық) осьтерін жүргізеді. Бұл оське барлық ғимарат элементтері мен конструкциялары байланыстырылады. Ол белгілі бір ережелерге байланысты қабылданады. Бұл ережелер әр түрлі және ол ғимараттың конструктивтік схемасы және элементтің конструктивтік шешіміне байланысты. Негізінен жабын элементінің орналасуына байланысты. Байланыс координациялық осьтен элементке немесе оның геометриялық осьіне дейінгі аралық. Сонымен негізгі ережелер: 1. Негізгі (көтеруші) қабырғалар үзына немесе көлденең орнапасқан ғимараттағы байланыстар тәртібі. ): Ішкі қабырғалар мен баспалдақтар алаңы орналасқан қабырғаларда координациялық ось геометриялық осьпен бірге. Сыртқы қабырғаға байланысты координациялық ось оның ішкі бетінен «а» қашықтығында болады. «а» мэні қабырға жартысына (в/2) (а) немесе М, 1/2 М, есеге тен (б, в). Егер жабын қабырғаға толық жататын болса, координациялық ось қабырғаның сыртқы бетімен өтеді (г). Өзін-өзі көтеретін және аспалы қабырғалардың ішкі беті координациялық осьпен бірігіп немесе сыртқа шығып кетуі мүмкін (д, е). Қаңғалы ғимараттарда координациялық осьтерге колонналардың байланысы олардың орналасуына байланысты : -ортаңғы қатарға орналасқан колонналардың координациялық осьі олардың геометриялық осьтерімен бірігіп кетеді (а). -сыртқы колонналар координациялық оське шеткі конструктивтік элементтерге байланысты орналастырылады. Ол негізінен геометриялық ось (а) арқылы , колоннаның сырты (г) немесе координациялық осьтен «а» немесе «е» қашықтықта орналасады. Олардың мәні ЗМ, М, 1/2 М еселі. Осындай байланыстыру ережелері арқылы конструктивтік элементтер өлшемдерін унификацияландырады. Яғни ғимараттың негізгі өлшемдері (колонналар аралығы мен орналасу қадамы, биіктігі) белгілі бір мәнге ғана ие болады. Мысалы, тұрғын үйлер биіктігі 2, 7 - 2, 8 м, қоғамдық ғимараттар - 2, 7 - 2, 8; 3, 3; 4, 2 м, ал өндірістік ғимараттар биіктігі 3, 6; 4, 2; 4, 8 және т. б. өлшемдер қабылданады.
Слайд 4 каз.ppt