
3 дарic СК-2 nov.ppt
- Количество слайдов: 16
Құрылыс конструкциялары 2 Темiрбетон элементтерінің • Образец текста жарыққа төзiмдiлiгі – Второй уровень • Третий уровень – Четвертый уровень » Пятый уровень дәріс
Темiрбетон элементтерінің жарыққа төзiмдiлiгі Жарыққа төзімідлік категориялары Темiрбетон элементтерде сыртқы күштер әсерiнен жарықтар пайда болуы: § элементтің қатандығын төмендетеді, яғни деформациялануын жоғарлатады; § арматураның тотқа төзімділігін төмендетеді; § конструкциялардың ұзақ уақыт бойына пайдалануыға жарамдылығы азайтады. Темiрбетон элементтердiң жарыққа төзiмдiлiгi деп, олардың жарық пайда болуына және оның ашылуына қарсылығын айтады. 2 2/8/2018 Құрылыс конструкциялары - 2
Темiрбетон элементтерінің жарыққа төзiмдiлiгі Жарыққа төзіміділік категориялары Темiрбетон элементтерінің жарыққа төзімділігіне қойылатын талаптардың категориялары: § 1 -ші категория – жарықтардың пайда болуын рұқсат етілмейді (сүйықтар мен газдардың қысымын қабылдайтын элементтер, мысалы резервуарлар, қысымды құбырлар және т. б. ); § 2 -ші категория – жарықтардың ені қысқа мерзімді ашылуы шектеледі асrc 1≤ 0, 2 мм, яғни тұрақты, ұзақ және қысқа мерзімді уақытша жүктемелер әсер еткенде пайда болатын жарықтар кейіннен сенімді жабылуы қамтамасыз етілуі керек; § 3 -ші категория – жарықтардың ені қысқа мерзімді ашылуы шектеледі асrc 1 ≤ 0, 4 мм (толық жүктемелер әсер еткенде) және ұзақ мерзімді ашылуы шектеледі асrc 2 ≤ 0, 3 мм (тұрақты және ұзақ мерзімді уақытша жүктемелер әсер еткенде). 3 2/8/2018 Құрылыс конструкциялары - 2
Темiрбетон элементтерінің жарыққа төзiмдiлiгі Жарыққа төзіміділік категориялары 1 -категория бойынша есеп жүргiзген жағдайда есептiк күштердiң сенiмдiлiк коэффициентi қолданылады. 2, 3 -категориялар бойынша есеп сенiмдiлiк коэффициентi болатын, есептiк күштер әсерiне жүргізіледі. Темiрбетон конструкциялардың жарыққа төзiмдiлiгiн арттыру үшiн алдын ала кернеуленген арматураның А-IV және одан жоғарғы кластарын, сымды арматураның Bp-II, K-7, K-19 кластарын қолданған дұрыс. 4 2/8/2018 Құрылыс конструкциялары - 2
Темiрбетон элементтерінің жарыққа төзiмдiлiгі Жарыққа төзіміділік категориялары Жарыққа төзiмдiлiк шарттары. Егер N ≤ Ncrc шарты орындалатын болса, онда элементтiң тік қималарында жарықтар пайда болмайды. мұнда N - сыртқы күштерден элементтiң тік қимасында пайда болған iшкi күш (иілу моментi, бойлық күш); күш. Ncrc - жарық пайда болар алдындағы қима қабылдайтын iшкi Элементтiң көлбеу қимасында жарық пайда болмау шарты: мұнда σmt – келтірілген қиманың ауырлық орталығының деңгейінде әсер ететін бетондағы бас созушы кернеу, Жарықтың ашылу енi негiзiнен темірлеу пайызына және арматура диаметрiне байланысты. Арматура диаметрi кiшiрейген сайын және темірлеу пайызының өсуiмен байланысты жарық енiнің ашылуы азаяды 5 2/8/2018 Құрылыс конструкциялары - 2
Темiрбетон элементтерінің жарыққа төзiмдiлiгі Бойлық өске тік жарықтардың пайда болуы бойынша есептеу Элементтiң бойлық өске тік жарықтардың пайда болуы бойынша есептеу негiзiнде келесi тұжырымдар алынған: • деформацияға дейiн жазық күйде болған элемент қималары деформациядан кейiн де жазық күйiнде қалады; §бетонның созылған ең шеткi бөлiгiндегi салыстырмалы деформациялар мәнiне жеткеннен соң, ол бөлiкте жарықтар пайда болады; § кернеуленген арматура қолданылған жағдайда ондағы кернеу алдын-ала кернеулену мен сығылуы бiткен кездегі бетонның созылған бөлiгiнiң деформациялары әсерiнен пайда болатын кернеулер өсiмшесiне тең. 6 2/8/2018 Құрылыс конструкциялары - 2
Темiрбетон элементтерінің жарыққа төзiмдiлiгі Бойлық өске тік жарықтардың пайда болуы бойынша есептеу Ортадан созылған элементтер. Алдын-ала кернеуленбеген элементтер үшiн есеп шарты бойынша жүргiзiледi, мұндағы: Аs- кернеуленбеген арматураның ауданы. 7 2/8/2018 Құрылыс конструкциялары - 2
Темiрбетон элементтерінің жарыққа төзiмдiлiгі Бойлық өске тік жарықтардың пайда болуы бойынша есептеу Ортадан созылған элементтер. Алдын-ала кернеуленген элементтер үшiн: мұндағы: P- алдын-ала сығу күшi; Аsp- кернеуленген арматура ауданы; Esp - кернеуленген арматураның серпiмдiлiк модулi 8 2/8/2018 Құрылыс конструкциялары - 2
Темiрбетон элементтерінің жарыққа төзiмдiлiгі Бойлық өске тік жарықтардың пайда болуы бойынша есептеу Иiлетін, ортадан тыс созылған және сығылған элементтер. Сыртқы күштер моментi (М) жарық пайда болар алдындағы iшкi күштер моментiнен (Мcrc) кiшi не тең болса, онда мұндай элементтердiң бойлық осiне тік қималарда жарық пайда болмайды, яғни: Жарық пайда болуы моментiн Мcrc -ны анықтаудың әртүрлi әдiстерi бар. Мөлшерлер өзектiк моменттер әдiсiн қолдану ұсынады. Бұл әдiс шартты есептік тәсіл, себебі созылған және сығылған аймақтағы нақты кернеу эпюралары есептіктен өзгеше. 9 2/8/2018 Құрылыс конструкциялары - 2
Темiрбетон элементтерінің жарыққа төзiмдiлiгі Бойлық өске тік жарықтардың пайда болуы бойынша есептеу Иiлетін, ортадан тыс созылған және сығылған элементтер. Бұл әдiс бойынша жарыққа төзiмдiлiк шарты : мұндағы Mr - сыртқы күштердiң өзектiк моментi. Ол иiлетін элементтер үшiн: Мұндағы: M - сыртқы жүктемелерден пайда болатын июші момент, құрылыс механика ережелері бойынша анықталады. 102/8/2018 Жарықтар пайда болу есебінде тік қимада ішкі күштер мен кернеулер пайда болу схемасы 2/8/2018 Құрылыс конструкциялары - 2
Темiрбетон элементтерінің жарыққа төзiмдiлiгі Бойлық өске тік жарықтардың пайда болуы бойынша есептеу Иiлетін, ортадан тыс сығылған және созылған элементтер. Ортадан тыс сығылған элементтер үшiн: Мұндағы: N - сыртқы сығу күшi; Жарықтар пайда болу есебінде тік қимада ішкі күштер мен кернеулер пайда болу схемасы 112/8/2018 Құрылыс конструкциялары - 2
Темiрбетон элементтерінің жарыққа төзiмдiлiгі Бойлық өске тік жарықтардың пайда болуы бойынша есептеу Иiлетін, ортадан тыс сығылған және созылған элементтер. Ортадан тыс созылған элементтер үшiн: Мұндағы: N - сыртқы созу күшi; e 0 - келтiрiлген қиманың ауырлық орталығы арқылы алынатын сыртқы күштердiң эксцентриситетi; r - ауырлық орталығынан өзектiк ең шеткi 1 -шi нүктеге дейiнгi қашықтық. Жарықтар пайда болу есебінде тік қимада ішкі күштер мен кернеулер пайда болу схемасы 122/8/2018 Құрылыс конструкциялары - 2
Темiрбетон элементтерінің жарыққа төзiмдiлiгі Бойлық өске тік жарықтардың пайда болуы бойынша есептеу Иiлетін, ортадан тыс сығылған және созылған элементтер. r - ауырлық орталығынан өзектiк ең шеткi 1 -шi нүктеге дейiнгi қашықтық. Иiлетін және ортадан тыс сығылған алдын-ала кернеуленген элементтер үшiн r мәнi: Мұндағы: - серпiмдi дене ретiнде анықталатын келтiрiлген қиманың ең шеткi созылған бөлiгiнiң келтiрiлген кедергi моментi; - сәйкесiнше келтiрiлген қиманың ауданы және инерциялық моментi; - созылған бөлiк шетiнен келтiрiлген қиманың ауырлық орталығына дейiнгi қашықтық; - келтірілген қима бойынша бетонның сығылған бөлігіндегі сыртқы күштер мен алдын-ала кернеулену күштерінен пайда болған ең үлкен кернеу. 132/8/2018 Құрылыс конструкциялары - 2
Темiрбетон элементтерінің жарыққа төзiмдiлiгі Бойлық өске тік жарықтардың пайда болуы бойынша есептеу Иiлетін, ортадан тыс сығылған және созылған элементтер. r - ауырлық орталығынан өзектiк ең шеткi 1 -шi нүктеге дейiнгi қашықтық. Алдын-ала кернеуленбеген иiлетін және ортадан тыс созылатын элементтер үшiн r мәнi: Кейбiр есептер түрлерiн орындау үшiн элементтердiң негiзгi қималарының орнына «келтiрiлген қима» қолданылады. Ол қималар бойынша бетон бiркелкi деп қабылданады. Келтiрiлген қима ауданы кернеуленген және кернеуленбеген арматуралар қолданған жағдайда төмендегі формула арқылы есептеледi: 142/8/2018 Құрылыс конструкциялары - 2
Темiрбетон элементтерінің жарыққа төзiмдiлiгі Бойлық өске тік жарықтардың пайда болуы бойынша есептеу Иiлетін, ортадан тыс сығылған және созылған элементтер. Жарық пайда болар алдындағы тік қима қабылдайтын iшкi күштер моментi (9 слайд): мұнда: - бірінші жарықтар пайда болар алдындағы тік қимадағы бетон қабылдайтын момент Wpl=γ·Wred - келтiрiлген қиманың серпімді-иілімді кедергі моменті γ - бетонның созылған аймағындағы серпімді емес деформациялар әсерін ескеретін коэффициент, төртбұрышты қималар үшін: γ=1, 75 152/8/2018 Құрылыс конструкциялары - 2
Темiрбетон элементтерінің жарыққа төзiмдiлiгі Бойлық өске тік жарықтардың пайда болуы бойынша есептеу Иiлетін, ортадан тыс сығылған және созылған элементтер. Mcr=P(eop+r) – бетонның алдын-ала сығу күшінің өзектік моменті мұнда: P - бетонның алдын-ала сығу күші eop - сығу P күштерiнiң келтiрiлген қиманың ауырлық орталығы бойынша алынатын эксцентриситетi 162/8/2018 Құрылыс конструкциялары - 2
3 дарic СК-2 nov.ppt