
нитрит слайд.pptx
- Количество слайдов: 17
Құрманғали Ботакөз. ВС-413.
I. Кіріспе. Нитриттер - азотты қышқыл тұздары. Нитриттер негізінен органикалық бояулар жасау өндірісінде қолданылады. Органикалық нитриттер немесе азотты қышқыл өндірісі туындылары (эфирлер жәнет. б. ) амилнитрит және басқалар, медицинада қан тамырларын кеңейткіш ретінде қолданылады. Азотты тыңайтқыштардың топырақта анықталған оптималды дозасы шамамен картоп пен көкөністерде 100 -120 кг/га, бидай және арпада 140 кг/га және 120 кг/га мәдени шөптерге енгізілген. Дегенмен өндiрiс процесте, тасымалдауда және сақтауында тыңайтқыштарды қолдану, олардың қоршаған орта ластау ықтималдығы өседi. Әдетте балғын өсiмдiктерде улағыш нитриттердің бiраз ғана көлемі қатысады. Азотты қышқылдардың (нитриттар) туындысы, айталық натрий азоттықышқылы, бітелі өсімдіктермен күрес үшін және еттің азық-түлігінің консервілеуі үшін қолданады. Жерде азотты минералдық және органикалық тыңайтқыштар ақырын-ақырын нитраттарға айналады. Нитрат және нитриттар жақсы ериді және су көздеріне оңай түседі. Нитраттар өсімдік құрамында жинақталып адам мен жануарлардың улануына шалдықтырады.
2. 1. Жабайы және мәдени алқа тұқымдастарды, басқада екпе өсімдіктерді мал азығы ретінде пайдаланғанда болатын токсикоздар. Қазіргі уақытта мал шаруашылығында арнайы азық дайындауға пайдаланылатын өсімдіктердің маңызы зор. Оларға – беде, жоңышқа, жүгері, күнбағыс жатады. Бұл өсімдіктер азықтық зат ретінде (сүрлем) ауыл шаруашылығында жиі қоданылады. Бұдан басқа бұл категорияға картоп, қарамықша, тары сияқты өсімдіктерді жатқызуға болады. Бұл өсімдіктер мал азығы ретінде пайдаланылмайды, дегенменде кейбір жағдайларда малға азық ретінде пайдаланып, дұрыс азықтандырмау саладарынан малдардың улануы мүмкін. Жоғарыда аталған барлық өсімдіктермен малды дұрыс азықтандырмағанда ауру тудыруы мүмкін. Бұл ауруды таксикоз ретінде қарастыруға болады. Жүгеріні малға азық ретінде бергенде нитриллгликозиттердің, ал картоппен және жабайы алқа тұқымдастарымен азықтандырғанда, олардың құрамындаға соланиннің жинақталуынан улану туады.
2. 2. Қарамық. (гречиха, Fagopyrum esculentum)
Клиникалық белгілері. Жеңіл түрде уланғанда терінің пигменттелген жерлерінде қызару, аздап домбығу, ауырсынулар байқалады. Терідегі қабынулар қышыма түрінде білінеді. Малдар қозады. Жанжағындағы заттарға сүйкенеді, мазасызданып, ары-бері жүгіреді. Ауыр түрінде улану кезінде везикулярлы экзема немесе терінің пигменттелмеген жерлерінің қабынуы байқалады. Везикулалар жарылған кезде, сол жерлер ылғалданып, қабыршақтар пайда болады. Терідегі қышымадан басқа, мал жалпы безгекті күйге түсіп, асқортуы бұзылады. Бұл көріністер көбінесе мал өлер алдында байқалады.
Балау. Қорытынды балауға сәйкес келетін анамнез мәліметтері мен ауруға тән клиникалық көрініске қарап қойылады. Болжам. Жеңіл түрде уланғанда болжам қолайлы, ауыр түрінде қолайсыз болуы мүмкін. Өлімге 8 -12 тәуліктен кейін ұшырайды. Емі. Симтоматикалық.
лары. алу шара бола Алдын сі пайда өртпе алды арамық б Қ зден-ақ м ке аюды бастаған іктеріне ж егіст ері қарамық ұлтты күнд. Тек б шық доғарады ат етеді. А ық қс жаюға рұ н жаб рамықпе күндері қа тын малдарды ра лады. қорада тұ ыруға бо танд ғана азық лген игментте Терісі п лерді ұл шектеу б малдарға мес. міндетті е сақтау н қыста опаныме т рады. Қарамық зықтанды еа және күзд
2. 3. Тары. (просо, Panicum) Көк тарымен ірі қара және ұсақ малды азықтандырғанда қарамықпен азықтандырғандай улану белгілері байқалады. Бұл ауру- тары токсикозы деп те аталады. Тарыдан улану қойларда жас кезінде ауыр өтеді. 3 -8 айлық қозылар уланса, өлімге ұшырайды. Ересек қойлар тарыдан улануға төзімділеу келеді. Тарыдан улану жануарлардың сезімталдығына көп байланысты. Көбінесе терісі пигменттелмеген малдар уланады. Тарының уытты заты нафтодиянтрон туындылары пигменттеріне жатады. Бірақ бұл заттың дәл құрылымы әлі анықталмаған. Көптеген жабайы және мәдени өсімдіктердің фотосенсиблизациялаушы қасиеттері бар екені белгілі. Жабайы өсімдіктердің біріне шәйқурай жатады. Мәдени өсімдіктерге тарыдан өзге, сиыржоңышқа, сұлыны жатқызуға болады. Бұл өсімдіктердегі фотодинамикалық белсенділігі олардың түріне, өсу фазасына және күтіміне де байланысты. Бұл топтағы өсімдіктермен уланғандағы клиникалық көрінісі біркелкі келеді. Фотодинамикалық заттардың көп бөлігі бауырға әсер етіп, кілегейлі қабықтардың түсі өзгереді, жүрек жұмысы күрт нашарлайды, өкпе ісінеді. Аурудың жіті түрі өліммен аяқталуы мүмкін. Созылмалы түрде өткенде теріде түрлі өзгерістер байқалады: іріңдемелер, баста жаралар пайда болады, терісі домбығады.
2. 4. Қызылша және басқа құрамында азоты бар өсімдіктер мәдени және жабайы өсімдіктердің арасында топырақтан өз бойына көп мөлшерде азотты нитрат немесе нитрит түрінде жинақтайтын түрлері көптеп кездеседі. Оның ішінде маңызды орын алатыны – қызылша (свекла, Beta) қызылшадан басқа бойына нитрат жинақтантын өсімдіктерге астық тұқымдастар (қарабидай, сұлы, арпа-бидай, жүгері, күнбағыс т. б. ) жатады. Мәдени өсімдіктердің нитрат жинауы олардың топырақтағы мөлшеріне және азотты тыңайтқыштарының берілуіне байланысты. Мәдени өсімдіктердің ішінде уыттылығы жағынан қызығушылық тудыратыны да қызылша. Себебі олармен шошқаларды азықтандырады, ал олар азотты қосылыстарға сезімтал. Бірақ әдебиеттерде ірі қараның да уланғаны туралы мәліметтер келтірілген. Көбіне кәдімгі асханалық қызылшадан уланулар байқалады. Қант қызылшасын көп өсіретін жерлерде ірі қараны түйнектің үстіңгі бөлігін кесіп, сабағымен азықтандырғанда ауру туындауы мүмкін. Әсіресе ол шірігенде өте қауіпті. Аурудың маусымдық қасиеті (қыркүйек, қазан) бар; қант қызылшасын жинап жатқанда көп байқалады. Қызылшамен әр жастағы шошқалар уланады. Басқа малдар салыстырмалы түрде сирек ауырады. Шошқалар қызылшаны шикідей жегеннен уланбайды. Қызылша шикі күйінде ауру тудырмайды. Жаппай улану буланған қызылшаны бергенде байқалған.
Клиникалық белгілері.
Балау. Улануға балау клиникалық көрініс пен анамнез мәліметтеріне қарап қойылады. Болжам. Шоқаларға байланысты болжам қолайсыз, себебі өлім көрсеткіші жоғары. Ауру созылмалы (3 сағат) өткен жануарларда, болжам қолайлы болуы мүмкін. Емі. Ауыр түрде жіті уланғанда ем нәтижесіз. Уақытында көмек көрсетіліп, қанға метилен көгін енгізгенде жакқы нәтиже беруі мүмкін. Оны малдың 1 кг салмағына 0, 01 – 0, 02 г есебімен 2%-дық ерітіндісін құлақ көктамырына енгізеді.
Алдын алу шаралары малды бұлмаған сапалы қызылшамен азықтандыруға бағытталуы тиіс. Қылышаны қайнатқанда оның жақсы қайнауына және пісуіне көңі аудару керек. Сонымен бірге, ұзақ уақыт бойы суытуға қадыруға, кешкісін пісірілген қызылшамен малды ертеңгісін азықтандыруға болмайды. Шошқаға беретін қызылшаны турап пісірген жөн. Піскен қызылшаның суын малға беруге тиым салынады.
III. Қорытынды. Ауыл шарушылығын жаппай химяландыру жағдайнда малдардың, сонымен қатар құстардың, балықтардың және бал араларының улануының алдын алу – мал дәрігерлерінің және т. б. ауыл шаруашылығы мамандарының біліктілігін көрсететін негізігі міндет. Бұл мамандар минералды тыңайтқыштардың қолданылу уақытын, ағзаға әсерін және қауіптілік деңгейін білгені жөн. Пестицидтермен өңделген жайылымдарда малдарды жаю 25 күннен кейін жүргізілуі керек. Табиғатта адам мен мал тіршілігіне керекті өсімдіктермен қатар, олардың өміріне қауіпті улы өсімдіктерде кездеседі. Өсімдіктердің барлығы бірдей улы әсер етпейді. Улы өсімдіктерді мал жемейді. Егер улы өсімдіктер басқа азықтармен толық араласып кеткенде немесе қатты ашыққанда мал азықты талғамсыз жейді. Нәтижесінде уланады. Малды бұзылмаған азықтармен, яғни қызышамен азықтандыру тиіс. Қызылшаны жақсы қайнауына және пісуіне көңіл бөлу керек. Улану байқалған жағдайда (қарамық, тары) жануарларды басқа жайылымға ауыстыру керек немесе тек бұлтты күндері ғана жаюға рұқсат.
IV. Пайдаланылған әдебиеттер. 1. Е. М. Қорабаев, Н. А. Заманбеков, Ә. М. Өтенов, Б. Д. Айтжанов, Н. К. Көбдіқова, А. А. Байниязов. Токсикология Алматы, 2011
нитрит слайд.pptx