паразит слайд.pptx
- Количество слайдов: 13
Құрманғали Ботакөз. ВС-413
Бүгінгі күні жұқпалы аурулар эпидемиялогиясында паразитарлы ауруларға айрықша назар аударуға мәжбүр болып отырмыз. Ауыр паразитарлы ауруларға адамға тән емес жануарлар гельминттерінің дернәсілдері тудыратын ларвальдық гельминтоздар жатады. Елімізде адамдарды паразиттеуші 60 -қа жуық гельминтоздар кездеседі. Жұмыр құрттар (нематодтар) туғызатын ең кең тараған гельминтоздарға аскаридоз, трихоцефалез, энтребиоз, анкилостомидоз, тениаринхоз, тениоз, мониозиоз, нематодироз, буностомоз, телязиоз т. б. жатады. Гельминтоздың организмде дамуы құрттардың түріне, санына, организмнің иммундық кабілетіне тікелей байланысты. Гельминттер организмде аллергиялық тітіркендіру, зиянды заттармен улау, тінді жарақаттау және жұкпалы ауру микроорганизмдерін енгізу нәтижелерінде патологиялық өзгерістер жасап, ауру тудырады.
Телязиоз. Thelazia skrjabini: 1 -головной конец; 2 -хвостовой конец самки; 3 хвостовой конец самца. Thelazia gulosa: 1 a-головной конец; 2 а-хвостовой конец самки; За-хвостовой конец самца. Thelazia rhodesi: 1 б-головной конец; 2 б-хвостовой конец самки; 3 б-хвостовой конец самца. Телязиоз-ірі қараның көзінде паразиттік тіршілік ететін Spirurata тек бұтағына, Thelaziidae тұқымдасына, Thelazia туысына жататын жұмыр құрттар тудыратын гельминтоз. Ең көп тараған түрі Thelazia rhodesi мал көзінің ішкі қабығы қалтарыс қуысын және үшінші қабығының астын мекендейді. Қалған екі түрі Th. gulosa және Th. skjabini көз шарасының (ұясының) ішкі жағындағы жас безінің түтікшелері мен өзегін мекендейді. Ноғала кеңінен тарған аурулардың бірі. Онымен зақымданған сиырдың сүті кемиді, төлдің өсу қарқыны тежеледі, тіпті малдың көзі көрмей қалуы да мүмкін. Ноғала құрты ірі қарадан басқа зубр, қодастан табылған. Онымен мал әдетте жаз айларында жаппай ауырады
Қоздырушысы. Телязия құрттары өте ұсақ, ұзындығы 21 мм дейін, ені 0, 18 -0, 5 мм, ақшыл түсті, жіңішке, жұмыр келеді. Th. rhodesi(Desmarest, 1827), еркегінің тұрқы 0, 7 -1, 1 см, ал ұрғашысыныкі 1, 7 -2, 1 см. Нематоданың сырт қабығы(кутикуласы) көлденең жолақты сызықшалармен көмкерілген. Ауыз қуысы өте кішкентай. Спикулалары тең емес, ұзынды-қысқалы. Еркегінің құйрығы имектеліп біткен, осы арада бірі ұзын, бірі қысқа екі спикуласы орналасқан. Ұрғашы құрттың жыныс мүшесі бас жағынан ашылады. Ол жұмыртқа салмайды, жыбырлаған тірі личинкалар туады. Th. gulosa(Railliet et Henry, 1910)еркегінің тұрқы 0, 5 -0, 9 см, ұрғашысыныкі 0, 5 -1, 6 см, денесінің сырт қабығы жылтыр, ауыз қуысы дамыған, тостаған тәрізді, спикулалары тең емес. Th. skjabini(Erscow, 1928)- еркегінің тұрқы 0, 5 -0, 9 см, ұрғашысыныкі 1, 1 -1, 9 см, сырт қабығы жылтыр, ауыз қуысы тар, спикулалары тең.
Өсіп-өнуі. Телязиоз қоздырғыштары биогельминттерге жатады, musca convexifrons, musca amica, musca autumnalis деп аталатын қара шыбындар таратады. Паразиттің үш түрінің өсіп-өнуі бір-біріне ұқсас. Ұрғашы құрт көздің ішіне көптеген тірі балаңқұрттарын шашады. Құжынаған балаңқұрттар жыбырлап жүріп еріксіз көзден жас сорғалатады. Кейде көздің іші іріңдеп кетеді. Балаңқұрттар көз жасына араласып сыртқа шығады да, үстіңгі және астыңғы қабақтардың айналасына, кірпік астына жиналып, қатып қалады. Шыбындар малдың көз жасын жалап жүріп, паразит балаңқұрттарын қабылдап алады. Балаңқұрттар шыбын денесінде 0, 5 -1 айдың ішінде өсіп жетіледі. Жұқпалы сатысына жеткен балаңқұрттар шыбынның бас бөлігіне ауысып, тұмсықтарына енеді. Шыбын мал көзіне қонған сәтте, құрт балаңқұрттары жәндік тұмсығынан шығып, көздің кілегей қабығы қуысына немесе жас безінің түтікшелеріне енеді. Мұнда олар 1 -1, 5 ай өткен соң, жынысы жетілген ересек құртқа айналып, бірнеше ай, кейде бір жылға дейін өмір сүреді.
Эпизоотологиясы. Телязиоз еліміздің Солтүстік өлкесінен басқа жерлердің бәріне тараған. Телязия құрты сиырдан жылдың қай маусымында болсын табыла береді, бірақ ауру жаз айларында кездеседі. Себебі, жазда құрттардың аралық иелері – шыбындар өте көп. Маусым айы мен қазан айының арасында мал телязиозбен жаппай ауырады. Бірақ мамыр айында сирек кездеседі. Қазаннан кейін ауру біртіндеп жойыла бастайды. Мал құртты көбінесе өрісте жұқтырады, бірақ, телязиоз қора малдарында да байқалуы ықтимал. Паразит тасымалдаушы шыбындарға инвазияны жұқтырудың негізгі көзі – телязиозға шалдыққан сақа мал. Қыс бойы нематодалар мал көзінде сақталып, жаз шығв шыбындарға таралады. Телязиоз мал жасын талғамайды. Гельминтозға ірі қараның кәрі-жасы бірдей шалдығады, бірақ бұзаулар арасында инвазия көбінесе жіті түрде өтеді. Кейбір деректерге қарағанда ересек малдың 84 %, 1 -3 жасар малдың -74, 8 %, бұзаудың 74, 3% телязиозға шалдығады. Телязиоз тарататын қара шыбындар өзінің жұмыртқасын малдың жапасына салады. Кейбір шыбындар тірі балаңқұрттар табуы мүмкін. Осы балаңқұрттар топырақтың ішіне кіріп алып, қуыршақтанады да, 18 -25 күннен соң ересек шыбынға айналады. Шыбын жайылымда маусым айында ұша бастайды да мал арасына ауру таратады.
Аурудың өрбуі.
Сырт белгілері. Аурудың бастапқы кезінде малдың көзі қызарып, жас сорғалайды, кілегей қабықтары мен қабақтары ісінеді, көзі қарығады, мал жарыққа қарай алмай, көзін жыпылықтата береді. Қан тамырларын қан кермеп, көздері қызарып кетеді. Бара-бара оның ағы бозарып қабынады, тесіледі. Алғашқы ауру белгілері көзге құрт түсісімен 57 күн өтісімен біліне бастайды. Ауру 1 -2 айға созылады. Аурудан айыққан малдың көзі шел басады. Малдың температурасы 1 -2 градусқа көтерілуі мүмкін. Бара-бара көзі іріңдейді, ірің көздің бұрышында, кірпіктерде қабыршақтанып, қатып қалады. Қабақтың ісінуі соншалықты, тіпті көзді жауып тастайды. 1 -1, 5 апта өтісімен мүйізді қабықтың әр жеріне жарақаттар пайда болады. Одан әрі жануар көзін аша алмай, жүріп-тұруға жасқаншақтайды. Әдетте дерт 5 -8 аптаға созылады, соңында көз алмасы шегірейіп, мал мүлдем көрмей қалады. Ноғаламен ауырған сиырдың сүті кемиді, салмағы азаяды, қаны төмендеп, арықтайды. Кейде телязиоз басталасымен өзінен-өзі тоқтайды да мал оңалып, қоңдана бастайды, тіпті көп кешікпей сауығып кетеді.
Диагностикасы. Телязиозға диагноз қою үшін, малдың көзін жуып-шайып, шайындының ішінен ересек құртты не оның балаңқұрттарын іздестіріп, табу керек. Ол үшін көзі жасаурап қызарып тұрған ірі қараны бөліп алады да, құрттың бар жоғын тексереді. Әуелі түліктің басын мықты шарбаққа не бағанаға байлап бекітеді. Асау бұзау-тайыншаларды екі танауынан қысып ұстап бекітуге болады. Малдың басын бір жағына сәл қисайтып және төмен қаратып, оның үстіңгі және астыңғы қабақтарын сол қолдың саусақтарымен көтеріп ашады, ал оң қолмен үшінші қабақ тұсынан көз ұясына 2 -3%-қ бор қышқылының ерітіндісі немесе басқа антисептикке толы резина бүріккіш ұштығын кіргізеді де, сұйықтың қатты ағынымен жуып-шайып, бар нематодаларды шайып шығады. Көмекші адам түбі бар қара түсті ыдысты (әдетте фотографиялық ыдыс) көз астында тосып тұру керек. Көзді шайып болған соң шайындыдан ақшыл түсті жыбырлап жүрген Th. rhodesi құрттарын көреміз. Ал телязияның қалған екі түрі «тереңде» қоныс тебуіне байланысты, бұл әдіспен табылмайды. Бірақ олардың балаңқұрттарын іздестіруге болады. Ол үшін жас безінен бөлініп аққан сұйықты жинап алып, оны үлкейткіш әйнекше(лупа) немесе микроскоп көмегімен тексереді. Өлген малдарды зерттегенде жоғарғы көз қабағын өзіне қарай тартып, ішінен жас ағарын тауып алып, кішкене жіңішке, сүйір қайшымен оны ұзыннан тіледі, тілік арасынан жұмыр құрттарды табуға болады. Немесе қайшының көмегінсіз жас ағарды қолмен сығыңқырағанда гельминттер шығады. Кейде көздің жас безін қандауыр пышақпен тіліп ажыратып, бөлек алады да жеке ыдысқа салып жаяды. Көп кешікпей гельминттер су бетіне қалқып, соңынан тұнып ыдыстың түбіне жиналады.
Емі Алдымен көзге түскен бөгде заттарды алып тастау керек. Қабынған көздің ішін 2 -3% бор қышқылы, лизолдың 3%-эмульсиясы, 3% ихтиол эмульсиясы немесе (38 -39°С) йодтың су ерітіндісімен жуады. Ол үшін 2 л. суға 1 г қиыршықты йодты, 1, 5 -2 г йод калийді ерітеді. Жоғарыда көрсетілген дәрімен дегельминтизацияны 3 рет 2 -3 аралатып жүргізеді. Аталған әдістермен тек Th. rhodesi құрттарын жуып шаюға болады, ал паразиттің қалған екі түріне антигельментиктер ешқандай әсер етпейді. Оларға қарсы тиімді дәрмектердің бірі- дитразин-цитрат. Оны бір тәулік аралатып 0, 015 г/кг мөлшерінде мойын ортасынан сәл жоғары, тері астына немесе бір қайтара көз шарасына құяды. Х. С. Сатыбалдин (1971) галванокаутер құралын және онымен емдеу тәсілін өндіріске енгізді. Ол көздің үшінші қабақ безін және жас бездерін аталған аспап көмегімен күйдіруді ұсынды.
Алдын алу және күресу шаралары. Жыл сайын ірі қараның телязиозы байқалған шаруашылықтар мен фермаларда сақтық дегельминтизациялар жүргізіледі. Оны ерте көктемде, сиыр шыбыны ұшқанға дейін, малдың кәріжасына қараиай, барлығын қамтып өткізу керек. Дегельминтизацияны мүмкіндік болса шаруашылықтарда, фермаларда жоспарлы түрде, бір мезгілде өткізіп отыру керек. Бұл дерттен сақтандыру үшін жазда, күннің ыстық кезінде, жәндіктердің өршіген шағында, түлікті жабық қораларда немесе лапастарда ұстайды. Ең маңызды сақтық шара: қораларды, аула-алаңдарды мұқият қитезек пен көңдерден, қоқыстардан тазартып отыру қажет. Ірі қара телязиозын алдын алу және жою шараларын, қоздырушының биологиясын және жергілікті климаттық географиялық ерекшеліктерді есепке ала отырып жүргізеді. Сиыр шыбындарымен күресу үшін, жазғы жайылым кезінде ірі қара малдарына арнайы құралдармен инсектицид дәрілерін шашады.
паразит слайд.pptx