
1170_ylymi_zhoba (1).pptx
- Количество слайдов: 21
Ғылыми жоба: Өсімдіктердің қуаңшылыққа төзімділігі Тексерген: Атабаева С. Д Орындаған: Максутова Айдана Каримова Ляззат
• Кіріспе • Негізгі бөлім: • 1.
• Еліміздің көптеген терреториясының климатының құрғақтығы көзге түседі. Қазақстанда негізінен құрғақ климат болып келеді жауын-шашын аз, жазы ыстық және құрғақ болып табылады. Сондықтан да бұл тақырыпты ашу өзекті мәселе деп санаймыз.
• Қуаңшылық бұл тек ауыл шаруашылығы мен табиғатқа ғана емес, сондай-ақ елдің экономикасына да зиян келтіретін жиі құбылыс болып табылады. Қазақстан өзінің құрғақ климатымен сипатталады, әсіресе жаз мезгілдерінде ыстық желдердің әсерінен т, б құрғақшылық қатты білінеді. •
• Құрғақшылық - белгілі бір аймақтардағы жауын шашынның ұзақ уақыт бойы болмауы, температураның жоғары және ауаның төмен ылғалдылығының нәтижесі болып табылады. Нәтижесінде құрғақшылық топырақтағы ылғалдың қажетті сомасының жойылуына, демек, егіннің өнімділігінің төмендеуіне әкеледі. Кейде тіпті өнімнің болмауына да әкеліп соғады.
Құрғақшылық Атмосфералық Топырақ • Сондықтан, жылу және құрғақ ауаның көп болуына байланысты ылғалдың табиғи булануы артады, осы буланулар нәтижесінде атмосфералық құрғақшылық пайда болады. • Ал топырақтың ылғалдылығы төмен болуында, сондай ақ оны табиғи жауын шашынмен толтыру мүмкін емес болғанда топырақ құрғақшылыққа ұшырайды.
ПРОБЛЕМАНЫҢ ӨЗЕКТІЛІГІ • Бәрінен бұрын құрғақ климат еліміздің ауыл шаруашылығына әсер етеді. Мысалы, 2015 жылы Қыркүйектегі деректерге байланысты Батыс Қазақстан облысында құрғақшылықтың әсерінен астық дақылдарының шамамен 47% пайызын жоғалтты деп жарияланды. • Каз. ТАГ ресми деректері бойынша 247000 гектар отырғызылған дақылдан тек 142000 гектарын құрғақшылықтан сақтап қалған болатын. Осындай проблемадан Ақмола, Қостанай, Қарағанды, Ақтөбе облыстары да зиян шекті. • Ақпараттарға сүйенсек, 300 -ден астам мың гектар шығынға кеткен.
Қуаңшылықтың өсімдіктерге әсері: 1. Өсімдік денесінің температурасын жоғарылатады 2. Сусыздандырады( су тапшылығы немесе солу)
Қуаңшылықтың жағымсыз әсерінің байқалуы • 1. Өсімдіктегі су алмасу процесінде байқалады. • Яғни, топырақ қуаңшылығынан клеткалар және ұлпалар бойындағы су азайып, сусызданады, өсімдікте су тапшылығы пайда болады. Су тапшылығы деген ұғым - өсімдік суға толық қанығуы үшін жетіспейтін судың процентпен белгіленетін бөлігі.
• Қуаңшылықтың әсерінен, ең алдымен өсімдіктегі су алмасу процестері бұзылып, судың жалпы мөлшері азаяды да оның мүшелерде қалыпты таралуы өзгереді. Сабақта жоғары орналасқан жапырақтар мен мүшелер төмендегілердің судың біраз мөлшерін өзіне тартып пайдаланып, оларды сусыздандырады. Соның салдарынан төменгі жапырақтар мен басқа мүшелер тез қурап қалады да фотосинтездік аппарат азайып, өсімдіктің өнімділігі төмендейді.
• Өсімдіктердің қуаңшылыққа және ыстыққа төзімділігі тікелей талдау протоплазманың тұтқырлығы, синтездік қабілеттілігі, гидрофилділігі, белоктардың коагуляциялануы, т. б. көрсеткіштер арқылы анықтау әдістері бар.
Өсімдіктердің қуаңшылыққа төзімділігін арттыру мақсатында: Шынықтыру және әртүрлі тұздар ерітіндісімен өне бастаған тұқымды өңдеу әдісте рі қолданады.
Жүргізілген жұмыстар Зерттеу обьетісі: дәнді дақылдар
• Өсімдік шаруашылығының әртараптандыру бағдарламасы аясында, су тапшылығы мен қуаңшылық жағдайында аймақтың ауыл шаруашылығы өндірісін арттырудың негізгі бағыттарының бірі құрғақшылыққа шыдамды дәнді-дақылдар егісінің көлемін арттыру болып табылады. Дәнді дақылдардың аралығында мал – азықтың дәнді дақылдардың, оның ішінде арпанның маңызы орасан зор.
• Қазіргі кезде қуаңшылыққа төзімді арпа дәндерінің сорттарын көбейту жұмыстарын қолға алдық. Сонымен қатар селекцияда арпа сорттарының сапасын арттыруда түрлі әдістер қолданылуда. Себебі арпа дәні ауыл шаруашылығында қажетті өнімі болып табылады.
Жұмыстың практикалық маңыздылығы: Зерттеу жұмысымызда арпа дәнінің өсу энергиясында құрғақшылыққа шыдамды ету арқылы шынықтырған арпаның құрғақшылық жағдайында өсу энергиясымен өңгіштігінің артатынын байқадық. Практикалық маңызы өте зор. Практиканы жүргізу барысында әртүрлі арпа сорттарын анықтауымызға болады. Арпа бұл азық-түліктің және мал шаруашылығында, шикізат өнеркәсібінде бірден-бір бағалы дән болып табылады.
Зерттеу жұмыстарының мақсаты: Зерттеу жұмысымыздың мақсаты -өсу энергиясында құрғақшылыққа шыдамды ету және өңгіштігін анықтау. Арпа дәндердің егу алдында құрғақшылыққа қарсы шынықтыру өсу энергиясын жоғарылатып өңгіштігін арттырып қуаңшылыққа шыдамды етеді. Қазақстан Республикасында дала, шөл-шөлейт, орманды дала аймақтары кездеседі. Осы қуаншылық аймақтарда арпа дақылының Отандық селекция сорттарын сынақтан өткізу олардың өсіру технологиясың жетілдіру басты мақсатымыздың бірі.
Жұмыстың міндеттері: 1. Қуаңшылыққа бейімділік қасиеті жоғары сорттары мен будандарын анықтау. 2. Дәнді –дақылдардың өсуі мен дамуын есептейтін ылғал тапшылығы, температура ауытқулығы және топырақтың тұздануы мен қарашірігінің жетімсіздігі және тағы басқа табиғат климат жағдайларына жақсы бейімделген және аудандастырылған сорттарды өсірудің тәсілдерін жетілдіру. 3. Әлеуметтік және экономикалық дамуының негізгі бағыттарында көрсетілгендей, егіс өнімін арттыру, сапалы жаңа сорттар шығару, егін шаруашылығына озық технологияларды кеңінен қолдану. 4. Шығынды аз жұмсап сапалы әрі мол өнім алу.
• Құрғақшылыққа қарсы көбінесе тиімді күрес оның алдын алу болып табылады. Сондықтан алдын ала оның пайда болу ықтималдығын анықтау қажет. Бұны бірнеше жолмен жасауға болады: ылғалды есептеу – топырақ өлі қабаттарының ылғалдылық деңгейі; қардың орташа тереңдігі және оған ылғал мөлшерін – қар деңгейін анықтау.
• Жоғарыдағы сандар кем дегенде 50% болса, онда шұғыл құрғақшылыққа қарсы күрес жоспарын жүзеге асыру керек. Ол үшін көбінесе топырақтың су сіңіргіш және су ұстайтын қасиеттерін сақтауда және қалпына келтіруде, сондай ақ қар жамылғысын ұстап тұру үшін агрономиялық және мелиоративтік іс шаралар түрлерін қолданады. .
• Сонымен қатар, тиімді тәсіл терең, контурлы және бүкіл жер жырту, ағысты реттейтін арнайы өңдеулер, топырақта қыртыстың пайда болуын бақылау, егетін күздік дақылдар қоспасын уақтылы өзгерту және құрғақшылыққа төзімді өсімдіктерді отырғызу болып табылады Құрғақщылықпен күресу тәсілдерін қолдана отырып, оның жойқын салдарынан сақтануга болады деп ойлаймыз.
1170_ylymi_zhoba (1).pptx