kazak tili.pptx
- Количество слайдов: 12
Ғылыми-техникалық революция және дүниежүзілік шаруашылықтың дамуы
Жоба жасаған адамдар: Мулдағалиева Айнұр, Карашинова Гульнұр, Ғадыл Айнұр Астана қаласындағы С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық Университеттің студентері (1 к. сәулет ф) 2
Адамзат қоғамынын ұзақ даму тарихында шаруашылықтың ұдайы алға басып, жетілдірілуіне ғылым мен техниканың өркендеуі себепші болып келеді. ХХ ғасырдың екінші жартысында ғылымитехникалық үрдіс аса жедел қарқынмен дамып, дүниежүзінің көптеген елдері мен шаруашылық салаларын қамтыды. 3
Ғалымдар ғылыми техникалық революция (ФТП) деп атаған бұл құбылыс қысқа уақыт аралығында қоғамның өндіргіш күштерін сапалық жағынан түбегешті өзгерткен "секіріс" ретінде бағаланды. 4
Ол адамзат тарихында ғылым мен техника пайда болғаннан бері өндіргіш күштерді ұдайы жетілдіруге себепші болған ғылыми-техникалық прогрестен айырмашылық жасайды. Сонымен ғылымитехникалық революция дегеніміз — белгілі бір уақыт аралығында дамудың жаңа сатысына көтерілуге себепші болған сапалық өзгерістердің жедел қарқынмен жүруі. 5
Зерттеу. Зеретуімізде күнделікте қолданаалатынымыз телевизор туралы айтамыз 6
'Теледидар – телехабар бағдарламаларындағы бейне мен дыбыстық сүйемелдеудің радио сигналдарын күшейту мен түрлендіруге арналған теле, радиоқабылдағыш теледидар түрлі түсті, ақаласықара кескінді, стационарлы және тасымалды болып ажыратылады. Теледидардың негізгі ерекшелігі бейне мен сүйемелдеуші дыбыс радиосигналдарын бір уақытта күшейту және түрлендіруезі теледидар әдетте супергетеродинді сұлба бойынша құрастырылады. Оның нұсқалары сүйемелдеуші дыбыс сигналдарын күшейту және бөлу әдістері бойынша бөлінеді. 20 ғасырдың соңында ертеден қолданылып келген кинескопты теледидарлардың орнын сұйық кристалды, плазмалы теледидарлар басты. Сұйық кристалды теледидарлар кескін айқындылығының, сапасының жоғарылығы бойынша қолданыстағы теледидарлардың ең озық түрі болып саналады 7
Теледидар бүкіл әлемнің бүкіл адамзаттың күнделікті өмірінің бір бөлігіне айналды. Кішкентай балақайлардан еңкейген қартқа дейін теледидардан көз алмай қажетін тауып, тамашалайды. Теледидардың шығу тарихы, Televisorium латын тілінен аударғанда алыстан көруші дегенді білдіреді. Теледидар пайда болғанша қаншама физиктер, ғалымдар еңбектеніп ізденді. 1884 ж неміс өнертапқышы Пауль Нипков спираль тектес ойлап тапты. Ол теледидардың механикалық бір түрі десе де болады. Ойлап тапқан соң арада 14 жыл өткенде катодты сәулелі түтікшені шығарды. Түтікше лампалы теледидардың пайда болуына септігін тигізді. Оны ойлап тапқан Джонатан Ценнек пен Фердинанд Браун болатын. 8
Электронды сәулелі түтікшені жасаушылардың бірі ресейлік профессор Борис Розинг 1907 ж өнертабысы үшін патент алды. Нағыз электрондық теледидарды жасауды шәкірті В. Зворыкиннің үлесі тиді. 1917 ж бері АҚШта білім алған ғалым 1923 ж алғашқы киноскопты ойлап шығарды. 1933 ж бейне сигналды қосты. Теледидардың шығуына АҚШ пен Шотландия үлесі зор. 1925 ж Шотландық инженер Джон Лоджи Байрд құрыдғысынан адам басын көрсетіп, зерттеді. 3 мерт қашықтықтан бейнені көру ол кезде сенсация болатын. Бейне көрінгенмен, анық емес еді. Қаңылтырды, картон дискісін, бос қорапты, фонарьды қолданған. 1927 ж Э. Александерсон тікелей эфирден адамның темекі тартып тұрғанын көрсетті. АҚШ әлемге ең алғашқы рет теледидарлар шығара бастайды. Алғашқы телехабарлар АҚШта 1927 ж, Ұлыбританияд 1928 ж Германияда 1929 ж пайда болды. КСРОда Б-2 маркалы теледидар 1932 ж Ленинградта Коминтерн зауытында жасалды. көлемі 3*4 см болды. Тұрақты хабарларды 1939 ж беіле бастады. 9
1954 ж алғашқы түрлі түсті теледидарлар пайда болды. Бағасы 1000 АҚШ доллары болатын. Қазыргімен есептегенде шамамен 8000 сомасы. Істеп тұру үшін тұрақты жылына 1000 доллар ақша қажет болды. 1962 ж америкалық спутниктік телеарнасы алғаш рет тікелей эфирден таратты. Пульт 1975 ж ойлап табылса, плазмалық теледидар 1977 ж пайда болды. 10
Қорытынды Сонымен, ғылыми-техникалық революция біртұтас жүйеге айналған қазіргі заманғы дүниежүзілік шаруашылықтың құрылымын жанжақты ықпал етеді. Соның нәтижесінде кейбір дәстүрлі салалардың дамуы бәсеңдеп, керісінше ғылымға негізделген жоғары технологиялық салалардың маңызы, артуда. 11
Назар аударыңызға рахмет! 12
kazak tili.pptx