Камза Жибек.pptx
- Количество слайдов: 23
ҒАЛИ ОРМАНОВТЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ
Ғали Орманов Қазақ поэзиясының көрнекті өкілдерінің бірі Ғали Орманов 1907 жылы қазіргі Талдықорған облысының Ақсу ауданында Ешкіөлмес тауының бауырында туған. Онға толар-толмаста әкешешесінен бірдей жетім қалып, туысқандарының қолында тәрбиеленеді. Ақын Қазақ педогогикалық инcтитутын бітірген
Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы, секция меңгерушісі Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасының бас редакторы Іле ауданы оқу бөлімінің меңгерушісі «Егемен Қазақстан» газетінде әдеби қызметкер ҒАЛИ ОРМАНОВ “Әдебиет және искусство” журналының жауапты редакторы “Майдан” альманағының редакторы Жамбыл ақынның әдеби хатшысы
Ақша қар жерге шашыңнан, Қылаулап жауып жатса да, Жырыңдай жазған жасыңнан Жарқырай берші, жақсы аға. Хамит Ерғалиев
Өлеңдер Аудармалар
Ғали Ормановтың еңбектері: v “Шеңбер” (1934 ) v “Шәуілдір” (1934) v “Алынған қамал” (1935) v “Абысын сыры” (1936) жыр кітабы v “Көтерме” атты прозалық жинағы (1935) v “Халық – қаһарман” (1941) v “Емен” (1944) v “Өмір дастаны” (1948) v “Бөбек жүрегі” (1949) v “Сәт сапарда” (1957) v “Ой қанаты” (1961) v “От өзен” (1965) v “Жер қазығы” (1972) v “Жыр қанаты” (1975) v “Жылдар жыры” (1976)
Аудармалары: “Манастың” 1 -кітабы; А. С. Пушкиннің, М. Ю. Лермонтовтың, Ян Райнистің, Ф. Мақтымқұлының, А. Тоқомбаевтың бірқатар поэмаларын; Л. Н. Толстойдың “Анна Каренина” романын; Н. В. Гогольдің “Нева проспектісі” повесін; А. П. Чеховтың әңгімелерін; М. С. Бубенцовтың “Ақ қайың” романын; М. Тұрсын-Заденің “Үндістан балладалары”.
Ақын өлеңдерін кезеңге бөліп қарастырсақ: 1927 - 1939 1940 - 1949 1950 - 1957 1960 - 1970
Өлеңд ер (1927 – 1939)
Қысқы күй Әже қамы Қыр сабағы Түз әні Есіркептің ерегісі Боран күні Алыстағ ауылда Өтештің өкініші Асыққандай боласың Ұяда Ұмытылмас күн Қарайлап елге хат жазар. . . Тырнақалды Дәме Ауыл-үйлер Конфиске Беттесу Есе Қиын жыл “Әулие тас” аңызы Жайлау желігі Білесіңдер өздерің Жуандық пен жуастық Белгі Көшпелі кеңсе Екідай Кім білсін Ауыл сыртында Ол бір толқын жыр еді Ызғар Қора Диқанбайға Мойынсерік Ақылдас
Ақын бұл кезеңдегі қазақ ауылдарындағы жаңа құбылысты әртүрлі штрихтер арқылы көрсете білді. «Қора» , «Дихамбай» , «Мойын серік» атты өлеңдерінде кедей шаруалардың еңбегі сөз болса, «Абысындар аңызы» , «Қоңсы мен қожайын» , «Екі дай» өлеңдерінде ауылдағы тап тартысының кейбір көріністерін береді.
Ананың ашуы Таласа теуіп сырғанақ, Тоймақық әсте ойынға, Қабыршақ қарды сыбалап Толтырдық талай қойынға. Шарығың, тоның малмаңдай Белшеңнен бата су болып, Жүрсек те сөйтіп күн жаумай, Демедік оны біз қорлық. Сүйресіп мұзда күн ұзын, Малшына қайттық сондықтан, Мұрын мен құлақ қып-қызыл, Қолымыз әбден домбыққан. Шылқыған көріп тоныңды, Кейіді қатты сонда ана; Жылытады келіп қолыңды. . . Ашуы оның сол ғана. 1930 жыл
Ғали Орманов Ұлы Октябрьден бұрын туғанымен, оның қаламын советтік дәуір ұштап берді. Бұл жайлар ақын өлеңінде көрініс тапқан: Алысқа тігіп көзімді, Аянбай жеттім бір шаққа, Қиынңа жұмсап өзімді, Қарайын талмай кітапқа. ( «Өрде» ) Қару бер, ана, қолыма, Жауыңа жайдай тиейін. Өзімді тосып жолыңа, Үстіме жалын киейін. ( «Отан алдында» )
«Ленин Мавзолейінде» көсемге деген ыстық сезімі мен берік сенім сезіледі: Дамылдап жатырсыз ба, Ленин, баба, Жаһанның жүрегіндей Ұлы дана? Сағынған жазымыздың сәулесіндей, Қарап тұр дидарыңа біздің дала. Келеміз қайта - қайта біз қасыңа, Көсемнің қаралық деп тұлғасына. Қасыңа келген адам шығады оймен, сиғызып дүниені бір басына! 1935 жыл
Ғали Орманов республикадағы өндіріс орындары «Мыс қала» , «Үлбе» , астана «Алматы» , туған жері туралы өлеңдерде жер байлығы мен ел көркін мақтан етіп, өзінің советтік социалистік Отанына деген терең сезімін айқын білдіреді: Алматы Cұлусың ғой Алматы, Жасыл орман жамылған, Жеріміздің сәулеті Жан құмартып сағынған! Жеріміздің сәніндей Сені кім жыр етпесін? ! Жемісіңнің дәміндей Жұрт есінен кетпессің!
1940Өлеңдер 1959 жж.
Отан тақырыбы бы ры ы Ан тақ а Ма тақ хаб ыр бат ыб ы
Ендігі өлеңдері майдан өмірі, жауынгердің ой арманы мен сыры жайында жазылған. Геройлары өлімнен намысты жоғары қояды. Олар бұл сөзді кеудесінен аққан қанды қолымен басып тұрып, шырақтай жалтырған екі көзінің жанары мәңгі бақи өшіп бара жатып та айтады.
Қаһар Қорқытпас бірақ оқ пен өрт, Шошытпас бізді жау түрі. Жүректе бекем сонша серт: Қайтпайды дұшпан сау, тірі! Күйікті Отан қаһарлы Жіберер жауды күл қылып. Көгінде маздап қашанғы Құшақтар жерді күн күліп!
Отаным, еркелегем өзге кімге? Өзіңмен нені болса көргем бірге. . . Қалайша қабырғама батпас менің Басыңа қатер бұлты төнген күнде? Жан қаһары Қиратып қала, бағыңды, Өртемек ойы күл етіп: Мазақтап балғың шағыңды, Қорламақ сені құл етіп. Соқттықты өзі қан түртіп, Сазайын тартар зұлымдар: Қандарын қақша кілкітіп Жемтігін шоқыр құзғындар!
Отанға ант Отаным - бар өмірім, жан тынысым! Қызығым, қуанышым бір өзіңсің! Анамдай әлпештеген ұлы Отаным Дайынмын жан қиюға мен - сен үшін! Отан алдында Жанымды қиып сен үшін, Өкінбей сірә өлгенге: Себелеп мейір жылысын, Сақтайсың өзің кеуденде!
Ана жігердің, күштің символы. Ол күш баланың анаға, ананың балаға деген махаббатынан туған. Анаға деген сүйіспеншілікті Отанға деген махаббатпен қабстыра жырлайды: Әжімді ашаң, қарт анам, Көрсем-ақ ақшыл шашыңды, Қылыштан қорқып тартпаған, Иер ем саған басымды!
Пайдаланылған әдебиеттер: Көптомдық шығармалар жинағы: Өлеңдер. Алматы, «Қазығұрт баспасы» 2009 Сәт сапары: Өлеңдер. - Алматы: «Қазақтың Мемлекеттік Көркем әдебиет» баспасы, 1957 Көп томдық шығармалар жинағы: Өлеңдер. – Алматы: «Қазығұрт» баспасы, 2012 Таңдамалы өлеңдер. Алматы: «Жазушы» баспасы, 1977
Камза Жибек.pptx