Презентация Microsoft Office PowerPoint.pptx
- Количество слайдов: 7
Ғ арыш ә лемі
Қазақстан алғаш ғарышкері
Туған 1994 ж 27 шілденің Қарақалы ауданы Қарағанды облысы Мансабы Зерттеуші-ғарышкер Дәреже Генерал-майор Ғарышта болу уақыты 7 күн 22 сағ 12 мин Іріктелуі 1991 Тапсырысы Союз ТМ-13
Ғарыш кемесі
Ғарыш кеңістігін ғарыш қалдықтарынан тазарту-өзекті мәселе 2001 жылы сәуір айында Германияның Дармштадт қаласына Еуропалық ғарыштық агенттілікке кіретін Еуропаның 14 елінен мамандар жиналды. Осы жерде ғарыштық операциялардың Еуропалық орталығының штабпәтері орналасқан. Қатты отындағы үдемелі блоктардың жұмысы кезінде көзге көрінбейтін бөлшектердің үлкен мөлшері түзіледі. Олар отынның 40 процентін құрайды. Олардың әрқайсысы ғарыштық аппараттты соғып, кішкене кратер немесе диаметрі 10 -300 мкм саңылау жасауы мүмкін. Ірірек бөлшектер жылуқорғағыш бояулар қабыршақтанғанда түзіледі. Орбиталық станцияның иллюминаторы арқылы күн сәулесінде жанған шаң-тозаңдардың шын өлшемдердін анықтау мүмкін емес. Ғарышта ұшып жүрген заттардың барлығын тізіп айтып беру мүмкін емес. Жердің ластануы мен ғарыштың ластануын белгілі бір шектерде ғана салыстыруға болады. Өз-өзімен жойылып кететін қалдықтар да бар: Жердегі азық-түлік қалдықтары және төмен ұшатын ғарыштағы серіктер. Көп өмір сүретін қалдықтар да бар: Жердегі синтектикалық материалдар және ғарыштағы геостационарлық объектілер. Егер ғарыштағы қалдықтар жердегі қалдықтарға қарағанда көбеюі мүмкін екендігі туралы алаңдатарлық проблема адамзат баласының алдында тұр. Бұл шаң-тозаңдар, бөлшектер және өлі серіктер өте зор жылдамдықпен қозғалып, егер соқтығысып қалса көптеген қиындықтарға душар еткізеді. 10 км/с жылдамдықпен ұшып келе жатқан диаметрі 0, 5 мм бөлшек көп қабатты скафандрды тесіп өту мүмкіндігі бар. Осындай жылдмадықтағы қалдықтар олардың диамтерінен 10 есе қалың алюминий бетті тесіп өтеді. Көрінбейтін меториттің өзінің массасынан 200 -1000 есе көп бөлшектер бұлтын түзеді. Осылайша тізбекті реакцияға ұқсас поцесс болады: қалдық тасқынтәрізді көбейеді.
Барлық ғарыштық кемелер барлық елдерде шығыстан батысқа қарай ұшырылатындықтан соқтығысулар қазір көптеп кездеспейді және жылдамдықтары да соншалықты үлкен емес. Осылайша ғарыш кемелерінің ұшырылуы бір бағытта өтеді және қарама-қарсы соқтығысулар кездеспейді. Бірақ ғарыштың ластану процесі тасқын тәрізді және қайтамсыз болу қауіп-қатері туындап отыр. Мамандар бұл жағдайда адамзат баласына ғарышқа жол жүздеген жылдарға жол жабылып қалады деген ойда. Нидерландыдағы Дельфте қаласындағы Техникалық университетте ғарышты ластануын шектейтін арнаулы халықаралық заңдар қабылдау керек деп санайды. Конструкторларға ғарыштағы жарылулардың алдын алу жолдарын қарастары ұсынылды. Болашақта ғарыш қалдықтарын төменірек орбитаға апаратын немесе керісінше көп жылдар бойы «көміп» қоюға неғұрлым ғарыштың жоғары қабаттарына тасуға мүмкіндігі бар «ғарыш тазалағыштарын» ғарышқа аттандыруға мүмкіндік тууы мүмкін. Екінші нұсқаны алатын болсақ, бұл проблеманы шешу жолын кейінгі ұрпаққа ысырып тастау деген сөз. Және серікті 100 м биіктікке шығару үшін орбиталық станцияның бір айлық жұмысына кететін энергия жұмсау керек. Ең алғашқы рет жасанды жер серігі ұшырылғаннан бастап адамдар ғарышқа мыңдаған объектілер жіберді. Бүгінгі таңда олардың 8500 байқалған, 95%-і — әр түрлі қалдықтар: металл ломдары, әр түрлі зымыран тасығыштардың соңғы сатларының детальдары. Кей жағдайларда олар жарылады. Ең бірінші рет мұндай жағдай 1961 жылы болған еді. «Эблестер» зымыраны жарылғанда 280 жарықшақ пайда болды. 30 жылдан кейін «Нимбус-6» серігінің жарылуы 800 -4000 км биіктікте 400 жарықшақтар туғызды. «Космос-1603» серігін орбитаға шығару кезінде 1992 жылдың 5 қыркүйегінде «Протон» зымыранының блогы жарылды. 700 -1100 км биіктікте Жерден көрінетін 62 жарықшақтардан құралған бұлт түзілді. Бірнеше аптадан кейін ғарышқа «Горизонт -17» серігі шығарған блок 100 бөлікке бөлінді. Апта сайын қызмет атқару уақыты аяқталған серіктердің біреуі атмосфераның жоғарғы қабаттарында біртіндеп тежеліп, ғаламшар тұрғындарына еш зиян келтірмей жанып кетеді.
Ғарыш кеңістігін ластанудан сақтаудың алдын алу бағдарламасын құру жобасы. Ғарыш кеңістігін ластанудан сақтау үшін жер маңындағы кеңістікте жасанды объектілер мөлшерінің құқылық негіздерін реттеуін қадағалайтын бағдарлама қажет. Бұл бағдарламаның техникалық бөлімі үш бөлімнен тұруы керек. Бірінші бөлімде ғарыш кеңістігінің ластануының қазіргі жағдайы мен болашақ та ғарыш қалдықтарының ғарыш аппараттарымен соқтығысу қауіптілігін бағалауға болжам жасау туралы жұмыстардан тұруы керек. «Ғарыш қалдықтары» фрагменттерін тіркейтін каталогтарды кеңейту үшін бақылау және тіркеу құралжабдықтарын дамыту, ғарыш объектілерін бақылау, сол сияқты өлшеу әдістерін, нәтижелерін электронды есептеу машиналарын пайдаланып, қазіргі заманға сай жетілдіру. Кіші өлшемді фрагменттерді бақылаудың шектеулі мүмкіндіктері кішкентай жарықшақтардың түзілуінің негізгі көздері болып табылатын орбитада ғарыш объектілерінің соқтығысуы модельдеу керек екендігіне әкеледі. Мұндай модельдеу негізіне шын соқтығысу жылдамдығына жақын болатындай мұндай кіші фрагменттердің үдеу алуын қамтамсыз ететін қазіргі заманғы жер үстіндегі құрылғыларда эксперименттер мен әдістер жатуы мүмкін. Зерттеу нәтижелері «ғарыш қалдықтары» фрагменттерімен соқтығысуынан болатын әр түрлі конструкциялардың қирау мүмкіндіктерін есептеудің инженерлік әдістері мен теорияларын ойлап шығаруында қолданылу керек.
Презентация Microsoft Office PowerPoint.pptx