Скачать презентацию Қазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігі Абылай хан Скачать презентацию Қазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігі Абылай хан

Kazak_tili_proekt.ppt

  • Количество слайдов: 15

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігі Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем Қазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігі Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем тілдірі Университеті Халықаралық қатынастар факультеті Жобалық жұмыс Орындаған: 202 -топ, Нұртаза Н. Тексерген: Исхан Б. Ж.

Тұңғыш қазақ дипломаты және заманауи дипломатия Тұңғыш қазақ дипломаты және заманауи дипломатия

Дипломатия - [ лат. duplicata- билеуші шығарған үкімнің түпнұсқасы мұрағатта сақталған көшірмесі немесе дубликаты] Дипломатия - [ лат. duplicata- билеуші шығарған үкімнің түпнұсқасы мұрағатта сақталған көшірмесі немесе дубликаты] - үкімет органдары, оның шетелдердегі өкілдері мен сенімді тұлғалары жүзеге асыратын мемлекеттің сыртқы саяси міндеттерін іске асыру әрекеттері. Дипломатияны, көбіне, ресми қарым-қатынас жасау арқылы мемлекеттің сыртқы саяси мақсаттары мен мүдделерін іске асыратын мемлекеттік іс-әрекеттің ерекше түрі ретінде қарастырады. Дипломатия - сыртқы саясатты жүргізуге арналған аса маңызды құрал, үйлесімді құрамдас бөлік. Нақты айтқанда, дипломатия мемлекеттің сыртқы саяси және халықаралық қатынастарды жүзеге асырушы тәжірибелік тәсілдер, құралдар мен әдістерінің жиынтығы болып табылады. Бейбіт жағдайда бұл құрал аса жоғары мәнге ие болады және басқа да сыртқы саяси құралдардың көпшілігі оған бағынышты. Көптеген елдерде дипломатия мемлекеттердің бейбіт жағдайда бірлесіп, тыныш өмір сүруінің ғылымы немесе әдістемесі жайлы теориясы деп, мемлекеттер арасындағы достықты нығайтуға, әріптестікті орнатуға, олардың арасындағы қандай да бір қайшылықтарды бейбіт реттеудің саяси амалдары мен әдістері жөніндегі ғылым ретінде қарастырылады. Дипломатия тарихы, дипломатиялық құқық, дипломатиялық қызмет, дипломатиялық хаттама осы ғылымның салалары болып табылады. Кей жағдайларда дипломатияны келіссөздермен байланыстырады, яғни, дипломатия - халықаралық қатынастарды келіссөздер көмегі арқылы жүргізу; ол халықаралық қатынастарды елшілер мен өкілдер арқылы жүргізіп, реттеу әдісі немесе әртүрлі қайшылықты мүдделерді ыңғайлау тәсілі. Бұл тұрғыда дипломатия келісімнің көмегімен әрекет етеді. Жалпы қалыптасқан жағдай бойынша "дипломатия" ұғымын үш мағынада қолдану орын алған: Өз мемлекетінің атынан саясат және келіс сөздер жүргізу ғылымы әрі өнері; Қандай да бір мемлекеттің өкілдігін, соның ішінде сыртқы істер мекемесін, әлде барлық сыртқы саяси агенттерін қамтитын кұрделі ұғым;

"Құпия дипломатия" "қасқырдың аузы жесе де қан, жемесе де қанға" айналған дүниежүзілік соғыс дипломатының қызметі немесе кәсібі. Дипломатияның құпиялылығы, жасырындығы о бастан-ақ оның ажырамас бөлігі болды. Жаңа заманда авторлар құпиялылық сияқты дипломатиялық әдістерге бұрынғыдай мән бермейтін қазіргі дипломатияның "құнсыздануы" жайлы айтуда. Қазіргі кезде "екіжақты дипломатия" және "көпжақты дипломатия" түрлері кеңінен таралған. Екіжақты дипломатия деп екі мемлекет арасындағы ресми қарым-қатынастар кешенін айтады. Көпжақты дипломатия - бірқатар мемлекеттер арасындағы ресми қатынастар кешені мен халықаралық конференция немесе ұйымдар шеңберінде дипломатиялық әдістер мен құралдар арқылы жүзеге асырылатын өзара іс-әрекет.

Қазақстаннан шыққан тұңғыш кәсіби дипломат Тұңғыш қазақ дипломаты, қоғам қайраткері, тіл маманы, Кеңес Одағының Қазақстаннан шыққан тұңғыш кәсіби дипломат Тұңғыш қазақ дипломаты, қоғам қайраткері, тіл маманы, Кеңес Одағының Сауд Арабиясындағы алғашқы елшісі – Нәзір Төреқұлов. Кеңес Одағының тұңғыш елшісі Төреқұлов Нәзір Төреқұлұлы 1892 жылы Түркістан өлкесінде, кейбір деректер бойынша Қоқанда мақта саудагерінің отбасында дүниеге келген. 1904 жылы Нәзір мектеп қабырғасынан түлеп ұшып, 1906 жылы шет аймақтағы өзге ұлт өкілдеріне арналған орыс училищесін тәмамдайды.

Ал 1914 жылы Қоқандағы 8 сыныптық коммерциялық училищені бітіреді. Бірінші дүниежүзілік соғыс жүріп жатқан Ал 1914 жылы Қоқандағы 8 сыныптық коммерциялық училищені бітіреді. Бірінші дүниежүзілік соғыс жүріп жатқан 1914 -1916 жылдары ол Мәскеу коммерциялық институтындағы экономика факультетінің үш курсын аяқтап үлгереді. Ал 1916 жылы қазақтарды қара жұмысқа жегу үшін майданға аттандыру жөніндегі жарлыққа қарсы наразылық акциясына қатысады. Ақ дегені – алғыс, қара дегені – қарғыс патша үкіметі дегеніне жетіп тынады, солайша ол Батыс майданнан бір-ақ шығады. Сол жақта жүріп Минск маңында «Еркін дала» деп аталатын астыртын ұйым құрады. Оның құрамына майданға шақырылған Қазақстан мен Орта Азия халықтарының өкілдері тегіс кіреді. Бұл ұйымды құрудағы мақсат – ұлт-азаттық күресте Шығыс халықтарына көмектесу еді. 1917 жылы Н. Төреқұлов саясаттың қазанында қайнап, қайраткер дәрежесіне дейін көтеріледі. Ол алдымен солшыл эсерлермен бірге болса, 1918 жылдың қазан айында РКП(б) мүшесі атанады. Қызыл армияды қызмет етеді. 1918 -1919 жылдары ол Қоқанда уездік атқару комитетінің хатшысы, оқу-ағарту комиссары, білім беру бөлімінің меңгерушісі болып қызмет етеді. Н. Төреқұлов 1920 жылдан бастап Ташкентте бірқатар мемлекеттік лауазымды қызметте болады. Атап айтсақ: «Иштрати Июн» газетінің редакторы, өлкелік мұсылман бюросының қызметкері, 1920 -1921 жылдары – Түркістан оқу-ағарту наркомы, 1921 жылдың қыркүйек және қараша айларында – Түркістан Орталық атқару комитетінің төрағасы, БКП(б) Орта Азия бюросының мүшесі; 1921 жылдың қараша айынан 1922 жылдың наурызында – Түркістан Орталық атқару комитетінің төрағасы қызметтерін атқарады. Ол төраға ретінде демалыс күнін жексенбіден жұмаға ауыстырып, Құрбан айт күндерін демалыс деп жариялайды.

Н. Төреқұловтың есімі өткен ғасырдың басында халқына көп еңбек сіңірген Алаш қайраткерлерімен бірге аталады. Н. Төреқұловтың есімі өткен ғасырдың басында халқына көп еңбек сіңірген Алаш қайраткерлерімен бірге аталады. Ол Ресей боданында болған Түркістан халқының қандай күйде болғанын жақсы білді. Бұл ойларын Мәскеу мен Ташкентте жарық көрген басылымдардағы мақалаларында және баяндамаларында ашық айтты да. Патша үкіметі де, большевиктер де Түркістан өлкесіне тек шикізат «көзі» ретінде қарады, оның мәдениеті мен әдет-ғұрпына бас ауыртқан емес. Бұл өз кезегінде осы өлкенің өсіпөркендеуіне кесірін тигізді. Ол алғашқылардың бірі болып, бұл олқылықтың орнын толтыру үшін аянбай еңбек етті. Көпұлтты Түркістан Республикасының саяси өмірінде Н. Төреқұловтың салмағы басым еді. Ол Түркістан Республикасы Орталық комитетінің бірінші хатшысы болып сайланды, Түркістан Республикасының Орталық атқару комитетін басқарды, Оқу-ағарту ісінің халық комиссары болды. Т. Рысқұлов, С. Қожанов, М. Тынышбаев, Х. Досмұхамедов секілді Алаш қайраткерлері елдің сауатын ашпай мемлекет құрудың мүмкін еместігін түсініп, Ташкентте алғашқы жоғарғы оқу орнын ашты. Мұның басы-қасында Н. Төреқұлов жүрді Өз қызметін мінсіз атқаруы үшін Н. Төреқұлов қазақ, орыс, өзбек, татар, түрік, неміс, француз тілдерін жетік білді, аз уақыттың ішінде араб тілін де меңгеріп алды. Осыған орай оның: «Аузыңнан шыққан сөз аудармада өз мәнін жоғалтады» деген сөзі еске оралады. Бұған қоса, бірнеше тілді меңгеруінің арқасында өз ойын анық жеткізіп қоймай, діни тақырыпта да сөз таластыратын. Оның терең білімі мен кәсіби дағдысына, адами болмысына тәнті болған король мен оның отбасы оған ерекше құрмет көрсетті. Король Абдель Әзіз әл-Сауд оны «бауырым» деп атады. Сондай-ақ, ол королдің ұлдарымен де, әсіресе, ханзада Фейсалмен жақсы қарым-қатынаста болды.

Өзі елші болып барған ел 1932 жылдан бастап Сауд Арабиясы деп аталатын болды. Өзге Өзі елші болып барған ел 1932 жылдан бастап Сауд Арабиясы деп аталатын болды. Өзге елдермен алыс-беріс, барыс-келіс жолға қойыла бастаған тұста Н. Төреқұлов қолынан келген көмегін аямады. 1932 жылы Фейсал бастаған «саудтық» делегация он күн Кеңес Одағында болып қайтты. Мұны Н. Төреқұловтың саяси жетістігі деп санауға болады. Екі тарап та бұған айрықша мән берді. Екі ел арасында достық қатынас орнады. «Саудтық» делегация КСРО үкіметінен 10 жыл мерзімге бір миллион фунт стерлингке кеңестік тауар несиесін алу жөнінде келісімге қол жеткізді. Н. Төреқұллов бұл елшілік орында сегіз жыл қызмет атқарды.

Ол – өз заманының заңғар тұлғасы. Климаты қатал, саяси өмірі қиын елде арабтармен дипломатиялық Ол – өз заманының заңғар тұлғасы. Климаты қатал, саяси өмірі қиын елде арабтармен дипломатиялық қатынас орната білді. Ауыз толтырып айтатын жетістіктерін санамаласақ: АТС құрылысы қолға алынды, мұнай экспорты жолға қойылды, ханзада Фейсалдың Кеңес Одағына сапары, т. б. 1933 жылы ол қажылыққа барды. Бұл турасында бұрын эмиграцияда болған, татар мұсылмандарының ұлттық қозғалысының көрнекті қайраткері Гаяз Исхаки былай дейді: «Меккенің көшесінде балға мен орақ бейнеленген қызыл туы бар автокөлік пайда болды. Онда екі адам отырды. . . Олардың бірі – Коминтерн мүшесі, Кеңес Одағының өкілі Нәзір Төреқұлов болатын. Сол жерде оның қажылыққа келгені белгілі болды. Ол өзгелер секілді қажылығын өтеді. Содан соң, Мәдинада жатқан Пайғамбарымыздың басына барды. Кеңес Одағының өкілдері «мұсылмандардың қажетіне» деп, қаражат ала келіпті»

1937 жылдың 17 шілдесінде Н. Төреқұловты НКВД тұтқындады. Осы жылдың қараша айында КСРО Жоғарғы 1937 жылдың 17 шілдесінде Н. Төреқұловты НКВД тұтқындады. Осы жылдың қараша айында КСРО Жоғарғы сотының әскери алқасы Н. Төреқұловты түркішілдікті насихаттады және террорист деп айыптап, ату жазасына кесті. 1958 жылдың 28 қаңтарында Н. Төреқұлов ақталды. Қазақстандықтар оның есімін қадір тұтады. 2003 жылы ҚР Үкіметінің қаулысымен "Қазақстан Республикасының сыртқы саясатына қосқан үлесі үшін» Нәзір Төреқұлов атындағы медаль тағайындалды.

Заманауи дипломатия Белгілі ғалымдар С. Б. Крылов пен В. Н. Дурденевский алғашқылардың бірі болып Заманауи дипломатия Белгілі ғалымдар С. Б. Крылов пен В. Н. Дурденевский алғашқылардың бірі болып дипломатияда болып жатқан процестерге ғылыми ізденіс жасаудың құқықтық негізін салды. Атап айтсақ, олар дипломатиялық корпус, дипломатиялық өкілдік, дипломатиялық иммунитет пен артықшылықтардың таралатын салалары, дипломатиялық корпус дуаейні институты және т. б. зерттеді. Ғалымдар дипломатияны келіссөз жүргізу процесі ұғымымен өзара байланыста қарастыратынын айта кету керек. Мысалы, Г. Никольсонның “Дипломатия”, Э. Сатоудың “Дипломатиялық тәжірибе бойынша нұсқаулық” және т. б. ғылыми еңбектерде дипломатия келіссөз жүргізу процесімен тікелей байланыста қаралған. Г. Никольсон жазғанындай, дипломатия – бұл “келіссөздер арқылы халықаралық қатынастарды жүргізу; бұл қатынастарды реттеудің тәсілі және оны елшілер жүргізеді; дипломаттың жұмысы немесе өнері”. Берілген анықтама дипломатия мен келіссөздер теориясы бойынша жүргізілген көптеген зерттеулердің негізінде жатыр. Алайда дипломатияны тек қана келіссөздер жүргізуге теңеу дұрыс емес. Дипломатия саласынан консулдық жұмыстың елеулі бөлігі, сонымен қатар, кеңес беру және өзге де елшілік қызмет түрлері тыс қалады.

Біздің көзқарасымыз бойынша, дипломатия ұғымының жоғарыда келтірілген анықтамасын толықтырып, айтарлықтай мәнін кеңейтуге әбден болады. Біздің көзқарасымыз бойынша, дипломатия ұғымының жоғарыда келтірілген анықтамасын толықтырып, айтарлықтай мәнін кеңейтуге әбден болады. Бұл категорияның мәнін ашуда көптеген маңызды тұстарды есепке алған жөн. Мысалы, заманауи дипломатияның жаңа бір сапасы – оның көп қырлы болуы. Егер бұрын халықаралық қатынастарды дипломатиялық құралдар арқылы реттеу тек қана сыртқы саясат пен саудаға ғана қатысты болса, ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап оның айналысатын мәселелерінің ауқымы күрт өсті. Дипломатияны саяси институт ретінде қарастыратын байсалды еңбектердің бірі – зерттеуші Т. В. Зонованың монографиясы болып табылады. Бұл оқымысты салыстырмалы және жүйелі талдау әдістерін қолдана отырып, заманауи дипломатияның моделін жасауға тырысқан. Яғни, қазіргі заманғы дипломатияның мәнін секуляризацияның тереңдеуі, халықаралық қатынастар саласындағы антикалық теориялардың қайта жаңғыруы, жаңа үлгідегі мемлекеттердің туындауы сияқты процестердің біте қайнасуынан шыққан тарихи категория деп түсіндіреді. Автор дипломатиялық жүйені ғаламдану ретінде сипаттайды. Мұндай теориялық тәсіл дипломатиялық қызметтің болашағына көз жүгіртуге мүмкіндік береді. Автордың тұжырымы бойынша, тұрақты даму, діни және ұлттық қарама-қайшылықтарды шешудің даңғыл жолы ғаламдық диалогты ұйымдастыру арқылы жүреді, ал олардың өзегінде әділеттілік, адам құқығы, толеранттық пен мәдениеттілік сияқты жалпы адамзаттық құндылықтар жатуы тиіс. Осынау өмірлік маңызы бар диалогты көз жетер болашақта орнату мен ұстап тұру үшін ауадай қажет тиімді құрал тек

Бүгін де дипломатия өзінің классикалық қызмет түрлерінен айнымай атқарып келеді. Дипломатияның басты міндеттерінің бірі Бүгін де дипломатия өзінің классикалық қызмет түрлерінен айнымай атқарып келеді. Дипломатияның басты міндеттерінің бірі ұлттық мүдделерді қамтамасыз ету, сыртқы саяси бағытты жүзеге асыру. Бұл міндет ұлттық мемлекеттер туындағалы бері дипломатияның мойнына жүктелген. Сол сияқты, осынау маңызды қызмет Қазақстан Республикасының сыртқы саясатын жүргізу барысынды да алдыңғы қатарда тұр. Дипломатиялық қызмет ұлттық мүдделер мен сыртқы саяси курсты жүзеге асыруды ел мен үкімет басшыларының, сыртқы істер министрлерінің, сыртқы істер ведомстволарының, шетелдегі дипломатиялық өкілдіктердің, халықаралық конференцияларға қатысатын делегаттардың көмегімен қамтамасыз етеді.

Осылайша ХХІ ғасырдағы дипломатия айтарлықтай ішкі құрылымдық және қызметтік өзгерістерге ұшырауда. Мысалы, бұрын сыртқы Осылайша ХХІ ғасырдағы дипломатия айтарлықтай ішкі құрылымдық және қызметтік өзгерістерге ұшырауда. Мысалы, бұрын сыртқы саяси ведомстволардың басымдыққа ие болған қызметтерін елшіліктер атқарған болса, бүгін олар мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдардың түрлі арналары арқылы жүзеге асырылуда. Соған сәйкес, қазіргі дипломатия түрлі құрылымдар мен ұйымдардың жұмыстарын үйлестіру қызметін атқару қажеттігі күн тәртібіне қойылып отыр. Нәтижесінде дипломаттар кәніг басқарушылардың қызметін атқаруына тура келетін түрі бар – өз елі мен келіссөз жүргізетін елдің сан-алуан ведомстволарымен жұмыстар жасап, келісу мен үйлестіруді жүзеге асыра білуі тиіс.

Пайдаланылған әдебиеттер 1. http: //kazgazeta. kz 2. http: //www. topreferat. com 3. http: //kk. Пайдаланылған әдебиеттер 1. http: //kazgazeta. kz 2. http: //www. topreferat. com 3. http: //kk. wikipedia. org/wiki 4. http: //www. egemen. kz