Тәрбие жұмысының негізгі мақсаты - дүниетанымдық мүмкіндігі зор, кәсіптік, интеллектуалдық және әлеуметтік шығармашылыққа қабілетіті, әлеуметтік белсенділігі мол, денсаулығы шыныққан, кәсіптік бағыттылығы мен кәсіптік құзыреттілігі орныққан, кәсіби және мәдени бейімделген болашақ маман тұлғасын даярлау болып табылады. Тәрбие үрдісінің мақсаты – ұлттың тілін, мәдениетін, өнерін, тарихын, әдет-ғұрпын, салтсанасын, дәстүрін оқушылар санасына сіңіріп, жас ұрпаққа лайықты тәрбие беру, олардың бойына имандылық пен ізгілік қасиеттерін дарыту. Тәрбиенің негізгі мақсаты: «Жеке тұлғаны дамытудағы толыққанды, парасатты, дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, ар ожданы мол, еңбекқор, іскер азаматтың бейнесін қалыптастыру» Мектептің тәрбие жүйесі – жеке тұлғаның дамуына тиімді және мақсатты әсер ететіндей етіп құрылған, реттелген тәрбие үрдісінің құрамды бір бөлігі. Тәрбие жүйесі – білім беру мекемесінің әлеуметтік, табиғи, мәдени орталықтармен өзара байланыс жасайтын бірден-бір ашық жүйе болып табылады.
Мектептің тәрбие жұмысы төмендегідей бағдарламаларды басшылыққа ала отырып жасалған: • Мектептегі оқу-тәрбие жұмыстарының табысты болуы көбіне жылдан –жылға күрделі әрі зор жауапкершілікті талап ететін – сынып жетекшісіне, оның жеке тұлғалық сапасына, қызметінің мақсаттылығы мен нәтижелігіне байланысты болады • Тәрбие және тәрбие жұмыстары, әр баланың қайталанбас тұлға ретінде қарап, оны өзгеше қасиеттерін дамытуы қажет