Скачать презентацию Қазақ мемлекеттілігі хандық биліктен Президенттік басқару жүйесіне дейін Скачать презентацию Қазақ мемлекеттілігі хандық биліктен Президенттік басқару жүйесіне дейін

550 жылдык-Казак хандыгыеа.ppt

  • Количество слайдов: 19

Қазақ мемлекеттілігі: хандық биліктен Президенттік басқару жүйесіне дейін В 12 ИСТ- тобының студенті : Қазақ мемлекеттілігі: хандық биліктен Президенттік басқару жүйесіне дейін В 12 ИСТ- тобының студенті : Дюсембаева А. Жетекші: аға оқытушы Өтепбергенова Г.

Қазақ хандығының құрылу тарихы. Қазақ елінің халық болып қалыптасып, құрылу процесі – сонау сақ, Қазақ хандығының құрылу тарихы. Қазақ елінің халық болып қалыптасып, құрылу процесі – сонау сақ, үйсін, қаңлы, ғұн тайпаларынан құдіретті түркі қағанаттарының құрамына енумен және қыпшақ даласында «Қазақ» этнонимінің шығу тарихынан бастау алған. Ал қазақ хандығының құрылуы шаруашылықтың дамуы, өндіргіш күштердің өсуі, феодалдық қатынастардың қалыптасып ерте заманнан бері Орта Азияның ұлан байтақ өңірін мекендеген көшпенді тайпалардың халық болып бірігуі арқылы жүзеге асқан.

 Қазақ хандығының құрылуына Керей мен Жәнібек сұлтандардың Әбілқайыр үстемдігіне қарсы күрескен қазақ тайпаларын Қазақ хандығының құрылуына Керей мен Жәнібек сұлтандардың Әбілқайыр үстемдігіне қарсы күрескен қазақ тайпаларын бастап, Шығыс Дешті Қыпшақтан Моғолстандағы Жетісу жері Шу мен Талас өңіріне қоныс аударуы мұрындық болды. Оларды құшақ жая қарсы алған Моғолстан ханы Есен-Бұға, сұлтандарға Шу бойынан қоныс бөліп береді. Батыс Жетісуды құтты мекен еткен Керей мен Жәнібек Шудағы Қозыбасына қазақ хандығының ұлттық туын тігіп, Қазақ хандығын құрады. Атақты тарихшы Мұхаммед Хайдар Дулатидың «Тарих-и Рашиди» атты еңбегінде «Шаңырағы шайқалған Әбілқайыр хандығының үлкен бөлігі Керей мен Жәнібек ханға көшіп келеді. Сөйтіп, олардың маңына жиналғандардың саны 200 мыңға жетті. Оларды өзбектер - «қазақтар» деп атады. Қазақ сұлтандары 870 жылы (1465 -1466) жж. билей бастады» делінген. Қазақ хандығының тағына алдымен жасы үлкен Керей сұлтан ақ киізбен хан көтеріледі.

 Алғашында Қазақ хандығының территориясы: батыс Жетісу жері, Шу өзені мен Талас өзенінің алабы Алғашында Қазақ хандығының территориясы: батыс Жетісу жері, Шу өзені мен Талас өзенінің алабы еді. Ұлттық ұранды – «Алаш» , мемлекеттік Елтаңбаны - «Төре таңба» , яғни көне түрік заманынан келе жатқан бас таңба, Бас байрағын төре таңбалы - Қызыл Ту, Астананы - қасиетті Түркістан қаласы деп қабылдады.

Хандықтың алдында үлкен тарихи міндеттер тұрды: 1)Әбілқайыр хандығының аласапыран кезінде бұзылған Дешті Қыпшақ даласының Хандықтың алдында үлкен тарихи міндеттер тұрды: 1)Әбілқайыр хандығының аласапыран кезінде бұзылған Дешті Қыпшақ даласының дәстүрлі тәртібін қалпына келтіру; 2)Сырдария, Созақ, Отырар, Яса т. б. қалаларды Қазақ хандығына қарату; 3)Қазақ тайпаларының басын қосып, қазақтың этникалық территориясын біріктіру.

 Қазақ мемлекетінің бұдан кейінгі төрт ғасырлық шежіресінде халқымыздың қасиеттін арттырып, іргелі елдің елдігін Қазақ мемлекетінің бұдан кейінгі төрт ғасырлық шежіресінде халқымыздың қасиеттін арттырып, іргелі елдің елдігін өрістетуге ұйытқы болған ірі тарихи тұлғаларымыз: Қасым хан, Хақ-Назар хан, Тәуекел хан, Еңсегей бойлы Ер Есім, Салқам Жәңгір мен Әз-Тәуке хандар еді.

 Хан тағында отырған Қасым хан - туының астына мұздай қаруланған, жер қайысқан 300 Хан тағында отырған Қасым хан - туының астына мұздай қаруланған, жер қайысқан 300 мыңнан асқан әскерді жинасада жаңа жерлер жаулап алу үшін басқыншылық соғыстар жасамай, барлық күш-қуатын елінің тыныштығын қорғауға, мемлекетінің тұтастығын нығайтуға арнады. Көшпелі қазақ өміріне үйлесімді: мүлік заңы, қылмыс заңы, әскери заң, елшілік жоралары, жұртшылық заң-қағидаларын енгізген ережелерден “Қасым ханның қасқа жолы” деп аталған ел басқару ісін бір жүйеге келтірген алғашқы заң жинағын дүниеге әкелді. Тарихшы Мұхамед. Хайдар: «Қасым ханнан басқа ДештіҚыпшақта Жошыдан кейін оған пара-пар келетін хан болған жоқ» деп бекер айтпаса керек. Оның бірден-бір себебі: Қасым хан Орталық Азия, Батыс. Сібір хандықтарымен, Еділ бойы елдерімен, Мәскеу князьдығымен дипломатиялық, Моғолстан мемлекетімен достық қарым-қатынас орнатып, сол дәуірдің өзінде Қазақ хандығы мемлекеттілігінің дербестігін бүкіл Еуразия даласына танытты.

1511 жылы хандық билікті қолына алған ол Қазақ 1) • Оңтүстікте – Сырдария, Түркістан; 1511 жылы хандық билікті қолына алған ол Қазақ 1) • Оңтүстікте – Сырдария, Түркістан; 2) хандығының шекарасын: • Шығыс Оңтүстікте - Шу, Талас; 3) 4) • Солтүстік және Солтүстік Шығыста - Ұлытаудан Қарқаралы тау тарамдарына шейін; • Батыс Солтүстікте - Жайық өзенінің аралығындағы алқапқа дейін кеңейтті. Қасиетті Түркістан қаласын астана етіп, халық санын - 1 миллионнан асырды.

 XVIII ғасырдың аяғында біртұтас Қазақ Ордасында 35 жыл билік еткен Әз-Тәуке заманы қой XVIII ғасырдың аяғында біртұтас Қазақ Ордасында 35 жыл билік еткен Әз-Тәуке заманы қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заманмен іспеттес болды. Ол Қазақ хандығында асқынған ішкі феодалдық таластартыс пен бытыраңқылықты жойып, бір орталыққа бағынған қазақ хандығын құруға қажырлы еңбек етті. Күлтөбеде үш жүздің басын қосқан, Ұлы жүзден -Төле би, Орта жүзден - Қазыбек би, Кіші жүзден - Әйтеке билер бастаған кеңеспен «Қасым ханның Қасқа жолы» мен «Есім ханның Ескі жолынан» сахараның сол замандағы тұрмыс-тіршілігіне, қоғамдық әлеуметтік ортасына икемдей түсіп, сәйкестендіріп, жаңғыртылған «Жеті Жарғы» деп аталатын заң жинағын жасады.

 Айырықша мәнді құжат болған «Жеті Жарғы» заңдар жинағы 7 тараудан: Тонаушылық және куәлік Айырықша мәнді құжат болған «Жеті Жарғы» заңдар жинағы 7 тараудан: Тонаушылық және куәлік ету Жер дауы Отбасы және неке заңы Қылмыс Ант беру Ұрлыққарлық Құн дауы Заң жүйесі қазақ халқының өмірлік мәселелерін барлық жағынан да қамтыды, соның нәтижесінде Тәуке ханның билік еткен тұсы Қазақ хандығының барынша күшейіп, дәуірлеген кезі болды.

 Тәуке хан қайтыс болып, ел ішіндегі алауыздықтың кесірінен хандықтың саяси жағынан бөлшектенуі сыртқы Тәуке хан қайтыс болып, ел ішіндегі алауыздықтың кесірінен хандықтың саяси жағынан бөлшектенуі сыртқы жаудың күшеюіне мүмкіндік берді. Солтүстіктен – Сібір казактары, оңтүстіктен. Бұқара, Хиуа, шығыстан - Жоңғар хандығы қауіп төндірді. Қазақ елінің тәуелсіздігін қорғау мақсатында қазақ-жоңғар арасындағы «Аңырақай» , «Бұланты» , «Қалмақ қырылған» шайқастары болып өтіп, жоңғарлардың тегеуріні біршама тежелді.

 Бұл табыс баянды болмай, жоңғарлардың қазақтардың әлеуметтік-экономикалық өмірін қиындата түсуінен басқа жол іздеуге Бұл табыс баянды болмай, жоңғарлардың қазақтардың әлеуметтік-экономикалық өмірін қиындата түсуінен басқа жол іздеуге мәжбүр қылды. Ақырында, бізге пана болады деп сенген қазақ халқы Ресей бодандығына кіреді. Патша үкіметі өзінің озбыр саясатын Жайық бойына бекіністер тұрғызып, егін шаруашылығына қолайлы өңірлерді басып алып, орыс помещиктеріне таратып беру идеясын ашықтан-ашық жүргізгеннен кейін қазақ халқы үнемі азаттықты аңсауда болды. Бұл: Е. Пугачев, С. Датұлы, К. Қасымұлы, М. Өтемісұлы мен И. Тайманұлы бастаған ұлт – азаттық көтерілістерден көрініс тапты.

 XX ғасыр басында Ресейдегі демократиялық қозғалыстың басталуына байланысты, қазақтың жаңадан қалыптасып келе жатқан XX ғасыр басында Ресейдегі демократиялық қозғалыстың басталуына байланысты, қазақтың жаңадан қалыптасып келе жатқан ұлт зиялылары қазақ мемлекеттілігін қайта қалпына келтіруге тырысты. Ол Ә. Бөкейханов жетекшілік етіп, екі жарым жылдай өмір сүрген “Алашорда үкіметі” мен небәрі 64 күн тарих сахнасын еншілеп, М. Шоқай бастаған “Қоқан автономиясының” іс-әрекеттерінен айқын көрінді. Бірақ, олардың саяси күш алып кетуінен қорыққан большевиктер екі үкіметті де «заңсыз» деп танып, қудалауға ұшыратты. Сөйтіп XX ғасыр басындағы қазақ зиялыларының мемлекетті қалпына келтіру жолындағы әрекеттері күйреді.

1986 жылғы желтоқсан көтерілісі - ұлттық рухтың өлместігін жарқын түрде дәлелдеді. Қылышынан қаны тамған, 1986 жылғы желтоқсан көтерілісі - ұлттық рухтың өлместігін жарқын түрде дәлелдеді. Қылышынан қаны тамған, жарты әлемді билеп тұрған қызыл империя құрсауындағы қазақтың батыр ұл-қыздарын қордаланған намыс, ғасырлар бойы жиналған ашу-кек, ұлттың тілін, дінін көзге ілмей, елемеушілік - қазақ халқының бодандыққа қарсы жойқын бұлқынысының шегіне жеттіріп, қазақ халқының тәуелсіздікке ұмтылуына жол ашып бергендей болды.

 1990 жылы 25 қазанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі республикамыздың «Мемлекеттік егемендігі туралы Декларация» 1990 жылы 25 қазанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі республикамыздың «Мемлекеттік егемендігі туралы Декларация» қабылдады. Сөйтіп, бар әлемге

 1992 жылы 4 маусымда - мемлекеттілігімізді айқындайтын рәміздеріміз - ту, елтаңба, әнұран ресми 1992 жылы 4 маусымда - мемлекеттілігімізді айқындайтын рәміздеріміз - ту, елтаңба, әнұран ресми түрде қабылданды. 1993 жылы 28 қаңтарда тұңғыш Конститутциямыз бекітіліп, 1995 жылы 30 тамызда жаңа Конститутциямыз қабылданды.

 Қазақстан қаз тұрып, қадам басқан тәуелсіздік сәбилік тұсауын өміршең уақытта кестірген кезден бастап Қазақстан қаз тұрып, қадам басқан тәуелсіздік сәбилік тұсауын өміршең уақытта кестірген кезден бастап аз ғана уақыт бедерінде кейбір елдердің жүз жылда жететін жетістіктеріне жетті. Осы уақытқа дейін бізге үлгі болып келген Еуропа елдеріне біршама аспектілерде: БҰҰ мүшелікке өтіп, ұлттық валютамызтеңгені ендіріп, шетел мемлекеттері мен достастық келісімдер орнатып, Қазақстан халықтары Ассамблеясын құрып, экономикалық ынтымақтасу саласында бірқатар келісімшарттарға қол жеткізіп, 106 мемлекетпен дипломатиялық қатынас орнатып, шет елдерде 30 -дан астам дипломатиялық және консулдық өкілдіктер ашып біз үлгі болдық.

 Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының сындарлы саясатының арқасында тыныштық пен тұрақтылық, экономикалық даму, ұлтаралық татулық Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының сындарлы саясатының арқасында тыныштық пен тұрақтылық, экономикалық даму, ұлтаралық татулық орнады. Президентіміз қазақ халқына «Мәңгілік ел» ұғымын елдің біріктіруші күші, ешқашан таусылмас қуат көзі «Қазақстан 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты стартегиясының ұлы бағдары қылды. Жаһандық сынақ уақыты болатынын атап өткен, мұндай қиын кезеңнен тиімді шығудың тетіктерін жариялаған «Нұрлы Жол - болашаққа бастар Жол» атты жолдауын жариялады. Стратегия күннен - күнге, жылдан - жылға халқымыздың өмір, тұрмыс - тіршілігін жақсы ете түсетін бағдарлама. Ал бізідің еліміздің осындай бағдарламалары - баянды, жоспарлары - жүйелі, жолдары-айқын. Елбасымыз айтқандай әрбір күніміз мерекелі, әрбір ісіміз берекелі, дамуымыз жедел, келешегіміз кемел болсын. Жарқын іспен күллі әлемді таң қылып, Жасай берсін, Елдігіміз Мәңгілік !

Назарларыңызға рахмет! Назарларыңызға рахмет!