Скачать презентацию ҒАЛАМДЫҚ ОЙЛАУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ДАМУЫ ЖАРАТЫЛЫС ҒЫЛЫМДАРЫ ЖӘНЕ Скачать презентацию ҒАЛАМДЫҚ ОЙЛАУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ДАМУЫ ЖАРАТЫЛЫС ҒЫЛЫМДАРЫ ЖӘНЕ

Галамдык ойлау жане онын дамуы. Жаратылыстану гылымдары жане экология 1.pptx

  • Количество слайдов: 27

ҒАЛАМДЫҚ ОЙЛАУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ДАМУЫ. ЖАРАТЫЛЫС ҒЫЛЫМДАРЫ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯ ҒАЛАМДЫҚ ОЙЛАУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ДАМУЫ. ЖАРАТЫЛЫС ҒЫЛЫМДАРЫ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯ

 Жоспар: Кіріспе Негізгі бөлім 1. Адамның қалыптасуында еңбектің ролі. 1. 2. Сананың қалыптасуындағы Жоспар: Кіріспе Негізгі бөлім 1. Адамның қалыптасуында еңбектің ролі. 1. 2. Сананың қалыптасуындағы сөз бен қарым-қатынастың ролі. 2. Әлем ағашы 3. Жаратылыс ғылымдары 3. 1. Жаратылыстану салалары 3. 2. Жаратылыстану заңдары 4. Экология 4. 1. Тарихы 4. 2. Экологияның зерттеу әдістері 4. 3. Экология ғылымының казіргі басты стратегиялық міндеті Қорытынды Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе Адам өте ертедегі адам тектес маймылдан шыққан. Адамның дене бітімінің қазіргі жоғары дамыған Кіріспе Адам өте ертедегі адам тектес маймылдан шыққан. Адамның дене бітімінің қазіргі жоғары дамыған маймылдардың дене бітіміне ұқсауы сондықтан. Алайда, адам маймылдардың қазіргі типінен тарады деу жаңсақтық болар еді.

 Шамамен 400— 200 мың жыл бұрын Дюбуа «питекантропус эректус» — тік жүретін маймыл Шамамен 400— 200 мың жыл бұрын Дюбуа «питекантропус эректус» — тік жүретін маймыл адам деп атаған маймыл адам тіршілік еткен. Маймыл адамдардың ұрпақтары ежелдегі адамдар (палеолиттер), немесе неандертальдар деп аталғандар. Неандертальдар бұдан 250— 400 мың жылдар бұрын тіршілік еткен.

 Неандертальдықты сүйек қалдықтары бойынша қайта кұрастырған кезде оның сыртқы түрінің қазіргі адамдарға ұқсас Неандертальдықты сүйек қалдықтары бойынша қайта кұрастырған кезде оның сыртқы түрінің қазіргі адамдарға ұқсас болғаңдығы байқалады. Неандертальдықтың бойы бүгінгі адам дардікіне қарағанда аздап аласалау болған, екі аяғын сәл бүгіп жүрген. Бас сүйегінің қорабы қазіргі адамдардікіндей, тек маңдайы біраз көлбеу келген. Палеолиттер (ертедегі адамдар), солардың қатарына неандертальдықтар да жатады, сол кездің өзінде-ақ қарадүрсін еңбек құралдарын жасай білген және қарапайым жұмыстарды атқарған.

 Ертедегі адамның жаңа адам кейпіне енуі бүтіндей әлеуметтік заңдылықтармен, ең әуелі қоғамдық өндірістің Ертедегі адамның жаңа адам кейпіне енуі бүтіндей әлеуметтік заңдылықтармен, ең әуелі қоғамдық өндірістің дамуымен анықталады. «Адаммен бірге, — деп жазды Энгельс, — біз тарих саласына енеміз» . Сөйтіп, табиғат аясында сұрыпталу процесінде өзінің пси-хофизикалық жағдайлары бойынша адамға жақын тұр және еңбек етудің арқасында адамға айналған жануарлардың биологиялық тегі пайда болады деу керек.

Негізгі бөлім 1. Адамның қалыптасуында еңбектің ролі. К. Маркс пен Ф. Энгельс адам мен Негізгі бөлім 1. Адамның қалыптасуында еңбектің ролі. К. Маркс пен Ф. Энгельс адам мен жануарлардың арасындағы физикалық та, психикалық та тұрғыдағы түбегейлі айырмашылық еңбекпен тү-сіндіріледі деп атап көрсетеді. Еңбек адамның дене бітімін жетілдіріп қана қойған жоқ, сонымен бірге оның психикалық жетілуінің, сананың қалыптасуы мен дамуының негізгі факторы болып табылды. Сонымен қатар еңбек адамды қоғамдық тіршілік иесіне айналдырды, биологиялық жан иесі еңбектің арқасында адам дәрежесіне көтерілді. .

 Ең бастысы, өндіріс, ең қарапайым еңбек құралдарын жа -саудан бастап табиғат ерекшеліктерін материалдардың Ең бастысы, өндіріс, ең қарапайым еңбек құралдарын жа -саудан бастап табиғат ерекшеліктерін материалдардың қарсыласуын, механика заңдарын адамның алдына жайып салды. Сонымен, еңбекте сыртқы дүниені тану құралы ретіндегі сана қалыптасады. Еңбекте адам өзінөзі таниды, өзінің табиғи күшін алдына қойған міндеті мен еңбек материалдарына қарай реттей білуге үйренеді. Демек, еңбекте өзіндік сана-сезім де қалыптасады. Адамның сыртқы табиғатты және өзін-өзі тануы ендігі жерде адам өзі жасап жатқан және саналы түрде жетілдіріп жатқан қоғамдық өндіріске енді өз тарапынан үлкен ықпал жасай бастады. Еңбек жұмыс атқаратын органдар — бас пен қолды жетілдірді. Адамның қолы сан салалы әрі өте нәзік еңбек операцияларының арқасында өз дамуының шыңына жетті. Және теқ қана еңбек органы болып қалмады, сонымен бірге таным құралына, ақырында, творчестволық құралға айналды.

1. 2. Сананың қалыптасуындағы сөз бен қарым-қатынастың ролі. Ф. Энгельс сананың қалыптасуында сездің қаншалықты 1. 2. Сананың қалыптасуындағы сөз бен қарым-қатынастың ролі. Ф. Энгельс сананың қалыптасуында сездің қаншалықты үлкен маңызды роль атқарғанын атап керсеткен болатын. Сірә, адамның еқ бергідегі ата-бабалары психофизикалық жағынан өте жоғары дәрежеде дамығандықтан, басқа жануарларға қарағанда дыбыстық белгілерге көбірек жүгінсе керек. Адам мен питекантроп, неандертальдық және кроманьондық миларының гипстен жасалған үлгілерін салыстырғанда, сейлеу және іс-әрекетпен байланысты, маңдайдың төменгі бороздасының алдыңғы тармағы қазіргі адамдарда бұрынғы тектестерінікінен әлдеқайда артық жетілгендігі анықталған. Олай болуы түсінікті де: қоғамдық сипат алған еңбек адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас жасауын және өзара көмегін талап етті, дыбыстық белгілер ендігі жерде еңбекке бастап қана қоймай, еңбекті жүзеге асырушы дәрежесіне көтерілді. Сөйтіп, ол белгі беру құралынан біртіндеп еңбекті ұйымдастыру құралына айналды. Дыбыс комплекстері ендігі жерде заттарды, әрекеттерді және еңбектің тұтас ситуацияларын белгілей бастайды. Сейлеудің қалыптасуы адамның психикалық дамуындағы революция болды.

 Сөйлеу белгілері жоғары нерв қызметін жетілдіреді, соның нәтижесінде жануарларда болмайтын екінші сигналдық жүйе Сөйлеу белгілері жоғары нерв қызметін жетілдіреді, соның нәтижесінде жануарларда болмайтын екінші сигналдық жүйе қалыптасады. Сөйлеу таным деңгейін жаңа сатыға көтереді. Себебі, сөз нақтылы бір атаудың алуан қырын танымның жалпы шеңберінде қорытып, жинақтап береді. Демек, ойлаудың жаңа түрі дамиды. Ол жоғары сатыдағы жануарлардың пәрменді және нақтылы-бейнелі ойлауынан — өзгеше дерексіз ойлау жетіледі, ал дерексіз ойлау дегеніміз — сананың өзегі. Совет философы Ю. Қ. Мельвиль: «Адамның бүкіл рухани дүниесі оның өзге адамдармен қарымқатынасында ғана пайда болады және дамиды. Ал қарым -қатынас процесінде адамдардың тек өз жеке басының ғана емес, сондай-ақ адамдардың қоғамдық санасы да. қалыптасады» , — деп атап көрсетті. Сөйлеудің арқасында адамдар өткен ұрпақ тәжірибесін жи-нақтап, сақтап және келер буынға тапсыра алатын болашаққа көз жіберіп, өз ісінің нәтижесін шамалайтын еңбекті, өмірді, әлеуметтік күресті жоспарлай алатын болды.

2. Әлем ағашы Бүкіләлемді түйсікті сезініп, танудың ғаламдық ақиқат сарасы – көркем сана. Көркем 2. Әлем ағашы Бүкіләлемді түйсікті сезініп, танудың ғаламдық ақиқат сарасы – көркем сана. Көркем сарасы – шетсіз шексіз басталуы мен соңы, төбесі мен түбі жоқ ғарыштың ғалам жаратылысы туралы әсіреәфсаналық (мифтік) көркем көзқарас. Жаратқан иеміздің болмысын түйсікпен іздеу, санамен елестету, рухпен сезіну – жаратқан ием жаратқан жан иесінің, тектің нәсілдің бекзаттылығын дектілігін, ақыл алғырлығын танын әлемдік өлшем. Түп тұқияны көркем ойлау жүйесін – Ғарыштың – ғаламдық; яғни тұтастыққа негізделген әсіреәфсаналық санаға ие тек – азаматтық өркениетің ұйтқыларының санатына жатады. Мұқым шексіз ғалам жүйесінің иегін көп тәңірі ретінде асқақтата танып, ғарыштың өзін жеті қатқа қаттап, Аспан – Күн – Жер – Су деп кеңістік пен уақыттың өзін соның бөлшегі ретінде қарастырып жүйелеген түркілік тәңірлек сана түйсігі – исі адамзаттың көркем санасының әлмисақтан да бұрынғы бесігі болып табылады.

 Өкінішке орай, тіршілік кеңістігінің өзі сананы керетін сайын кеңдікті қамтитын текті жұрттың әсіреәфсаналық Өкінішке орай, тіршілік кеңістігінің өзі сананы керетін сайын кеңдікті қамтитын текті жұрттың әсіреәфсаналық түйсік сарасы (мифологические художественное сознание), әсіреәфсаналық көркем санасы (мифопоэтическое художественное сознание) әсіреәфсаналық көркем көзқарасы әлемдік мифологиялық жүйеден тыс қалды, білместіктен де емес бұл – ақылға сыймастай келсімге ие көркем жүйеге ішкі тұйықталған өзімшілдік жатсына жатырқаудан туған. ХҮ – ХҮІ ғасырларда ғана діни инквизициялық серги бастаған еуропалық сана оқымыстылары грек – рим әсіреәфсаналары мен тарихи жазба әсіреәфсанарға ( «Илиада» , «Одиссея» ) ынта қойып, көк құдайын емес, көп құдайларға назар салады. Соңынан араб пен үндіс, үнді, қытай, ал ХХ ғасырда Қиыр Сібір жұрты мен австралияляқ аворигендердің мифтеріне дүрініп, тәңертеңнің тұқымынан тыс тәңір туралы көркем түйсік әлемдік мифтану ілімі мен мифтік жүйелерде тәңірлік әсіреәфсаналық көркем саналы түрде сараланбады, жаратқан ием туралы жат түсініктік жатырқауына түсті.

 Әлемдік көркем түйсік тұжырымының тұрлауы, әсіреәфсаналық сананың бейнелік үлгісін жаратылыс кіндігі – «әлем Әлемдік көркем түйсік тұжырымының тұрлауы, әсіреәфсаналық сананың бейнелік үлгісін жаратылыс кіндігі – «әлем ағашы» (древо мировое) туралы барша мифтер адамзатқа ортақ мәңгілік өмір нысаны болып табылады. «Өмір ағашы» , «құт ағашы» , «кіндік ағаш» , «таным ағашы» деп әр сақта аталғанымен де бұл бәйтеректің әсіреәфсаналық мағынасы бір. Ол мәңгілік өмірдің бастауы және кепілі. Шекті мен шексіздің, жарық пен қараңғылықтың, фәни мен бақидың, аспан мен жердің, тірі мен өлінің, де киелі дәнекері. Салттың рәсім мен жырларында (қазақ арасында қара өлең сарынында да) нысан береді. мәңгілік өмір бәйтерегіндегі кеңістіктің өзі сан қатқа (жеті қат аспан, жеті қат жер, он тоғыз мың ғалам, күн астындағы Күнекей т. б. ) бөлінеді. «Ерте, ертеде» деген тұрақты тіркес сиы әсіреәфсаналық көркем кеңістіктің қатпарлы жүйесі, яғни, бұл жаратылысқа дейінгі жаратылыс тұсындағы, жаратылыстан кейінгі дәуірдегі кеңістік пен уақыт боп қатпарлана береді. бір кеңістік екінші кеңістікпен алмағайып алмасып, оқиғаның түпкі көркем түйсігі мен себебіне көркем көзқарасына орай жүйеленеді. Бәйтеректің бұтағы – аспан әлемі, діңі – жер, тамыры – жер алты тылсымы, немесе өмір, алмағайып дүние, өлім шекарасы боп бейнелене береді. Мұны әр халықтың жаратылыс туралы көркем танымы анықтайды. Қалайда мәңгілік өмірдің саясы ретінде қасиеттеледі. Қазақтың жаһандағы жалғыз ағашты кие тұтып, ақтық байлауында сондай нанымды сана нышаны бар.

3. Жаратылыс ғылымдары Жаратылыстану ғылымдары — табиғатты зерттеумен айналысатын ғылымдардың жиынтық атауы; табиғат құбылыстары 3. Жаратылыс ғылымдары Жаратылыстану ғылымдары — табиғатты зерттеумен айналысатын ғылымдардың жиынтық атауы; табиғат құбылыстары мен олардың дамуының жалпы заңдарын танумен шұғылданатын ғылымдар жүйесі. Еуропада қайта өрлеу кезеңінде (XV ғ-дың 2 жартысы) табиғатты жете зерттеуге байланысты қалыптасты. Кейін, XVIII ғда Жаратылыстану ғылымдары бірыңғай жүйеге келтірілді. Жаратылыстану ауқымы түрлі табиғат нысандарын (ғарыштық жүйеден бастап микродүниеге дейін), дүниенің жалпы қасиеті мен құрылымын, тірі табиғатты, біздің планетамыздан тыс жатқан нысандарды, сондай-ақ, Жерді қамтиды. Жаратылыстану ғылымдары біріншіден, ғылыми дәлдігімен және жүйелілігімен, екіншіден, табиғат қорларын пайдалану құралы ретіндегі өзінің практикалық мәнімен ерекшеленеді.

3. 1. Жаратылыстану салалары Жаратылыстануға енетін ғылымдар былайша топтастырылады: 1) физика, химия; 2) биология, 3. 1. Жаратылыстану салалары Жаратылыстануға енетін ғылымдар былайша топтастырылады: 1) физика, химия; 2) биология, ботаника, зоология; 3) анатомия, физиология, генетика; 4) геология, минералогия, палеонтология, метеорология, геог рафия (физикалық); 5) астрономия (астрофизика және астрохимия). Кейбір табиғат зерттеуші ғалымдар математиканы Жаратылыстану ғылымдарына жатқызбайды, бірақ, осы ғылымдардың таным құралы ретінде қарастырады. Жаратылыстану ғылымдарын зерттелу әдісіне қарай нағыз деректер мен байланыстарды зерттей отырып, ережелер мен заңдарды қорытып шығаратын сипаттаушы және дерекпен байланысты математикалық формалармен толықтырып отыратын дәл ғылымдар деп ажыратады. Табиғат туралы нақты ғылым зерттеулермен шектелсе, қолданбалы ғылым (медицина, ауыл шарушылығы, орман шаруашылығы және техника ғылымдарын жалпы алғанда) ғылыми зерттеулерді және табиғатты өзгертуге пайдаланылады.

3. 2. Жаратылыстану заңдары Жаратылыстанудың теориялық мәселелерін айқындау үшін табиғат заңдары қолданылады. Энергияның сақталу 3. 2. Жаратылыстану заңдары Жаратылыстанудың теориялық мәселелерін айқындау үшін табиғат заңдары қолданылады. Энергияның сақталу және айналу заңының, Эйнштейннің салыстырмалық теориясының, Дарвиннің эволюциял ық ілімінің жасалуы, сондай-ақ, ғылымның жаңа салалары: кванттық механика, генетика, кибернетика, ас трофизика, т. б. жедел дамуының нәтижесінде философия ғылымы теориялық жағынан байытыла түсті. Жаратылыстану ғылымдары қазіргі ғылыми-техникалық прогресті жеделдетудің негізі болып табылады

4. Экология ( лат. оіkos – үй, баспана; logos – ілім) – жеке организмнің 4. Экология ( лат. оіkos – үй, баспана; logos – ілім) – жеке организмнің қоршаған ортамен қарым-қатынасын, ортаға бейімделу заңдылықтарын, сондайақ организм деңгейінен жоғарырақ тұрған биологиялық жүйелердің – популяциялардың, организмдерқауымдаст ықтарының, экожүйелердің, биосфераның ұ йымдастырылу және қызмет атқару заңдылықтарын зерттейтін ғылым.

4. 1. Тарихы Экология терминін ғылымға енгізген Э. Геккель (1866). Экология ғылымы жедел дамып, 4. 1. Тарихы Экология терминін ғылымға енгізген Э. Геккель (1866). Экология ғылымы жедел дамып, көптеген жаңа салалары пайда болды. 19 ғасырдың аяғы, 20 ғасырдың басында ғалымдар негізінен жекелеген факторлардың, әсіресе климаттық факторлардың, организмдердің таралуы мен сан динамикасына әсерін зерттеді. Біріменбірі тығыз байланысқан, біртұтас құрылымдық бірлік түзетін азғалар қауымдастықтары (қ. Биоценоз) туралы ұғым да осы кезде қалыптаса бастады (К. Мәбиус, 1877; С. Форбс, 1887).

 Экология ғылымдарының қалыптасуын төмендегідей кезеңдермен қарастыруға болады. Биологиялық зерттеулердің жаппай сипат алу кезеңі. Экология ғылымдарының қалыптасуын төмендегідей кезеңдермен қарастыруға болады. Биологиялық зерттеулердің жаппай сипат алу кезеңі. Бұл кезең 18 ғасырдың аяқ шенін қамтиды. Мыс: Ж. Б. Ламарк (1744 -1825), Л. И. Лепехин (1770 -1802), Р. Ф. Рульс(1814 -1858), И. А. Северцов (1827 -1885), Ч. Дарвин (1807 -1882), В. В. Докучаев (18461903) т. б. табиғат зерттеушілер, биологтар, систематиктер, географтар өздерінің еңбектерінде ғылыми зерттеулер жүргізіп экология ғылымының дамуына өз үлестерін қосты. Осы кезде жарық көрген Ж. Б. Ламарктың «Жануарлар мен өсімдіктердің эволюциясы» , Ч. Дарвиннің «Түрлердің шығу тегі» т. б. еңбектері экология ғылымының негізін қалаған еді

 Экология ғылымының жеке ғылым ретінде қалыптасу және даму кезеңі. Бұл кезеңде шетелдік ғалымдармен Экология ғылымының жеке ғылым ретінде қалыптасу және даму кезеңі. Бұл кезеңде шетелдік ғалымдармен қоса орыс ғалымдарының еңбектері шыға бастады. Бұл кезең 19 ғасырдың басы мен 20 ғасырдың 70 -80 жылдарын қамтиды. Атап айтсақ Мәскеу университетінің ғаламы И. А. Северцов, Н. А. Наумов т. б. В. И. Вернадскийдің «Биосфера туралы ілімі» т. б. ғылыми еңбектері экология ғылымының негізін қалаған болатын.

 Экология ғылымының өрлеу кезеңі. Қазіргі заманғы экология -бүкіл әлемдік ғылымдар мен әлеуметтік, экономикалық Экология ғылымының өрлеу кезеңі. Қазіргі заманғы экология -бүкіл әлемдік ғылымдар мен әлеуметтік, экономикалық жағдайлар және проблемаларды қарайтын деңгейге жетіп отыр. Осыған орай, экология ғылымының қолданбалы және адам экологиясы бағыттары дами түсті. Экологияның жаңа саласы бойынша теориялық және практикалық зерттеулер жүргізілді.

4. 2. Экологияның зерттеу әдістері Қазіргі заманғы экологияның негізгі әдістері: Жүйелік тұрғыдан қарастыру Ортаның 4. 2. Экологияның зерттеу әдістері Қазіргі заманғы экологияның негізгі әдістері: Жүйелік тұрғыдан қарастыру Ортаның жағдайын бақылау Эксперимент және модельдеу Жүйелік тұрғыдан қарастыру –тірі табиғаттың барлық элементтері өзара байланыста болғандықтан, жүйе немесе жүйенің бөлігі болып табылғандықтан көптеген экологиялық зерттеулерде қолданылады. Әр түрлі экологиялық әдістерді қолдануды талап етеді. Ортаның жағдайын бақылау – бұларға метеорологиялық бақылау, температураны өлшеу, судың химиялық құрамын, тұздылығын, мөлдірлігін, топырақ ортасының сипатын анықтау, радиациялық фонды өлшеу, ортаның химиялық және бактериалдық ластануын анықтау т. б. жатады. Қазіргі кезде осылардың ішінде практикалық маңыздылығы жағынан мониторингке ерекше көңіл бөлінуде. Мониторингінің мақсаты –бақылау, баға беру және болжам жасау.

 Эксперимент және модельдеу –Зерттеулер эксперименттік әдістемелердің көмегімен бірлестіктер мен экожүйелерде жүргізіледі. Экологияда статистикалық Эксперимент және модельдеу –Зерттеулер эксперименттік әдістемелердің көмегімен бірлестіктер мен экожүйелерде жүргізіледі. Экологияда статистикалық математика, математикалық логика, сандар теориясы, матрицалық алгебрамен байланысты ақпараттар мен кибернетика теориясының әдістері қолданылады. Соңғы кезде биологиялық жүйелерді модельдеу кеңінен қолдануда. Зерттеулердің міндеттеріне байланысты әр түрлі модельдер қолданылады (шынайы нақты модельдер, таңбалы модель, концептуалды және математикалық модельдер).

4. 3. Экология ғылымының казіргі басты стратегиялық міндеті — биосфераның құрамды бөлігі ретінде адамзат 4. 3. Экология ғылымының казіргі басты стратегиялық міндеті — биосфераның құрамды бөлігі ретінде адамзат қоғамының табиғатпен өзара карым-қатынасының үйлесімділігін сақтауға негізделген ғылыми теорияларды дамыту. Тіршілік өрісінің маңызды қыры климат және топография секілді фақторлармен катар шеқтеулі аумақ немесе басқа ресурстар үшін бәсеке күресіне түсе алатын басқа тұрлердің болуы. Сонымен бірге экологияның кезек күттірмейтін іргелі міндеттері мыналар: а) табиғат байлықтарының қорын азайтпай-ак экологиялық кауіпсіздікті қамтамасыз ету; ә) өнеркәсіптік және ауыл шаруашылығы өндірістерінің экологиялық негіздерін жетілдіре түсу; б) экологиялық мәселелерді шешуде әлеуметтік және экономикалық механизмдердің тиімді жолдарын жасап шығару; в) табиғатты пайдалануды басқарудың ұйымдастыру-құкықтық мәселелерін дұрыс шешу; г) әлеуметтік-экологиялық болжаулардың әдістерін дамыта түсу

Қорытынды Өзін жанама тану өз іс-әрекетінің нәтижелерін талдау жолымен жүзеге асырылады. Белгілі бір саладағы Қорытынды Өзін жанама тану өз іс-әрекетінің нәтижелерін талдау жолымен жүзеге асырылады. Белгілі бір саладағы жетістіктерін талдай және бағалай отырып, жұмысқа жұмсалған уақыт пен күшті есептей отырып, өз қабілеттерінің деңгейін анықтауға болады. Қоғамдағы өз мінез-кұлқын бағалау арқылы адам өз басының адамгершілік және психологиялық ерекшеліктерін танып, біледі. Жанама танымда өзін-өзі зерттеп жүрген жеке адамға айналасындағылардың өзі жайындағы көзқарасын талдаудың да маңызы зор. Жақын адамдардың, қызметтес жолдастардың объективті бағасы өзіңді тереңірек танып білуіңе көмектеседі. Өз басыңның қасиеттеріне берген өз бағаң мен басқа жұрттың бағасын салыстыру да маңызды. Ол өз танымының өзгелердің ойымен бірдей шығу-шықпауын, өзін-өзі не артық, не кем бағалап жүргенін айқындауға мүмкіндік береді. Бұдан шығатын қорытынды, басқа адамдармен неғұрлым кең қарым-қатынаста болу өз басыңның жағымды және жағымсыз жақтарын жан-жақты салыстыруға, танып білуге кемектеседі екен

Қолданылған әдебиеттер тізімі: 1. 2. 3. 4. 5. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме Қолданылған әдебиеттер тізімі: 1. 2. 3. 4. 5. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Экология және табиғат қорғау / Жалпы редакциясын басқарған – түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылымибаспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А. Қ. Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. – 456 бет. ; http: //1 referat. kz/filosofiya/adam-sanasynyn-pajda-boluy-zhanedamuy. html; «Қазақстан» : Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5 -89800 -123 -9, X том; О. Д. Дайырбеков, Б. Е. Алтынбеков, Б. К. Торғауытов, У. И. Кенесариев, Т. С. Хайдарова Аурудың алдын алу және сақтандыру бойынша орысша-қазақша терминологиялық сөздік. Шымкент. “Ғасыр-Ш”, 2005 жыл; Сәтімбеков Р. Биология: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдык-гуманитарлық бағытындағы 11 -сыныбына арналған окулық. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007;