Жоспар: І. Кіріспе ІІ. Негізгі бөлім 2. 1. Астана - Қазақстан Республикасының елордасы. 2. 2. Жалпы мәлімет 2. 3. Табиғаты және табиғи қоры 2. 4. Әкімшілік бөлінісі 2. 5. Тарихы 2. 6. Экономикасы 2. 7. Қаланың назар аударарлық орындары ІІІ. Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер
І. Кіріспе Әсем қала мерейтойы ерлігі де, өрлігі де ұрпаққа өнеге болып жалғасқан қасиетті қазақ жерінің шежіресін паш етер, көңілі дархан, жаны жомарт қазақ елінің ұлылығын ұлықтайтын, айбынды ажарлы Астананың қазақ елі монументы. Астаның 10 жылдық тойы – бұл Қазақстанның шаттыққа толы мереке болуымен қатар елдің кезекті даму биігіне қол жеткізген бүкіл халқымыздың үлкен жеңісі. Қазақстанымыз бар болған он жылдың ішінде адам айтса нанғысыз көздің жауын алар әдемі, зәулім үйлері, қыран ұшар биікке өрмелеген Елорда өзінің бар қасиетімен ерекшелінеді. Сарыарқа самалымен тербелген ерке. Есілдің бойындағы ғажап қала-ол біздің Астанамыз. .
ІІ. Негізгі бөлім Астана - Қазақстан Республикасының елордасы. Қазақстанның заманға лайық жаңа астанасын салу идеясы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа тиесілі. Елорданы Алматыдан Ақмолаға ауыстыру туралы шешімді Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі 1994 жылы 6 шілдеде қабылдады. Астананы ресми көшіру 1997 жылғы 10 желтоқсанда жүзеге асты. Президенттің 1998 жылғы 6 мамырдағы Жарлығымен Ақмоланың атауы Астана болып өзгертілді. Жаңа астананың халықаралық тұсаукесері 1998 жылғы 10 маусымда өтті. 1999 жылы Астана ЮНЕСКО шешімімен «әлем қаласы» атағын алды. Қазақстанның бас қаласы 2000 жылдан бастап Астаналар мен ірі қалалардың халықаралық ассамблеясының мүшесі.
Жалпы мәлімет Астана (1998 жылдың 6 мамырына дейін - Ақмола) Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 20 қазандағы Жарлығымен және Қазақстан Республикасы Парламентінің мақұлдауымен 1997 жылғы 10 желтоқсаннан бастап Қазақстан Республикасының астанасы болып жарияланды. Қазақстанның жаңа елордасы – Астананың халықаралық тұсаукесері 1998 жылғы 10 маусымда өткізілді. Астана халықаралық іскерлік және мәдени орталыққа айналып келеді.
Жер бедері Астана қаласы Есіл өзенінің жағалауындағы жазықта және ішінара өзен аңғарында орын тепкен. Аумақтық жер бедері еңісі мен биігі байқалмайтын жазық болып келуімен сипатталады. Мұндағы ойдым-ойдым көлтабандарда ғана қар суы мен көл немесе сор -сазда уытты көлшіліктер пайда болады. Қала қуаң дала белдеуінде , оның күңгірт қоңыр , қоңыр топырақты, бетегелі-селеулі іші қуаң белдеуінде орналасқан. Топырақ жамылғысы біртекті емес, алуан сипатты. Қала орналасқан өңірдің ⅔ аумағын жадағай толқынды , суайрықты жазықтық алып жатыр. Қала аумағының жер бедерінен айтарлықтай еңіс немесе көзге шалынардай өр байқалмайды, мұндағы геморфологиялық бөлшектер бірбіріне ұласа жалғасып кете барады. Жазық Есіл өзеніне қарай аздап еңістеу болып келеді.
Климатының өзіндік ерекшелігі тым континентік болып келеді, жауыншашынның орташа жылдық мөлшерінің аз және күн көзінің өткір болуы салдарынан көлдердің суы азайып, шағын өзен арналардың кеуіп қалуына әсерін тигізеді. Қысы суық, аязды. Ызғарлы аяз шамамен 245 күнге, ал қыстың ұзақтығы 5 -5, 5 айға созылады. Қарашаның ортасына қарай түскен қар 130 -140 күнге дейін жатады. Қаңтар айының орташа температурасы -17°С (52°С-қа көтерілетін аяз өте сирек болады). Аязды күндердің орташа температурасы -25°С. Мұндай күндердің ұзақтығы жылына 10 -14 -тен 38 -45 күнге дейін ауысып отырады. Қыс айларының шамамен 30 күні боранды , боран оңтүстік-батыстан соғады. Қар қалың түскен жылдары өзендер тасып, көлтабандар көлге , көлдер шалқыған айдынға айналады. Бұлтты күндер аз, жылына шамамен 2200 сағаттай күн бұлтсыз ашық болады. Жазы ыстық, қуаң. Шілде айының температурасы ең жоғарылаған кезде +42°С -ға жетеді. Ең жоғары температура шілденің 11 -12 күнін қамтиды. Жылы мезгіл шамамен 213 күнді, аязды мезгіл 120 күнді құрайды. Жазғ ынайзағалы күн саны шамамен 19 -25 күн аралығында , ұзақтығы 2, 4 сағат. Жазда 1 -2, кейде 4 -9 күндей бұршақ жауатын мезгіл байқалады. Жерге түсетін ылғалдың жылдық мөлшері 300 мм, оның 30 %-көктемге, 34 %-жазға, 36% күз, қыс айларына келеді. Жел жиі соғады, орташа жылдамдығы-2 м/сек. Желдің қаттырақ соғатын мезгілі наурызға (6 м/сек), баяу соғатын мезгілі тамызға (4 м/сек) келеді. Ал жылына 40 кейде 87 күн қатты жел соғатын (15 м/сек жуық) тұсы болады. Өте күшті дауыл (36 м/сек) 20 жыл мөлшерінде бір рет байқалған.
Су қоры Астана қаласы қуаң аймақта орналасқан, негізгі су қоры өзен және жерасты су көздерінен құралады. Бастауын Нияз таулары бұлақтарынан алып, қысқы қар, жазғы жауын суымен толысып отыратын Есіл өзені қаланың негізгі су артериясы болып табылады. Есілдің қаладан ағып өтетін тұсынан шағын екі өзен Сарыбұлақ пен Ақбұлақ келіп құяды. Қаланы 25 -30 км төңіректе шағын өзен-көлдер қоршап жатыр. Олардың кейбіреуі тұщы, кейбіреуі кермек сулы болып келеді. Негізгілері: Сасықкөл, Жоламан, Тышқанкөл, Танакөл, Жылтыркөл, Тазкөл, Қайнарлы, Тағанкөл, Майбалық, Бұзықты, Жалаңаш , Шенет, Ағанас, т. б. Есіл өзенінің арналы ағысының ұзақтығы 562 км, су жиналу алабы 48 100 шаршы км. Оның Қазақстанды көктеп өтетін ұзындығы- 1 100 км, ал жалпы ұзындығы 2450 км. Есіл Ресейдің Тюмень және Омбы облыстары арқылы ағып өтетін Ертіс өзеніне барып құяды. Есіл көктемгі қар суымен толысқан шақта ағысын үдетеді. Негізінен баяу ағысты. Қаланы сумен қамтамасыз ететін негізгі өзен болғандықтан, Есілге "Ертіс-Қарағанды" каналынан арна тарту жүзеге асырылды. Есіл баяу ағысты болғандықтан, оның табаны тереңде жатыр. Оның қала аумағындағы су жиналу алқабы 7400 шаршы км, бұған Вячеслав бөгені ауқымындағы 5310 шаршы км су жиналу алқабы қосылады. Есілге Мойылды, Тентек, Қарасу, Сарыбұлақ, Ақбұлақ өзендері келіп құяды, сонымен бірге су таратқыш канал арқылы Майбалық өзенімен жалғасып жатыр. Өзенде ақбалық, нәлім, мөңке, аққайран, сазан, шортан, көксерке, алабұға мекендейді. Бұрыннан қоныс тепкен қала бөлігі Есіл өзенінің солтүстігінде, оң жағалауға, темір жол магистралінен оңтүстікке қаарй етек жая орналасқан. Қала аумағының негізгі бөлігі, Есілдің Ақбұлақ және Сарыбұлақ тармақтарына келіп тұйықталады.
Әкімшілік бөлінісі Астанада Сарыарқа ауданы, Алматы ауданы және Есіл ауданы бар. Халқы Астана қаласы халқының саны 2000 жылмен салыстырғанда 169, 2 мың адамға көбейіп, 2006 жылдың басында 550, 2 мың адам болды. Халық саны бойынша Қазақстандағы Алматы қаласынын кейінгі 2 -орында. Астана қаласы халқының табиғи қозғалысының оң факторы бала туу мен неке қию деңгейінің артуы болып табылады. 2005 жылы қалада 8, 8 мың бала өмірге келді, ол 2000 жылы туылғандармен салыстырғанда 4, 3 мыңға көп. 2005 жылы бала туудың коэффициенті 1 мың тұрғынға шаққанда 6, 3, өлім — 6, 7 құрады. Қала халқының өсуі негізінен көші-қон ағыны есебінен қамтамасыз етілуде. Көші-қон сальдосының елеулі түрде өсуі (50 мыңнан асатын шекте) 2000— 2001 жылдары байқалды. Келгендердің санының кеткендерден асып түсуі негізінен азаматтардың республиканың ішіндегі көші-қон есебінен қамтамасыз етілді. Алайда соңғы жылдары оның салыстырмалы түрде тұрақтануы байқалады (2002 ж. — 6, 8 мың, 2003 ж. - 5, 4 мың, 2004 ж. — 14, 2 мың, 2005 ж. — 15, 7 мың адам). Халықтың табиғи өсімі осы кезеңде 2000 жылғы 1513 адамнан 2005 жылы 5, 2 адамға дейін көбейді. Астана халық санының өсуі
Тарихы * Астана 1830 ж. Есіл өзенінің жағасында қазақ-орыстар әскерлері негізін қалаған бекіністен бастау алады. * 1862 ж. Ақмола қала мәртебесін алды. * 1962 ж. қалаға Целиноград атауы берілді. * 1997 ж. егемен Қазақстанның Президенті Н. Назарбаев Жарлығымен елорданы Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы шешім қабылдады. * 1998 ж. 6 мамыр жаңа елорданың атау Астана болып өзгертілді. * 1998 ж. 10 шілде Қазақстанның жаңа елордасы — Астананың халықаралық тұсауы кесілді. * 1998 ж. ЮНЕСКО-ның шешімі бойынша Астана қаласына «Бейбітшілік қаласы» жоғары атағы беріліп, медальмен марапатталды. Бұл атақ қысқа мерзім ішінде әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени дамуда неғұрлым әсерлі әрі қуатты өсуге, тұрақты этникааралық қатынасты орнықтыруға қол жеткізе алған ғаламшардың жас қалаларына беріледі. Бразилияда өткізілген бұл конкурста Астана барлық өлшемдер бойынша әлемнің әр түрлі елдерінің он екі қаласын басып озды.
Экономикасы * Астана өте серпінді дамуда. Елорда көшірілген кезден бастап қала экономикасына салынған инвестиция көлемі 3, 5 миллиард доллардан асты. 2007 жылға дейін Астананың құрылысына 238, 6 миллиард теңге көлемінде қаражат жұмсау жоспарлануда. * Астананың ойдағыдай дамып келе жатқанының белгілерін оның халқының жедел өсуінен байқауға болады. Елорданы көшіру жарияланған жылы мұнда небәрі 225 мың адам тұратын. 2004 жылы елорда тұрғындарының саны екі есе өсіп, жарты миллионнан асып кетті. * 1998 жылы Астана еркін экономикалық аймақтың WEPSA халықаралық қауымдастығына кірді. Әлемнің 15 қаласы Қазақстан елордасының бауырлас қалалары болып табылады, олардың арасында Мәскеу, Берлин, Варшава, Минск, Киев, Анкара, Бангкок және басқалары бар. * Елорданың жаңа әкімшілік орталығында Бейбітшілік пен келісім сарайы мен «Пекин-Палас» бизнес-орталығының құрылысына дайындық жұмыстары басталды. * Мәжілісі мен Сыртқы істер министрлігі ғимараттарының, «Ғашықтар» саябағының, «Президент-отель» қонақүй кешені мен Ислам орталығының ашылу рәсімі өтті.
Әлеуметтік саласы * Биліктің үш тармағы: Үкімет, Сенат, Парламент. * Әлеуметтік қорғау саласында жүргізілген жұмыс кедейлік шегінен төмен өмір сүріп жатқан халықтың, сондай-ақ халықтың әлеуметтік осал жіктерінің өмір сүру деңгейін жақсартуға бағытталды. Астанада 2005 жылғы желтоқсанда орта есеппен жан басына шаққандағы ең төменгі күнкөріс шамасы 6, 2 мың теңгені құрады. Кірісі кедейлік шегімен бірдей немесе одан төмен тұрмысы төмен азаматтардың саны 2006 жылдың 1 қаңтарына 2, 9 мың адамды құрады, бұл 2000 жылмен салыстырғанда 4, 2 есе кем. * Қалада зейнеткерлердің саны 2000 жылғы 32, 3 мың адамнан 2005 жылы 34, 7 мың адамға өсті. Мүгедектердің саны 7, 7 мың адам болды. * Жергілікті бюджеттен төленетін есебінен әлеуметтік төлемдердің жалпы сомасы 2005 жылы 678, 7 млн. теңгені құрады, оның ішінде тұрғын үй көмегі — 23, 5 млн. теңге, атаулы әлеуметтік көмек — 35, 4 млн. теңге. 2005 жылы Астана қаласы бойынша кедейлік шегінің орташа мөлшері 2, 4 мың теңгені құрады. Атаулы әлеуметтік көмек алатындардың саны 2, 3 мың адам болды. 14 мыңға жуық тұрмысы төмен азамат жергілікті бюджеттен атаулы әлеуметтік көмек, тұрғын үй жәрдемақысы, заңды және жеке тұлғалардың қайырымдылық және демеушілік көмегі түрінде түрлі материалдық көмек алды.
Қаланың назар аударарлық орындары * * * Сулы-Жасыл гүлзар — Астана орталығындағы жаңа көше. Ақ-Орда — Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясы. Бәйтерек — Астананың басты символы. Тәуелсіздік Сарайы — мемелекеттік ресми іс-шараларды, форумдарды, мәжілістерді, кездесулерді, съездерді өткізу орны болып табылады Бейбітшілік пен келісім сарайы — Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезін өткізу үшін арналған ғимарат. Хан-Шатыр — Астананың ең үлкен ойын-сауық орталығы.
Бәйтерек
Тәуелсіздік сарайы
“ Нұр-Астана” мешіті
Қазақстан. Газ. Калвис. Витолинс
ІІІ. Қорытынды. Астана туралары айтар сөз асқарлы таудай биік, байлығындай алапат мол, бірақ жер тар. . . Тек, Тұманбай ағамыздың мына сөзімен аяқтасақ: Аман бол, қазағымның арыстаны, Жер соғып қала берсін алысқаны. Бәрін ал, алам деген биігінің, Жарық ал жұлдыздардан алыстағы. Үмітпен ертеңіне қарады ұл-қыз, Бір нұрға жаңа талды жанарымыз. Астана, жаңа Астана, жан Астана Жерге кеп қона қалған дара жұлдыз. . . Келешек ұрпақ Астана десе Нұрсұлтан деп атын айта, Елбасының Астана деп қатар айтатын сөзі болады. Есіл жағасында бой көтерген жаңа Астана-Ақ Орда құтты болсын, Астана әлемдегі қалалардан асып, іші байлық пен ұл-қызға
Пайдаланылған әдебиеттер: 1. Қазақстан Республикасының Заңы 2. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев. Қазақстан Республикасы Астанасының мәртебесі туралы. Астана, 1998 жылғы мамырдың 20 -сы. Егеменді Қазақстан 1998 ж. 20 -мамыр. 3. Егеменді Қазақстан 1998 ж. 10 -маусым 4. Қазақстан: табысқа жету тарихы әлемдік қоғамдастық көзімен. Алматы 2005, 43 б. 5. www. google. ru 6. www. kaztorka. kz және т. б.