Жоспар 1. Кіріспе 1. 1. Жарнама ұғымы 2. Негізгі бөлім 2. 1. Жарнама түрлері 2. 2. Жарнама шығу тарихы 2. 3. Афиша 3. Қорытынды 3. 1. Қазақстандағы жарнамалар
Жарнама, реклама (франц. reclame, лат. reclamo — жар саламын) — тауарлардың, қызмет көрсетудің тұтынушылық қасиеті туралы ақпарат беру және оған деген сұранысты көбейту мақсатында таратылатын хабарлама
Жарнама Белгілі бір адамдар, ұйымдар, әдебиет пен өнер шығармалары туралы хабар таратып, оларды әйгілеу. Жарнама - тауарларға сұранымды қалыптастырып, ұлғайту мақсатында олардың қасиеттері мен көрсетілетін қызметтер туралы ақпаратты тиімді бағытта тарату.
Жарнама көпшілік ақпарат құралдары (теледидар, радио, газет, Интернет, проспектілер, плакаттар, т. б. ) арқылы жүзеге асырылатын коммуникацияның ақылы түрі болып табылады.
Кез келген Жарнама хабарламалық, болмаса назар аудартушылық сипатымен ерекшеленді. Жарнаманың түрлері көп: Сату орнындағы жарнама Институционалдық (жақсы пікір қалыптастыру мақсатындағы) жарнама Хабарламалық жарнама Сауда және көлік жүйесіндегі жарнама Көше жарнамасы (плакат, афиша) Ауызша жарнама Баспалық жарнама т. б.
Б. д. д. ІІІ мыңжылдық–б. д. V мыңжылдық – жарнаманың ілкі тарихы (ежелгі дәуір, антикалық кезең және антикадан кейінгі кезең); VІ-VІІ (орта) ғасырлар (феодализм дәуірі, өнеркәсіпті цехтық тәсілмен ұйымдастырудың қалыптасуы); ХVІ-ХVІІ ғасырлар – Ренессанс және ағарту дәуірінің жарнамасы; ХІХ ғ. ХХ ғ. басы – индустриялық өндірістің және капиталистік экономиканың даму кезеңі. Қазіргі заманғы жарнама әуелі протожарнама түрінде пайда болды. Протожарнама бұқаралық ақпарат құралдары мен бұқаралық коммуникация жүйесі қалыптасқан қазіргі жарнама пайда болар алдындағы ақпараттықжарнамалық қызметті білдіретін тарихи-мәдени құбылыс саналады. Ежелгі протожарнаманың пайда болуы біздің дәуірімізге дейінгі 3 мыңжылдықпен таңбаланады.
Культтік протожарнама: 1. рулық 2. тайпалық тотемдер Меншік белгілері: таңба штамп мөр
Жарнаманың қарапайым түрлері б. з. б. пайда болды. Ежелгі Грекия мен Ежелгі Римде Жарнама хабарландыруларын ағаш тақтайларға жазып, халық көп жиналатын алаңдарда айғайлап жар салатын болған.
Ресми алғашқы жарнама Адамдар ең алғашқы жарнаманы 1704 жылы «Бостон Ньюслеттер» американдық газетінің хабарландыру бөлімінде көрген еді. Ең алғашқы жарнама редакторы - Эдгар Аллан По. 1920 жылы 2 қарашада ең алғашқы радиодағы жарнама берілді.
Баспаға басылған Жарнамалар Англия мен Францияда 17 ғ-да пайда болды. 1890 жылдардағы Coca-Cola жарнамасы
Жапониядағы алғашқы жарнамалардың бірі. 1806 жылғы Kinseitan атты дәстүрлі медицинасының Жарнама флайеры. Токионың мұражайында орналасқан.
Жарнама қазақ халқына да ежелден белгілі. Оның ауызша үлгілері фольклорлық әдебиетте “жарлық шашу”, “жар салу” ұғымдарымен берілген. Жарнама үлгілері “Қобыланды батыр”, “Мұңлық-Зарлық” және “Оғызнама” жырларында бар.
«Жарнама» терминінің шығу төркіні Қазақстанның оңтүстік өңірінде ислам өркениетінің гүлденген дәуірі–ІХ-ХІІ ғасырларға барып тірелетіні де сондықтан (мұсылман Ренессансы Еуропаның орта ғасырынан әлдеқайда ерте басталған). «Жар» сөзінің «Қазақ диалектілер сөздігіндегі» бір мағынасы–қабырға дегенді білдіреді. Ал, «нама» -парсыша «жазу» деген мағынада. Сөйтіп, «жарнама» дегеніміздің ежелгі мәні- «қабырғадағы жазу, жазба» болса керек. Бір таңданарлығы, осы сөз төркінінің жоғарыда келтірілген ортағасырлық Еуропа қала мәдениетіне тікелей ұштасып жатуы.
19 ғ-дың аяғында “Түркістан уалаяты”, “Дала уалаяты” газеттерінде саяси-экон. мәселелерге байланысты, оқу-ағарту, әдебиет және өнер-білім бойынша Жарнамалар берілген.
20 ғ-да Жарнаманың мақсаты мен мазмұны кеңейіп, икемділігі артты, Жарнама тілінің ішкі құрылымы сараланды. Нарықтық экономиканың қанат жаюына орай Қазақстанда жарнамалық қызмет түрлері сан алуан болып дамуда. Жарнама стратегиясымен айналысатын Жарнама компаниялары пайда болды.
Жарнаманың бір түрі — афиша (affіcher — хабарландыру, іліп қою). Театр афишалары — спектакльдер және басқа да көңіл көтеретін шаралар туралы хабарландырулар. Афишалар театрдың алдына, көшелерге, алаңдарға және басқа да көпшілік жүретін орындарға ілінеді.
Қазақстандағы жарнамалар Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Қазақстан дамыған өнеркәсіптік базасы бар елге айналғандықтан, жарнаманың өркендеуіне кең жол ашылды. Жарнама өнімдерін өндіретін алғашқы мекеме Қазақстанда 1951 жылы өмірге келгендігі ресми құжатта тіркелген. Ол «Жарнама және сауда жабдығы» деп аталған. Кейіннен ол «Қазақсаудажарнама» деген атауға ие болған. Алғашында «Союзторгреклама» ( «Одақсаудажарнама» ) Бүкілодақтық бірлестігінің құрамына кірген, кейіннен, 1981 жылы ол республикалық бағыныстағы ұйымға айналған.
Жарнама туралы заң Бүгінде елімізде жарнамамен айналысатын агенттіктер мен кәсіпорындар саны қомақты. Олардың ірілерінің қатарында «Киік» , «Татьяна» фирмаларын және басқа кәсіпорындарды атауға болады. Біздің елімізде «Жарнама туралы» арнайы Заң 2003 жылғы 19 желтоқсанда қабылданған.
Ең қымбат жарнама Chanel No. 5: The Film әтірінің жарнамасы Барлық қаламақысы 44 миллион доллар
Көргендеріңізге рахмет! Қолданылған әдебиеттер: http: //kk. wikipedia. org/wiki/%D 0%96%D 0%B 0%D 1%80%D 0%BD %D 0%B 0%D 0%BC%D 0%B 0_%D 1%82%D 0%B 0%D 1%80%D 0%B 8%D 1%85%D 1%8 B http: //kk. wikipedia. org/wiki/%D 0%96%D 0%B 0%D 1%80%D 0%BD %D 0%B 0%D 0%BC%D 0%B 0