ЖАЛПЫ ИММУНОЛОГИЯ БАБАЕВА АЛТЫНАЙ САБЕТОВНА
ЖАЛПЫ ИММУНОЛОГИЯ БАБАЕВА АЛТЫНАЙ САБЕТОВНА медицина ғылымдарының кандидаты, доцент
Қазіргі заманғы иммунология, оның мақсаттары мен жетістіктері. Иммундық жүйе. Гуморалдық иммунитет. Антигенді таныстырушы жасушалар.
Дәріс жоспары: l Иммунология пәні, маңызы қысқаша тарихы, мақсаттары, жетістіктері l Иммунитет, теориялары, түрлері l Иммундық жүйенің құрылысы, мүшелері, қызметтері l Антигендер, құрылысы, қасиеттері, жіктелуі l Гуморалдық иммунитет. В-лимфоциттер. Иммуноглобулиндер. Комплемент жүйесі l Антигенді таныстырушы жасушалар. Фагоцитоз
Иммунология – бұл ағзаның генетикалық бөгде денелерден (антигендерден) қорғану тәсілдері мен механизмдерін зерттейтін жалпы биологиялық және медициналық ғылым
Иммунология қызметтері Иммундық жүйенің Трансплантация құрылысы Иммундық реакциялардың Иммунотерапия механизмдері Иммундық жүйе қызметтерінің бұзылуы, аурулары
Иммунологияның бөлімдері: l Жұқпалы иммунология l Жұқпалы емес иммунология l Транплантациялық иммунология l Репродуктивті иммунология l Ісік иммунологиясы
Иммунологияның қысқаша даму тарихы
Эмиль Беринг (1854— 1917), Германия 1902 жылы антитоксиндер мен антиденелерді ашқаны үшін марапатталған
. Роберт Кох (1843— 1910), Германия 1905 жылы туберкулезді зерттегені үшін марапатталған.
. Илья Ильич Мечников (1845— 1916, Россия) 1908 жылы фагоцитоз бен жасушалық иммунитет теориясын ашқаны үшін марапатталған.
Пауль Эрлих (1854— 1915), Германия 1908 жылы (И. И. Мечниковпен қатар) гуморалдық иммунитет теориясын ашқаны үшін марапатталған
. Шарль Рише (1850— 1935), Франция 1913 жылы анафилаксия бойынша атқарған жұмыстары үшін марапатталған
. Карл Ландштейнер (1868— 1943), Австрия 1930 жылы қан тобын ашқаны үшін марапатталған
. Фрэнк Бернет (1899 -1985), Австралия және Питер Медавар (1915 -1987), Ұлыбритания — 1960 жылы иммунологиялық төзімділікті ашқаны үшін марапатталған
. Родни Портер (1917— 1985), Ұлыбритания и Джеральд Эдельман (1929), АҚШ 1972 жылы антиденелердің химиялық құрылысын зерттегені үшін марапатталған
ИММУНИТЕТ (лат. immunitas – бір нәрседен азат болу) – бұл ағзаның генетикалық бөгделік белгісі бар денелерден және заттардан қорғану әдісі.
Immunis – бұл Ежелгі Рим империясындағы салық төлеуден босатылған қаланың беделі
Иммунитет теориясы: 1. Иммунитеттің фагоциттік теориясы И. Мечников 1883 ж.
Иммунитет теориясы: 2. Иммунитеттің гуморалдық (бүйірлі тізбек) теориясы П. Эрлих 1898 ж.
Иммунитет теориясы: 3. Клондық - КЛОН – белгілі селекциялық антигенге қарсы теория Ф. Бернет бағытталған лимфоциттер тобы
Иммунитеттің түрлері: Туа біткен иммунитент Белсенді: Енжар (пассив): лейкоциттер, Тері фагоциттер, шырышты қабат NК-жасушалар сілекей, сөлдер, сүт, көз жасы
Иммунитеттің түрлері: Жүре пайда болған иммунитет В-лимфоциттер Т-лимфоциттер
Иммунитет Жүре пайда Туа біткен болған иммунитет Жасанды Табиғи белсенді емес (вакцинация) (адоптивті)
Жергілікті Инфекциялық Иммунитет емес иммунитет Аутоиммунитет Трансплантациялық иммунитет Инфекцияға қарсы иммунитет Ісікке қарсы иммуинтет Бактерия- Вирус- Паразит- Саңырау- Репродуктивті лар тер құлақтар иммунитет
Иммундық жүйенің негізгі қызметі – ағзаны экзо- немесе эндогенді генетикалық бөгде денелерден қорғау ( «өз» жасушасын тану және «бөгдені» жою) Иммундық жүйенің мүшелері мен жасушалары бірігіп ортақ диффуздық мүшені құрайды және жалпы қызмет атқарады. Оның салмағы шамамен 1, 5 -2 кг, ал лимфоидтық жасушаларының саны 1 -2 х1012 аралықта
Иммундық жүйенің құрылысы
Иммундық жүйенің орталық мүшелері Сүйек кемігі l Сүйек кемігі қан түзуші элементтердің негізгі көзі l Сүйек кемігі иммундық жүйенің біріншілік мүшесі
Иммундық жүйенің орталық мүшелері Тимус (айырша безі) l Өз антигендерін тани алатын Т-жасушалық антигендік рецепторларды жетілдіреді l Тимуста өз антигендерін (аутоантигендерді) танитын клондардың таңдалады
Тимус бөліктерінің құрылысы: 1 - қатпарлы қабат; 4 - дендриттік эпителиалдық жасуша; 2 - милы қабат; 5 - тимоциттер; 3 - лимфобласттар 6 - макрофаг;
Иммундық жүйенің шеткі мүшелері l көк бауыр l лимфа түйіндері l ас қорыту жүйесінің лимфа ұлпалары (бадамша, аденоидтар, аппендикс, пейер табақшалары) l бронхтардың лимфа ұлпалары l басқа шырышты қабаттардың лимфа ұлпалары
Көк бауыр бөлігінің құрылысы: 1 - ақ пульпа; 5 -қызыл пульпа; 2 - вена синусы; 6 -трабекула венасы; 3 - ұрық орталығы; 7 -трабекула артериясы; 4 - тимус тәуелсіз аймақ 8 -тимус тәуелді аймақ (В-лимфоциттер); (Т-лимфоциттер)
Лимфа түйінінің құрылысы 1 - афферентті қан тамырлары; 2 - дәнекер капсула; 3 - трабекулдар; 4 - шеткі синус; 5 - қатпарлы қабат; 6 - паракортикалды аймақ (Т- аймақ); 7 -милы зат; 8 - фолликул; 9 - ұрық орталығы; 10 - қан тамырлары; 11 - эфферентті қан тамырлары
Антигендер
Антигендер – организмге түскенде иммундық жауапты түзетін генетикалық бөгде денелер Барлық тірі ағзалардың мүшелері, ұлпалары, жасушалары және сұйықтықтары антигендік қасиетке ие
Антигендер Толық антиген: Мм 10 000 жоғары. Құрамы: ақуыз, гликопротеид, липопротеид, Гаптен: нуклеопротеид, Мм 10 000 төмен күрделі полисахарид, липоплисахарид
Антигендердің қасиеттері: Спецификалық – антигендердің антиденелермен немесе жасушалармен әсерлесу қабілеті (эпитоп – 625 а/қ тұрады). Бөгделік – Иммуногендік – түскен ағзаның антиденелердің немесе құрылымынан айырмашылығы иммундық лимфоциттердің бар антигендер иммундық өндірілуіне алып келетін жауап түзеді. иммундық жауапты іске қосу әрекеті
Антиденелердің жіктелуі Антигендер Эндоантигендер: Экзоантигендер: табиғи метаболизм немесе ағзаға сыртқы ортадан вирустық/бактериялық тыныс алу, ас қорыту инфекциялардың нәтижесінде жолдарымен немесе ағзадағы жасушалардан инъекция арқылы түседі түзіледі
Антиген Аллоантиген Ксеноантиген Сингенді антиген
Антиген Тимустәуелсіз Тимустәуелді антигендер антигендер
Гуморалдық иммунитет
Гуморалдық иммунитет Біріншілік ГИ: Пропердин Бета-лизин Екіншілік ГИ: Интерферон Антидене Лактоферрин Комплемент Трансферрин Лизоцим
В-лимфоциттер, олардың дифференциялануы Иммуноглобулиндер
В-лимфоциттердің негізгі қызметтері: l антиденелерді өндіру l антигендерді таныстыру (презентация)
В-лимфоциттердің жетілу кезеңдері: l Антигенге тәуелсіз l Антигенге тәуелді
Иммуноглобулиндер
Иммуноглобулиндер (Ig) қан плазмасының ақуыздары, плазматикалық жасушалармен өнідіріледі, организмде антиденелердің қызметін атқарады
Ig қызметтері: Цитотоксикалық Антигендерді реакция Опсонизация байланыстыру (комплемент)
Иммуноглобулиндердің құрылысы
Иммуноглобулиндердің құрылысы
Иммуноглобулиндердің негізгі сипаттамалары Ig Қан сары % Қызметі Жарты- суында лай мөлшері ыдырау кезеңі Ig М 0, 5 -1, 9 г/л 6% Ұрықта өндіріледі. 4 -8 күн (ерте) 65% Комплемент жүйесін Ig М 1 35% Ig М 2 белсендіреді, фагоцитозды күшейтеді. Вирустарды және грамтеріс бактерияларға қарсы, плацентадан отпейди Ig. G 8 -16, 8 мг/мл 75 -80% Плацента арқылы өтеді. 20 -28 Ig. G 1 77% Комплемент жүйесін күн Ig. G 2 11% Ig. G 3 9% белсендіреді, фагоцитозды Ig. G 4 3% күшейтеді. Токсиндерді бейтараптайды.
Иммуноглобулиндердің негізгі сипаттамалары Ig Қан сары % Қызметі Жартылай суында ыдырау мөлшері кезеңі Ig. А 1, 4 -4, 2 г/л 13% Молозиво, көз жасы, сілекей, 4 -7 күн Ig. А 1 90% ішек сөлінде кездеседі. Ig. А 2 10% Секреторлық иммунитет – шырышты қабаттарды қорғайды. Вирустар мен бактериялық токсиндерді бейтараптайды. Ig. Е 0, 00005 - 0, 002% Мес жасушалармен және 2 -3 күн 0, 00003 г/л базофилдермен байланысып, қабыну медиаторларын бөледі. Ig. D 0, 03 -0, 04 г/л 1% Мембраналық рецептор ретінде 2 -8 күн лимфоциттердің жіктелуіне қатысады.
Комплемент жүйесі
Комплемент жүйесі - бір-бірімен кезектесе әсерлесіп биологиялық күші бар молекулаларды түзетін ақуыздар жинағы
Комплемент жүйесі Қабыну Цитотоксикалық процестеріне Опсонизация реакция қатысу (МШК) (анафилотоксиндер)
Комплемент жүйесі 9 компоненттен (С 1 -С 9) тұрады Макрофаг Қан сары суы, Моноцит С 1 -С 9 басқа Гепатоцит биологиялық Фибробласт сұйықтықтар
Комплемент жүйесінің белсену жолдары Классикалық Альтернативті белсену
Классикалық және альтернативті белсенудің айырмашылықтары Классикалық белсену Альтернативті белсену Спецификалық Бейспецификалық Баяу, күшті Жылдам, әлсіз Антиген түскеннен кейін 4 -5 Антиген түскен кезде іске күндері іске қосылады қосылады С 1 компоненттен басталады С 3 компонентінен басталады Иммундық комплекс Тимустәуелді антигендер болу қажет керек М, G 1, G 3 иммуноглобулиндері Иммуноглобулиндердің қатысуынсыз Пропердин жүйесінің В, Д және Р факторлары қатысады
Антигенді таныстырушы жасушалар (презентация) Мононуклеарлық фагоциттер жүйесі
Антигенді таныстырушы жасушалар Дендритті Макрофаг В-жасуша жасуша
Макрофаг – ең ірі иммундық жасуша. Қызметі: табиғи, спецификалық және ісікке қарсы иммунитетке қатысу. Орналасауы: дәнекер ұлпа, мүшелер
Дендритті жасушалар – сүйек кемігінен дамыған гетерогенді антиген-таныстырушы жасушалар. Қызметі: антигендерді Т-лимфоциттерге таныстыру. Орналасауы: сыртқы ортамен тікелей байланысы бар мүшелер
Макрофагтың қызметі: Секреторлық Фагоцитоз қымет (цитокиндер) Цитотоксикалық Презентация әсер
Фагоцитоз – омыртқалыларда инфекцияға қарсы бейспецификалық механизм – қарапайымдыларда қоректену қызметін атқарады.
Фагоцитоздың қызметі: Ағзадан ИК шығару Қабыну және некрозды ошақтарды сіңіру Ескі жасушаларды жою
Фагоцитоз кезеңдері l Фагоциттік жасушаның белсенуі (антиген ағзаға түскеннен соң) l Хемотаксис – фагоциттік жасушаның бөгде денеге қарай жылжуы l Адгезия – антигенге жабысу l Эндоцитоз немесе пиноцитоз - антигенді жұту l Процессинг – антигенді ыдырату l Элиминация – антигенді ағзадан шығару l Презентация – антигендерді есте сақтау жасушаларына таныстыру
Бейспецификалық иммунитетке қатысатын жасушалар: l Мононуклеарлық фагоциттер – моноциттер, ұлпа макрофагтары l Гранулоциттер – нейтрофилдер, эозинофилдер, базофилдер l Киллерлік жасушалар
Мононуклеарлық фагоциттер жүйесі l Плевралық және перитонеалдық макрофагтар l Купфер жасушалары (бауыр ретикулоэндотелиоциттері) l Альвеолярлық макрофагтар l Айырша безі макрофагтары l Сүйек кемігі макрофагтары l Остеокласттар l Мидың глиалдық жасушалары l Лимфа түйіндері мен көк бауырдың дендритті жасушалары l Тері және шырышты қабаттардың Лангерганс жасушалары
ЖАЛПЫ ИММУНОЛОГИЯ.ppt
- Количество слайдов: 67