Скачать презентацию ВАКЦИНА Вакцина 1 лат vacca сиыр Скачать презентацию ВАКЦИНА Вакцина 1 лат vacca сиыр

Vaktsina2.pptx

  • Количество слайдов: 12

ВАКЦИНА ВАКЦИНА

 Вакцина [1](лат. vacca — сиыр, vaccіnus — сиырдікі) — микроорганизмдерден (бактерия, вирус, т. Вакцина [1](лат. vacca — сиыр, vaccіnus — сиырдікі) — микроорганизмдерден (бактерия, вирус, т. б. ) алынып, адам менжануарлар организміне жұқпалы аурулардан алдын ала сақтану және олардың иммундық қасиетін арттыру үшін егілетін препараттар. Азиялық көшпелілер ежелгі дәуірден-ақ адам мен малға шешекті, ешкіге кебенекті, сиырға алаөкпені егу арқылы оларды қатерлі аурулардан сақтандырып отырған.

 Тарихы 1796 жылы ағылшын дәрігері Э. Дженнер алғаш рет сиыр шешегін адамға егу Тарихы 1796 жылы ағылшын дәрігері Э. Дженнер алғаш рет сиыр шешегін адамға егу арқылы алды. Классификация Вакцина тірі, өлтірілген, химиялық, анатоксиндер, ассоциацияланған болып ажыратылады. Тірі вакцинация Тірі вакцина — микробтардың уыттылығын әлсіретіп, ауру тудырғыш қабілетін жою, иммунитет қалыптастыру үшін алынады. Алғаш рет француз микробиологы Л. Пастертірі вакцинаны түйнемеге (1881) және құтыру ауруына (1885) қарсы қолданды. Ал 1926 жылы француз ғалымдары А. Кальмет пен К. Гереннің ашқан тірі туберкулез(БЦЖ) вакцинасы ғылымдағы үлкен жаңалық болды. Тірі вакциналар шешек, құтыру, оба, туляремия, т. б. ауруларға қарсы пайдаланылады.

ВАКЦИНАНЫҢ ТҮРЛЕРІ Өлтірілген Вакцина — микроорганизмдерді физикалық (қыздыру арқылы) және химиялық жолмен (фенол, ацетон ВАКЦИНАНЫҢ ТҮРЛЕРІ Өлтірілген Вакцина — микроорганизмдерді физикалық (қыздыру арқылы) және химиялық жолмен (фенол, ацетон және спиртпен өңдеу) өлтіру әдістері арқылы алынады. Бұлардың қорғаныштық қабілеті тірі вакцинаға қарағанда төмендеу болғандықтан бірнеше рет егіледі. Химиялық вакцина — микроорганизмдерден бөлінетін активті антигендерден алынады. Бұл вакциналар паратиф, іш сүзегі, т. б. ауруларға қарсы пайдаланылады. Анатоксиндер — улы токсиндерді формалинмен өңдеу арқылы алынған усыз вакциналар. Бұларды алғаш рет (1923 — 1926) француз ғалымы Г. Рамон алды. Анатоксиндер дифтерия (күл), ботулизм, сіреспе, т. б. ауруларға қарсы қолданылады. Ассоциацияланған Вакцина[ Ассоциацияланған Вакцина — 2 — 3 ауруға бірден қолданылатын вакциналар. Мысалы, сиырларды қараталақ пен қарасан (эмкар) ауруына қарсы бір вакцинамен егіп тастау өте тиімді. Вакциналарды организмге әр түрлі әдіспен енгізеді. Мысалы, шешек, туберкулез вакцинасын тері үстіне (тырнап), полиомиелитке қарсы ауыздан, гриптікін танау қуысынан құяды. Сүзек, тырысқақ, топалаң, құтыру вакцинасын тері астына, қызылша мен қарасан вакцинасын бұлшық етке егеді. Вакцина егілген организмде ауруға қарсы иммунитет 2 — 3 аптадан кейін қалыптасып, бірнеше жылдар бойы сақталады

 Вакцинация Егу, вакцинация – адам организміне вакцина немесе арнайы тәсілмен дайындалған антигендік қасиеті Вакцинация Егу, вакцинация – адам организміне вакцина немесе арнайы тәсілмен дайындалған антигендік қасиеті бар заттарды енгізу арқылы белгілі бір жұқпалы аурудан алдын ала сақтандыру үшін қолданылатын әдіс.

 Тарихи шолу Бұл термин алғашында нағыз шешектен сақтану үшін қолданылды. Жұқпалы ауруларға қарсы Тарихи шолу Бұл термин алғашында нағыз шешектен сақтану үшін қолданылды. Жұқпалы ауруларға қарсы тірі қоздырғыштардан дайындалған вакцина қолдану тәсілі ерте заманнан бері белгілі. Мысалы, Қытайда біздің заманымыздан бұрынғы 11 ғасырда дені сау адамдардың танауына шешекпен науқастанған адамның іріңді қабыршағын салатын болған. Үндістанда теріні сызаттап, сол жерге шешек қабыршағын ысқылаған, Грузияда шешек іріңі жұқтырылған инемен теріні шаншып егетін болған. Еуропада мұндай әдісті 17 ғасырдың аяғына дейін қолданып келген. Бірақ егудің мұндай әдісі ауыр асқынулармен аяқталып, кейде өлімге де әкелген, ал егілген адам айналасындағыларға жұқтырушы болған. 1796 ж. ағылшын дәрігері Эдуард Дженнер шешекке қарсы вакцина тапқанын жариялады. Жұқпалы ауруларға қарсы егудің бірнеше түрі бар: міндетті егу – балаларға (туберкулез, қызылша, күл, сіреспе, көкжөтел, гепатит, т. б. ауруларға қарсы), нәрестелі бола алатын әйелдер және қыздарға қызамыққа қарсы; жоспарлы-кәсіби егу – мал шаруашылығымен айналысатын немесе олардың өнімін өңдейтін адамдарға күйдіргіге қарсы; эпидемиялық көрсеткіш бойынша егу – нақты аймақтағы тұрғындар арасында індет қаупі төнген кезде жүргізіледі. Егу көбінесе инфекциялық тәсілмен (тері астына, бұлшық етке) атқарылады.

 Жер шарындағы бар халықты жайлаған табиғи оспаның көзі алғаш рет тек 1978 жылы Жер шарындағы бар халықты жайлаған табиғи оспаның көзі алғаш рет тек 1978 жылы вакцинация көмегімен жойылды. Ал 2002 жылы әлемнің көптеген елдерінде, соның ішінде Қазақстанда полиомиелиттi жою жұмыстары кең етек алды. Айта кетелік, ең соңғы рет полиомиелит елімізде 1995 жылы тіркелді. Осылайша вакцинаны халыққа түгелдей егудің арқасында біз адам өміріне айтарлықтай қауіп төндіретін көптеген ауруларды ұмыта бастадық. Кейбір атааналар бұл аурулар жайлы мүлде хабарсыз. Аталған шаралар тұтас бір халықты полиомиелит, қызылша, қызамық, дифтерия, тырысқақ, көксау, туберкулез, «В» гепатиті, эпидемиялық паротит сияқты инфекциялардан қорғайтын ең тиімді тәсіл. Вакциацияның көмегімен түрлі инфекциялардан болатын ауруларды барынша қысқартуға, тіпті көзін түгелдей жоюға да болады. Вакцина – белгілі бір инфекцияны жоюға бағытталған, микроорганизмдерден жасалатын препарат. Өндірісте вакцинаның зиянды инфекциялардан қорғайтын қасиетін сақтай отырып, артық және зиянды заттардан тазартады. Олар осылайша өте қатаң тексерулерден кейін ғана шығарылады. Препараттардың қауіпсіздігін, зиянсыздығын және тиімділігін тексеру үшін лабораториялық, клиникалық тексерулер өткізіледі. Сонымен қатар, өндірісте өндіріліп жатқан препараттардың әрбір партиясы қатаң бақылауға алынады.

ҚР ЕКПЕЛЕР КҮНТІЗБЕСІ ҚР ЕКПЕЛЕР КҮНТІЗБЕСІ

 Шешек ауруы – адамзатқа б. з. д. 1600 жылдан бері белгілі, аса қатерлі Шешек ауруы – адамзатқа б. з. д. 1600 жылдан бері белгілі, аса қатерлі дерттің бірі. Бұл жұқпалы ауруға шалдыққан адамның өн бойын ірі, сұйықтыққа толы көпіршіктер басып, оның аяғы көп жағдайда соқырлыққа және әрбір үшінші жағдайда өлімге әкеледі. Шешек ауруының қоздырғышы бір вирустың екі түрі болып табылады: variola major (вариола мэйджор) және variola minor (вариола майнор). Variola Major. Variola Minor Оның емі жоқ, бірақ оған қарсы вакцина 18 -ғасырдан бері әзірленіп келеді. 1796 жылы ағылшын дәрігері Эдвард Дженнер адамға табиғи шешек ауруына ұқсас сиыр шешегінің аз ғана мөлшерін енгізгенде, адамда шешек ауруына қарсы иммунитет пайда болатынын анықтады.

 Дженнер шешектен біржолата құтылу мақсатында жаппай вакцина жасауға шақырды, алайда ол күлкіге қалып, Дженнер шешектен біржолата құтылу мақсатында жаппай вакцина жасауға шақырды, алайда ол күлкіге қалып, ұсынысы еленбей қалды. Араға 150 жыл салып, 1950 -жылдың басында –– жыл сайын 50 миллион шешек ауруы тіркеліп отырды. 1950 – бүкіл әлемде жылына 50 миллион жағдай 1967 жылы Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы оны жоюды көздеген жаһандық науқан ұйымдастырды. Егілуі тиіс вакцина 18 -ғасырда Дженнер ұсынған вакцинаға өте ұқсас еді. Бұл қауіпсіз, бірақ шешектің өзіне өте ұқсас вирус генетикасы бойынша шешекке 95% жақын "вакциния" деп аталатын вакцина жасауға негіз болды. Қауіпсіз сиыр шешегі вирусы енгізілді. Генетикасы табиғи шешек ауруына 95% ұқсас Егуден кейін, ағзада сиыр шешегі инфекциясымен күресетін антиденелер түзіледі. Бұл антиденелер ағзаны қатерлі табиғи шешек вирусынан да қорғайды. Түзілген антиденелер: Сиыр шешегімен күреседі. Ағзаны табиғи шешектен қорғайды 1979 жылдың желтоқсан айында шешекті жаһандық деңгейде жою қажет деп ұйғарылды. Желтоқсан, 1979 ж. 20 -ғасырда, есептеулерге сәйкес, табиғи шешек ауруынан әлем бойынша 300 -ден 500 миллионға дейін адам көз жұмған. ХХ ғасыр: әлемде 300 -500 миллион адам көз жұмды Бірақ тарихтағы аса қатерлі аурудың таралуын біржола тоқтатқан вакцина 18 -ғасырда ашылды.