Скачать презентацию ТАҚЫРЫП 1 ЕЖЕЛГІ ЖӘНЕ ОРТА ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН Скачать презентацию ТАҚЫРЫП 1 ЕЖЕЛГІ ЖӘНЕ ОРТА ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН

1-2 дарис.pptx

  • Количество слайдов: 79

ТАҚЫРЫП № 1. ЕЖЕЛГІ ЖӘНЕ ОРТА ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН ЖОСПАР 1. Тас және қола дәуіріндегі ТАҚЫРЫП № 1. ЕЖЕЛГІ ЖӘНЕ ОРТА ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН ЖОСПАР 1. Тас және қола дәуіріндегі Қазақстан. 2. Сақтардың тайпалық одағы және әуелгі мемлекеттік құрылымдар. 3. Түркілердің далалық империясы (ҮІ-ХІІ ғғ. ). 4. Моңғол шапқыншылығы кезеңіндегі Қазақстан. 5. Қазақстан территориясындағы орта ғасырлық мемлекеттер.

Тас және қола дәуіріндегі Қазақстан. • Тас дәуірі – адамның және адам болмысы басты Тас және қола дәуіріндегі Қазақстан. • Тас дәуірі – адамның және адам болмысы басты қасиеттерінің қалыптасу кезеңі. • Тас дәуірі бірнеше кезеңнен тұрады: палеолит (ерте тас ғасыры) 2, 5 млн – 12 мың жыл аралығын қамтиды, ол өз кезегінде ежелгі (2, 5 млн – 100 мың жыл бұрын), ортаңғы (100 – 40 мың жыл бұрын), кейінгі палеолитке (40 – 12 мың жыл бұрын) бөлінеді.

 • Мезолит (орта тас ғасыры) б. з. б. 12 – 5 мың жыл • Мезолит (орта тас ғасыры) б. з. б. 12 – 5 мың жыл арасын қамтиды. Жаңа тас ғасыры (неолит) б. з. б. 5 – 3 мың жыл деп шамаланады. Тас дәуірінен қола дәуіріне өтпелі кезең энеолит б. з. б. 3 мың жыл деп есептеледі. Алғашқы мемлекеттер мен жазудың пайда болуына дейінгі тарихтың бүкіл кезеңін алғашқы қауымдық құрылыс деген атау қалыптасқан.

Сақтардың тайпалық одағы және әуелгі мемлекеттік құрылымдар. • Б. з. б. 1 мыңжылдықтың басында Сақтардың тайпалық одағы және әуелгі мемлекеттік құрылымдар. • Б. з. б. 1 мыңжылдықтың басында Қазақстан аумағын мекендеген халықтардың шаруашылық өмірінде бірқатар маңызды өзгерістер болды. Қазақстанды мекендеген тайпалар осы кезде көшпелі мал шаруашылығына бейімделе бастады. Бұл жағдай шаруашылықтың дамуына негіз болды. Мұнымен қатар көшпелілер арасында мәдениет те дамыды.

 • Б. з. б. VIII – VII ғғ. Қазақстан аумағын мекен еткен тайпалар • Б. з. б. VIII – VII ғғ. Қазақстан аумағын мекен еткен тайпалар темірді пайдалана бастады. Бұл кезең тарихта тас, қола дәуірінен кейінгі ерте темір дәуірі деп аталды. Аталған дәуірге жататын ескерткіштер Қазақстанның Зайсан көлі маңынан, Жетісудан, Тасмола қорғандарынан табылды. Бұл дәуірде Қазақстан аумағын сақ, ғұн, қаңлы т. б. тайпалары мекен еткен.

Түркілердің далалық империясы (ҮІ-ХІІ ғғ. ). • V ғасырдан бастап Қазақстан аумағын мекендеген тайпалар Түркілердің далалық империясы (ҮІ-ХІІ ғғ. ). • V ғасырдан бастап Қазақстан аумағын мекендеген тайпалар арасында қоғамдық қатынастың жаңа түрі орнаған еді. • Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихына қоғамдық қатынастың жаңа түрі – феодалдық (немісше феод — "жер”, аль — "иесі”, яғни жердің иесі деген ұғымды білдіреді) қатынастың орнауынан бастап, XV ғасырдағы Қазақ мемлекеті мен қазақ халқының қалыптасуына дейінгі кезең кірген.

Қазақстандағы ортағасырлық тайпалардың арасында негізгі екі тап: феодалдар табы мен шаруалар табы қалыптасады. Феодалдар Қазақстандағы ортағасырлық тайпалардың арасында негізгі екі тап: феодалдар табы мен шаруалар табы қалыптасады. Феодалдар мал мен жердің негізгі иесі болды. • Феодалдық қатынастың орнауы Қазақстанның оңтүстігінде басқа өңірлерге қарағанда жедел жүрді. •

 • Феодалдық қатынас соғыс, шапқыншылық, жорықтар негізінде қалыптасты. • Орта ғасырдағы Қазақстан тарихының • Феодалдық қатынас соғыс, шапқыншылық, жорықтар негізінде қалыптасты. • Орта ғасырдағы Қазақстан тарихының басты ерекшеліктерінің бірі осы феодалдық-патриархаттық қатынастың орнауы болды.

 • • • Түрік қағанаты (551– 603 жж. ) Батыс Түрік қағанаты (603– • • • Түрік қағанаты (551– 603 жж. ) Батыс Түрік қағанаты (603– 704 жж. ) Қарлұқ қағанаты (756– 940 жж. ) Оғыз мемлекеті (756— 1055 жж. ) Найман (ҮІІІ -ХІІ ғғ. ) Керейіт (X—XIII ғғ. ) Кимек қағанаты (IX-XI ғғ. басы) Қыпшақ хандығы (XI ғ. — 1219 ж. ) Қарахан мемлекеті (942– 1210 жж. )

Қазақстан моңғол шапқыншылығы кезеңінде. • Татар-моңғол тайпаларының саяси жағынан басын біріктіріп, Моңғол феодалдық мемлекетінің Қазақстан моңғол шапқыншылығы кезеңінде. • Татар-моңғол тайпаларының саяси жағынан басын біріктіріп, Моңғол феодалдық мемлекетінің негізін салушы Темучин болды. Ол тарихтағы деректер бойынша 1162 жылы, екінші бір деректер бойынша 1155 жылы ірі ноян Есугай баһадүрдің отбасында туған. Темучин ер жете келе негізгі қарсыластарының барлығын жеңіп, Моңғолдың бүкіл тайпаларын өзінің қол астына біріктірген. •

 • 1206 жылдың көктемінде Өнан өзенінің сағасында Темучинді жақтаушы-моңғол ақсүйектерінің құрылтайы болып, онда • 1206 жылдың көктемінде Өнан өзенінің сағасында Темучинді жақтаушы-моңғол ақсүйектерінің құрылтайы болып, онда ол Шыңғысхан деген атпен моңғолдардың әміршісі болып жарияланды.

 • Шыңғысхан әскери-ұйымдастыру принципін мемлекеттік құрылыстың негізі етіп алды. Елдің бүкіл жері мен • Шыңғысхан әскери-ұйымдастыру принципін мемлекеттік құрылыстың негізі етіп алды. Елдің бүкіл жері мен халқы оң қанат (барунғар), сол қанат (жоңғар), және орталық (гол) атты үш әскери әкімшілік округте он мың адамнан тұратын бірнеше түмгелер (түмендер) болды. Олар өз кезегінде «мыңдық» , «жүздік» , «ондықтан» құрылды.

 • Өте қатал тәртібі, мұқият құрылымы бар әскер басында моңғолдардың феодалдық жоғарғы тобының • Өте қатал тәртібі, мұқият құрылымы бар әскер басында моңғолдардың феодалдық жоғарғы тобының өкілдерінойондар, багадурлер, мергендер, сечендер тұрды. 1207– 1208 жылдардың қысында Шыңғысханның үлкен баласы Жошы Енесей қырғыздарын және Сібірдің оңтүстігіндегі басқа да «орман халықтарын» бағындырды.

 • 1208– 1209 жылдары Шыңғысхан әскерлері тұтқиылдан шабуыл жасап, таңғұттық Си Ся мемлекетін • 1208– 1209 жылдары Шыңғысхан әскерлері тұтқиылдан шабуыл жасап, таңғұттық Си Ся мемлекетін күйретті. Шыңғыстың қаһарынан сескенген қазіргі Шығыс Түркістан аймағындағы ұйғырлар моңғолдарға өз еркімен бағынды.

 • Олардың ел басшысы Баршық өзін Шыңғысханның боданымын деп мойындаған. 1211 жылы Шыңғысханның • Олардың ел басшысы Баршық өзін Шыңғысханның боданымын деп мойындаған. 1211 жылы Шыңғысханның қолы Солтүстік Қытайға бет алды, 1215 жылы олар сол кездегі Цзинь мемлекетінің астанасы болған Чжундуды (Пекинді) бағындырды.

 • Шыңғысхан Шығыс Еуропа мен Алдыңғы Азияға жол ашатын Орта Азия мен Қазақстанды • Шыңғысхан Шығыс Еуропа мен Алдыңғы Азияға жол ашатын Орта Азия мен Қазақстанды жаулап алу жорығына жан-жақты әзірленді. Бұл үшін ол мұсылман көпестерінен, моңғолдардың қол астында болған босқындардан мәліметтер алып, Қарақытайлар мемлекетінің, содан кейін Хорезм шахындағы ішкі жағдай мен әскери күштер туралы деректерге қанықты, соның негізінде ойластырылған іс-қимылдың бағдарламасын жасады. • Шыңғысхан Қазақстан мен Орта Азияға жорықты Жетісу арқылы жүргізбекші болды. Өз басының жеке жауы найманның ханы Күшлік ханды талқандап, бай қалалары бар Жетісуды өзіне қарату үшін оған 1218 жылы Жебе ноян бастаған әскер тобын жіберді. •

 • Жетісуды Шыңғысхан әскері қарсылықсыз оңай басып алды. Жетісуды бағындырғаннан кейін Шыңғысханның Мәуеренахрға, • Жетісуды Шыңғысхан әскері қарсылықсыз оңай басып алды. Жетісуды бағындырғаннан кейін Шыңғысханның Мәуеренахрға, сол кезде бүкіл Орта Азияны билеп отырған Хорезм мемлекетіне қарсы жорыққа жолы ашылды. • 1218 жылы көктемде Шыңғысхан Орта Азияға сауда керуенін жіберді. 500 түйеден тұратын керуенінде моңғол жансыздарын қосып есептегенде барлаығы Көп адамы бар керуен 1218 жылдың жазында Отырарға келіп жетті. Отырардың билеушісі Қайырхан Иналшық көпестерді тыңшылық жасады деп күдіктеніп, оларды өлтіруге бұйырды. • Шыңғысхан Хорезм шахынан Қайырханды ұстап беруді талап етті. Бірақ Хорезм шахы бұл талапты орындамады, Шыңғысхан жіберген елшілерді өлтіруге әмір берді. «Отырар апаты» деп аталатын бұл тарихи оқиға Шыңғысханның Хорезмге қарсы соғысын тездетті.

 • Орта Азияны бағындыру үшін Шыңғысхан өзіне тәуелді елдерден алған жасақтармен қоса жалпы • Орта Азияны бағындыру үшін Шыңғысхан өзіне тәуелді елдерден алған жасақтармен қоса жалпы саны 150 мыңға дейін адамы бар қалың қолды бастап шықты. Хорезмнің шахы Мұхаммед моңғолдарға қарсы тұруға дайын емес еді. • 1219 жылы қыркүйекте Шыңғыс ханның 111 мың әскері Отырар қаласын қоршайды. Бұл қалың қолды Шыңғыс ханның ұлдары Шағатай, Үгедей басқарады. Бір айдың ішінде Шыңғыс хан әскері Отырарды алады. Әйгілі кітапхана өртеніп, халық көптеп қырылады. Қайыр ханның денесіне ерітілген күміс құйып, азаптап өлтіреді. 1219– 1220 жылдары Шыңғысханның ұлдары Бұхара, Самарқан, Сығанақ, Сауран, Баршынкент, Жент, Үзгент қалаларын бағындырады.

 • 1221 жылы Шыңғыс хан әскері Хорезмді, Орта Азияны жаулап алады. Осыдан кейін • 1221 жылы Шыңғыс хан әскері Хорезмді, Орта Азияны жаулап алады. Осыдан кейін Шыңғыс хан әскерлері парсы, Ауғанстан, орыс, ДештіҚыпшақ жерлерін жаулап алады. 1224 жылы Ертістегі Шыңғыс хан ордасына қайта оралады. 1219– 1224 жылдар аралығында Шыңғыс хан Қазақстан мен Орта Азияны жаулап алып, өз империясының құрамына қосады. • 1238 жылы Бұхарада Махмұд тараби бастаған көтеріліс Шыңғыс хан қол астындағы халықтар көтерілісінің ең ірісі болады.

Ұлыстардың құрылуы • Ұлан-байтақ өңірлерді жаулап алған Шыңғыс хан өлерінің алдында өзінің төрт ұлына Ұлыстардың құрылуы • Ұлан-байтақ өңірлерді жаулап алған Шыңғыс хан өлерінің алдында өзінің төрт ұлына ол жерлерді бөліп береді. • Төлеге (кіші ұлы) кіндік Моңғолияны; • Шағатайға Жетісу мен Әмудария маңын (Мәуереннахр), Шығыс Түркістанды; • Үгедейге Алтай, Тарбағатай, Батыс Моңғолия жерлерін береді.

 • Жошы (үлкен ұлы) үлесіне Ертістен батысқа қарай бүкіл Дешті-Қыпшақ жерін қоса Оралға • Жошы (үлкен ұлы) үлесіне Ертістен батысқа қарай бүкіл Дешті-Қыпшақ жерін қоса Оралға дейін, Жетісудың солтүстік бөлігі, Арал Каспий маңындағы жерлер тиді. • Бұл бөлінген жерлер ұлыстар деп аталды. Барлық ұлыстардың орталығы Қарақорым болды. Қазақстан аймағы үш ұлысқа (Төледен басқа) қарады. Бұлардың ішінде ең ірісі – Жошы ұлысы, кейінгісі – Шағатай ұлысы.

 • Шағатай ұлысы. Жетісу, Мәуереннахр сияқты өңірлерді иеленген Шағатай 1241 жылы өлді. Оның • Шағатай ұлысы. Жетісу, Мәуереннахр сияқты өңірлерді иеленген Шағатай 1241 жылы өлді. Оның орнына Шағатай ұлысына баласы Есу. Мөңке хан болды. Бірақ Ұлы Ордаға билік үшін күрес Шағатай ұлысына да зардабын тигізді. XIV ғасырдың басына қарай ғана шыңғыс хан империясының билігі Шағатай әулетінің қолына тиді. Шағатай ұлысындағы бұл таластар, өзара қырқысулар XIV ғасырдың ортасында ұлыстың ыдырауына себеп болды. Шағатай ұлысының мұрасы ретінде Жетісуда Моғолстан мемлекеті құрылған еді.

 • Жошы ұлысы. Шыңғыс хан құрған алып империя аумағының басым бөлігі Жошы ұлысына • Жошы ұлысы. Шыңғыс хан құрған алып империя аумағының басым бөлігі Жошы ұлысына қарады. Алғашқыда ұлыс территориясы Ертістен Еділге дейінгі, Сібірден Сырдарияға дейінгі жерлерді қамтыды. Қазақстан жерінің басым бөлігі осы ұлыстың құрамында болды. Жошы хан өлгеннен кейін мирасқоры Батый жорықтары нәтижесінде ұлыс аумағын Алтайдан Дунайға дейін созды. Бұл ұлы мемлекет Алтын Орда мемлекеті болды.

 • Алтын Орданың құрылуы. 1235 жылы Моңғол империясының астанасы Қарақорымда болған құрылтайды Батысқа • Алтын Орданың құрылуы. 1235 жылы Моңғол империясының астанасы Қарақорымда болған құрылтайды Батысқа (Еуропаға) шапқыншылық жорық жасау ұйғарылды. Бұл жорық 1236 жылы басталады. Шыңғыс ханның немересі, Жошы ханның баласы Батый басқарған әскер Еділ мен Жайықтан өтіп, Орыс, Украина жерлерін бағындырып, Шығыс Еуропа елдерін талқандап, Адриат теңізіне дейін жетеді. Осыдан кейін Еділ бойында Батый Алтын Орда мемлекетін құрады. Алтын Ордаға Ертістен Днестірге дейінгі жерлер кіреді. Орыс княздары Алтын Орда билігін мойындайды. Алтын Орданың астанасы Сарай. Бату, ал кейінірек Сарай-Берке қаласы болады.

 • Алтын Орданың ыдырауы. • Ыдырау себептері: • Этникалық құрамы әр түрлі халықтар • Алтын Орданың ыдырауы. • Ыдырау себептері: • Этникалық құрамы әр түрлі халықтар бір мемлекетте тұра алмады; • Шаруашылығының өркендеуі нашар болды; • Билік үшін талас күшейді; • Езілген халықтың азаттық күресі күшейді. • Алтын Орданың тәуелсіз иеліктерге бөлінген кезі – XIV ғасырдың екінші жартысы. Ақ Орда, Хорезм, Еділ бұлғарлары т. б. Дербес мемлекеттер пайда болды. Бұлардың барлығы бұрын Алтын Орданың құрамында, кейіннен Алтын Орданың қазақстандық бөлігінде Ақ Орда, Моғолстан, Әбілқайыр хандығы, Ноғай Ордасы сияқты мемлекеттер билік жүргізген.

 • Ақ Орда мемлекеті (XIII-XV ғғ. ) • Моғолстан мемлекеті (XIVғ. ортасы-XVI ғ. • Ақ Орда мемлекеті (XIII-XV ғғ. ) • Моғолстан мемлекеті (XIVғ. ортасы-XVI ғ. басы) • Ноғай Ордасы (XIV аяғы – XVI ғғ. ) • Әбілхайыр хандығы (1428– 1468 жж. ) • Батыс-Сібір хандығы (XIII-XV ғғ. )

ТАҚЫРЫП № 2 ХҮ-ХІХ ҒҒ. БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН. ЖОСПАР: 1. Қазақ халқының қалыптасуы. Қазақ хандығының ТАҚЫРЫП № 2 ХҮ-ХІХ ҒҒ. БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН. ЖОСПАР: 1. Қазақ халқының қалыптасуы. Қазақ хандығының құрылуы. 2. ХҮ-ХҮІІ ғғ. Қазақ хандығы. 3. Қазақ-жоңғар қатынастары. 4. Қазақ жүздерінің Ресей империясының құрамында. 5. Ақпан төңкерісі. Алаш және Алаш-Орда.

 • Қазақ халқының қалыптасуы: Қазақ халқының этникалық қалыптасуы алғашқы қауымдық құрылыстың ыдыраған кезінен • Қазақ халқының қалыптасуы: Қазақ халқының этникалық қалыптасуы алғашқы қауымдық құрылыстың ыдыраған кезінен басталады. Этнос – тарихи жағдайда қалыптасқан тілі, салтдәстүрі, тұрмысы ортақ, басқалардан бөлектенген адамдар тобы. Жазба деректерде «қазақ» сөзі ескі түрік тіліндегі «еркін адамдар» ұғымын білдіретінін айтады. Тағы бір деректерде сақ, хазар тайпаларының атынан шыққаны айтылады.

 • XV ғасырдағы Шайбани Әбілқайыр хандығындағы, яғни Дешті-Қыпшақтағы көшпелі халықтардың этникалық бірігу процесі • XV ғасырдағы Шайбани Әбілқайыр хандығындағы, яғни Дешті-Қыпшақтағы көшпелі халықтардың этникалық бірігу процесі тез жүрді. XV ғасырдың ортасына қарай Әбілқайыр ықпалы әлсіреді. Оған қарсы шыққан Керей мен Жәнібек сұлтандар артына көп халықты ертіп, Жетісуға көшті. Керей мен Жәнібектің артынан ерген және осы хандардың билігіне қараған бұрынғы Шайбани хандығындағы халықтар қазақтар деп аталды. Қазақ халқының құрамына арғын, найман, дулат, керей, үйсін, қаңлы, қыпшақ, алшын, қоңырат, жалайыр, уақ тайпалары кірді. Бұл тайпалардың тілі қазақ тілі болды. Нәсілдік белгілері – моңғолоидтік.

 • Қазақ жүздері: жаңадан қалыптасқан қазақ халқы Қазақстан жеріне түгелдей қоныстанды. Қазақ халқы • Қазақ жүздері: жаңадан қалыптасқан қазақ халқы Қазақстан жеріне түгелдей қоныстанды. Қазақ халқы мекендеген бұл жерлерде 3 түрлі шаруашылық аймақ қалыптасты. Осыған байланысты сол өңірлерде мекендеген халықтар үш жүзге бөлінді: • Ұлы жүз. Мекендеген өңірлері: Оңтүстік Қазақстан, Жетісу (Іле, Шу, Талас өзендерінің бойы). • Тайпалар: дулат, албан, үйсін, қаңлы, суан, жалайыр, шапырашты, сіргелі. Ұлы жүзді Ақарыс деп те атайды. • Орта жүз. Мекендеген өңірлері: Орталық және Шығыс Қазақстан (Ертіс, Есіл, Нұра, Тобыл, Сарысу өзендерінің бойы). • Тайпалар: арғын, найман, керей, уақ, қыпшақ, қоңырат. Орта жүзді Бекарыс деп те атайды. • Кіші жүз. Мекендеген өңірлері: Батыс Қазақстан, Сырдарияның төменгі ағысы (Орал, Ырғыз, Торғай, Еділ өзендерінің бойы) • Тайпалар: табын, адай, шөмекей, жағалбайлы, алшын, шекті, төртқара, тама, серкеш т. б. Кіші жүзді кейде Жанарыс деп атайды.

 • Этносаяси қауымдастық – белгілі бір тарихи аймақта құрылған хандықтың тұрғындары. Қазақ халқының • Этносаяси қауымдастық – белгілі бір тарихи аймақта құрылған хандықтың тұрғындары. Қазақ халқының этникалық жағынан қалыптасуында Ақ Орда тайпалары басты рөл атқарған. • «Өзбек» атауының шығуы Өзбек ханның (1312– 1342 жж. ) есімімен байланысты. «Өзбектер» құрамы: • шайбанилер – түркіленген моңғол тұқымдары. • Қазақтар – қыпшақ, найман, керей т. б. • Маңғыттар – қарақалпақтар, ноғайлар. • Қазақ халқының қалыптасу үрдісі XIV-XV ғғ. аяқталды.

 • Саяси жағынан шашыраңқы этникалық туыстас топтардың басы қосылып, қазақ рулары мен тайпаларының • Саяси жағынан шашыраңқы этникалық туыстас топтардың басы қосылып, қазақ рулары мен тайпаларының бірігуіне Қазақ хандығының құрылуы әсер етті. • XV ғасырдың екінші жартысы – XVI ғасырда негізгі этникалық топтардың қазақ халқына және олар орналасқан аумақтың Қазақ хандығына бірігуі, тұтас халық болып қалыптасудың аяқталуын тездетті. • XV-XVII ғасырлар – Қазақстанның аумағындағы тұрғындарға іс жүзінде ортақ негізгі белгілер мен қазақ этносының өзіне тән материалдық және рухани мәдениеті бекіп жетілді.

 • Саяси жағынан бытыраңқылығы басым этникалық топтардың, яғни қазақ тайпаларының бір мемлекетке бірігуі • Саяси жағынан бытыраңқылығы басым этникалық топтардың, яғни қазақ тайпаларының бір мемлекетке бірігуі Қазақ хандығының құрылуына әкелді. Қазақ хандығы XV ғасырдың ортасында құрылды. • Қазақ хандығының құрылысы бастапқы кезде (XV-XVI ғасырларда) 7 сатыдан тұрды.

 • Ауыл. Басшысы – ауылбасы, бірнеше жанұядан тұрады. • Ата-аймақ. Басшысы – ақсақал, • Ауыл. Басшысы – ауылбасы, бірнеше жанұядан тұрады. • Ата-аймақ. Басшысы – ақсақал, жеті атадан қосылатын бірнеше ауылдан тұрады. • Ру. Басшысы – рубасы, 15 аймақтан құрылады. • Арыс. Басшысы – би, бірнеше рудан құралған. • Ұлыс. Басшысы – сұлтан, бірнеше арыстан құрылады. • Жүз. Басшысы – хан, бірнеше ұлыстан құрылады. • Хандық. Басшысы – хан, үш жүзден құралған.

 • XV ғасырдың 50 жылдарында ДештіҚыпшақтағы Әбілқайыр хандығындағы саяси жағдай шиеленісе түседі. Осы • XV ғасырдың 50 жылдарында ДештіҚыпшақтағы Әбілқайыр хандығындағы саяси жағдай шиеленісе түседі. Осы кезде Керей мен Жәнібек сұлтандар өздеріне қарасты халықты бастап, Моғолстанның иелігіндегі Жетісу жеріне қоныс аударады. Моғолстан ханы Есен-Бұға оларды қарсы алып, Шу өңірінен Қозыбасы деген жерді бөліп береді.

 • Бұл Қазақ хандығы құрылуының басы еді. Қазақ хандығы 1465 жылы құрылды. Бұл • Бұл Қазақ хандығы құрылуының басы еді. Қазақ хандығы 1465 жылы құрылды. Бұл фактіні Мұхамммед Хайдар Дулати растайды. Әбілқайыр ханның Қазақ хандығының құрылуына бөгет жасамақ болған әрекеті жүзеге аспады.

 • Қазақ хандығының нығаюы. XV ғасырдың екінші жартысында Қазақ хандығының іргесі нығайды. Көрші • Қазақ хандығының нығаюы. XV ғасырдың екінші жартысында Қазақ хандығының іргесі нығайды. Көрші мемлекеттердің (Әбілқайыр хандығы, Темір және Моғолстан мемлекеттері) құлдырауы Қазақ хандығының күшеюіне себеп болды. Ең алдымен Қазақ хандығының құрамына Созақ, Сауран қалалары кірді. • 1480 жылы Керейдің баласы Мұрындық хан болды.

 • 1486 жылы қазақ әскерлері Мұхаммед Шайбаниді жеңді. • XV ғасырдың аяғына қарай • 1486 жылы қазақ әскерлері Мұхаммед Шайбаниді жеңді. • XV ғасырдың аяғына қарай Қазақ хандығының Жетісу мен Оңтүстік Қазақстандағы ықпалы күшейді. Қазақ хандығының құрамында Сығанақ, Созақ, Сауран қалалары болды. • XVI ғасырдағы Қазақ хандығы. XVI ғасырдың бірінші жартысында Қазақ хандығы күшейе түсті.

 • 1511 жылы Жәнібектің баласы Қасым хан болды. Қасым ханның алға қойған басты • 1511 жылы Жәнібектің баласы Қасым хан болды. Қасым ханның алға қойған басты міндеті – Сырдария бойындағы қалаларды Қазақ хандығының құрамына қосу. Қасым ханның бұл істі орындау жолындағы басты кедергісі Мұхаммед Шайбани болды. • 1510 жылы Қасым ханның әскерлері Мұхаммед Шайбанидің әскерін жеңді. • 1510 жылы Мұхаммед Шайбани Мервте өледі. • XVI ғасырдың аяғына қарай Қасым хан Қазақ хандығының жерін ұлғайтады.

 • XVII ғасырдағы Қазақ хандығы. XVI ғасырдың аяғына қарай Жетісу жерлері, Сырдария бойындағы • XVII ғасырдағы Қазақ хандығы. XVI ғасырдың аяғына қарай Жетісу жерлері, Сырдария бойындағы көптеген қалалар, бұрынғы Ноғай Ордасының құрамында болған жерлер Қазақ хандығының қарамағына қосылады. Қасым ханның кезінде Қазақ хандығының халық саны 1 млн-ға жеткен. Қасым хан қазақтың құқықтық тарихының 5 бөлімінен тұратын белгілі «Қасқа жол» заңдар жинағын шығарған. Қасым ханның тұсында Қазақ хандығы Ресей патшалығымен, Сібірмен т. б. елдермен байланыс орнатады. Қазақ хандығының Қасымнан кейінгі билігі Мамаштың қолына тиді.

 • 1523 жылы хан тағына Тақыр отырды. Тақырдың кезінде Қазақ хандығы біраз жерлерінен • 1523 жылы хан тағына Тақыр отырды. Тақырдың кезінде Қазақ хандығы біраз жерлерінен айырылды. • 1533 жылы хан тағына Бұйдаш отырғанда да, Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайлары жақсарған жоқ. • 1534 жылы хан тағына Қожа Махмұд, 1535 жылы Тоғым хан отырды. • 1537 жылы хан тағына Қасымның баласы Хақназар (1537– 1580) отырды. Хақназар ең алдымен Жайық маңын, Түркістан жерлерін басып алды. • 1580 жылы хан тағына Шығай отырды.

 • 1582 жылы Шығайдың баласы Тәуекел хан болды. 1586 жылы Тәуекел Түркістанды басып • 1582 жылы Шығайдың баласы Тәуекел хан болды. 1586 жылы Тәуекел Түркістанды басып алды. 1598 жылы Тәуекел хан інісі Есім сұлтанмен қазақ қолы Мәуереннахрға кіріп, Самарқанды басып алады. 1598 жылы Ташкентте Тәуекел хан қайтыс болады. • 1598 жылы Есім хан болды. Есімнің інісі Тұрсын Есім ханға бағынбай, Түркістанды жеке биледі. • 1627 жылы Есім хан Тұрсынды өлтіреді. Есім хан Қазақ хандығының аумағын кеңейту бағытында үлкен үлес қосты. Мемлекет билігін, құқықтық жүйені реттеуде Есім ханның «Ескі жолы» аталған заңдар жинағы елеулі рөл атқарды. • 1628 Есім хан қайтыс болады. 1629 жылы хан тағына Есім ханның баласы Жәңгір отырады. Ол қазақ тарихында «Салқам Жәңгір» деген атқа ие болды.

 • 1643 жылы Салқам Жәңгір 600 сарбазбен ойраттың 50000 -дық әскеріне қарсы шығып, • 1643 жылы Салқам Жәңгір 600 сарбазбен ойраттың 50000 -дық әскеріне қарсы шығып, жеңіске жетеді. Бұл соғыста Жәңгір ханға Жалаңтөс көмекке келеді. 1652 жылы ойраттарға қарсы ұйымдастырылған шайқаста Жәңгір қайтыс болады. Біраз уақыт бойы қазақ хандығының билігі сұлтандардың қолында болады. • 1680 жылы хан тағына Әз-Тәуке отырады. Әз. Тәуке хандық билікті билерге сүйеніп жүргізеді. Билердің көмегімен «Жеті жарғы» заңдар жинағын шығарады. • Тәуке хан кезінде Қазақ хандығының астанасы Түркістан қаласы болады. 1718 жылы Әз-Тәуке қайтыс болады.

 • Қасым хан тұсындағы Қазақ хандығы (1512– 1521 жж. ) • Қазақ хандығы • Қасым хан тұсындағы Қазақ хандығы (1512– 1521 жж. ) • Қазақ хандығы ең жоғарғы қуаттылығына XVI ғ. бірінші ширегінде, Қасым хан тұсында жетті. Қасым Әз Жәнібектің ұлы, анасы Жағанбегім – Мұхаммед Шайбани ханның інісі Махмуд сұлтанның анасының сіңлісі. • Қасым хандығына Ақ Орда иеліктері, көшпелі ноғайлықтар, шығыстағы түрік тайпалары, дулат, үйсін, қаңлы және Моғолстанның батысындағы тайпалар енді. Қасым хан ел бірлігі және қазақ хандығының тәуелсіздігі үшін белсене күресті. • Аумағы: Жайық өзені, Сырдария, Ұлытау, Балқаш көлі, Жетісудың бір бөлігі, Шу, Талас, Қаратал, Іле өзендері. Астанасы – Түркістан. • Қасым хан тұсындағы хандықтың алғашқы әкімшілік, саудаэкономикалық орталығы – Сығанақ. • Қасым ханның басты мақсаты: Сыр бойындағы қалаларды қайтадан өз иелігіне қосып алу. • Ол бүкіл Дешті Қыпшақтың ханына айналды. Қырғыздарға билігі жүрген жоқ.

 • Соғыс жорықтары: • 1503, 1505, 1506 жылдары – Шайбани хан қазақ жеріне • Соғыс жорықтары: • 1503, 1505, 1506 жылдары – Шайбани хан қазақ жеріне тонаушылық жорықтар жасады. • 1509 жыл – Қараталға шабуылдап, тонады. • 1510 жыл – Мұхаммед Шайбани Сығанаққа шабуыл жасап, жеңіліп Самарқанға қашты. • 1510 ж. аяғы – Мұхаммед Шайбани Мерв түбіндегі Хорасанда Иран шахымен болған шайқаста қаза тапты. • Сырдарияда берік орнығу үшін Қасым хан Орта Азиядағы саяси жағдайды тиімді пайдаланды. • 1513 жыл – Қасым хан Сайрамды алды. • 1513 жыл – Бабырдың ізбасары Қаттабекпен одақ жасасып, Ташкент билеушісі Сүйініш қожаға соғыс ашты. • Ташкент түбінде қасым хан жараланып, Сайрамға шегінді.

 • 1513 жыл – Моғолстан ханы Сұлтан Сайдпен одақтас болып, Ташкентке бірігіп жорық • 1513 жыл – Моғолстан ханы Сұлтан Сайдпен одақтас болып, Ташкентке бірігіп жорық жасауға келісті. Алайда қыстың таяп қалғандығына байланысты, бұл жорық кейінге қалдырылды. • 1514 жыл Сұлтан Саид Шығыс Түркістанға кеткен соң қазақ ханының Жетісудағы билігі нығайды. • Ноғай Ордасындағы саяси дағдарысқа байланысты көптеген ру мен тайпа Қасым хандығына көшіп келді. • Моңғол шапқыншылығынан кейін тұңғыш рет барлық дерлік қазақ рулары мен тайпалары бір мемлекетке бірікті. • Қазақ хандығындағы халық саны 1 млн. жетті. Алғаш рет орыс мемлекетімен (Василий III, 1505– 1533 жж. ) дипломатиялық қатынас орнатылды. •

 • Қасым хан әдет-ғұрыптарды бір жүйеге келтіріп, алғаш рет заңдар жинағы «Қасым ханның • Қасым хан әдет-ғұрыптарды бір жүйеге келтіріп, алғаш рет заңдар жинағы «Қасым ханның қасқа жолын» шығарды. Заң 5 бөлімнен тұрады: • Мал-мүлік және жерге байланысты қатынастар; • Қылмыс пен оларға қолданылатын жазалар; • Әскери қызметті, әскери міндетті атқару ережелері және әскер тәртібін бұзушыларға берілетін жазалар; • Елшілік қатынастарды реттеу; • Халықтық дәстүрлерді өткізу тәртібі (ас беру, той-думандарды өткізу т. б. ). • Қасым билігінің соңғы кезеңдері тыныштық заман болды. Ол халыққа хан билігін мойындата отырып, ел бірлігін сақтай білді. Сауран қаласы сауда орталығына айналды. Орта Азиямен, Еділ бойындағы елдермен, Батыс Сібір хандығымен, Ресеймен сауда, дипломатиялық байланыс жасады. • Қасым хан тұсында қазақтар Орта азия мен Шығыс Еуропаға белгілі болған.

 • Хақназар хан тұсындағы Қазақ хандығы (1538– 1580 жж. ) • Қасым ханнан • Хақназар хан тұсындағы Қазақ хандығы (1538– 1580 жж. ) • Қасым ханнан кейінгі тартыстан әлсіреген хандықты қайтадан нығайтып, біріктіруге Хақназар хан (Қасымның баласы, 1538– 1580 жж. ) әрекет жасады. • Негізгі мақсаты: Қасым хан кезіндегі иелікті қалпына келтіру. Аумағы: Сырдария, Арал маңы, Жетісу, Жайықтың сол жағалауы. • Хақназар сыртқы саясатын Ноғай Ордасынан бастады. Жайықтың сол жағалауындағы ноғайлар Қазақ ханының билігіне өтті. • 1550– 1560 жж. — Моғол ханы Абдар Рашид Жетісу мен Ыстықкөл маңындағы жерлерді басып алу мақсатымен шабуылдады. • Моғолстанға қарсы қазақ-қырғыз соғыс одағы құрылды. Деректерде Хақназарды «қазақтар мен қырғыздардың ханы» деп атайды. • 1560 жыл – моғолдар қазақ-қырғыз соғыс одағын жеңді. • Моғолстанға қарсы соғыстағы сәтсіздік және ойраттардың шапқыншылығы салдарынан Хақназардың Жетісудағы иелігі азая берді.

 • 1570 жылдың аяғы – Жетісудың батысы, Шу, талас өңірі оның билігінде болды. • 1570 жылдың аяғы – Жетісудың батысы, Шу, талас өңірі оның билігінде болды. • Хақназар хан тұсында орыс мемлекетімен саяси және сауда қатынастары дамыды. Орыс елшілері: • 1569 жылы Семен Мальцев; • 1573 жылы Третьяк Чебуков қазақ хандығы туралы көптеген мәліметтер қалдырды (IV Иван тұсында). • Хақназар хан өзін «патша, әрі ұлы князьбен татумын» деп санады. • Сібір хандығын 1563 жылдан бастап билеген шайбан әулетінен шыққан Көшім хан Қазақ хандығына қарсы дұшпандық әрекетте болды. • 1573 жыл – Қазақ хандығына жіберілген Мәскеу елшісі Т. Чебуков Көшімнің бұйрығымен ұсталды. • Осы кездегі саяси жағдайдың ауырлығы Хақназар ханды Мәуереннахрдағы Шайбани әулетінен одақтас іздеуге

 • II Абдаллах (1538– 1598 жж. ) пен Хақназар хан арасында бейбіт қатынаста • II Абдаллах (1538– 1598 жж. ) пен Хақназар хан арасында бейбіт қатынаста болу туралы шарт жасалды. • Бұл қатынас нәтижесі: • Соғыс қақтығыстары уақытша тоқтатылды; • Орта Азия халқымен сауда қатынасы жақсарды; • Хан өкіметі нығайды. • Сыр бойындағы қалаларға орнығып алуға ұмтылған Хақназар хан, 1570 жылдың аяғында Абдаллахтың қарамағынан бөлініп шыққысы келген Баба сұлтанның әркетін пайдаланды. Ол қарсыластар арасында шебер жол тауып, бірде бір жағын, бірде екінші жағын қолдап отырды. Нәтижесінде: • Абдаллах хан Түркістан өңіріндегі қалаларды Қазақ хандығына берді. • Баба сұлтан Йасы, Сауранды Хақназарға сыйлады.

 • 1579 ж. II жартысы – қазақ билеушісінің Абдаллах жағында екенін байқаған Баба • 1579 ж. II жартысы – қазақ билеушісінің Абдаллах жағында екенін байқаған Баба сұлтан келіссөз жүргізуге келген Жалым сұлтанды, оның балалары мен Хақназардың екі баласын өлтірді (1579 ж. ) • 1580 жыл – Баба сұлтанның тыңшысы Хақназарды өлтірді. • Хақназар хан саясатының маңызы: • Хандықтың аумағының кеңеюі. • Жеке дербес мемлекет ретінде танымал болуы. • Хан билігінің күшеюі. • Ішкі саяси және шаруашылық өмірдің тұрақтылығы.

Жоңғар мемлекетінің құрылуы және оның қазақ жеріне шапқыншылығы • XVII ғасырдың бірінші жартысында ойраттар Жоңғар мемлекетінің құрылуы және оның қазақ жеріне шапқыншылығы • XVII ғасырдың бірінші жартысында ойраттар мен қазақтардың арасындағы әскери қақтығыстар жиілей түсті. Ойрат феодалдарының Шығыс Моңғолияға қарсы жүргізген соғыстары олардың күшін нығайтты. XVI ғасырдың аяқ шенінде ойраттар төрт тайпалық бірлестіктен құралды.

 • Олар: Тарбағатайдан Шығысқа қарай өңірді алып жатқан торғауыттар, Ертістің жоғарғы ағысын бойлай • Олар: Тарбағатайдан Шығысқа қарай өңірді алып жатқан торғауыттар, Ертістің жоғарғы ағысын бойлай қоныстанған дербеттер, қазіргі Дихуа қаласының төңірегіндегі хошоуыттар және Іле өзенінің жоғарғы жағындағы шоростар еді.

 • Қазақ және ойрат әміршілерінің арасында жайылымдық жерлер үшін қақтығыстар XV ғасырда басталған • Қазақ және ойрат әміршілерінің арасында жайылымдық жерлер үшін қақтығыстар XV ғасырда басталған болатын. XVI ғасырдың аяғында ойраттардың шағын бір бөлігі сәтсіз шабуылдан кейін қазақ ханы Тәуекелге бағынышты болып шықты. 1635 жылы қонтайшы Батурдың бастауымен Жоңғар хандығы құрылды. Осыдан соң, егер XVI ғасырдың аяғында XVII ғасырдың басында қазақ хандығына бытыраңқы ойрат тайпалары қарсы болса, XVII ғасырдың екінші ширегінде күштердің ара салмағы жоңғар тайпаларының пайдасына өзгере бастады. Қазақжоңғар қатынастары, әсіресе Батур-қонтайшы (1634– 1654 жж. ) билік құрған кезде ерекше шиеленісе түсті.

 • Одан кейін Ғалдан-Бошакту (1670– 1697 жж. ) билеген кезде, оның мұрагері Цеван-Рабтан • Одан кейін Ғалдан-Бошакту (1670– 1697 жж. ) билеген кезде, оның мұрагері Цеван-Рабтан (1697– 1727 жж. ) өкімет басына келгенде қазақ-қалмақ қатынастары қатты шиеленісіп кетті. 1698 жылы ойраттар мен қазақ хандары арасындағы қарулы қақтығыстардың жаңа кезеңі басталды. Жоңғарлардың әскер басшылары маңызды сауда жолдары өтетін және ірі сауда орталықтары орналасқан Оңтүстік Қазақстан жерін басып алуды көздеді.

 • 1710– 1711 жылдары жоңғарлар қазақ жеріне басып кіріп, қырғын соғыс жүргізді. 1717 • 1710– 1711 жылдары жоңғарлар қазақ жеріне басып кіріп, қырғын соғыс жүргізді. 1717 жылы жазда Аякөз өзенінің жағасында қазақтардың 30 мың жасағын талқандап жеңді. • 1718 жылы Тәуке хан өліп, билік оның баласы Болат ханға өткен тұста қалмақтардың қазақ жерлеріне жорығы күшейді. Бұл жорықтардың табысты болуына шведтің артиллерия сержанты Иоганн Густав Ренаттың тигізген әсері үлкен. 1709 жылы Полтава түбінде орыстардың қолына түскен Ренат Тобыл қаласына айдалады, осында Ертістің бойымен жоғары өрлеп бара жатқан Бухгольцтың экспедициясы құрамында Кереку қаласының маңында 1715 жылы қыста ол қалмақтарға тұтқынға түседі.

 • 1733 жылға дейін қалмақтардың қолында болған ол қалмақтарды темір балқытып, зеңбірек жасауға, • 1733 жылға дейін қалмақтардың қолында болған ол қалмақтарды темір балқытып, зеңбірек жасауға, оның оғын дайындауға, тіпті баспахана жасап, әріп құюға үйретеді. Ренаттың көмегімен зеңбірек атыс жарақтарын жасап, жүз мыңнан астам әскер құрап, қалмақтар қазақтарға қарсы соғысқа дайындалып жатқанда қазақтар жағы олардан қауіп күтпей, ішкі талас-тартыспен жүрген болатын. Бұл тұста қазақтар мен қалмақтардың шекарасы Ертіс өзені, Балқаш көлі, Шу, Талас өзендерінің аралығымен өтетін.

 • 1723 жылдың көктемінде жоңғарлар шешуші жорыққа шықты. Мол әскер жинап, толық қаруландырып, • 1723 жылдың көктемінде жоңғарлар шешуші жорыққа шықты. Мол әскер жинап, толық қаруландырып, оның қолбасшылығына Шуно Дабо деген қалмақ баһадүрін тағайындады. Оның тактикалық жоспары бойынша қалмақ әскерлері стратегиялық екі бағытта қимыл жасауға тиісті болды. Бірінші бағыт Қаратауды басып өтіп, Шу мен Талас өзендеріне шығу болса, екінші бағыт – қазақтарға ес жиғызбай соққы беріп, Шыршық өзенінің қойнауына жету еді. Бұл жоспарды іске асыру үшін әскерлер жеті топқа бөлініп, оның бірі Жетісу Алатауының етегіндегі Балқаш көліне құятын төрт өзеннің бойына топтастырылды. Қалмақтың ірі қолбасшысы Амурсана басқарған 70 мың адамнан тұратын екінші бір тобы Іле өзенінің бойына, Кеген өзенінің солтүстік жағасына, Нарын өзенінің күншығыс жағындағы Кетпен тауының баурайына орналасты.

 • Сөйтіп, Алатау баурайын жайлаған қаннен-қаперсіз отырған қалың елге шабуылға шыққан қалмақ әскерлері • Сөйтіп, Алатау баурайын жайлаған қаннен-қаперсіз отырған қалың елге шабуылға шыққан қалмақ әскерлері қазақтардың қанын судай ағызды. Еркек кіндікті адамдарды қырып, әйелдерді, қыздарды байлап-матап алып кетті. Бейғам отырған ел басқыншыларға ешқандай қарсылық көрсете алмады. Ұлы жүз бен Орта жүздің қазақтары Самарқанд пен Ходжентке қарай шұбырды. Кіші жүз қазақтары Хиуа мен Бұқараға ағылды. Босқындардың біразы Алакөл маңына келіп паналады. Бұл кезеңді қазақ «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» деп атады. Яғни, қазақтардың табаны ағарғанша шұбырып, Алқакөлге жетіп азап пен аштықтан сұлаған жерлер еді дейді. Осы ауыр жылдарда шыққан қазақтың қаралы ды қайғылы, ән ұраны сияқты «Елім-ай» әні еді. Мұнан үш жүз жылға жуық уақыт бұрын шығарылған осы өлеңмен оның әні қазақтың басына түскен сол бір ауыр күндердің өшпес ескерткіші.

Қосымша сұрақтарды уйде дайындау: • «Жеті жарғы» . • XVI-XVII ғасырлардағы Қазақ хандығының әлеуметтік- Қосымша сұрақтарды уйде дайындау: • «Жеті жарғы» . • XVI-XVII ғасырлардағы Қазақ хандығының әлеуметтік- экономикалық және мәдени дамуы. • XVII ғасырдың саяси-әкімшілік құрылысы. • XVI-XVII ғғ. қазақтардың шаруашылығы. • XVI-XVIII ғасырлардағы Қазақ хандығының мәдениеті.

 • Кіші жүздің Ресей империясының құрамына енуі: Қазақ елінің ауыр сыртқы жағдайын Кіші • Кіші жүздің Ресей империясының құрамына енуі: Қазақ елінің ауыр сыртқы жағдайын Кіші жүз ханы Әбілқайыр Ресей империясының қолдауы арқылы шешпекші болды. Әбілқайыр ханның мақсаттыры: • Қалмақтар мен башқұрттардың Қазақ жерін шабуылдауын тоқтату. • Петербург билеушілеріне арқа сүйеп, аға хандыққа таласта қарсыластарын жеңу. • Жайықтың төменгі ағысы, Есіл, Ертіс, Ор өзендері бойындағы қазақтардың мал жайылымдары үшін бейбіт өмірді сақтау. • Қазақ жері арқылы өтетін керуен жолдарының қауіпсіздігін қалпына келтіру. • Ең басты мақсаты – жоңғарларға қарсы күресте Ресеймен байланыс орнату.

 • Әбілқайыр хан 1726 жылы Ресей империясының құрамына кіруге өтініш білдіріп, елшілерін жіберген • Әбілқайыр хан 1726 жылы Ресей империясының құрамына кіруге өтініш білдіріп, елшілерін жіберген болатын. Бірақ елшілікке күмәнданған патша үкіметі хан ұсынысын жауапсыз қалдырған. Кіші жүз ақсүйектерінің талабы: Ресеймен әскери одақ құру. • Әбілқайыр хан талабы: Ресейдің құрамына кіру. • 1730 жылғы қыркүйек – Петербургке аттанған елшілері Сейітқұл Қойдағұлұлы, Құтлымбет Қоштайұлына Ресейдің құрамына кіру туралы құжат тапсырды. • 1731 жылғы 19 ақпан – Кіші жүзді империя құрамына қабылдау туралы хан ұсынысын императрица Анна Иоанновна қабылдады. • Кіші жүз ақсүйектері мен Әбілқайырдан ант қабылдау үшін Ресейден сыртқы істер коллегиясының тілмәші, дипломат А. И. Тевкелев бастаған елшілік жіберілді.

 • 1731 жылы қазанда орыс елшілері Ырғыз өзені бойындағы Әбілқайыр ордасына келгенде, қазақ • 1731 жылы қазанда орыс елшілері Ырғыз өзені бойындағы Әбілқайыр ордасына келгенде, қазақ ақсүйектері арасында алауыздық бар екені анықталды. Барақ сұлтан, Бөгенбай батыр топтары Кіші жүзді Ресейге қосу жөніндегі шараларды аяқсыз қалдыруға тырысқанмен, бұл қарсылық сәтсіз аяқталды. • 1731 жылғы 10 қазан – Кіші жүздің 29 старшыны Ресейдің қол астына кіруге ант берді. • Кіші жүздің Хиуа хандығымен, қарақалпақтармен шектесіп жатқан аудандары Ресей империясына қосылмады. Орыс үкіметі Қазақ өлкесі жөнінде отаршылдық саясат ұстанып, 1714– 1720 жылдары бекіністер тұрғызған болатын: Жәміш, Омбы, Колбасинск, Железинск, Семей, Коряков (Кереку), Өскемен. • Патша үкіметінің мақсаты – қазақ-жоңғар соғысын пайдаланып, бекіністер салу арқылы Қазақ өлкесін біртіндеп жаулап алу.

 • Патша үкіметі Жайық бойына бекіністер тұрғызып, егін шаруашылығына қолайлы өңірлерді басып алып, • Патша үкіметі Жайық бойына бекіністер тұрғызып, егін шаруашылығына қолайлы өңірлерді басып алып, орыс помещиктеріне, казак-орыс қоныстанушыларына таратып беру саясатын ашық жүргізе бастады. • Жаңадан қосылған қазақ жерлеріндегі шептерін нығайту мақсатында Ресей үкіметі 1734 жылы мамырда Сенаттың хатшысы И. К. Кириллов басқарған экспедиция жабдықтады: • Ор өзені бойында бекініс тұрғызу; • Орта Азия хандықтарымен керуен саудасын кеңейту; • Қазақ өлкесіндегі табиғат байлықтарын игеру; • Сырдария бойында қала тұрғызып, Өзен флотилиясын құру. • Саяси жағдайдың шиеленісіп кетуіне байланысты экспедиция мақсаттары түгел іске аспады.

 • 1735 жыл – Ор өзені бойында Ор бекінісінің негізі қаланды. • Орынбор • 1735 жыл – Ор өзені бойында Ор бекінісінің негізі қаланды. • Орынбор шекаралық комиссиясының келесі төрағасы И. Неплюев (1742 ж. ) Орск қалашығын 1743 жылы жаңа жерге көшірді. 1743 жыл – Орынбор қаласының негізі қаланды. • 1735– 1737 жылдары болған башқұрттардың көтерілістері кезінде Әбілқайырдың башқұрт билеушілерімен бірігіп кетуінен сескенген патша үкіметі екінші рет ант алуды көздеді. • 1738 жылғы тамыз – Орынбор комиссиясының басшысы, тарихшы В. Н. Татищев Орынборда қазақ сұлтандарының съезін өткізді. • Кіші жүз бен Орта жүзден барлығы 60 -қа жуық старшын Ресейге берілгендігін қуаттап екінші рет ант берді. • 1740 жыл – Әбілмәмбет хан мен Абылай сұлтанның ант беруі саяси жағдайдан туған айла болды. Ресеймен жақындасып, Орта жүзге жасалатын жоңғар шабуылын әлсіретуді көздеді. 1734 жылғы 10 маусым – императрица Анна Иоанновна Ұлы жүзді Ресей құрамына қабылдауға келісімі жөнінде жарлық шығарды.

Қосымша сұрақтарды үйде дайындау: • Абылай хан және оның ішкі және сыртқы саясаты. • Қосымша сұрақтарды үйде дайындау: • Абылай хан және оның ішкі және сыртқы саясаты. • Қазақ хандығының жойылуы. Сырым Датұлы басқарған Кіші жүз қазақтарының көтерілісі (1783– 1797 жж. ). • Бөкей Ордасының құрылуы (1801 ж. ). • Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған шаруалар көтерілісі (1836– 1838 жж. ). • Кенесары Қасымұлы басқарған ұлт-азаттық қозғалыс (1837– 1847 жж. ). • Сырдария қазақтарының Жанқожа Нұрмұхамедов басқарған көтерілісі (1853– 1858 жж. ). • XIX ғ. Қазақстандағы экономикалық қатынастар. • Қазақстандағы XIX ғ. 60– 90 жж. әкімшілік-саяси реформалар 1867– 1868 жж. • 1886– 1891 жж. әкімшілік реформалар. • 1891 жылдың 25 наурызындағы Далалық облыстарды басқару туралы ереже. • XIX ғасырдың 70– 90 жылдарында ұйғырлар мен дүнгендердің қоныс аударуы. • Қоныс аудару саясаты (XIX ғ. 1870– 1880 жж. ). • Орал, Торғай облыстарындағы көтеріліс (1868– 1869 жж. ). • Маңғыстаудағы көтеріліс (1870 ж. ). • XIX ғ. бірінші жартысындағы Қазақстан мәдениеті. • XIX ғ. екінші жартысындағы Қазақстан мәдениеті. • Қазақстанның XX ғ. басындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайы. Отарлық қоныстандыру саясатының күшеюі. Столыпин аграрлық реформасы. • 1905– 1907 жылдардағы орыс революциясына Қазақстан халқының қатысуы. • Қазақ халқының 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі.

Қазақстан 1917 жылғы Ақпан төңкерісі кезінде: 1917 жылдың басында Ресейдің революциялық жаңа толқыны көтерілді. Қазақстан 1917 жылғы Ақпан төңкерісі кезінде: 1917 жылдың басында Ресейдің революциялық жаңа толқыны көтерілді. Империалистік соғысты азамат соғысына айналдыру ұраны кеңінен насихатталды. Патша өкіметі бұқараның жаппай қарулануынан қатты сескене бастады. Революциялық дағдарыстың пісіп-жетіліп келе жатқандығы ұлт аймақтарында, оның ішінде Қазақстанда да сезілді. Өлке халқының арасында революциялық өрлеудің өрістеуіне бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде тұтқынға түсіп, Қазақстан жеріне айдалған Австрия-Венгрия мен Германия соғыс тұтқындары да елеулі әсер етті. 1917 жылы олардың жалпы саны 41. 285 әскери адамды құрады. Бұлардың басым көпшілігі Омбы, Ақмола, Павлодар, Семей уездерінде орналасты.

 • 1917 жылы 27 ақпанда Петроградта буржуазиялық-демократиялық революция жеңіске жетті. Патша өкіметі құлатылып, • 1917 жылы 27 ақпанда Петроградта буржуазиялық-демократиялық революция жеңіске жетті. Патша өкіметі құлатылып, министрлер мен көрнекті шенеуніктер тұтқынға алынды. Патша өкіметі құлатылғаннан кейін бүкіл Ресейдегі сияқты Қазақстанда да қос өкімет орнады. Бұрынғы патша шенеуніктері, эсерлер, меньшевиктер және ұлтшылдар басқарған буржуазиялық Уақытша үкімет органдарымен қатар халықтық өкіметтің жаңа органдары жұмысшылар, шаруа және солдат депутаттарының кеңестері құрылды.

 • Патша өкіметінің құлатылуын Қазақстан еңбекшілері саяси және ұлттық азаттық алудың бастамасы ретінде • Патша өкіметінің құлатылуын Қазақстан еңбекшілері саяси және ұлттық азаттық алудың бастамасы ретінде қабылдады. Революцияшыл халық бұқарасының белсенді қимылдары нәтижесінде өлкеде бұрынғы өкімет өкілдері орындарынан түсіріліп, тұтқынға алынды. Буржуазиялық -демократиялық ақпан төңкерісінің жеңіске жетуі өлкедегі еңбекшілердің саяси белсенділігін арттырды.

 • Қазақстанда кеңестер 1917 жылы наурыз-мамыр айларында Семейде, Әулиеатада, Петропавлда, Көкшетауда, Ақмолада, Павлодарда, • Қазақстанда кеңестер 1917 жылы наурыз-мамыр айларында Семейде, Әулиеатада, Петропавлда, Көкшетауда, Ақмолада, Павлодарда, Оралда, Өскеменде, Атбасарда, Түркістан өлкесінде және т. б. жерлерде құрыла бастады. Жұмысшы табы мен солдат депутаттарының кеңестерімен қатар сәуір-мамыр айларында шаруа депутаттарының кеңестері құрылды. Бұл кеңестерде көпшілік орынды меньшевиктер мен эсерлер алды. Сонымен бірге буржуазиялық уақытша үкіметтің жергілікті органдары 1917 жылы наурызсәуір айларында құрылды. Бұлардың басында бұрынғы патша өкіметінің отарлаушы шенеуніктері, қанаушы таптардың өкілдері тұрды.

Ұлттық интеллигенцияның қалыптасуы және «Алаш» партиясының құрылуы: Қазақстанда қазақ интеллигенциясы басқарған қазақтардың ұлттық облыстық Ұлттық интеллигенцияның қалыптасуы және «Алаш» партиясының құрылуы: Қазақстанда қазақ интеллигенциясы басқарған қазақтардың ұлттық облыстық және уездік комитеттері де ұйымдастырылды. Оларға комиссарлар болып ұлттық интеллигенцияның өкілдері, атап айтқанда, Торғай облысында Ә. Бөкейханов, Жетісу облысында М. Тынышбаев, Түркістанда М. Шоқаев, т. б. тағайындалды.

 • Уақытша үкіметтің Қазақстандағы жергілікті органдары кулактарға, қазақтардың басшы топтарына, қазақ ауылдарының бай-манаптарына • Уақытша үкіметтің Қазақстандағы жергілікті органдары кулактарға, қазақтардың басшы топтарына, қазақ ауылдарының бай-манаптарына арқа сүйеді. Олар жұмысшылар мен еңбекшілердің революцияшылдық шабытын әлсіретуге тырысты, халықты тонауларын жалғастыра берді, бұқараны империалистік соғыстың ауыртпалықтарын өз мойындарымен көтеруге мәжбүр етті. Қазақтарды саяси құқықтарынан айырған ескі заңдар күшінде қалды, орасан зор жер иеліктері мен орыс-казак әскерінің сословиелік артықшылықтары сақталды, қазақ халқының таңдаулы жерлерін тартып алушы Қоныс аудару басқармасы өз қызметін өзгертпеді. Сөйтіп, Уақытша үкімет Қазақстанда бұрынғы патша өкіметінің саясатын одан әрі жалғастырды. • Патша өкіметі құлатылған соң, Қазақстан большевиктері астыртын жағдайдан шықты. Большевиктік партияның қатарына С. Сейфуллин, Б. Серікбаев, Т. Рысқұлов, С. Арғыншиев және басқалары кірді.

 • Ақпан революциясы жеңгеннен кейінгі Қазақстан жұмысшы табының елеулі табысы – кәсіпшілер одақтары • Ақпан революциясы жеңгеннен кейінгі Қазақстан жұмысшы табының елеулі табысы – кәсіпшілер одақтары ұйымдарының құрылуы еді. Олардың қалыптасуында Орынбор-Ташкент теміржолшыларының Қүрылтай съезі және Омбы темір жол жұмысшылары мен қызметкерлерінің бірінші съезінің үлкен маңызы болды. Бұл съездердің күн тәртібінде бірқатар маңызды саяси және экономикалық мәселелер қаралды. Олар: Уақытша үкімет пен соғысқа көзқарас, 8 сағаттық жұмыс күні, жұмысшы, солдат және шаруалар депутаттары Кеңестеріне қатыстылық, контрреволюциямен күрес, Құрылтай жиналысына қатысу, пенсиямен қамтамасыз ету және т. б. мәселелер.

 • Осы кезде Омбы, Орынбор, Ташкент, Семей т. б. қалалары оқу орындарының қазақ • Осы кезде Омбы, Орынбор, Ташкент, Семей т. б. қалалары оқу орындарының қазақ жастары алғашқы кезде мәдениағарту істерімен шұғылданған жастар үйірмелері мен ұйымдарын құрды. Орынборда «Еркін дала» , Омбыда «Бірлік» , Оралда «Жас қазақ» , Троицкіде «Үміт» деп аталатын және басқа жастар ұйымдары, 20 шақты үйірмелер мен топтар пайда болды. Бұл ұйымдардың белгілі бір бағдарламалары болмады, әлеуметтік құрамы жағынан да біркелкі емес еді. Алайда, олар қазақ халқын патша өкіметінің ұлттық орталық езгісінен азат етуді шын пейілдерімен қалады, өз халқының білім алуын талап етті, еңбекшілердің санасында ұлттық бірлік, бостандық пен тәуелсіздік идеяларын оятуға ұмтылды. Солардың бірі Тұрар Рысқұлов ұйымдастырған «Қазақ жастарының революцияшыл одағы» еді. Оның құрамына қазақ халқының орташа және кедей топтарынан шыққан алдыңғы қатардағы жастар енді.

 • Орынбор қаласында шоғырланған қазақ оқығандары өзара кеңесіп, кезек күттірмейтін ұлттық мәселелерге байланысты • Орынбор қаласында шоғырланған қазақ оқығандары өзара кеңесіп, кезек күттірмейтін ұлттық мәселелерге байланысты бір тұжырымға келу үшін жалпы қазақ съезін шақыру туралы шешім қабылдады. Олар «Қазақ» газеті арқылы қазақ және қырғыз халықтарына арнайы үндеу жолдады. 1917 жылғы 21– 26 шілдеде Орынборда болған «Бүкіл қырғыздық» съезде «Алаш» партиясы қалыптасып, басшы органдарын сайлады. Оның құрамына Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Елдос Омаров, Мұстафа Шоқай, Мұхаметжан Тынышбаев, Халел Досмұхамедов, Жанша Досмұхамедов, Халел Ғаббасов, т. б. кірді. Бұл партияның сол жылы 5– 13 (18– 26) желтоқсанда Орынборда өткен екінші съезінде қазақтың автономиясы – Алашорда Үкіметі – Ұлт Кеңесі құрылды.

 • «Алаш» партиясының Бағдарламасы бекітілді. Ол негізгі 10 бөлімнен тұрады. Олар: • Ресейдің • «Алаш» партиясының Бағдарламасы бекітілді. Ол негізгі 10 бөлімнен тұрады. Олар: • Ресейдің демократиялық федерация болып жариялануы туралы; • Ресей құрамында Қазақ ұлт автономиясын құру; • Халықтар арасында тең құқықтық орнату; • Дін туралы, дінді мемлекеттен ажыратып шығару; • Елдегі билік және сот туралы; • Елді қорғау, әскер және халықтық милиция құру; • Халықтың табысына қарай салық салу; • Жұмысшылар туралы; • Ғылым және білім туралы; • Жер мәселесі.

 • Жаңа құрылған үкіметтің құрамына 15 адам, Халық Кеңесі төрағасы болып Әлихан Бөкейханов • Жаңа құрылған үкіметтің құрамына 15 адам, Халық Кеңесі төрағасы болып Әлихан Бөкейханов бекітілді. Бұл үкіметтің негізгі мақсаты ұлттық бірлікті жандандыру саясаты болған еді. • 1918 жылғы 5 қаңтарда Бүкілресейлік құрылтай жиналысының күшпен таратылуы Алаш автономиясын құру мүмкіншілігіне де зардабын тигізді. Алашорда басшылары мен большевиктер арасындағы қайшылық тереңдей түсті.

 • Егер Алаш партиясы, біріккен ұлттық зиялылар большевиктерге қазақ қоғамына мүлдем жат әлеуметтік • Егер Алаш партиясы, біріккен ұлттық зиялылар большевиктерге қазақ қоғамына мүлдем жат әлеуметтік тәжірибені күштеп танушы, қазақ жұртына іріткі салушы күш ретінде қараса, большевиктер Алаш қозғалысына ұлттық буржуазия мен феодалдық топтардың таптық мүддесін қорғайтын төңкеріске қарсы кертартпа күш есебінде қарады. Сөйтіп, қазақ елінің ғасырлар бойы мыңдаған асыл азаматтары басын тіккен биік арманы – ұлттық мемлекетті қалпына келтіру ісі – Алаш қозғалысы, Алашорда үкіметімен бірге тоталитарлық өктемдік пен империялық зорлықзомбылықтың шабуылына көміліп, тарих қойнауында қала берді.

Алаш қайраткерлері: • Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханов (1866– 1937) • Ахмет Байтұрсынов (1873– 1938) • Алаш қайраткерлері: • Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханов (1866– 1937) • Ахмет Байтұрсынов (1873– 1938) • Міржақып Дулатов (1885– 1935) • Мұстафа Шоқай (1890– 1941) • Жақып Ақбаев (1876– 1934) • Мұхамеджан Тынышбаев (1879– 1937) • Халел Досмұхамедов (1883– 1939) және т. б.