СРС Эклампсия. Муканов 506.pptx
- Количество слайдов: 17
СРС Тақырыбы: Эклампсия кезіндегі дәрігерге дейінгі күттірмейтін көмек көрсету алгоритмі. Орындаған: Муканов Д. К. 506 топ ЖМФ
Эклампсия—Эклампсия – жүкілік, босану кезеңі және босанудан кейінгі кезеңде болатын, ұстамалы тырысулармен және организмдегі негізгі ағзалар мен жүйелердің бұзылысымен көрінетін гестоздың ауыр формасы болып табылады. Эклампсия сирек кездеседі.
Себептері: Метаболитикалық бұзылыстар; Ми қан айналысының бұзылуы; Мидың ісінуі; Артериальды гипертензия; Са 2+ каналдары арқылы Са 2+ иондарының өтуінің бұзылуы; Бүйрек, бауыр, өкпе сияқты ағзалардың бұзылысы; ТШҚҰ-синдромы;
Қауіп қатер факторлары: Бұрын босану кезінде преэклампсия немесе эклампсия болған жүкті әйел; Жанұялық анамнезінде преэклампсия немесе эклампсия болған; Көп ұрықты жүктілік; Артериальды гипертензиясы бар жүкті әйел; Бүйрек, өкпе, жүрек-қантамыр жүйесі бойынша ауруы бар жүкті әйел; Қант диабеті, семіздік; Жасы 40 -ден асқан қайта босанушы әйел.
Клиникасы Ең басты ерекшелігі, еш қандай церебральды патологиялармен байланыссыз тырысу мен естен тану. Негізі тырыспалы ұстамаға келесі симптомдарды жатқызуға болады: бас ауру, « боль в подложечной области» , нефропатия
ІІІ фаза – клоникалық тырысу фазасы, 2 минутқа дейін созылады. Бұл фазада жүкті әйелдің бүкіл денесі мен аяқ-қолдарының қатты тырысады, содан кейін біраз жеңілдеп ысқырықты дем алумен бірге, ауызынан қан аралас көбік ағумен көрінеді. ІV фаза – тырысудың аяқталу фазасы, терең тыныс алумен басталып, бірте-бірте тынысы қалпына келеді де, есін жинай бастайды. Бірақ кейде жүкті әйелдің коматозды жағдайы бірнеше сағатқа созылуы мүмкін. Тырысу 10 ретке дейін болуы мүмкін. Егер тырысулық ұстамалар 10 реттен және 30 секундтан асып кетсе, онда бұл жағдайды – эклампсиялық статус дейміз.
Асқынулары: Өкпе ісінуімен жүретін жүрек жетіспеушілігі; Миға қан құйылу, тромбозы, ми ісінуі, кома; ТШҚҰ синдромымен бірге негізгі ағзалардың қанайналысының бұзылуы және қан кетулер; Жедел респираторлы дистресс синдромы; Торлы қабықшаның жыртылуы мен қан құйылуы; Қалыпты орналасқан плацентаның уақытынан бұрын ажырауы; Ұрықтың гипоксиясы, гипотрофиясы, өлімі; Уақытынан бұрын босану.
Эклампсияның белгілері: Эклампсияның негізгі белгісі естен тануға әкелетін тырысулар болып табылады. Әрбір тырысу 20 -30 секундқа созылады. Тырысудың сипатына байланысты 4 фазадан өтеді: І фаза – тырысу алды фазасы, бұл фаза 20 -30 секундқа созылады. Бұл фазада беттің мимикалық бұлшықеттерінің және қастың қозғалуы мен ерін шетерінің босаңсуы көрінеді. ІІ фаза – тоникалық тырысу фазасы, дене бұлшық еттерінің жиырылуы, дене алдыға шығып, басы артқа шалқаяды, тілін тістеп, тыныс тоқтап, жүкті әйелдің беті көгеріп есінен танады. Бұл фаза 30 секундқа созылады.
Эклампсияда жедел көмек көрсету: Науқасты сол жақ қырымен түзу жерге жатқызады Тілдің жутынуын алдыл алу үшін басын шалқайтады Сыртқы тыныс жолдарын босату керек. Клоникалық тырысулар кезінде болатын тіл жутудан, тістеуден, және басқа да механикалық травмалардан сақтау керек. Тынысы қалыптасса таза кислород беру, ұзақ апное кезінде Амбу немесе тыныс алу маскасымен ауа жіберу.
Журек тоқтаған кезде, сыртқы жүрек массажы. Ұстама бастала салысымен тамыр ішіне седуксен 2, 0 мл 0, 5%, дроперидол 1 -2 мл 0, 25%, промедол 1, 0 мл 2% Ұстама тоқтағаннан кейін ауыз қуысын, мұрнын бөлінген шараштан тазалау, сонымен қоса салылмалы протездерді алу керек. Егер тырысулар қайталанса немесе науқас комада болса, мамандандырылған бригадалар релаксанттарды береді(суксаметония бромид 2 мг/кг), интубациядан кейін науқасты ИВЛ жібереді.
Науқасты тасымалдау, тырсуларды басқаннан кейін, АҚҚ және тынысын қалпына келтіргеннен кейін жасайды. Тасымалдау кезінде тырысулардың қайталануын ескере отыру керек, сондықтан науқасты зеңбілмен сан. машинаға апару керек. Тасымалдау кезінде науқасқа кислородпен тыныс алдырып отыру керек. Алдын ала наркозды маска және ұстама пайда болғанда тоқтату үшін эфирді дайын ұстау керек.
Стационарда науқасты барлық бірінші көмек және реанимацияға қажет құралдары бар интенсивті терапия палатасына жатқызады.
Қолданылған әдебиеттер: Э. К. Айламазян Акушерство Жедел жәрдем оқулық А. Т Раисова, Р. Ғ Нұрқасымова Акушерия және гинекология
СРС Эклампсия. Муканов 506.pptx