Малика.ppt
- Количество слайдов: 19
Сені туған күнімен құттықтаймын! Денің сау болсын, аспаның ашық болсын. Өмір деген үлкен белестің тайғақ жерден таймай, сулы жеріне батпай, отты жеріне жанбай, соқпағына соқтықпай, көздеген арман-мұраттарыңа жете беруiне тілектеспiн! Жүзіңнен шаттық пен күлкі үйіріліп, көл бетіне өрнек салған аққудай бақыт бесігінде қуанышты серік етіп, тербеле бер деп тілеймін! Өзеннің ағысындай, тұлпардың шабысындай, толқынның жарысындай өтіп жатқан әр жылың жақсылыққа толы болсын.
Уақыт - ешкім тоқтата алмайтын алып кеме. Сол кеменің жүрісімен сен де өмір толқындарымен араласа, арпалыса, балалың шақ жағалауына қол бұлғап, адам өмірінің көктемі жастық шаққа да келіп жетерсің. Өмір шуағы мен дауылы, қайғысы мен сауығы, жеңілі мен ауыры қатар алмасқан алпауыт. Өмірмен күресіп жеңе білгендер де, жеңіліп жетегінде кеткендер де бар. Сен солардың алғашқысына қосыл. Өмірде кездесетін сан қилы ауырлықтар мен қиындықтарды ақылмен, сабырмен жеңе біл. Аспан бұлтсыз болмайды, демек адам өмірінің де бұлтты күндері болар. Бірақ сенің өміріңнің шуақты күндері коп болсын.
Өмір саған жылы сөзін арнасын, Қайғы-мұңға жүректе орын болмасын. Жанарыңнан күлімдеп әрқашан, Ай мен жұлдыз кеудеңе кеп орнасын.
Көлдей көңіл тілеймін таусылмайтын, Өзендей өмір болсын сарқылмайтын. Аспаның айлы түндей ашық болсын, Дұшпаның бір өзіңнен қашық болсын. Айта берсек тілек көп таусылмайтын, Жаза берсек қалам көп майыспайтын. Жүректегі тілекті өлеңменен Жеткіземін мен саған шын көңілмен!!
Малика.ppt