С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті Тақырыбы: Тыныс
С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті Тақырыбы: Тыныс алу жүйесі аурулары және алдын алу. Орындаған: Зиядан Г.Е. Курсы: 5 Тобы: 502-2к Тексерген: Дармен Н.Ж.
Жоспар: I. Кіріспе Тыныс алу жүйесінің маңызы II. Негізгі бөлім а) Пневмония б) Бронхит в) Бронхоэктаз г) Демікпе д) Тұмау е) Туберкулез III. Қорытынды
Тыныс алу жүйесінің маңызы Адам организмі өзін қоршаған сыртқы ортамен қатты, Сұйық және газ түріндегі заттармен алмаспай өмір сүре алмайды. Адам үнемі сыртқы ортадан қоректік заттарды, суды және оттегін алады. Оттегі адам өмірі үшін аса маңызды. Оттегі ұлпалардағы тотығуға қатысады. Тотығу кезінде заттардың ыдырауынан көмір қышқыл газы пайда болып, денеден сыртқа шығарылады. Дем алғанда организм мен сыртқы орта өздерінің құрамындағы газдарымен алмасады. Бұл оттегінің үнемі денеге кіріп және көмір қышқыл газының денеден сыртқа айдалып тұруын қамтамасыз етеді. Бұл қызметті кеуде қуысында орналасқан өкпе орындайды.
Тыныс алуға қатысатын мүшелер тыныс алу жүйесін құрады. Бұл жүйенің мүшелерін екіге бөледі: тыныс жолдары және басты тыныс алу мүшесі – өкпе. Тыныс жолдарына мұрын қуысы, көмей, кеңірдек, жөне бронхылар жатады. Тыныс алу жүйесінің маңызды бөлігі – өкпе. Бұл бронхылардың ұсақ тармақтарының қуыстарынан жасалған альвеолалар мен серпімді дәнекер ұлпалардан тұратын жұп мүше.
Пневмония Пневмония (гр. pneumon — өкпе), өкпе қабынуы — өкпе тінінің қабынуынан немесе басқа аурулардың асқынуынан болатын өкпенің жұқпалы ауруы. Ол көбіне қызылша, көкжөтел, тымау, бронхит,демікпе сияқты тыныс ауруларын немесе әсіресе жас балалар мен қарт адамдарда болатын қатаң аурулардан кейін пайда болады. Сонымен қатар ол СПИД-пен ауырған кезде де болуы мүмкін. Ауруды әр түрлі вирустар (аденовирус, риновирус), бактериялар (пневмококк, стафилококк, стрептококк) қоздырады. Аурудың дамуына дененің қатты мұздауы, ауыр жұмыс пен жүйкелік-психикалық күш түсу, улану, т.б. факторлар әсер етеді.
ТҮРЛЕРІ: Сырқаттың ұзақтығына қарай: жедел пневмония және созылмалы пневмония, ал қабынудың жайылып тарауына қарай: бөлікті пневмония және ошақты пневмония болып бөлінеді. Жедел пневмония кенеттен басталады, дене қызуы 39 -400С-қа, кейде одан да жоғары көтеріледі, науқас қалтырап, алғашқы да құрғақ, кейіннен қақырықты жөтел пайда болады. Науқастың бүйірі шаншиды, біртіндеп тынысы тарылып, ауа жетпейді, буындары сырқырайды. Адам жөтелгенде, түшкіргенде шаншу күшейеді, жиі-жиі тыныс алып, ентігеді. Мұндайда адамның екі беті қызарып, несептің түсі сарғыштанып, аз бөлінеді.Ем қабылдаған соң аурудың беті 3 - 5 күннен кейін қайта бастайды.
Созылмалы пневмония ауру асқынып, өкпе тінінің құрылымы мен қызметінің толық қалпына келмеуінен, сондай-ақ созылмалы бронхиттің салдарынан болады. Бұл кезде өкпенің белгілі бір тұстары қайталап қабынады. Сырқаттың дем алысы әлсіреп, сәл күш түссе деміге бастайды. Ауру асқынғанда пневмонияның жедел түріндегі клиникалық белгілер қайталанады. Созылмалы пневмония ұзаққа созылады. Дер кезінде емделсе, науқас 2 -3 аптадан соң жазыла бастайды.
Балаларда болатын пневмонияның кейбір ерекшеліктері бар. Олар пневмониямен ауырғанда демігумен бірге бетінің әр жері, әсіресе үстіңгі ернінің айналасы әлсін-әлсін көгереді; диспепсия белгілер байқалуы мүмкін. Көп жағдайда тәбеті мен ұйқысы бұзылады. Жаңа туған сәби пневмониямен ауырғыш келеді. Кейде кеудесі сырылдап, сілекейі көбіктенеді. Жас балалар мен сәбилерде болатын пневмония өте қауіпті, көп жағдайда ауру асқынып, отитке немесе плевритке ауысады.
БЕЛГІЛЕРІ: Бірден қалтырап, ыстықтың көтерілуі; Дем алыстың жиілеуі, одан қырылдаған немесе сырылдаған дыбыстың шығуы. Әр дем алып дем шығарған сайын мұрынның желбезегі көтеріліп басылып тұрады. Дененің ысуы (кейде жаңа туған нәресте немесе қарт адамдар, әсіресе әлсіз адамдар, ауыр екпе қабынуымен ауырғанда температура айтарлықтай кетерілмейді). Жөтел ,қақырық түсі сары, жасыл немесе қошқыл қоңыр, не сілекейге аздап қан араласқан болады. Кеуде ауырады. Науқастьң халі ауырлайды. Бетіне және ерніне салқын тигенде шығатын ұсақ жаралар шығады. Өте қатты ауырған бала минутына 50-ден астам ентіге дем алса, ол өкпе қабынуымен ауыруы мүмкін. Егер дем алысы жиі және терең болса, тексеріп көріңіз, бұл дегидрация немесе ұстамалы нерв ауруы болуы мүмкін.
ЕМІ: Өкпе жедел қабынса, ауруханада стационарлық ем қабылдау қажет. Пневмонияны кең спектрлі әсер ететін антибиотиктермен, соңғы кезде цефолоспориндермен емдейді. Пенициллин, котримоксазол немесе эритромицин беріңіз. Науқастың халі нашарлап бара жатса прокаинпенициллин қабылдау, ересек адамдарға: күніне 2—3 рет 400 000 ед (250 мг) немесе күніне 4 рет 500 мг ампициллин ішу керек. Жас балаларға ересектерге берілетін дәрі мөлшерінің 0,5—025 мөлшерін , 6 жасқа дейінгі балаларға ампициллин берген жөн. Ыстықты түсіру және ауырғанды қойғызу үшін аспирин немесе ацетаминофен қабылдау қажет. Науқасқа мейлінше көп сұйықтық ішкен дұрыс. Егер науқас тамақ іше алмаса, онда оған сұйық тағам немесе регидрат сусынын беру керек. Жөтелді жеңілдету және қақырықты босату үшін де көп сұйықтық ішу және су буы ингаляциясын жасау ұсынылады. Сырыл болған жағдайда теофиллин немесе эфедрин түріндегі демікпеге қарсы дәрілер қолдану қажет.
Физиотерапия, емдік дене шынықтырумен айналысу, құнарлы, витамині көп тағамдар ішу пневмонияның алдын алуға көмектеседі. Алдын алуы
БРОНХИТ Бронхит — бұл өкпеге ауа баратын тыныс жолдарындағы немесе түтікшелердегі инфекция. Бронхит болғанда жөтелде шуыл болады, көбіне сілекей немесе қақырық түседі. Бронхит әдетте вирустан пайда болады, сондықтан оған антибиотиктер беруге болмайды. Антибиотиктерді егер бронхиттен оңалудың белгілері болмай бір аптадан артыққа созылған жағдайларда, өкпе қабынуының белгілері білінсе немесе өкпеңізде созылмалы аурулар болған жағдайларда ғана пайдаланыңыз.
Бронхиттің жедел және созылмалы түрі бар. Жедел Бронхитпен ауырғанда науқас тоңады, жиі есінейді, басы ауырады, даусы қарлығып, кеңірдегі жыбырлап, әуелі құрғақ, кейін қақырық араласқан жөтел жиі пайда болады. Дене температурасы көбіне қалыпты жағдайда сақталады. Жедел Бронхит негізінен 1 — 3 аптада толықтай жазылып кетеді. Жас балалар мен қарияларда Бронхиттің жедел түрі өте ауыр өтеді, тез ем қолданбаса, созылмалы түрге айналады.
Созылмалы Бронхит — ұзақ уақыт шаң-тозаң, улы газ жұтқаннан, темекі тартқаннан, созылмалы өкпе ауруларының әсерінен өкпеде көп уақыт қан ұйып қалуының салдарынан дамиды. Науқас үнемі жөтеледі, кейде құрғақ, кейде сарғыш-жасыл түсті қақырық түседі. Жөтелдің жиілігіне байланысты кеуде шаншиды. Дене қызуы көтеріліп, әлсіздік пайда болады. Ауру асқынған кезде жатып емделу керек, науқас жатқан бөлменің ауасы құрғақ, таза әрі жылы болуы қажет. Дәрігерлердің нұсқауымен науқастың арқасына банка, кеудесіне қыша қағазын қояды; антибиотиктер, қақырықты түсіретін дәрі-дәрмек ішу қажет және физиотерапевтік, емдік гимнастика жүргізіледі. Науқас С витаминіне және белокқа бай күшті тағамдармен тамақтанып, ащы тағамдарды, түрлі соустарды пайдаланбағаны жөн.
Белгілері Сілекейлі жөтел болады, ол айларға немесе жылдарға созылады. Кейде жөтел күшейіп, ыстық көтеріледі. Осындай жөтелге шалдыққан адам, егер онда туберкулез немесе демікпесияқты созылмалы аурулар болмаса, созылмалы бронхитпен ауыратын болады. Бұл ауру көбіне темекіні көп шегетін қарт адамдарға тән. Созылмалы бронхит эмфиземаға соқтыруы мүмкін, ол өте ауыр, жазылмайтын дерт, мұнда өкпенің ұсақ ауа қалташалары істен шығады. Эмфиземамен ауыратын адамдардың дем алысы ауырлайды, әсіресе жұмыс істеп, қимылдағанда қиналады, оның кеудесі үлкен қапшыққа ұқсап қалады (бөшке кеуде). Эмфизема созылмалы демікпеден, созылмалы бронхиттен немесе темекі шегуден болуы мүмкін.
Емдеу жолдары: Темекі шегуді тоқтатыңыз. Құрамында эфедрин немесе теофиллин бар демікпеге қарсы қолданылатын дәрілер қабылдаңыз. Созылмалы бронхитпен ауыратын адамдар әр салқын тиіп немесе тұмау болып температура көтерілген сайын ампициллин немесе тетрациклин ішуге тиіс Егер науқас адамға қақырығын түсіру қиынға соқса, ол су буымен дем алуы керек және сонан соң оған айтылған әдістер бойынша қақырықты түсіруге болады.
БРОНХОЭКТАЗ Бронхоэктаз ауруы - орта және кіші бронх қуыстарының патологиялық кеңейуі және бронхтардың іріңді қабынуымен жүретін полиэтиологиялық ауру. Бронхоэктаз ауруы өкпенің барлық созылмалы ауруларының ішінде 12-33% құрайды. Жас балаларда көп кездеседі. Ерлер мен әйелдер арасындағы жиілігі бірдей.
Этиологиясы. Туа және жүре пайда болған бронх қабырғаларының эластикалық қасиетінің төмендігі. Бронхтардың бітеліп қалуы: бронхтардағы ісіктер, бронхқа бөгде заттың тұрып қалуы, және т.б. Бронхішілік қысымының көтерілуі. Созылмалы өкпе аурулары
Патогенезі. Қабыну процесінің салдарынан бронх қабырғылары өзінің эластикалық қасиетін жоғалтады және өкпеішілік бронх нервтерінің зақымдалуы мүмкін. Бронх қабырғаларының тонусы жоғалады және созылғыш болады. Жөтел кезінде бронхішілік қысым көтеріліп, бронхтар созылады. Бұл факторлар бронхоэктаз дамуына әсерін тигізеді.
Жіктелуі: Пайда болуына қарай: Туа пайда болған. Жүре пайда болган. Ауырлығына қарай: Жеңіл Орта Ауыр
Клиникасы. Астено-вегетативті синдром: жалпы әлсіздік, дене қызуының көтерілуі 38-390С, тәбетінің төмендеуі, жүдеу, ұйқысының бұзылуы байқалады. Өкпеде- жөтел, қан аралас қақырық. Қақырық мөлшері күніне 50-200 мл ауыр дәрежесінде 500мл жетеді. Өршу кезінде көкірегінің ауырсынуы және ентігу байқалады. Бронхоэктаз классикалық белгілеріне қарай саусақтары “Барабан таяқшалары (барабанный палочек)” болады. Көкірек қуысын объективті қараған кезде, бір бөлігі тыныс алу актісінен қалғанын байқауға болады. Қан анализінде- лейкоцитоз, нейтрофилез, формулалардың солға ығысуы байқалады. ЭТЖ-жоғарылайды. Зәрде белок, цилиндр анықталады
Диагностикасы. Рентгенелогиялық зерттеу- рентген айнасында бронхтардың кеңейгенін байқауға болады. Бронхография - нақты диагноз қоюға көмектеседі. Бұл әдісте бронхтарға контраст затты жіберіп, рентген айнасында бронхтардың цилиндр тәрізді, немесе қапшық тәрізді түрін байқауға болады. Бронхоскопия – көмегімен бронхтар ішіне түтік енгізіп көзбен көруге болады. Диференциалдық диагностикасы: Бронхоэктазды өкпе абсцессімен, өкпе карциномасымен, бронхтар ісіктерімен және туберкулезбен салыстыруға болады.
Емі. Тәртіп. (стационарлық) Диета. (жоғары сапалы белокқа бай тағамдар) Концервативті ем.Бұл тек қана 1-ші дәрежесінде жүргізіледі. Оларға антибиотиктер, қақырық түсіргіш дәрілер, витаминдер қолдануға болады. Оперативті емі: I-II дәрежесі оперативті емге көрсеткіш болып табылады. Операция кезінде зақымдалған сегметтерін алып тастайды. Сегментэктомия, лобэктомия, билобэктомия, пульмонэктомия жасалады.
Демікпе Демікпемен ауыратын адамда тұншығу ұстамасы жиі болады.Дем алысында, сыртқа дем шығарғанда, шуыл немесе сырыл болады. Егер науқасқа ауажетіспесе, оның тырнақтары мен еріні көгереді, мойын тамырлары білеуленіп тұрады. Әдетте ыстығы көтерілмейді. Демікпе алдында — тыныстың демікпесі болып өткен организмдегі хал-жай, күшті жөтел ұстайды: көбінесе тыныс жолдарының қабынып, қызарып ауруы түрінде немесе ұзаққа созылған өкпенің қабынуы түрінде, мұрынның аллергиялық ауруы немесе мұрын ауруының қалыптан тыс ауытқуы түрінде дамиды
Емдеу жолдары Егер демікпе үйде өршитін болса, онда науқас сыртқа, ауасы таза жерге шығуы керек; өзін сабырлы ұстауы қажет. Сұйықты барынша көп ішу.. Ол шырышты сілекейді босатып, тынысты кеңейтеді. Бу ингаляциясын жасаудың да көмегі бар. Ұстама жеңіл болса, эфедрин, теофиллин немесе сольбутамол ішеді. Ауыр жағдайларда эфедрин немесе теофиллинді қосып, сольбутамол беру керек. Науқастың жағдайы тым ауыр болса, эфинефрин (адреналин) айдаңыз. Температура көтерілген жағдайда немесе ұстама 3 күннен астамға созылса, тетрациклин немесе эритромицин капсулдарын беріледі. Демікпенің аскаридадан болуы өте сирек жағдайда ғана. Егер сізде жас балада аска-рида болуы мүмкін-ау деген күдік болса, онда оған пилеразин беріп көріңіз. Егер сонда да науқастың беті бері қарамаса, онда дәрігерге барыңыз.
Алдын алу Демікпемен ауыратындар өзінде тұншығу ұстамасын туғызатын заттардан аулақ болуға тиіс. Демікпемен ауыратын адамдардың үйі мен жұмыс орны таза болуы керек. құсты немесе басқа да аңдарды үйде үстауға болмайды. Желдетіп алу үшін науқастың керуетін терезе алдына қою керек Кейде ашық ауада ұйықтау да жақсы. Сілекейді босату үшін күніне кем дегенде 8 стақан су ішіңіз. Демікпемен ауыратын адамға ауасы таза жерге қоныс аударғаны жөн. Егер сіз демікпе болсаңыз, темекі шекпеңіз. Темекі шегу сіздің өкпеңізді одан сайын бұзады.
Тұмау , грипп (лат. grіppus фр. grіpper – “бас салу, шап беру”), инфлуэнца – тыныс жолдарының жұқпалы вирустық ауруы. Аурудың қоздырғышы –ортомиксовирустар, олардың үш типі: А, В, С бар. Өте жұқпалы ауру. Тұмау вирусының сыртқы қабыршағының құрамында гемагглютицин (оны Н әрпімен белгіленеді) және нейраминидаза (N әрпімен белгіленеді) болады. Олар әр түрлі факторлардың әсерінен өзгеріп, тұмау вирусының жаңа вариантын түзуі мүмкін.
Таралуы Бір мезгілде бір болыс, өлке, тіпті бүкіл жер жүзі адамдарының жаппай ауруы мүмкін. Бір ауырған адам бір-екі жылға дейін қайтып тұмаумен ауырмайды. Тұмау салқын кезде жиі, ыссыда сирек кездеседі. Кейде адамға суық тиіп, тыныс жолының жоғарғы бөліктері қабынып, оның тұмауға ұқсауы да мүмкін. Бірақ бұл тұмау емес. Ол салқын тигенде мұрын, көмей, жұтқыншақтарды жайлайтын басқа микробтардың әрекеті. Тұмау вирусы күн сәулесіне және зарарсыздандырғыштар (хлор, қышқылдар, спирт және т.б.) әсерінен тез қырылады.
Алдын алу шаралары Тұмауға нақтылы диагноз қойып, науқасты оқшаулап, ауруханаларда не басқа тиісті мекемелерде карантин жарияланады. Тұмауға қарсы вакцина егіледі, оның ішіндегі ең тиімдісі – тазартылған вириондық вакцина. Алдын ала организмді шынықтыратын емдер жасап, спортпен шұғылданған дұрыс. Тұмау басталғанда адамның денесі дел-сал болып, көңіл-күйі нашарлайды және тағамға тәбеті шаппайды. Бір-екі күннен кейін дене қызуы көтеріледі, басы ауырады, бұлшық еттері сыздап, буын-буыны сырқырайды, мұрны бітеді, дауысы қарлығып, жөтеледі, тамағы қызарып, жұтынғанда ауырады, көзі қызарып жасаурайды. Адам дереу дәрігерге көрініп, емделсе, үш-бес күннен кейін дене қызу төмендеп, сауыға бастайды.
Емі Емі — дәрігердің бақылауында болып, оңаша, ауасы таза бөлмеде жатып емделу. Дене қызуын, дене сырқырауын, аспирин, пирамидон және т.б. дәрілер тез басады. Тұмау вирусынаантибиотиктер пайда етпейді. Ауру адам жөтелгенде, түшкіргенде аузы-мұрнын қолымен немесе орамалмен (шүберекпен) жабуға тиіс. Науқастың тек өзіне арналған ыдысы, орамалы т.б. болуға, олар жиі қайнатылып, жуылуға тиіс. Тұмау асқынғанда науқасты ауруханаға жатқызып, кешенді емдеу шараларын жүргізеді. Арнайы дәрілер (оксолин, амантадин, ремантадин, интерферон, т.б.), антибиотиктер, қызу басатын, организмнің улануын азайтатын дәрі-дәрмектер беріледі.
Тыныс алу жүйесі мүшелерін зерттеу әдістері . Сұрап тексеру . Негізгі шағымдар және олардың ұстама болу механизмі . Құрғақ және ылғалды жөтел, жәй-ақырын немесе қатты күшейген , ұстама тәрізді әлсін-әлсін немесе тұрақты , пайда болу уақыты , пайда болу жағдайы және жөтелді тоқтату түрі . Дауыс өзгерісі . Дыбыс шықпай қалуы ( афония ), дауыстың қарлығуы . Мұрын дем алысының бұзылуы . Қарап тексеру . Науқастың мәжбүр қалпы . Кеуде қуысының шеңберін анықтау , дем алған , дем шығарған кездегі экскурсиясы. Тыныс алу түрлері : кеуделік , құрсақтық, аралас . Тыныс алу қоғалысының симметриялығы . Қосымша бұлшық еттердің тыныс алуды қатысуы . Бір минуттағы тыныс алудың жиілігі , тереңдігі және ырғақтығы . Тыныс алудың тереңдігі мен ырғағының бұзылуы ; терең Куссмауль , аритмиялық – Чейн-Стокс және Биот , ентігудің объективті белгілері . Пальпация . Кеуде қуысының пальпация әдістері . Ауыру сезімінің пайда болу аймақтары . Кеуде қуысының серпімділігін анықтау . Дауыс дірілін анықтау .. Перкуссия: салыстырмалы перкуссия , оның ережесі . Қалыпты және патолгиялық жағдайда перкуторлық дыбыстың кеуде қуысының симметриялық бөліктерінде өзгеру түрлері Топографиялық перкуссия . Кеуде қуысының топографиялық сызықтары . Өкпе ұшының жоғарғы шекрасын анықтау : өкпе ұшының биіктігін алдынан , артынан , Кренинг аймағының кеңестігінің . Өкпенің төменгі шекраларын анықтау және өкпенің төменгі шетінің қозғалғыштығын анықтау , өзгеруі себептерін анықтау . Аускультация . Өкпенің аускультация әдістері . Негізгі және қосымша тыныс шулары , олардың пайда болу механизмі
Статистика 2015 жылы Қазақстанда тыныс алу жүйесі аурулары бойынша аурушаңдық 30% немесе 100мың халыққа шаққанда 29400,1 ді құрайды. Биылы жылы тыныс алу жүйесі аурулары 15 жасқа дейінгі балаларда көптеп кездескен. Және ауыл мен қала аймақтарын салыстыранда,қала тұрындарында тыныс азаларымен аурушаңдық 1,5 есеге жоғары. Инфекциялық аурулардың ішінде ең көп кездесетіні пневмония. Пневмониямен ауыратындардың 30-40% ауруханада емделеді.
Қазақстандағы тыныс алу жүйесі ауруларының таралуы -2014ж
ҚР бойынша 2011жылы пневмониямен аурушаңдықтың ең жиі көрсеткіші Павлодар облысында 100 мың халыққа шаққанда 1003,9 тіркелген. Ал Жамбыл облысында 877,4, Ақмола облысында 871,8 тіркелген. Негізгі ауру өскен аймақ Ақмола облысында, 0 ден 14 жасқа дейін балаларда 100 мың халыққа шаққанда 2620,1 жағдай, республикалық көрсеткіште 1314,8 жадай тіркелген.Екінші орында Павлодар облысы 2429,2,үшінші орында Жамбыл облысы 1983,2 жағдай. 15-17 аралығындаы жасөспірімдерде аурушаңдық Павлодар облысында 1340,8 жағдай ,100 мың халыққа шаққанда, Солтүстік қазақстан облысы (1020,1) және Қостанай облысы (752,7) жағдай тіркелген.
Қолданылған әдебиеттер: www.google.kz www.yandex.kz www.medinfo.kz
15758-tynys_alu_zh_1199_yesi_aurularyny_1187_meditsinaly_1179__1241_leumettik_ma_1187_yzy.ppt
- Количество слайдов: 35