ash k sabak-2016 (1) (1).ppt
- Количество слайдов: 9
«С. СЕЙФУЛЛИН АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ АГРОТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ» Техникалық факультеті СЛАЙД-ДӘРІС «Көліктегі жалпы курс» пәні бойынша Тақырып: Автомобиль көлігі 5 В 071300 - «Көлік, көлік техникасы және технологиялар» мамандығының студенттері үшін Магистрант: Муратов Ильяс.
Дәріс жоспары: 1. Автомобиль көлігінің Қазақстан экономикасындағы маңызы; 2. Автомобиль көлігінің техника- экономикалық ерекшелігі, артықшылықтары және кемшіліктері; 3. Автомобиль көлігіндегі жүк және жолаушылыр тарифтері; 4. Автомобиль көлігінің даму проблемалары және тенденциялары; 5. Автомобиль көлігінің жылжымалы құрамының классификациясы.
Автомобиль көлігі – бұл пневмодоңғалақты және шынжыр табанды қозғалыштарды пайдалану арқылы рельссіз жолдар (жолдар) бойынша жүктерді және жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыратын, көлік түрі. Қазіргі автомобиль көлігінің техникалық базасы: жылжымалы құрам, жолдар, автокөлік кәсіпорны (тасымалдаушылар).
2. Автомобиль көлігінің техника- экономикалық ерекшелігі, артықшылықтары • Қосымша аударусыз және жүріс жолында түсірусіз жүктерді және жолаушыларды жеткізу; • Жүктердің сақталуын, әсіресе қысқа қашықтықта тасымалдау кезінде қамтамасыз ету және жеткізудің жоғары жылдамдығы; • Рыноктың және жолаушылардың (ең қысқа қашықтық бойынша жүріс жолдарының және маршруттарының өзгеруі) сұранысын өзгертуге тез әсерін тигізетін қабілеті; • Жүріс жолында (мысалы, темір жол көлігінде) басқа құралдардың кідіруіне байланысты емес, көлік құралы қозғалысының дербестілігі; • Кез-келген белгіленген нүктелерде жүкті түсіру және өздігінен түсіру мүмкіндігі; • Автожолдардың құрылысына және олардың жабдықталуына аз күрделі шығындар және аудандарды үнемділеу.
2. Автокөліктің техника- экономикалық кемшіліктері • Автомобильді пайдаланудың үлкен еңбек сыйымдылығы (бір көлік құралына кемінде бір жүргізуші талап етіледі); • Тасымалдаудың жоғары өзіндік құны (темір жол, су және т. б. түрлерге қарағанда бір шама жоғары); • Үлкен отын энергия сыйымдылығы, яғни басқа көлік құралдарына қарағанда, отын және майлау материалдарының 1 ткм-де он есе жоғары шығындар; • Жылжымалы құрам бірліктерінің төмен өнімділігі (130 -150 мың ткм/жылына артық емес); • Пайдаланылған газдармен қоршаған ортаны ластаудың жоғары деңгейі; • Автомобильдердің жоғары құны, жоғары емес сенімділігі және ұзақ тұрақтылығы (қызмет мерзімі), агрегаттардың тез тозуы (шина, қозғалтқыштар және т. б. ); • Жұмыстың әсіресе төмен температура, қар басу, жолдың езілуі, көк тайғақ және т. б. кезінде климаттық және ауа-райы жағдайларына тәуелділігі.
3. Автомобиль көлігіндегі жүк және жолаушылыр тарифтері • Жүк және жолаушылар тарифтері көліктің барлық түрлерінде, сондай-ақ қатынас түрлері (қалалық, қала маңына қатынайтын, қалааралық немесе халықаралық); жөнелту түрлері (әмбебап, арнаулы); тасымалдау қашықтығы; жүктің тегі және жүк көтерімділікті пайдалану дәрежесі және т. б. бойынша бөлінеді. • Автомобиль көлігінде жүк тарифтерінің бірнеше түрлері қолданылады: келісімді (жүктің белгілі көлемін тасымалдауға және 1 Т құнына); мерзімді (тасымалданатын жүк мөлшерін, тасымалдау арақашықтығын есептеу мүмкін емес жағдайда қолданылады); қалааралық және халықаралық қатынаста тасымалдау; километрлік (автомобильдің жүк көтерімділігіне байланысты). • Автомобиль көлігінде жолаушылар тарифтері мемлекет аумағы, қатынас түрлері және жолаушыларға ұсынылған қолайлылық бойынша саралап жіктеледі. Тарифтер сондай-ақ қалалық және қаларалық болып бөлінеді. • Автомобиль көлігінде облысаралық қатынастарда жол жүру кезінде жолаушылардың тарифтерін құру жол жүру қашықтығы бойынша да, белдеулік (аумақ) бойынша да құрылады, сонымен билеттің құнына сондай-ақ сақтандыру жиындары да енгізіледі. Жеке автокөлікпен тасымалдау кезінде еркін (шартты) тарифтер қолданылады.
4. Автомобиль көлігінің даму проблемалары және тенденциялары • Автомобиль көлігінің өнімділіген арттыру үшін қозғалыс жылдамдығын арттыру қажет; • Жүк көтергштік және жүк сыйымдылығы жоғары металлургиялық, көмір қазатын, таулық және т. б. өнеркәсіптік салаларға қажет жаңа автомобильдер жасау. Максималды жүк көтергіштік -600 т. ; • Диагностика және техникалық қызмет көрсету жүйелерінің тәсілдерін өзгерту қажет, сонымен қатар автомобильдердің және олардың қозғалтқыштарының конструкцияларын және техникалық сипаттамасын жетілдіру; • Жанармайды үнемдеу үшін электрэнергиялы, газды, сутекті және т. б. жанармайларды кеңірек енгізу керек. Үнемді және экологиялық тиімді қозғалтқыштарды қолдану, сонын ішінде Ванкелдің, Стирлингтің роторлы қозғалтқыштары, форкамерный қозғалтқыш және т. б. ; • 1 және 2 санатты жолдар үлесін (күрделі цементті- асфальтобетонды жабуын; 2 -8 жолақты қозғалысты; тұрақтардың, жарықтың, заправканың, әртүрлі деңгейдегі жол қиылыстарының және т. б. бар болуын) арттыру қажет; • Қозғалысты ұйымдастыру проблемасын және қауіпсіздігін көлік- жүргізуші- жол – орта (КЖЖО) жүйесінде қарау керек.
5. Автомобиль көлігінің жылжымалы құрамының классификациясы. Автомобиль көлігінің жылжымалы құрамы Жолдан тыс жоғарғы өткізгішті Жолды А тобы Б тобы Арнаулы Өрт Санитарлық Спорттық Коммуналды Көтергіш кран Әуе жастығында Жолаушы Жүктік Тартқыштар Автомобиль Автопойыздар Тіркемелер Жартылай тіркемелер Тіркеме-тарату Жүк көтергіштік, т: Аса шағын 5, 0 Шағын 7, 5 Орта 8, 5 -9, 5 Үлкен 10, 0 -12, 0 Аса үлен 16 жоғары Ауыр жүк таситын 30 -дан Амфибия Шынжыр табанды Көліктік Мамандандырылған Дөңгелекті Әмбебап Автобус Вагон типті Көп орынды Микро Екі қабатты Буынды Автопойызды Қалалық Қала маңындағы Қалааралық Туристік Экскурсиялық Мектептік Жүк жолаушылар Жеңіл автомобиль Жеке пайдаланатын Ведомстволық Такси Прокат Шанақ: Жабық Ашылатын (кабриолет) Ашық (фаэтон) әмбебап
Ұсынылатын әдебиеттер: 1. «Эксплуатация железных дорог» М. : Транспорт, 1983 -208 с. 2. «Транспортное производство в условиях рынка» М. : Транспорт, 1993 г. 3. «Организация движения на железнодорожном транспорте» М. Транспорт, 1984 г. 4. Единая транспортная система/Н. А. Троицкая, А. Б. Чубуков. , 2008. -240 с.
ash k sabak-2016 (1) (1).ppt