срс гинекология.pptx
- Количество слайдов: 14
СӨЖ Ерте токсикоз Қабылдаған: Хасенова М Орындаған: Анапиянова Ақерке. Факультет: ЖМ Тобы: 12 -018 -01
Жоспары: I. Кіріспе Токсикоз II. Негізгі бөлім • Токсикоз себептері • Ерте токсикоздың түрлері III. Қорытынды • Қолданылған әдебиет
Болашақ ананың құрсағына ұрық бітіп, ұрықтың көлемі өзгергенде, әйелдің ағзасында өзгерістер болады. Денсаулық жағдайының ауытқып тұруына байланысты аяғы ауыр әйелде токсикоздар пайда болады. Оның негізгі себебі — метаболизмнің (ағзадағы зат алмасу) бұзылуы. Токсикоздың екі түрі бар: алғашқы (ерте) токсикоз және соңғы (кеш) токсикоз.
Алғашқы токсикоз неден пайда болады? • Баланың жолдасы (шу) өндіретін гормондардың ішінде лактоген гормоны бар. Ол метаболизмге (зат алмасу) белсенді түрде әсер етеді. Май қышқылдарының мобилизациясын арттырады да әйелдің ағзасындағы ақуыздың (белоктар) синтезін бәсеңдетеді. Есесіне, балаға баратын амин қышқылдарының қоры артады. Ал амин қышқылдары бала ағзасының ұлпаларын түзуге қатысады. Нәтижесінде бала мен баланың жолдасы өздерінің қажеттіліктерін » сұрау» арқылы әйелдің ағзасындағы зат алмасу процесін басқарады. Мұндай жағдайға дағдыланбаған әйелдің ағзасы жаңа жағдайларға үйренісе алмай қиындыққа ұшырайды. Міне, жүктіліктің алғашқы жартысындағы токсикоз деген осы.
Алғашқы (ерте) токсикоз жүктіліктің алғашқы кезеңдерінде болады, 6 -аптадан бастап 12 -аптаға дейін созылады. Бұл кезеңде әйел: • тұнжыраңқы болады, • көңіл-күйі болмай жүреді, • жүрек айну болады, • кезде сілекей ағады. Тәулігіне 1, 5 л. немесе одан да көп мөлшерде сілекей ағуы мүмкін. Бірнеше рет лоқсу байқалады. Бұл ретте: • әлсіздік, • ұйқышылдық, • күйгелектік (ашушаңдық) және • салмақ жоғалту болады. Күніне 20 реттей шамадан тыс көп лоқсулар болады. Ең қиыны да осы. Бұл жағдай жүкті әйелдің арықтауына әкеп соғады. • Терілері құрғап кетеді, • ауыз қуысынан жағымсыз иістер шығады, • дене қызуы көтеріледі, • жүрек соғысы жиілейді, • артериялық қан қысымы төмендейді. Кей жағдайларда катты әрі көп лоқсудың салдарынан жасанды жолмен түсік тастауға тура келеді.
Құсу • Құсу – ағзадағы патологиялық өзгерістерге байланысты асқазан-ішек жолдарынан ауыз арқылы шығатын сұйықтық. • Этиология: - Орталық жүйке жүйесінің қызметінің бұзылуы; • Клиника: • Құсу мерзімі: - күнде емес; - таңертең; - тамақтан кейін; - күніне 5 -6 рет.
• Құсу ауырлығына байланысты: 1. Жеңіл; 2. Орташа; 3. Ауыр. • 1. Жеңіл дәрежелі құсу: • - жүйке жүйесінің вегетативті бөлімінің функциясының бұзылуының себебінен. • - құсу, лоқсу, тәбеттік ауытқулар(ащыға құмарлығы); • - күніне 2 -4 рет; • - ас қабылдағаннан кейін; • - салмағы сақталады; • - жалпы жағдайы қанағаттанарлық; • - пульс 90 рет/мин; • - 10 -15% жүкті әйелдер орта дәрежелі құсуға өтеді. • - бірнеше күнде өзі кетеді.
• 2. Орта дәрежелі құсу: • - жүйке жүйесінің вегетативті бөлімінің функциясының бұзылуы күшейеді; • - кетоацидоз (көмірсу алмасуының бұзылуы) туындайды; • - ағзада жалпы зат алмасудың бұзылуы; • - тәулігіне 10 рет көп; • - ас қабылдауына байланыссыз; • - сусыздану; • - салмақ жоғалту; • - субфебрильді температура; • - тахикардия 90 -100 р/мин • - терісі құрғақ; • - әлсіздік; • - диурез төмендеген(ацетоурия); • - тілі құрғақ, қабыршақтар пайда болған; • - ҚЖА: эритроцит, гемоглобин аздап төмен; • - уақыты стационарда емделсе жоғалады; • - кейбір жағдайда Ауыр дәрежеге өтеді.
• 3. Ауыр дәрежелі құсу: • - уақытылы ем жүргізілгенде бұл дәреже сирек кездеседі; • - ішкі ағзалар мен жүйке жүйесінің ауыр дәрежелі бұзылуымен сипатталады; • - гиповитаминоз дамиды; • - зат алмасудың бұзылуы; • - метаболиялық ацидоз пайда болады; • - жалпы жағдайы ауыр; • - адинамия; • - қатты бас ауру; • - астан бас тарту; • - тәулігіне 20 дан көп; • - салмақ тастау; • - ішкен тамағын, суын құсу; • - емделмесе азып, терісі құрғақ, тері асты май қабаты жоғалады; • - тілі құрғақ, қабыршықталған; • - аузынан ацетон иісі; • - температура жоғарылауы мүмкін; • - ЗЖА: ацетон, белок, цилиндр; • -ҚЖА: билирубин жоғары;
• Жүкті әйелдің дерматоздары - жүктілік кезінде кездесетін тері аурулары. Әйел денесінің әр жері, әсіресе сыртқы жыныс мүшелері, қолы, аяғы, кеудесінің терілері қышып, қасынғаннан қотырлар, кейде денеде эритема, немесе бөртпелер пайда болады. Дене қышуы әйелдің мазасын алады, ұйқысын бұзады. Бұл белгілерден әйел тек босанғаннан кейін ғана айығады. • Емі. Кофеин, бром, пипольфен, димедрол, десенбилизациялайтын дәрілерді, витамин, ультракүлгін сәулелері қолданылады.
• Жүкті әйелдің сары ауруы. Бұл науқасты басқа аурулардан (инфекциялық гепатит, өт аурулары, мерез, безгек т. б. ) айырып, анықтап алу қажет. Негізгі белгісі құсу, дененің қышуы. Кейде бұл ауру жүктілік құсуымен, кеш гестоздармен бірлесіп кездеседі. Сондықтан жүкті әйелдің сарғаюы өте қауіпті белгі, бұл жағдайда әйелді бірден емханаға жатқызып, клиникалық тексерулерден өткізіп, емін терапевпен бірлесіп жүргізеді.
• Бауырдың сарғайып солуы. Бұл науқас көбіне құсудың асқынған түрлерімен бірге кездеседі. Бауыр клеткаларында алмасу процестерінің бұзылуына байланысты бауыр кішірейіп, сола бастайды. Жүкті әйел сарғайып, тез уақытта күй жағдайы нашарлап, жүйкесі тозып, бауыр комасынан қайтыс болуы ықтимал. Сондықтан тез арада жүктілікті үзу керек.
• Остеомаляция сүйектің жұмсаруы. Бұл науқас фосфор кальций алмасуының бұзылуы зардабынан пайда болады, сүйектерде кальций, фосфор азайып, сүйек жұмсарады. Сүйектер тұлғасын өзгертіп, көк еттен ариды. Әйелдің жүрісі өзгеріп, ақсаңдап, жүріс тұрысы қиындайды. Бұл ауру сирек кездеседі. Қазіргі кезде оның жеңіл түрі остеопатия жиі кездеседі. Жүкті әйелдер сүйектің, әсіресе жамбас сүйектерінің сырқырап ауырғанын сезінеді. Көптеген оқымыстылар остеомаляцияны әйел организмінде витаминдердің жетіспеушілігіне байланысты деп есептейді. • Емі. Витмаин құрамдарын қолданады: Е ны витаминін (тамшыдан күніне рет), балық майын ( қасықтан күніне рет). УФО және де фосфор кельцийі бар дәрілер мен тағамдарды жиі қолдану қажет.
Қолданылған әдебиеттер: 1. Р. С. Бейсембаева, Ә. Т. Раисова, Р. Ғ. Нұрқасымова Акушерия: 2006 ж 198 -204 п, 300 п-305 п. 2. В. И. Кулакова, В. Н. Прилепской Практическая гинекология: Клинические лекции, 3 -е изд. доп. -М. : МЕДпресс-информ, 2006. 736 с – 30 экз. 3. Акушерство. В. И. Бодяжина, К. Н. Жмакин, А. П. Кирюшенков М. . , Медицина, 1995 42 с -51 с 4. К. Гостищев , Клиническая трансфузиология, 2005 ж, 210 -214 п
срс гинекология.pptx