реплика.pptx
- Количество слайдов: 25
Сөйлеу тіліндегі реплика-сөйлемдер
Сөйлеу тіліндегі сөйлем құрылымының маңызды ерекшелігі – ситуация мен диалог. Оның түсірілген бөліктері экстралингвистикалық факторлармен толықтырылады.
сиуация диалог сөз-сөйлемдер реплика
Реплика, латынша – «тағы қосамын» деген мағынаны білдіреді. Реплика сөйлем дегеніміз – сөйлеуші мен қарсыласының жауабына қарсы келу немесе келіспеуге байланысты айтылатын сөздер. Кез келген реплика арнайы тілдік бірліктермен бірге қолданылып, диалогтық аяқталған ойды құрайды.
Реплика-сөйлемдер коммуникативтік тұрғысынан Бір құрамды Екі құрамды
Тілдегі тілдік бірліктердің бәрі бірдей ой-пікірдің бағытын анықтай алмайды. Тыңдарман өзінің пікіріне көңіл аударту үшін қаратудың неше түрлі формасын қолданды. Мысалы, сұрақ қоюға арналған репликаның құрамында кім, қайсысы сияқты есімдіктер, назарды аударту үшін -әй, -ей қаратпа сөздері, әңгімені жалғастыруға шақыру үшін ал, қане, және вокатив формалары қолданылады. Репликалар осыған дейінгі репликадағы айтылған пікірді мақұлдайды немесе теріске шығарады, себебі жеке бірлік болып есептелмейді және жаңа ештеңе айтылмады. Мұндай реплика түсінбеушілік, таңданыс, өкініш, тыйым салу, қолдау, кескін, мысқыл т. б. мағыналық реңк береді.
Егер бірінші реплика осы сөйлеу ситуацисында алдыңғы репликаға сөйлеу реакциясы болып табылса, онда соңғылар үшін сөйлеу акциясы қызметін атқарады. Диалог репликаның екі жақты коммуникативтік бағытта дамуының барысында пайда болатындықтан, олардың сөйлеу реакциясына және сөйлеу акциясына әсерін қарастыру керек. Яғни, диалогтық пікір алысу репликаның екі жақты коммуникативтік бағытын көрсетеді. Ол сөйлеу репликасынан және сөйлеу акциясынан тұрады.
Сөйлеу реакциясындағы диалогтық реплика сөйлеуші мен тыңдарман арасындағы әр түрлі қатынастарды көрсетеді: q Субъективтік мазмұн сақталады, жаңалықтарды хабарлаумен шектелмей, субъективті қатынасты көрсетеді және сөйлеу процесінде пайда болған әр түрлі деректерге қарсыластардың бағасын береді.
Сөйлеу ситуациясында төменгі қатынас көрсетіледі: пікірді мақұлдау, құптау Сәуле: Мырқал аға келді ме? Перизат: Иә, келді. (Ә. Ә. ). ойды, пікірді теріске шығару Бақыт: Сізге көп керек пе? Темір(тұжырап): Жоқ. (Ә. Ә. ). алдыңғы пікірді жаңа мәліметтермен толықтыру - Тағы көреміз бе? - Көрмей! Дүкенге қара тондар, шубалар түсіпті. (Б. Т. )
Репликалар эмоционалды қатынастарды да бейнелейді. Эмоционалды-экспресивті репликалар шақыру, бұйыру, лепті сипатта болады. Мысалы: Сәуле: әй, пысық қызым, өмірің ұзақ болсын! Қазбек: қой, кемпір, шалыңызды да бір еркелетіп қойсаңшы енді. (Ә. Ә. )
Репликаның… мағыналық ерекшелігін • субъективтілік • эмоционалдық формалды көрінісін • контекст • ситуация . . . сипаттайды.
Ситуациялық репликалар қарсыластың сөзіне емес, сөйлеу кезіндегі жағдайына қатынасын көрсетеді. - диалогты бастайды, диалогтың болашақ дамуын анықтайды; - мағыналық және құрылымдық-грамматикалық көзқарасқа тәуелсіз. Ситуацияның көмегімен репликаның мәні анықталады.
Бір құрамды репликалар тек жаңа хабарды жеткізу міндетін атқарады. Мұнда болашақ пікірдің тақырыбы және ІІІ жақ туралы мәлімет беріледі. Сондықтан да көп жағдайларда олар диалогтың басталуына себепші болады. Мысалы: - Бола ма? - Әлбетте, кел. (Д. И. )
Контекстік репликалар сөйлеушінің немесе жалпы пікірлесушілердің сөйлеу реакциясына себепші арнайы объектіге қаратылып айтылады. Сөйлеу нысанымен байланысты пікір алусудың жалғасуы үшін түрткі болатын реплика қарсыластың пікірін білдірудің стилін немесе қарсыластар сөзінің мазмұнына қатысын көрсетуі мүмкін. Мысалы: Бақыт: Бұл әділеттік емес. Нұрлан: Бұл қиянат! (Д. И. )
Сөйлеу акциясын білдіретін репликалар қарсыласқа айтылады және айтылған пікірге сөйлеу реакциясын тудырады. Мұндай репликада тыңдарманның аты айтылады немесе кімге арналғандығын көрсетеді. Мысалы: Нұрлан: Қой, Бақыт! Гүлнұр! (Қ. Қ. ).
Стимул репликасы сөйлеушінің талабын және оның қарсыласына белсенді әсерін көрсетеді, қарсыластың пікіріне реакция тудырып, одан соң берілетін жауаптың қандай болатындығын анықтайды. Мысалы: Бақыт: Қандай жұмыс? Қыдыр: Ей, сұрама оны. (Қ. Қ. )
Стимул репликасы айтылу мақсатына қарай Сұраулы Эмоционалды
Сұраулы реплика үш түрлі жолмен жасалады: 1. сұрау сөздер (есімдік, үстеу); 2. сұрау демеуліктері; 3. арнайы интонациямен. Эмоционалды-стимул репликасы күшті сезімдер мен қобалжулар туралы пікірді білдіреді. Бұлар басқа бір адамға айтылған сөйлеу реакциясы болып табылады. Мысалы: – міне, міне! Жақындап қалдыңыз! (М. Б. ).
Хабарлау репликасы адамның, заттың қимлы, олардың жағдайы туралы мәліметті анықтау үшін қызмет етеді. Хабарлау репликасы қарсыластың рекциясын тудырмайды, арнайы міндет жүктемейді, олар тек диалогты ары қарай дамыту үшін негіз болатын жаңа құрамды анықтауға талаптанады. Олардың құрамындағы хабардың сипатына қарай хабарлау репликасы бірнеше түрлі болады және адамның немесе заттың ісәрекетін, оның жағдайын анықтау үшін қызмет етеді.
Кейбір репликалардың құрылымдық типологиясы сөйлем құрылымына сәйкес, оның кейбіреуі жеке сөйлем болып келсе, кейбіреулі жеке сөйлем бола алмайды. Қазақ тілінде бір сөйлемнен тұратын, сөйлеу жүйесінен, дайын синтаксистік бірліктерден тұратын репликалар кездеседі. Олар құрылымық-комуникативтік негізімен ерекшеленеді және контекст пен ситуацияның күшті әсерімен сипатталады.
Тапсырмалар:
Сөйлеу ситуациясындағы қатынастарды табыңыз - Бүгін ше, барасыз ба ? - Әрине. - Кім келіпті? - Әсем достарымен. Ары қарай апасына барады екен. - Ертең әкеле аласың ба? - Мен келмеймін.
Репликаның түрін анықтаңыз - Болар іс болды! - Әйтеуір бітті ғой! - Бекжан, бұл дұрыс емес!
Темірбекова Гүлжамила Қамбарбекқызы «Қазіргі қазақ тіліндегі бір құрамды есімді сөйлемдер мен сөзсөйлемдер» ( Алматы 2003) атты кандидаттық дисертациясының негізінде жасалған.
Орындаған: ДАИРБЕК МАҚПАЛ
реплика.pptx