усак кол моторика.pptx
- Количество слайдов: 14
Сөйлеу тілін ұсақ қол моторикасы арқылы дамыту
Ұсақ моториканы дамыту жұмыстарын ерте сәбилік шақтан бастаған дұрыс. Омыраудағы баланың өзіне саусақтағы бас миымен байланысқан белсенді нүктелеріне әсер ете отырып массаж жасау керек. Ерте жаста және мектепке дейінгі кіші жаста карапайым жаттығуларды жасауда өлеңмен , тақпақпен ұйқастырылған жаттығуларды пайдалану ұсынылады.
Қазіргі кезде баулы ойыншықтардың көбейгенін немен түсіндіруге болады? Қазіргі ата аналарда мұндай ойыншықтар болған жоқ қой, сонда олар осындай қалыпты деңгейге қалай жетті? Бір түсінбейтін нәрсе, осының бәрі не үшін керек? Қазіргі кездің балаларында жалпы моторлық артта қалушылық байқалады екен. Ойлап көріңізші, тіпті қазіргі балабақшадағы балалардың ешбірінде баулы аяқ киім кездеспейді. Бау байлауды үйрету ата аналарға да тәрбиешіге де қиындық туғызатын болса керек.
Жаттығу мазмұны: Кезекпе кезек сұқ саусақпен немесе шынашақпен қаламсаптың ұшын төмен басу. Бұл ұзын тақтайдан жасалған әткеншекті еске салады. 2 -3 рет
Қаламсапты екі қолдың саусақтарымен түтікшені ұстағандай етіп ұстау. Жаттығу мазмұны: А нұсқасы Түтікше тартқандай етіп, сауссақтарды жоғары төмен қозғалту. Б нұсқасы Түтікшені барлық саусақтармен кезекпе кезек басып, жоғары көтеру
АҒАЙЫНДЫЛАРДЫҢ КЕЗДЕСУІ Қолдың алақандары біріне қарап тұр. Қаламсаптың ұшы алақанға қыстырылулы және бас бармаққа тірелген. Жаттығу мазмұны: А нұсқасы Оң қолдың сұқ саусағы кезекпе кезек сол қолдың барлық саусақтарымен амандасып шығады. Б нұсқасы Сол қолдың сұқ саусағы кезекпе кезек оң қолдың барлық саусақтарымен амандасып шығады. 2 рет, содан соң қаламсапты қойып , қоллды сілкілеп , бұлшық етті демалдыру.
« Көтерме кран» Үстел үстіндегі қарындашты бір саусақтың көмегімен көтер. Қарындашты үстелдәі үстіне қойып, астынан бір саусаққа іліп көтеріп көр. Енді осы жаттығуды келесі саусақтармен орында. Қарындашты көтеремін Саусағыма ілемін.
« Тығылыспақ» Қарандашты жұдырықта қысу. Қысқа қарындашты алып алақаныңа қысып, жасырып қой. Ал енді келесі алақаныңа салып жасыр. Қарындашты жасырамын, Алақанды ауыстырамын.
«Тербелту» Саусақтарының арасында қарындашты тербетеміз. Түсіріп алмауға тырыс. Қарындаш дем алмайды, Саусақтардың арасында ойнайды.
А. М Горький былай деп жазды: «Қол басты оқытады, ал содан кейін ақылды бола бастаған бас қолды оқытады, ал ақылды қолдар қайтадан мидың дамуын қамтамасыз етеді» . Сондықтан баланың миын дамыту үшін қолды жаттықтыру керек. Ақыл ойдың дамуы қолдың дамуымен қатар жүреді.
усак кол моторика.pptx